Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 10:59, реферат
Күні кешеге дейін академиялық ортада бұл құбылысқа аса мән берілмейтін және ол әзіл ретінде айтылып, ғылыми фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруі орындалған дәйек болып табылдады.
Арктика
Канадалық ғалымдардың деректері бойынша, Арктиканың мұз қабаты соңғы 15 жыл ішінде 40 пайызға тарта қысқарған көрінеді. Ал ресейлік ғалымдар тура осы мерзімде мұз қалыңдығы 15-20 пайызға азайды деген деректерді алға тартады. Қалай болғанда да Арктика мұздақтарының жұқаруы жақсылық емес. Сонымен бірге ғалымдар соңғы кезде Арктика аумағынан айтарлықтай көлемде метан газы бөліне бастағаны туралы қауіп таратты. Соңғы жылдары ресейлік және швед ғалымдары арктикалық Шығыс Сібір платформасынан жыл сайын 8 млн. тоннаға жуық метан газының ауаға таралатындығын анықтады. Ғалымдардың болжамынша, жаһандық жылыну үдерістері мұхиттардың түбінде осыған дейін мүлгіп жатқан мәңгілік тоңдарды жібітіп, оның қабатындағы метан газдарына қозғау салған.
Алдағы уақытта адамзат үшін апатқа пара-пар тағы бір үлкен қауіптің ұшы Арктикадан басталатын түрі бар. Соңғы деректер бойынша, дүние жүзіндегі ендігі қалған мұнай-газ қорының төрттен бірі арктикалық акваторияда шоғырланған көрінеді. Мәселен, тек Баренц теңізінің Ресейге қарасты Штокман кенішінде 4 триллион текше метр газ конденсатының қоры шоғырланған. Штокман кенішінің қазірге дейінгі анықталған байлығының өзі 500 миллиард доллардан асады. Сөйтіп таяу болашақта Арктика әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің арасындағы энергетикалық тартыс алаңына айналмақ. Полярлық мемлекеттер құрамына кіретін АҚШ, Ресей, Канада, Норвегия және Дания арасында Арктиканың батпан құйрық энергетикалық байлығын игеру жолындағы алғашқы саясат майданы басталып та кетті. Күні ертең Арктика энергетикалық қуат көздері үшін тартыс алаңына айналып, Солтүстік жарты шардың ен байлығы жаппай игеріле бастаса, жаһандық жылыну үдерісінің еселене түсетіні айдан анық. Тіпті бүгінде белгілі болып отырған жаһандық жылыну қаупі ойыншық болып қалмақ.
“Таяқтың екі басы бар” демекші, жалпы адамзат үшін үлкен қасірет әкелетін жаһандық жылыну үдерісі Арктиканың энергетикалық мол байлығын игеруге қолайлы жағдай туғызғалы отыр. Бұрын мәңгі мұз басып жатқан Арктиканың көптеген өңірі жаһандық жылынудың салдарынан ашылып, мұхит жодарының қолайлы деңгейге дейін қысқаруына алып келді. Енді жоғарыда аталған мемлекеттер үшін қолайлы мұхит жолдарына талас туғалы отыр. 2010 жылдың 1 маусымынан бастап Канада мемлекеті Арктиканың солтүстік-батыс өткелі арқылы өтетін ірі тоннажды кемелерді қатаң бақылауға алатынын мәлімдеді. Бұл өз кезегінде солтүстік-батыс өткелінде аумақтық үлесі бар деп саналатын Дания мемлекеті тарапынан қарсылық туғызды. Өзінің минералды байлығының басым бөлігі елдің солтүстік өңірінде, яғни Баренцев теңізінен Чукоткаға дейінгі жерлерде орналасқан деп санайтын Ресей үшін де бұл оңай көне қоятын шешім емес. Ресейдің барлық қазба байлығы 30 триллион доллар деп бағаланса, (салыстыру үшін АҚШ-та 10 триллион доллар мөлшерінде) оның 75-80 пайызы солтүстікте шоғырланған.
Арктиканың ен байлығы жолындағы “қырғи қабақ” соғыс басталып та кетті. Қазірдің өзінде Канада өзінің арктикалық жағалауына он мыңдық әскерін шоғырландырып үлгерді. Ресей өзінің Арктикаға “қайта оралуын” аса жеделдікпен жүргізіп жатыр. Дағдарыстан есін жия бастаған АҚШ-та Арктикадағы “май шелпектен” оңай айырыла қоймайтынын көрсетуде. Солтүстік жарты шардағы мол байлықты жылдамырақ иеленіп қалуға асыққан державалар жаһандық жылыну қасіретін уақытша ысырып қойды. Сондықтан да державалық үстемдік қандарына сіңген бұл елдердің ғалымдары да адамзатты толғандырған жаһандық жылыну үдерістерінің себебін адам әрекетінен емес, табиғи құбылыстардың әсері деп дәлелдеуге тырысуда.
Экология баршаға ортақ
Ғаламшар климатының күрт өзгеруі техногендік дәуір әрекетінен көмірқышқыл газы мен метанның ауаға шектен тыс көп бөлінуінің салдары екендігі қазір айдан анық болып отыр. Сондықтан әлемнің озық ойлы адамзаты бұл қасіреттің алдын алу жолында дабыл қағып, кезек күттірмес шұғыл шараларды қолға алуды алға тартып отыр. Бұл маңызды мәселеден халықаралық беделді ұйымдар да сырт қалған жоқ. 1992 жыл БҰҰ-ның Рио-де-Жанейродағы басқосуында “Климаттың өзгеруі жөніндегі конвенция”, 1997 жылы БҰҰ-ның Киотодағы халықаралық саммитінде “Атмосфераға таралатын зиянды газдарды шектеу туралы хаттама” қабылданды. Киото хаттамасын бүгінгі күнге дейін әлемнің 181 мемлекеті ресми түрде бекітті. Киото хаттамасы – халықаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесіп күресу жөніндегі адамзатқа ортақ алғашқы маңызды құжат.
Хаттамада жанар-жағармайдан ауаға таралатын зиянды газдардың мөлшерін 1990 жылғы деңгейге қайта жеткізіп, 2008-2012 жылдары 5,2 пайызға дейін азайту қарастырылған. Ол үшін Еуроодаққа кіретін елдер оның мөлшерін арнайы көрсетілген межеге дейін қысқартып, қалған басқа елдер оның мөлшерін белгіленген бір жылдық межеден асырмауға келіскен болатын. Егер Хаттаманы қабылдаған елдер өз міндеттемелерін нақты орындайтын болса, 2012 жылы ауаға таралатын газдардың көлемі 1990 жылғы деңгейге қайта жетуі әбден ықтимал. Алайда Хаттамаға келіскен елдердің барлығы бірдей міндеттемелерін орындауға құлшыныс білдіріп отырған жоқ. Мәселен, АҚШ бастапқыда бұл бастаманы қабылдауда белсенділік танытқанымен, кейіннен Киото хаттамасын бекітуді үнемі кейінге асырып келеді. Атмосфераға таралатын барлық зиянды шығарындының 36,1 пайызын алып отырған АҚШ Хаттаманы бекітпеуінің басты себебі ретінде ауаны ластауда алдыңғы орындарды алатын Қытай мен Үндістанда қалыптасқан жағдайды алға тартады.
Климаттың өзгеру үдерістері біздің еліміздің экологиялық жағдайына да келеңсіз әсер етіп отырғаны белгілі. Соңғы ғасырда ғаламшардағы ауа температурасының жылынуы 0,7 пайызды көрсетсе, Қазақстан аумағында ауаның орташа температурасы осы мерзімде 1,3 градусқа дейін жылынып кеткені анықталып отыр. Бұл әлемдік деңгейден екі есе көп. Климаттың бұлай өзгеруінің салдарлары жалпы жұрт үшін көзге ұрып тұрмағанымен, қоршаған ортаның, жер жағдайының ахуалына айтарлықтай әсер етті. Ақиқатында жаһандық жылыну құбылысын Арқа қысының құбылуынан-ақ көруге болады. Арқаның қаңтарды қақаған аязы мен ақпандағы ақтүтек борандарына ауысып отыратын қалыпты үрдісі соңғы жылдары күрт өзгерді. Желтоқсанда жаңбыр жауып, қаңтарда қар еритін тосын жағдайлар қалыпты құбылысқа айналды. Талай жылдардағы тәжірибеге сүйеніп, ауа райын болжайтын ақсақалдардың сәуегейлігі жайына қалды.
Қазір ғалымдар Қазақстандағы жер көлемінің 60 пайыздан астамы құрғақшылыққа ұрынғаны туралы айтып, дабыл қағуда. Мәселен, тек 2001 жылы ғана еліміздегі ауыл шаруашылығына арналған 220,7 миллион гектар жердің 90,9 гектары шөлге айналыпты. Жыл сайын жасыл алқаптар мен орман-тоғайлар азайып, мал жайылымдары тарылып барады. Еліміз аумағында сексеуілді және бұталы өңірлер 4,2 пайыз, ал орман алқабы бар болғаны 1,2 пайыз ғана болып табылады. Онсыз да тапшы ормандарды жыл сайын өрт шалып, қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіруде. Ресми деректер бойынша, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығының өзінде 4 мың гектар орман алқабы отқа оранып, 55 мың гектар жайылым жанып кеткен. Қазақстан егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде ғаламдық климат өзгерістерінің алдын алуға және оның қоршаған ортаға тигізер залалдарын азайтуға бағытталған халықаралық шараларға белсенді түрде қатысып келеді.
Биылғы жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі еліміздің беделінің халықаралық дәрежеде айрықша өскенін көрсетеді. Халықаралық сарапшылар мен беделді саясаткерлердің мәлімдеуінше, Қазақстанның төрағалық кезеңі ЕҚЫҰ-ның беделін арттыруға айтарлықтай ықпал ете бастаған көрінеді. Оған соңғы 11 жыл бойғы үзілістен кейін Астанада өткізілгелі отырған ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Саммиті де дәлел болғандай. ЕҚЫҰ халықаралық сахнадағы белді де беделді ұйымдардың бірегейі екені белгілі. Бұл ұйымның негізінен әлемдік ауқымда айналысатын тұғырлы үш міндеті бар. Бірінші – әскери-саяси өлшемдер, екінші – адами өлшемдер, үшінші – экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті сақтау өлшемдері. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ Саммитін Астанада өткізу туралы тарихи шешімнің қабылдануына байланысты жасаған мәлімдемесінде “Бізге Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістікте барлық үш өлшемде де сақталып отырған және жаңадан туындайтын қатерлерге қатысты бірлескен қадамдарды қалыптастыру міндеті тұр” деп атап көрсетті. Өкінішке орай, ЕҚЫҰ аясында соңғы кезеңдерде алдыңғы екі мәселеге баса назар аударылғанымен, экология мәселесіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей келгендігі де жасырын емес. Қазақстан өзінің төрағалығы басталған уақыттан бері ЕҚЫҰ шеңберінде экология проблемаларын көтеру мәселесін жандандыра бастады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Біз экономикалық қызметтестікті дамытудағы, экологиялық проблемаларды, әсіресе Арал проблемасын шешудегі ЕҚЫҰ-ның рөлін күшейту мақсатын қойдық”, деп атап көрсеткен болатын.
Астанада өткелі отырған ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның ғаламдық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың ұйытқысына айналып келе жатқанын жаһандық дәрежеде тағы бір қырынан айқын паш етуде. Осы мәртебелі ұйым Саммитінде адамзатты алаңдатып отырған жаһандық жылыну үдерісін тежеу, аймақтардағы экологиялық апаттардың алдын алу, құрлықтардағы құрғақшылық қасіретіне тосқауыл қою мәселелері жан-жақты талқыланып, келелі шешімдер қабылданбақ. Бұл барлық адамзатты алаңдатып отырған көкейкесті проблемалар екендігі даусыз. Сондықтан әлем таныған реформатор, ғаламдық ой иесі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара басшылығымен Қазақстан өзінің жоғары адами үрдістерін басшылыққа ала отырып, қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы ізгі бастамаларға ұйытқы болып, тарих таразысындағы өзіне жүктелген өрелі міндетке адалдық танытпақ.
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.
ҒАЛАМДЫҚ ЖЫЛЫНУ: ЖЕР-АНАНЫҢ SOS ДАБЫЛЫ МА?
Күн райы қырық
құбылатын болды. Бүгiн-ақ сұп-суық жел
есiп, жаңбыр жауса, ертесiне күн қызып,
жер бетiн 39-40 градус қайнаған ыстыққа
орай салады. Әсiресе, соңғы жылдардағы
ауа райының өзгеруi адамдарды
таңқалдырып отыр. Неге? Себеп көп.
Әлем ғалымдары бас шайқап мұның
себебiн ғаламдық жылыну салдарынан
iздейдi. БҰҰ жанын-дағы Әлемдiк метеоро-логия
ұйымының мәлiмдеуiнше, биылғы мамыр
айы ауа райының тым
Ғалымдардың пiкiрiнше, ауа райының бұлайша өзгеруi климаттағы құбылыстың әсерiнен. Яки, олардың тiлiмен айтсақ, бұл - ғаламдық жылыну.
Қазақстандық қоғамның дамуына ауа райының ғаламдық өзгерiстерi қаншалықты әсер етпек? Климаттағы өзгерiстер, ғаламдық жылыну қазiр бүкiл дүниежүзi бойынша ең талқыланатын тақырыптың бiрi. Президент Н. Назарбаевтың Жолдауында айтылған экологиялық мәселелердiң бәрiн халықаралық стандартқа сәйкестендiру мәселесi де осы ғаламдық жылынуға байланысты. Қазақстанда өткен жылы Экологиялық кодекс қабылданды. Сонымен қатар, Киот хаттамасына сәйкес, қазiрдiң өзiнде бiрқатар жобалар iске асырылды. Мұның бәрi экологияның жақсаруына оң әсер етедi.
Климаттың өзгеруi - ядролық қаруды қолдану немесе соғыстар емес. Ол одан да алапат қауiп. Мұндайда қазақ «Алла зiлзаладан, топан судан сақтасын» дейдi. Бiрақ осы өзгерiстердiң ауқымы мен олардың салдарлары қалай болатынын әлi күнге дейiн дәлме-дәл тап басып айту қиын. Температураның өзгеруi - бұл жаңалық емес, осы өзгерiстiң жылдамдығы қандай болмақ? Мiне, жаңалық осы.
Қазiр жер шары бұрынғыға қарағанда 1,1 градусқа жылыған. Егер жер шары 3-4 градусқа қызса, онда апат болатынын, мамандар шiмiрiкпей-ақ айтып жүр. Шынында да алдағы жүзжылдықта адам баласының салғырттығынан жердегi тiршiлiк иелерiнiң жартысы жойылып кетпек пе? Әлемдiк экологияның өзгеруiне бiрден-бiр себеп — мұздықтардың еруi. Жер шарының екi полюсi де мұздықтарға оранып жатқанымен, табиғаттың бұл тылсымдығы бұзылудың аз-ақ алдында тұр.
Қазiр әлем ғалымдары күннiң шамадан тыс қызуы салдарынан полюстiк мұздардың тез ерiп бара жатқандығын айтумен келедi. Мәселен, Арктиканың мұздықтары еруiн жарты ғасыр бұрын бастаған.
Жаһандық жылыну бүкiл
планетаға ортақ қауiп
Мұзарттарды қалай аман сақтаймыз?
Ал Қазақстан кәрi құрлықтың қақ ортасында орналасқан, ендеше бiзге келер ешбiр қатер жоқ дей алмаймыз. Бiздiң елiмiздегi ауа температурасы да бiрте-бiрте көтерiлiп келедi. Онсыз да шөлейттi аймақ баябан шөлге, ал суы мол ылғалды жерлер шөлейтке айнала бастайды. Соңғы он жыл шамасында Iле Алатауының солтүстiк беткейiндегi мұздықтардың жартысына жуығы ерiп кеткен. Сондай-ақ, Алатау сiлемдерiнiң жылдам еруiне Арал теңiзiнен ұшып келген тұздар да әсер етiп жатыр. Бұдан былай да мұздықтардың еру процесi бұрынғыдан жылдамдай түспек. Эколог-климатологтардың айтуынша, ХХI ғасырда асқақтаған Алатауымызда адам көзiн сүйсiндiрер мұздық қалмайды. Бұл деректер “2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы” атты мемлекеттiк бағдарламада көрсетiлген. Мың жылдан берi қатталған мұздықтар ерiсе, тау шыңдарының ойыстарында алып көлдер пайда болып, тасқындар көбейедi. Мәселен, 1963 жылы Iле Алатауындағы мұздықтардың еруi салдарынан Есiк көлiнен алапат сел басталып, етектегi елдiң есiн алған. Бұл оқиғадан кейiн тау басында мұздықтардан пайда болған “Ақкөл” көлi қалды. Ендi мұздықтар ери қалған жағдайда Ақкөлдi арнасынан асырады, өз кезегiнде ол Есiк көлiне тағы бiр сарқуы мүмкiн. Жаһандық жылыну процесiнен Iле Алатауынан бастау алатын өзендердiң суы соңғы жылдары 16%-ға кемiптi.
Қазақстанда су тапшы. Елiмiз
шетелден келетiн тұщы су көздерiнiң
есебiнен өмiр сүрiп келедi, яғни
Қытай, Қырғызстан, Түркiменстаннан бастау
алатын өзен суларын пайдаланамыз.
Жалпы алғанда, Қазақстан халқы
ерiген мұздықтардан құралған өзендердiң
суын асқа жаратып отыр, ал елiмiздiң
территориясының басым
Әлде де болса дүниежүзiнiң эколог ғалымдарының бас қатырып жүргенi бiр ғана сауал — жылыну процесiн қалай тоқтату керек?
Болашақ қауiптiң алдын
алуға жанталасқан Швейцарияда
қазiр Альпi тауларының мыңжылдық
мұздықтарының еру процесiн
Бiз қайтемiз?! Ұшар басындағы
ақ қар, көк мұздары жылдам ерiп, күн
өткен сайын аласарып бара жатқан
мұзарттарымызды аман сақтау үшiн
сиқырлы жабындылармен жабамыз
ба? Алапаттың алдын алу үшiн
өсiмдiк әлемiн мейлiнше
Қазақстанда астық өндiрiсi, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп сияқты салаларды ауа райының ғаламдық өзгерiстерiне бейiмдеу механизмдерi жасалуда. Мәселен, суды үнемдеу, күн сәулесiн пайдаланатын электр көздерiн дамыту, ауыл шаруашылығы саласында ыстыққа шыдамды дақылдарды өсiру, өсiмдiк түрлерiн аудандастыру қажет болады. Айтпақшы, шағын электростансалар парниктiк газдардың азаюына әсер етедi. Бес шағын электростанса жылына 3,5 тонна СО2 қалдығын азайтуға мүмкiндiк бередi екен. Оңтүстiк Қазақстан облысында қазiр 5 фермерлiк шаруашылық фотоэлектрлi қондырғыны пайдалану жобасына қатысуда.