Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 18:33, дипломная работа
Адам қоғамының прогресі индустрияның дамуын қажет етеді. Индустрия дамыған сайын өнеркәсіп қалдықтары көбейе түседі. Қазіргі кезде айналамыздағы бүкіл табиғат - ауа, су, топырақ бәрі де белгілі дәрежеде ластанған.
Ағзалар мен айналадағы орта арасындағы күрделі байланыстардың бүкіл жиынтығын зерттеу экология пәнінің міндеті болып табылады.
КІРІСПЕ ----------------------------------------------------------------------------------3
1. ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ.----------------------6
1.1.ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАБИҒАТ ПЕН
ЭКОЛОГИЯНЫ ҚОРҒАУЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.---------------------------------11
1.2 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ.--------------------------------------------------15
2. ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РОЛІ. --------------------------22
2.1 ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ.--------------------------------------------------------31
2.2 ГЕОГРАФ-ЭКОЛОГ ҒАЛЫМ, ПРОФЕССОР
А.С.БЕЙСЕНОВАНЫҢ ЗЕРТТЕУДЕГІ ЕҢБЕГІНІҢ РОЛІ.---------------------38
ҚОРЫТЫНДЫ --------------------------------------------------------------------------49
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР --------------------------------------------------52
Мұндай механизмге қойылатын негізгі талап – табиғат ресурстарын өндірістік (қоғамдық) және жеке тұтыну үшін пайдалануды белгілі бір мөлшерде тежеу.
Қазіргі қоғам, мейлі ол капиталистік немесе дамушы, немесе қазіргі нарықтық болсын әлі күнге дейін табиғат байлықтарын үнемді пайдалануды үйрене алған жоқ, арғы жағында күмәнсіз өзін-өзі біртіндеп жою (біртіндей жойылу деградация) басталатын белгілі бір шектен шығуға мүмкіндік бермейтін моральдық және материалдық шараларды да қолдана алмай жүр. Табиғатты пайдаланудың экономикалық проблемалары, сөз жоқ өте күрделі және жеткілікті түрде айқындалмаған. Адамдар барлық уақытта табиғат ресурстарының бағасы белгіленбеген, олар үшін ештеңе төленбейді, кім көбірек алып қалса сол ұтады деген сияқты теріс пікір танытып келеді.
Ендігі қоғам алдында тұрған мақсат – адамдардың бұған дейін қалыптасып қалған қамсыздану мен дүние жинау байлық пен кең көсілу, адамзат құндылықтары туралы түсініктері мен ұғымдарды игерту керек. Басты бағыт осындай күмәнді және жалған қажеттіліктерден бас тартуға арналуы тиіс. Табиғаттың осы құнды байлықтарын соғыс пен жаппай құралдарын жасауға, есірткілер жасау мақсатына пайдалануға болмайды, қуатты ішімдіктер, осып-тосудың қымбат бұйымдарын, әртүрлі ұсақ-түйектер мен жарнамалық өнімдер шығару жауапкершілікке сай келмейді. Табиғатқа деген көзқарас, оның байлығын шашып және айналадағының барлығын қаратып, бағындырған елін тентіреткен жаулап алушыдан бір кем емес.
Табиғатқа деген тұтынушылық көзқарас тұтқынында отырып орнына ештеңе бермей, бәрін алуға тырысамыз. Табиғат бізсіз өмір сұре алады, ал біз одан тыс өмір сүре алмаймыз, осы қарапайым шындықты түсінетін уақыт әлдеқашан жеткен. Қоғамда қалыптасқан көзқарастарға сүйенсек, табиғатты қорғау мәселесі әлі күнге дейін тек ойып салу мен бос сөзділік деңгейінен аса алмай келеді. Алайда мұндай іс жүргізудің тиімсіздігі бұрыннан бәріне аян. Бұл шара арқылы біреулерді үрейлендірумен азын-аулақ ақша өндіріп алудан басқа ешқандай табиғатты қорғау әдісіне қол жеткізе алмаймыз.
Түрлі аймақтардағы қоршаған орта жағдайларының салыстырмалы құндылығын ескертін объективтік экономикалық көрсеткіштер, бұған дейінгі ұрпақтардың атқарған жұмыстары мен жұмсаған шығындарының қорытындылары ресурстарды пайдаланудың олардың сапасын, орналасу тереңдігіне және барланған қорына байланысты ыңғайластырылған төлем жүйесін жасау мен өндіру әлі күнге қолданылмай келеді.
Осы күнге дейін материалдық өндіріс сапасы мен нәтижелерінің объективті баға үшін өте жеткіліксіз екі ұдай (әлеуметтік және экономикалық) өлшемі қолданылуда. Бұның орнына көрсеткіштермен факторлардың үш түрлі (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық) жүйесіне көшу керек еді. Кез келген өндірістің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын табиғат пен оның ресурстары енді бұдан былай өндіріс пен басқару процесінің сапасына баға беру шеңберінен тыс қала алмайды.
Қазіргі қолда бар табиғат қоры шеңберінде өмір сүруді үйрену және өндіріс көлемін ұлғайтуды шикізат байлықтары шығынының көлемін өсіру жолымен емес, өз қалдық беретін және қалдықсыз технологияға тезірек көшу, кен орны құрамындағы барлық компоненттерді кешенді түрде алу мен пайдалану, өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану мен тұтыну, табиғи ортаны ластаудың алдын алатын қалдықсыз өндірістер мен технологияны енгізу, энергия мен шикізаттың дәстүрлі түрлерін қазіргі заманғы және таусылмайтын көздермен ауыстыру негізінде жүргізу қажет. Экономика ғылымы «қоғам - өндіріс – табиғи орта» жүйесінің даму проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарына басшылық етуші ретінде көрініп, жұмсалуы және сақталуы мәселелерімен экология бір түптен тарайтын сөздер, егер экономика принциптері экологияның принциптерімен қайшы келетін болса, демек, қоғамда және адамдар санасында қарам-қайшылықтар бар деген сөз, яғни олардан құтылу қажет. Адамдар барлық уақытта да қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау пікірімен келісіп келеді. Алайда бұл дұрыс экологиялық көзқарас материалдық игілікті өндіру және қажетке жарату туралы сөз болғанда ұмытылып кетеді. Осы қарама-қайшылықтан шығатын дұрыс жол таба алмаған қоғам мен адамдар табиғат мүдделерін аяққа басып, оны құрбандық қылады, өйткені ол қорғана алмайды. Мұндай кезде әр уақытта өзін-өзі ақтайтын «бәрі солай істейді» деген көзқарас қалыптасады.Әрине, басқалардың келеңсіз тәжірибесі мен табиғи ортаны білдірудің жалпылама сипатына сілтеме жасау – сөзсіз әлсіз жұбаныш.
Дүниені жақсартқысы келетін адам басқалардың осыны тілейтінін күтпей, өзінен бастауы керек.
Жаңа жобалар мен бағдарламалардың нәтижелерін экологиялық тұрғыдан сараптау және модельдеу сапасы төмендесе, онда бұл экологиялық жағдайдың нашарлауына алып келеді. Жобалардың жүзеге асуына мүдделі салалардың мамандары өзіне пайдалы зерттеулермен айналысады да, оның зиянды жағын ескермейді. Яғни, қажеттілік кімге керек, сараптаудан сапаны сол жүргізеді, сапаны сол анықтап, болашақ дағдарысқа жол ашып береді. Бұлардың да өздерінің ақталатын жерлері бар: олар құрылыс құнын арзандату, салыну мерзімін қысқарту, т.б. Бұл үшін құрылыс тізімінен ағынды суларды, сол сияқты қалдықтарды тазалайтын және басқа да табиғатты қорғауға байланысты объектілерді бірінші кезектен алып тастайды. Халық шаруашылығын басқарудың салалық принципі бойынша да министрліктер мен жеке салаларда құрылыс жобасына тапсырыс берген жеке кәсіпорындардағы сияқты олқылықтардан арыла алмайды. Мамандар арасында да экономистер мен экологтарды қосып алағанда, экологиялық мәселелерге деген ортақ түсінік жоқ. Бір ғана әрекеттің нәтижелерін бағалау кезінде қарам-қайшы бір-бірін жоққа шығаратын пікірлер кездеседі. Көбінесе техникалық экономикалық көрсеткіштерді талдау мен талқылау әдетке айналып, ол бағдарламаның немесе жобаның экологияға қатысты жағын анықтауға келгенде оң ниет танылмай жатады.
Біздің
ойымызша техниканың
Осы кезде орын алып отырған экологиялық сауатсыздық табиғаттың осы заңдарын білмеу, олармен санаспау, тегін байлыққа мемлекетті қарау, қоршаған ортаны бүгінгі ауыр жағдайға ұрындырды.
Табиғаттың үлкен табысы, жемісі және жетістігі – адамдардың ақылы мен санасы. Сол ақыл мен сана табиғатпен арақатынасты екі жаққа да тиімді етіп ұйымдастыратынына күмән жоқ.
Қазіргі экологиялық дағдарыстар мен тоқыраулардың түпкі тамыры – адам баласының табиғаттың қарапайым даму, зат және энергия алмасу заңдарын, оның теориялық негіздерін білмеуі, яғни, экология ғылымының негіздерін оқып-үйренбеуі болса керек.
2.1 Қазақстан табиғатының экологиялық жағдайының зерттелуі
Табиғат - адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын осыдан алады. Биологиялық түр ретінде алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде үй шаруашылығымен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін қолға үйретті.
Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бәрі табиғатқа бұрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сияқты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн., км2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ішінде 35 %- ы кесілген екен. Соңғы ғасырда өмір сүрген адамзат қауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат қорларын есепке алып, оны тиімді пайдалану керектігін ұғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар қабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.
Табиғат корғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, сол сияқты бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.
Әрбір мемлекеттің ұлттың табиғат қорғау барысында ежелден қалыптасқан салт-дәстүрлері бар. Олардың негізін қалаушы ата-бабаларымыздың ой-өрісінен туындаған аңыздар мен ақиқаттар - өмір тәжірибелері.
Сондықтан да түз тағысы киікті киелі, жер мен суын қасиетті деп, жас ұрпағына түсіндірген ата-бабамыз табиғаттың қадіріне жете білген. Шұрайлы жайылымын, орман-тоғайын, өзен-көлін пайдаланып әрі оны қорғауды мақсат еткен.
Табиғат қорғаудағы негізгі мақсат - оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпақка қаз-қалпында жеткізу. Ол үшін біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет.
Табиғат қорлары сарқылмайтын жәнс сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бірі - су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отырады. Ал экожүйелердің таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.
Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Сарқылатын қорларды адам баласының өте ұқыпты түрде пайдалануы болашақ ұрпақтың қамын ойлағаны.
Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар - топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Аталған қорларды барынша пайдалану, біржола жойып жіберуге апарады. Мысалы, адам баласының теріс іс-әрекетінен жер бетіндегі аңдардың 106, құстардың 139 түрі біржола құрып кеткен. Тіптен, қазақ даласында тіршілік еткен жабайы түйе, құлан, жабайы жылқы, жолбарыстар бүгінде жоқ. Ал өсімдіктер мен жануарларды, топырақты ұзақ уақыт сақтап қалуға мүмкіндік бар. Ол үшін табиғат қорларын қорғаудың барлық шараларын қолдану керек. Топырақ қарашіріндісінің түзілуі өте ұзақ - мыңдаған жылдарға созылады, ал оның бүлінуі әп-сәтте. Осыған орай адам баласы топырақтың құнарлығын сақтау үшін агротехникалық шараларды дұрыс қолданып, косымша органикалық минералды тыңайтқыштар беріп отырады. Топырақтың тозуы көптеген антропогендік факторларға байланысты. Соның негізгілері - тонырақ эрозиясы, тозуы, шөлге айналу және ластану. Осының бәріне де адамның іс-әрекеті себепші.
Соңғы жылдары жер шарындағы барлық табиғат қорлары бұрын-соңды болмаған антропогендік өзгерістерге ұшырап отыр. Олардың ең бастысы - әлемдік климаттағы өзгерістер. Күн мен жел энергиясы сарқылмайтын қор болғанымен, өнеркәсіптің қарқындап дамуына байланысты ауаға зиянды газдар, шаңдар көтеріп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруде. Бұл апатты құбылыстар өнеркәсібі шоғырланған ірі қалаларда өріс алып отыр. Ауа кеңістігінің ластануы дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерге де өз ықпалын тигізуде.
Өркениетті елдер сияқты біздің республикамызда да табиғат қорғауға көп көңіл бөлініп отыр. 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы заң" қабылданды. Заңның негізгі мақсаты еліміздің табиғатын қорғау мен оның байлығын халық қазынасы ретінде болашақ ұрпақтардың салтанатты өмірі үшін сақтау.
Табиғат қорғау заңын орындау негізгі ұстанымдары мен ережелеріне негізделген.
Табиғат қорғаудың бірінші ұстанымы. Табиғат байлықтарын пайдалануды тұтынушылардың мақсатын ескере отырып жүзеге асыру. Мысалы, орман тек құрылыс материалы емес, ол ауа райын реттеуші, ылғал көзі, дәрі-дәрмек, аң мен құстың мекені, топырақты қорғаушы және адам үшін денсаулық кепілі екенін ескеру қажет.
Табиғат қорғаудың екінші ұстанымы. Табиғат байлықтарын пайдалану барысында оның жергілікті жер үшін маңызы мен қорын қатаң есепке алу. Бұл әсіресе орман, су қоры үшін қажет. Мысалы, Әмудария мен Сырдария өзендерін ауыл шаруашылығына барынша пайдаланып, оның Арал теңізі үшін маңызы ескерілмеді. Нәтижесінде Арал теңізінің біржола құрып кету қаупі төніп тұр.
Табиғат қорғаудың үшінші ұстанымы. Табиғат қорларын пайдаланғанда олардың бір-бірімен байланысты екендігін есте сақтау керек. Яғни, табиғаттың тарихи-табиғи байланысын, тепе-теңдік процесін бұзбау деген сөз. Мысалы, Семей өңіріндегі Шыңғыстау ормандарының құрылыс үшін кесілуі - осы өңірді аң-құсы мен шұрайлы жайылымынан айырды.
Қорыта айтқанда, адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан табиғат қорларын ғылыми негізде, қайта түлете отырып пайдалану және қорғау мақсат етіліп қойылуы тиіс, Табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен ережелерді орындау әрбір азаматтың міндетті борышы.
Экология мен табиғат қорғау ғылымдары бірін-бірі толықтырып отырады. Экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми-теориялық негізін жасайды. Сонымен бірге табиғат ресурстары мен оның құраушыларында экологиялық факторларды қоршаған ортамен және адамның іс-әрекетімен байлалыстыра отырып зерттеп, оны жүзеге асырудың негізгі тұжырымдары бекітіледі. Ал табиғат қорғау ғылымы -экология ғылымының негізгі тұжырымдарын жүзеге асыратын мемлекеттік немесе қоғамдық игі істер жиынтығы. Экология мен табиғат қорғау ғылымдары бір-бірімен үйлесімді әрекет еткенде ғана табиғат апаттарына жол бермейді. Нәтижесінде, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен оны қорғаудың жоспары жүзеге асады. Сондықтан ''табиғат қорғау" ұғымының мәні зор. "Табиғат қорғау" ұғымына жақын "қоршаған ортаны қорғау" ұғымы да жиі қолданылады. Ол адам баласының қоршаған табиғи ортаны әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қорғаудың жиынтығы. Адам баласы табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін табиғатты тиімді пайдалану жүйесі бойынша жұмыстар атқарады. Ал табиғатты тиімді пайдалану - табиғат ресурстарын пайдалану мен оны қайта түлетудің ең ұтымды әрі адамға пайдалы технологиясы.