Климат өзгеруінің басты әсерлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 20:27, реферат

Описание работы

Климат (гр. κλίμα (klimatos) — еңкейіс) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.
Ол физикалық (климат жасайтын) процестердің, күн радиациясының, атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің туындысы. Белгілі бір жердің климатын толық білу, оның басқа жердің климатымен салыстырғандағы ерекшеліктерін айыру, сонымен қатар берілген жердің климатының өзгеруін байқау тек көп жылдар бойы жүргізілген байқауларды жүйелеу, қорыту негізінде айқындалады. Жер шарының әр нүктесіндегі климаттың әр түрлі болуы — климат құрайтын факторлардың, ягни осы процестерді жасайтын географиялық жағдайлардың айырмашылығынан туады.

Работа содержит 1 файл

Климат.docx

— 28.54 Кб (Скачать)

Климат  өзгеруінің басты  әсерлері 

Климат

Климат (гр. κλίμα (klimatos) — еңкейіс) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.

Ол физикалық (климат жасайтын) процестердің, күн радиациясының, атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің туындысы. Белгілі бір  жердің климатын толық білу, оның басқа  жердің климатымен салыстырғандағы  ерекшеліктерін айыру, сонымен қатар  берілген жердің климатының өзгеруін байқау тек көп жылдар бойы жүргізілген  байқауларды жүйелеу, қорыту негізінде  айқындалады. Жер шарының әр нүктесіндегі климаттың әр түрлі болуы —  климат құрайтын факторлардың, ягни осы  процестерді жасайтын географиялық жағдайлардың айырмашылығынан туады. 

Климаттық белдемділік 

Планетаның беткі жазықтығын климаттык өзгешеліктері тұрғысынан бірнеше белдемдерге бөлу ұстанымы. Жер шарын тұтасымен орап өтетін осы белдемдердің жиектері ендік сызықтармен (параллелдермен) орайлас бағытталған. Әрбір климаттық белдем құрамында бірнеше климаттық атыраптар оқшаулануы мүмкін. Климаттық белдем деген ұғым аймақтық түсінік ретінде де қолданылады. Мысалы, таулы өңірлерге тән түрлі биіктік деңгейлерінің тек өздеріне ғана тән климаттык жағдайлармен сипатталуы осы деңгейлерді дербес климаттық белдемдер ретінде даралауға мүмкіндік береді. 

Климаттың, мұздықтардың кезендік тербелістері 

Климаттың, мұздықтардың, сушаралардың жаға сызықтарының үзақтығы мен қарқын дылық дәрежесі әр түрлі -метаморфизма, яғни бірнеше немесе ондаған жылдардан (мыс., 35 жылдык Брюкнер  кезеңдері) бірнеше мыңжылдықтарға дейінгі ырғақты өзгерістері. Орташа жылдық температураның, ылғалдық дәрежесінің, мұздықтар өлшемінің өзгерістерінде білінеді. Әр түрлі себептерге, негізінен  жерден тыс — Күн радиациясының  кезендік өзгерістері мен қаркындылығына, Жер орбитасы эксцентрисетінің ауытқуларына байланысты. 

КЛИМАТ АУЫТҚУЫ– Жер шарындағы немесе белгілі  бір аймақтағы климат жағдайының табиғи өзгеруі. Бұл құбылыс, ондаған, жүздеген жылдарға, кейде геолиялық  дәуір бойына созылады. Климат ауытқуының астрономиялық, атмосфералық және геологиялық-геоморфольдік  себептері болады. Астрономиялық  себептер – Жер бетіне түсетін  Күн энергиясы мөлшерінің ауытқуына, Жердің айналуы мен оның полюстері орындарының өзгеруіне байланысты. Атмосфералық себептер – жанартау атқылау, аймақтағы өсімдік жамылғысының дамуы мен адамдардың тіршілік әрекеті әсерінен атмосфера құрамының өзгеруіне, яғни ауада көмір қышқыл газының, су буының және шаң-тозаңның көбеюіне негізделген. Бұлардың салдарынан Жердің радиациялық балансы күрт көбейеді немесе азаяды, ауа темп-расы жоғарылайды не төмендейді. Геологиялық-геоморфологиялық себептер – құрлықтың жер бедері мен құрлықтар пішіндерінің өзгеруінен туады. Олардың әсерінен Күн энергиясының басқа энергия түріне айналуы, атмосфераның жалпы циркуляциясы және теңіз ағысы тежеледі. Климат ауытқуының антропогендік өзгеруіне (ауытқуына) табиғи ортаға антрпогендік әсердің (негізінен оның ластануы) артуынан болады. Ауада көмір қышқыл газының жиналуы, озонды қабат тығыздығының өзгеруі, атмосфераның газдармен (метан, фреон), энергияны тікелей шығару, тағы басқа жатады. Жер бетінің кейбір аудандарында соңғы жылдары биосфера үшін және адамның өзінің өмір сүруі үшін қауіпті болуға айналды.

Ауа райы — атмосфераның жергілікті жердегі белгілі бір  уақытта немесе уақыт аралығында (тәулік, ай) байқалатын құбылмалы жағдайы. Ол көбіне атмосф-ның төменгі тропосфера қабатының күйімен сипаттайды. Себебі, А. р-н өзгертетін негізгі процестер  осы қабатта дамиды. Бірақ, әртүрлі  биіктіктегі атмосф. процестер бір-бірімен  тығыз байланыста болады, сондықтан  жер бетіндегі А. р-ның өзгеру себептерін білу үшін атмосфераның жоғарғы  биік қабаттары зерттеледі. А. р. метеорол. өлшемдермен (температура, қысым, жел, ауа ылғалд., бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын) және атмосфералық құбылыстармен (тұман, найзағай, боран, дауыл т.б.) сипатталады. Жер бетіндегі А. р-ның өзгеруі  тіршілікке, табиғатқа елеулі ықпал  жасайды. А. р-ның көп жылдық режимі климат деп аталады.

Климаттың өзгеру қаупі  туралы ең алғаш 1975 жылы сөз қозғалды. 1975 жылы 8 та­мызда “Scіence” атты журналда америкалық климатолог Уоллес Брокер ауа райының күрт өзгере бастағанын алға тартып, алғаш рет “жаһандық  жылыну” терминін өмірге әкелді. Ауа  райының өзгеру құбылысын екі  мың жылға тарта тарихы бар  климатология ғылымы зерттеп келеді. Алайда өткен ғасырдың соңына дейін  бұл ғылымның ізденістеріне адамзат  қауымдастығы тарапынан аса бір  қызығушылық таныла қойған жоқ. Тіпті  өткен ғасырдың 60-шы жылдарында, ең алғаш, климаттың күрт жылынып бара жатқандығы туралы дабыл қағып, жердің жоғары қабатының қызуы артқанын байқаған белгілі кеңестік климатолог А. Будьконың болжамдарын басқалар түгілі, кейбір ғалымдардың өзі жүре тыңдады. Міне, енді төрткүл дүниенің төрт бұрышында да жердің жоғарғы  қабатының қызуы жоғарылап кеткендігі талас тудырмайтын шындыққа айналды. Ғалымдар арасындағы талас енді жаһандық жылыну шындық па, әлде жалған ба деген  тұрғыда емес, бұл проблеманың  төркіні ерте ме, кеш пе жылыну үрдісі климаттың күрт төмендеуіне әкеліп соғатын табиғи құбылыс па, әлде қоршаған ортаға жаһандық ауқымда кесірін  тигізген адамзаттың техногендік әрекеттерінің  салдары ма деген тұрғыда өрбіп  жатыр. 

Жаһандық жылыну дүркін-дүркін қайталанып тұратын қалыпты  табиғи құбылыс деп дәлелдейтіндер не дейді? Олардың айтуынша, соңғы  екі мың жыл ішінде Жер шарын  мекендейтін тіршілік атаулы үш рет  жаһандық жылыну кезеңін, үш рет жаһандық суыған кезеңді бастан өткерген. Температураның соңғы төмендеу кезеңі ХІХ ғасырдың бірінші жартысында аяқталыпты. ХІХ  ғасырдың екінші жартысында ауа райы қалпына келіп, ХХ ғасырда қайтадан жаһандық жылыну кезеңі басталып, сол  ғасырдың соңында 0,7-0,8 градусқа жеткен. Сондықтан, дейді табиғи тәсілді  жақтаушылар, бүгінгі жаһандық жылыну кезеңі ұзамай ауа температурасының төмендеу кезеңіне ауысады. Оның Жер орбитасы параметрлерінің өзгеруіне байланысты Күн қызуының құбылуы сияқты астро­номиялық, Гольфстрим атты мұхиттар ағысы қуатының әлсіреуі сияқты табиғи себептері бар көрінеді. 

Енді жаһандық жылынуды адам факторымен байланыстыратындардың  дәлелін сараптап көрейік. Біріншіден, олардың айтуынша, ауа температурасының мұндай жылдамдықпен жылынуы бұрын-соңды  болмаған құбылыс көрінеді. Бар болғаны  соңғы жүз жылға жетер-жетпес кезеңде ауаның орташа температурасы 0,7-0,8 градусқа ысуы мың жылда да болмаған. Тіпті соңғы 15 жыл ішінде ғана ауа  температурасы жылынуының жылдамдығы 0,3-0,4 градусқа артқан. Қалыпты табиғи факторлар мұндай жылдамдықпен атмосфераны  жылыта алмаса керек. Бұған сөзсіз адам әрекеті себеп болып отыр. Екіншіден, техногендік дәуірде ауаға бөлінген көмірқышқыл газы мен метанның көлемі шектен тыс асып кеткен. Қазіргі  кезде қуат өндіретін стансалардан, өнеркәсіп орындарынан шығатын  көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа  өтетін газдың 1/3 бөлігін құрайды. Осыған байланысты ғалымдар қазіргі жаһандық жылыну үрдісіне себеп болып отырған  кесапаттың 90 пайызы адам қолымен жасалып  отыр деген тұжырымға тоқ­таған. 

Бүкіләлемдік климаттық  конференцияда сөйлеген сөзінде  БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун “Арктикадағы жылыну үрдісі Жер  шарының басқа өңірлеріне қа­рағанда тым жылдам белең алып барады. Осылай бара беретін болса, 2030 жылға таман  ондағы мұз қалқанының мүлде жойылып  кету қаупі бар. Арктикадағы бүгінгі  болып жатқан өзгерістер климаттың  жаһандық жылынуын жылдамдата түспек”, деп атап көрсетті. 

Сөйтіп, жер бетіндегі  мәңгі мұздардың күрт еруі басталды. Бүгінгі таңда біздің планетамызда атмосфера тепе-теңдігін сақтап тұрған екі алып мұздақ бар. Оның бірі Гренландияда, бұл мұз қабатының қалыңдығы 2 шақырымнан асады. Екіншісі, Антарктиканың  мұз қабатының қалыңдығы 4 шақырымға  жетеді. Сонымен бірге Солтүстік  Мұзды мұхиттың көп жылдық мұз  қабаттары 4 метр қалыңдыққа дейін қатады. Одан басқа құрлықтардағы биік таулардың  мәңгі мұз құрсанған шыңдары  бар. Қорыта айтқанда, жер бетінде  жаһандық жылыну салдарынан күрт еритін қаупі бар мұздақтар жеткілікті. Міне, ғалымдарды ерекше алаңдатып  отырған күрделі қауіп те осы  мәңгі мұздақтардың күрт еруіне байланысты болғалы тұр.

Климаттың өзгеруі  атмосферада парниктік газдардан  экран жасайтын және Жердің үстіңгі  қабаты мен атмосфераның төменгі  қабатын қыздыра отырып инфрақызыл сәулелерді өткізбейтін газдардан  туындайды. Парниктік нәтижеде су буы  бар, алайда атмосферада қос тотық  көміртегінің, метанның, азот қышқылының, хлорфторкөміртектерінің ұлғаюы –  климат өзгеруінің негізгі себебі болып  табылады. Бұл газдар атмосферада  соңғы 300  жылда халық санының  өсуі және индустрияның дамуы нәтижесінде  елеулі түрде ұлғайып отыр.

Қоғамдық сананың  климаттың өзгеруі мәселелерін  сезінуі тұрғысынан алғанда Ұлыбритания  халықаралық көшбасшы болып келді  және қазір де солай. Премьер-министр  Тони Блэр, Ұлыбритания көміртегі  диоксиді аз шығатын өнеркәсіпті  дамытуға, сондай-ақ энергия алудың, – отындық элемент, күн қуаты, су жағасындағы жел қуаты, судың  тасуы мен қайтуын қоса алғанда, – жаңа әдістерін пайдалануға  ұмтылатынын атап айтты. Үкімет 2050 жылға  қарай көміртегі диоксиді қалдықтарын 60 пайызға азайту мақсатын қойып  отыр.

      Осы конференцияға қатысушы жақтар,

     ЖЕР климаттың өзгеруі және оның қолайсыз нәтижелері адамзатты алаңдатып  отырған ортақ мәселе екенін мойындай отырып, атмосферада адамзат іс-әрекеттің  нәтижесінде буланған газдар концентрациясының  айтарлықтай дәрежеде көбейіп отырғанына, мұндай көбею табиғи булануды куүшейтетіне, сөйтіп бұл жағдай орта есеппен алғанда  Жер бетін және атмосфераны қосымша  жылытатынына, оның адамзат пен табиғат  экожүйесіне қолайсыз әсер етуі мумкін екеніне алаңдай отырып,

буланған газдрдың ауқымды ең көп бөліну мөлшері  бұрын да және қазір де дамыған  елдердің үлесіне тиетіндігін, салыстырмалы түрде дамушы елдерде жан басына шаққанда мұндай бөлінудің төмен  екендігін, бірақ дамушы елдерде  әлеуметтік қажеттілік пен тұтынушылықтың өсуіне байланысты мұндай орасан зор бөлінудің мөлшерін арта беретінін белгілей отырып,

 жер бетінде және теңіз экожүйесінде буланған газдарды жұтатындардың және жинайтындардың рөлі мен маңызын ескере отырып,

климаттың өзгеруін, анығырақ айтқанда, оның мерзімі, ауқымы және аймақтық ерекшеліктері бойынша  болжам жасаудың мәлім емес сәттерінің көптігін біле отырып,

климат өзгерістерінің орасан зор мөлшері барлық елдердің мейлінше жан-жақты қарым-қатынас  жасауын, олардың іс-әрекетін және кемдігін халықаралық көлемде ортақ іске жұмылыдырып, бірақ олардың жеке жауапкершілігі мен нақты мүмкіндіктерін, сондай-ақ әлеуметтік және экономикалық жағдайларын ескерудің қажеттілігін мойындай отырып,

1972 жылы 16 маусымда  Стокгольмде қабылданған адамды  қоршаған ортаның мәселелері  туралы Біріккен Ұттар Ұйымы  (БҰҰ) Конференциясының Декларациясындағы  ережелеріне сүйене отырып,

БҰҰ-ның Жарғысына  және халықаралық құқық прициптеріне сәйкес ммлекеттер қоршаған орт және даму бойынша өз саяатна лайық  өзінің ресурстарын игеруге тәуелсіз құқы бар екенін және өз юрисдикциясындағы  немесе бақылауындағы іс-әрекеттердің өзге мемлекеттердің немесе ұлттық юрисдикция қызметінен тыс жерлердің  қоршаған ортасына зиянын тигізуге болмайтыны ескере отырып,

Қоршаған орта бойынша  мемлекеттердің тиімді заңдарды іске қосуын, басқару саласындағы қалыпты өлшемдер, мақсаттар мен басты назардағылар дәл сол қоршаған орта мен дамудың жақтарына сай болуын, кейбір елдерде қолданылатын қалыпты өлшемдердің басқа елдердің, әсіресе, дамушы елдердің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы тұрғысынан қарағанда орынсыздығын және негізсіздігін мойындай отырып,

Қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ-ның Конференциясы  туралы 1989 жылғы 22 желтоқсанында Бас  Ассамблеясының 44/228 қаулысына және адамзаттың қазіргі болашақ ұрпағының  мүддесі үшін орасан зор климатты қорғау туралы 1988 жылғы 6 желтоқсанындағы 43/53 қаулысына, 1989 жылғы 22 желтоқсанындағы 44/207 қаулысына және 1991 жылғы 19 желтоқсанындағы 46/169 қаулысына сүйене отырып,

1989 жылғы 22 желтоқсанындағы  Бас Ассамблеясынң аралдар мен  жағалаудағы аймақтар, әсіресе төмен  орналасқан жағалаудағы аймақтарда  теңіз көтерілгенде болуы мүмкін  қолайсыз жағдайлар туралы 44/206 қаулысына, 1989 жылғы 19 желтоқсандағы Бас Ассамблеясының Қуаңшылыққа қарсы күресу бойынша әрекет етудің жоспарын жүзеге асыру туралы 44/172 қаулысына сүйене отырып,

Озон қабаттырын қорғау туралы 1985 жылғы Вена конвенциясына  және озон қабаттарын бұзатын заттар туралы 1987 жылғы Монреаль хаттамасына, оның 1990 жылғы 29 маусымдағы өткізілген және толықтырылған нұсқасына сүйене отырып,

1990 жылғы 7 қаршада  Дүние жүзілік климаттық конференцияда  қабылданған министрлердің Декларациясын  қаперге ала отырып,

климаттық өзгерісі  бойынша көптеген мемлекеттердің іске асырып отырған аналитикалық жұмыстарының бағасын, Дүниежүзілік метеорлогиялық ұйымдардың, қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдараламасының және басқа мемлекеттердің, БҰҰ-ның органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ басқа да халық аралық және мемлекетаралық органдардың ғылыми зерттеуінің нәтижелерін алмасу және зерттеулерді үйлестіру процесіне қосқан маңызды үлестерін сезіне отырып,

климаттық өзгеру мәселелерін  түсіну және шешу іс-шараларының экологиялық,әлеуметтік және экономикалық көзқарас тұрғысынан алғандатиімді болуы үшін тек  қана соған лайықты ғылыми, технологиялық  және экономиялық ізденістердің  негізінде,әрі осы салада қол  жеткізген жаңа нәтижелердің барысында  әрдайым қайта қаралғанда іске асатынын мойындай отырып,

климаттық өзгеру мәселелерін  шешу бойынша сол іс шаралардың өз экономикасының мүмкіндігіне негізделгендігін,сондай-ақ олардың басқа экономикалық мәселелерді  шешуге ықпал ету қасиетін мойындай отырып,

Информация о работе Климат өзгеруінің басты әсерлері