Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 20:27, реферат
Климат (гр. κλίμα (klimatos) — еңкейіс) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.
Ол физикалық (климат жасайтын) процестердің, күн радиациясының, атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің туындысы. Белгілі бір жердің климатын толық білу, оның басқа жердің климатымен салыстырғандағы ерекшеліктерін айыру, сонымен қатар берілген жердің климатының өзгеруін байқау тек көп жылдар бойы жүргізілген байқауларды жүйелеу, қорыту негізінде айқындалады. Жер шарының әр нүктесіндегі климаттың әр түрлі болуы — климат құрайтын факторлардың, ягни осы процестерді жасайтын географиялық жағдайлардың айырмашылығынан туады.