Климат өзгеруінің басты әсерлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 20:27, реферат

Описание работы

Климат (гр. κλίμα (klimatos) — еңкейіс) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.
Ол физикалық (климат жасайтын) процестердің, күн радиациясының, атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің туындысы. Белгілі бір жердің климатын толық білу, оның басқа жердің климатымен салыстырғандағы ерекшеліктерін айыру, сонымен қатар берілген жердің климатының өзгеруін байқау тек көп жылдар бойы жүргізілген байқауларды жүйелеу, қорыту негізінде айқындалады. Жер шарының әр нүктесіндегі климаттың әр түрлі болуы — климат құрайтын факторлардың, ягни осы процестерді жасайтын географиялық жағдайлардың айырмашылығынан туады.

Работа содержит 1 файл

Климат.docx

— 28.54 Кб (Скачать)

барлық буланған газдарды, олардың булану эффектісіндегі күшею рөлін есепке ала отырып, келісілген жағдайда,аймақтық деңгейде, тұтас қамтитын стратегиялық жауап  қатуды шешу бағытындағы анық приоритеттер негізінде дамыған елдердің бірінші  кезекте іс-шашараларды кешіктірмей  қабылдауы тиіс екенін мойындай отырып,

климаттық өзгеру нәтижесінде  қолайсыз жағдайларға айрықша сезімтал жерлер, ойпаттар мен шағын аралдағы елдер және төмен орналасақан  жағалаулар, қуаң және жартылай қуаң аймақтар, сондай-ақ су тасқынына, қуаңшылыққа, шөлге  бейім жерлер мен құбылмалы таулы  экожүйесі бар дамушы елдер екенін мойындай отырып,

буланған газдардың  бөлінуін шектеу шаралары бойынша бірқатар елдердің, нақтылай айтқанда, экономикалық негізінен қазба отынның түрлерін экспортқа шығаратын және тұтынатын  өндіріс әсіресе, соған байланысты дамушы елдердің айрықша қиын жағдайын мойындай отырып,

климаттың өзгеруіне  сезімтал болу шаралары әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жалпы комплексті шаралармен үйлестіріліпотырылуы тиіс екенін, оған қолайсыз жағдай тудырмауын қажеттігін. Қайыршылықты жойып, орнықты  экономикалық өркендеуге қол жеткізу  ісінде дамушы елдердің аса маңызды  заңды қажеттіліктерін есепке ала  отырып,

барлық елдердің, әсіресе, дамушы елдердің осы мақсатқа қарай бағытталуын, олардың отынды пайдалануға қажеттіліктерінің артып, жоғары тиімділікке жету мүмкіндігін  және уланған газдардың бөлуіне қарсы күрестің күшейетінін, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алғанда жаңа технология падаланудың ұтымды болатынын мойындай отырып,

қазіргі және болашақ  ұрпақтың мүддесі үшін климат жүйесін  қорғауға белді бекем буа отырып,

төмендегілер туралы келісімге келеді:

1-бап. АНЫҚТАМА

Бұл Конвенцияның мақсаты:

«Климаттық өзгерудің  қолайсыз нәтижелері» дегеніміз  климаттың өзгеруінен пайда болған физиқалық орта мен биоортадағы өзгерістер;бұлар табиғи және реттуге болатын экожүйенің қалпына келу өзгешелігіне және кұрамына, әлеуметтік-экономикалық жүйелердің қызметіне немесе адамның денсаулығы мен әл-ауқатына елеулі түрде нұсқан келтіреді.

«Климаттың өзгеруі»дегеніміз  адамдардың тіікелей немесе жанама түрдегі  іс-әрекетінің нәтижесінде пайда  болған климаттағы өзгерістер;бұлар орасан зор атмосферадағы өзгерістер, оны салыстыруға болатын уақыт аралығындағы табиғи және антропогендік өзгерістерден байқаймыз.

«Бөліну» дегеніміз  нақтылы бір уақытта, нақтылы  бір аймақтың үстіне уланған газдардың  төніп баруы немесе олардың атмосфераға  тасталынуы.

«Буланған газдар»  дегеніміз табиғи да,антропогендік  жолмен де пайда болған атмосферадағы  газ тәрізді құрамалар, олар инфрақызыл сәулені жұтады және шағылдырады.

«Экономикалық интеграцияның  аймақтық ұйымы» дегеніміз тәуелсіз мемлекеттің белгілі бір аумақта  құрған ұйымы;оның ауқымына осы Конвенцияның немесе хаттамаларының реттеп отырған мәселелері де енеді және ол ішкі әрекеттеріне лайықты құжаттарға қол қоюға, ратификация жасауға және бекітуге немесе сол құжаттарға қосылуға өкілетті.

«Жинағыш» дегеніміз  климат жүйесінің құрамы немесе құрамдастары, оларды буланған газдар шоғырланады  немесе буланған газдар жиналады.

«Жұтқыш» дегеніміз  атмосферадағы буланған газдардың  шоғырын немесе аэрозолды, буланған газдарды сіңіріп алатын кез келген процесс, іс-әрекеттің түрі немесе механизмі.

«Шығу көздері» дегеніміз  кез келген процестің нәтижесінде  буланған газдардың шоғыры немесе аэрозолдың, буланған газдардың атмосфераға  бөлініп шығуы

2-бап. МАҚСАТЫ

Бұл Конвенцияның түпкі  мақсаты және Қатысушы жақтар Конференциясы  қабылдай алатын барлық құжаттардың  мәні климат жүйесіне қауіпті антропогендік  әсер етуге жол бермейтіндей деңгейде атмосферадағы буланған газдардың шоғырлануын тұрақтандыратын жағдайға жету үшін Конвенцияның осыған сәйкес ережелерін орындауға қол жеткізу.

3-бап.ПРИНЦИПТЕРІ

Конвенция мақсатына  жету жолында, оның ережелерін іске асыруда  қатысушы жақтар өз қызметіне мыналадрды басшылыққа алады:

1.Қатысушы жақтар  адамзаттың қазіргі және болашақұрпағының  игілігі үшін әділеттілік негізде  және әмбеге ортақ, бірақ салаланған  жауапкершілігіне және қолда  бар мүмкіндігіне орай климат  жүйесін қорғауға тиіс.

2.Қатысушы жақтар  алдын ала болжау мақсатында  немесе климаттың өзгеру себебін  мейлінше залалсыздандыруды және  оның зиянды нәтижелерін азайтуды  алдын ала ескерту шараларын  жүргізу керек.

3.Халықаралық экономикалық  жүйенің ашық және игілікті  жағдайын қалыптастыруға ықпал  ету үшін Қатысушы жақтар өзара  қарым-қатынас жасау керек, бұл  жағдай қатысушы жақтарды, әсіресе,  оның ішінде дамушы елдер орнықты  өсіп өркендеуге және дамуға  алып келер еді  де, сөйтіп  климаттың өзгеру проблемаларына  олардың жауап қатуына оңтайлы  мүмкіндік жасар еді.

4-бап.МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1.Барлық қатысушы  жақтардың ортақ, бірақ жекелеген  жауапкершіліктерін ескере отырып, белгіленген мақсаттары мен даму  жағдайлары;

2.Монреаль хаттамасымен  реттелмейтін буланған газдардың  антропогендік бөлінуін шектеуге, азайтуға немесе тоқтатуға әкелетін  процесстер мен әдістерді, технологияны беруді қоса отырып, барлық салаларда, энергетикада, тасымалдауда, ауыл шруашылығында, орман шаруашылығында, және таратуға ықпал етеді;

3.климаттың өзгеру  нәтижелеріне ыңғайлану мақсатында  дайындық шараларын жүргізу үшін  қарым-қатынас жасайды; жағалау аймақтарында, су ресурстары бойынша және  ауыл шаруашылығында жұмыс жүргізу үшін, құрғақшылықтан, шөлге айналудан, су тасқынына ұшыраудан һ қорғау және қалпына келтіру жұмыстары бойынша тиісті кешенді жоспарлар құрады және дамытады.

4. өзінің тиісті  әлеуметтік-экономикалық және экологиялық  саясатын жүргізуде, соған лайық  шаралар қабылдауда климаттың  өзгеруіне байланысты ой-пікірлерді  тиісті әдістерді, мүмкіндігіне  қарай ескереді мәселен, Ұлттық  деңгейде жасалған;

5. климат жүйесімен  және климаттың өзгеруімен, сондай-ақ  оған жауап қатудың түрлі стратегиялық  экономикалық және әлеуметтік  нәтижелерімен байланысты ғылыми,технологиялық,  әлеуметтік-экономикалық, заң бойынша  деректерді толғымен ашық және  жедел алмасуға ықпал етеді,  қарым-қатынастар жасайды.

6.Дамыған елдерге  жататын Қатысушы жақтар және  ІІ қосымша мен Қатысушы жақтар өзге Қатысушы жақтарға, әсіресе, дамушы елдердің қатарына жататындарына олардың Конвенция ережелерін орындау үшін экологиялық таза технологияны алуына және оған жіктеуіне байланысты қолдау көрсету, жеңілдету сондай-ақ қаржыландыру үшін нақтылы іс-шаралар жүргізеді

Информация о работе Климат өзгеруінің басты әсерлері