Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 18:33, дипломная работа
Адам қоғамының прогресі индустрияның дамуын қажет етеді. Индустрия дамыған сайын өнеркәсіп қалдықтары көбейе түседі. Қазіргі кезде айналамыздағы бүкіл табиғат - ауа, су, топырақ бәрі де белгілі дәрежеде ластанған.
Ағзалар мен айналадағы орта арасындағы күрделі байланыстардың бүкіл жиынтығын зерттеу экология пәнінің міндеті болып табылады.
КІРІСПЕ ----------------------------------------------------------------------------------3
1. ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ.----------------------6
1.1.ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАБИҒАТ ПЕН
ЭКОЛОГИЯНЫ ҚОРҒАУЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.---------------------------------11
1.2 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ.--------------------------------------------------15
2. ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РОЛІ. --------------------------22
2.1 ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ.--------------------------------------------------------31
2.2 ГЕОГРАФ-ЭКОЛОГ ҒАЛЫМ, ПРОФЕССОР
А.С.БЕЙСЕНОВАНЫҢ ЗЕРТТЕУДЕГІ ЕҢБЕГІНІҢ РОЛІ.---------------------38
ҚОРЫТЫНДЫ --------------------------------------------------------------------------49
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР --------------------------------------------------52
Алайда, «экология»
деген терминді алғаш рет
Экология бастапқы
кезде биологиялық ғылымның
Осылай қазіргі заманғы экология - әмбебап, зор қарқынмен дамып келе жатқан, біздің планетамыздың барлық тұрғындары үшін іс жүзінде аса зор маңызы бар іргелі, кешенді ғылым болып саналады. Экология болашақтың ғылымы және адамдардың өзінің өмір сүруі осы ғылымның тікелей ұдайы дамуына байланысты болуы да мүмкін деуге жатады.
1.1.Ежелгі
қазақ халқының табиғат пен
экологияны қорғауы туралы
Кез келген қауымдастықтың адаптация (сөзбе сөз: бейімделу) мәселелерін талдау осы терминге нақты анықтама беруді қажет етеді. Биологиялық мағынасында кеңінен қолданылып жүрген «бейімділушілік» ұғымы особтің немесе популяцияның қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің нақты формасы мен ерекшелігін білдіреді. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне қатысты «адаптация» термині жаңаша мағынаға ие болады.
Жаңа жағдайларда адаптацияның мәні этногенез және этностық экология мәселелеріне байланысты ашылады. Басқаша айтқанда, адаптацияның жаңа мағынасы этностармен олардың мәдениетінің дамуын басқаша саралауға негіз жасайды.
Қазақ халқының табиғатты пайдалану, мәдени-шаруашылық дәстүрлерінің, мәдениетінің өзіндік сипатының қалыптасуы қоршаған мекен ортасындағы мүмкіншіліктерді таңдап алуды «адаптациялық стратегия» немесе «адаптацияның стратегиясы» деуге болады.
Қазақтардың көшпелі мал шаруашылығын саралау барысында оның дәстүрлі қазақ қоғамы үшін адаптацияның барынша жетілген формасы болғандығын айтуға болады, себебі ол неғұрлым тұрақты экономикалық өнімділікке қол жеткізді. Сонымен, Қазақстанның құрғақ далаларын адамның игеруі шаруашылық, мәдени және әлеуметтік адаптацияның өзіндік ерекше формалары пайдалану нәтижесінде ғана мүмкін болды. Осы тұрғыдан айта кететін жағдай, «адаптациялық» дегеніміз - өзін-өзі реттеуші жүйелердің ақпараттық белсенділігін білдіретін қасиеттерінің комплексі. Олай болса этностық мәдениетті, ұрпақтарға берілетін кез келген диахронды ақпаратты адаптацияның өзіндік көріністері ретінде қабылдау қажет.
Геоографиялық фактордың адаптациямен байланысы биологиялық сатысында ғана емес, әлеуметтік-экономикалық даму барысында да айқын ажыратылады. Этногенез процесінде адаптацияны географиялық тұрғыда түсіну этностық қауымдастықтардың қалыптасуына жаңа көзқарас тудырады.
Бұл «қоғам – табиғат» жүйесіндегі қарым-қатынастардың географиялық аспектілерін жете түсінуге көмектеседі.
Адамдардың мекен ортасына бейімделуі заттық және рухани мәдениетінде, дәстүрлі тұрмысында, психологиялық мінез- құлқында көрініс табады. Әртүрлі географиялық орталарда мекендейтін халықтардың шаруашылық – мәдени дәстүрлері ғана емес, тұрғын-үй типтері де бір-бірімен айтарлықтай айырмашылық жасаған.
Халықтардың тіршілік ортасы жағдайларының географиялық жіктелуі әртүрлі мекен ортасына бейімделудің өзіндік тәсілдерін анықтап, сол ортаның ресурстық мүмкіншілігіне барынша сәйкес келетін өндірістің өркендеуіне алып келді. Мұның өзі мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: географиялық жағдайлардың әртүрлілігі «өркениеттің даму дәрежесімен негізгі параметрлерін» анықтауға негіз болады. Көшпенділікті аридтік жағдайларға бейімделудің бір түрі ретінде ғана қабылдау жаңсақтық болар еді. Өйткені экожүйелердегі экстрималды табиғат жағдайларында шаруашылықтың бұл түрін өнімді етіп ұйымдастыру үшін экологиялық тәжірибеде қажет болды. Олай болса, халықтың табиғи ортаға бейімделі үшін қажет ақпарлар жиынтығы ұзақ жылдар бойына жиналып, ұрпақтарына беріліп, кеңістік пен уақыт талқысына түсті. Мысалы, көшпенді мал шаруашылығының дамуына алғы шарт ролін аңшылық кәсіп атқарған. Аң аулау барысында жабайы аңдардың қоныс аударған территорияларын көру арқылы адамдар шөлдердің табиғи-климаттық ерекшеліктерін танып, болашақтағы көшпелі мал шаруашылығына қажетті экологиялық бейімделудің тәжірибесін жинақтай бастады. Көшпелі шаруашылықты, көшпенді тіршілікті, таңдап алу арқылы адамзат құрғақ белдемдерді игеруді бастады, бұл табиғатты пайдаланудың жаңа ерекше формасын қалыптастырды. Сонымен көшпенді халықтардың ғасырлар бойғы тәжірибесі қазақ халқына оның этногенезі барысында берілді деуге болады. Дегенмен көшпенділердің ареалына енетін территориядағы табиғи-климаттық айырмашылықтар мал шаруашылығының түрлік құрылымын әркелкі етті.
Көшпелі қазақ қоғамының қуаңшылық жағдайға бейімделінің тағы бір дәлелі табиғатты пайдалану механизмінен көрінеді. Зерттеушілердің пайымдауынша, өндірістік процес пен тіршілік келбетінің шашыраңқы (дисперлік) құрылымы ерекше экожүйелердің нәзік құрылымын сақтауға бағытталған қадам болды. Мұның мәне табиғи жайылымдарды пайдаланудың маусымдық сипатынан, көшу маршруттарының нақтылы заңдылықтарға бағындырылуынан, көшпенді шаруашылықтардағы мал санының шектеулілігінен айқын ашылады.
Қазақ халқының мекен ортасына бейімделуі барысында шаруашылықтық – мәдени қатынастарда әртүрлі өзгерістер жүрді, бұл экологиялық тәжірибені байытты. Мұның барлығы мәдениетте өз ізін қалдыруға тиіс еді, өйткені мәдениет «адам қоғамының адаптациялық тетігі» болып табылады.
Көшпелі мал шаруашылығының жетекші орнын анықтауда табиғи факторлардың орны ерекше болғандықтан, кейінгі индустриалық қоғам жағдайында ауылшаруашылығының басқа салаларын енгізудің өзі Қазақстанда ариттік экожүйелерінің дегродациясына әкеп соқты. Экожүйелерге шамадан тыс жүктеме түсіру нәтижесінде ғасырлар бойы табиғи мал жайылымы болған аудандар өзін-өзі реттеу қабілетінен айрылды. Осы тұрғыдан жыртқан жерді 15-20 жылдан кейін ғана пайдаланған немесе мүлде тастап кеткен қазақ халқы табиғи жайылымдарды қалпына келтіру мақсатымен көздегенін айта кеткен жөн. Кейбір мәліметтер бойынша, қазақтар ебелек өсе бастаған жерді ғана өңдеуге болады деп есептеген. Бұл халықтың экологиялық мәдениетінің жоғарғы деңгейінен және мекен ортасының табиғи ерекшеліктерін жете білгендігінен хабар береді.
Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің географиялық, экологиялық, философиялық жақтарын зерттеушілер экожүйелердегі тепе-теңдіктің сақталуы адамдардың шаруашылық әрекетінің ұтымды ұйымдастыруына тікелей байланысты екендігін атап көрсетеді. Сондықтан айналадағы ортаны танып білу, игеру барысында экологиялық сипаттағы сананың қалыптасуының маңызы зор. Қазақ халқы барлық түркі халықтары сияқты, туған жерді ерекше қастерлейді, бұл көзқарас қазақтың «атамекен», «кіндік қаны тамған жері» деген бейнелі түсініктерінен байқалады. Көшпенді тіршілік жағдайында адамның өзін табиғатпен біртұтас құбылыс ретінде қабылдауы нәтижесінде дүниетанымның айрықша үлгісі қалыптасты.
Мал
бағу әрекеті көшпенді
Сонымен, қазақ көшпенді қоғамының тіршілік тынысын анықтаған экологиялық бейімделу тәжірибесі мәдениет арқылы атадан балаға мұра етіп қалдырылды. Көшпенді өмірдің заттық мәдениеті – киіз үй, құрал-сайман, үй жасауы, киім-кешек және т.б. жабдықтар көшіп қонуға барынша икемделген.
Қазақ халқының ою-өрнектерінде халықтың тұрмыс ерекшеліктері, қоршаған орта жағдайлары, нанымдары мен түсініктері көрініс тапты. Зерттеушілер қазақ қолөнерінде жануар пішінді өрнектердің басым екендігін айрықша атайды. Қазақ нәрестелерінің бесішінде көшпенді мәдениетттің жетістігі деуге болады. Рухани мәдениет категориясына енетін ауыз-әдебиет, мақал-мәтелдер, музыка мұралары халықтың географиялық білімінің қайнар көзі болған географиялық терминдер мен атаулар, жануар, өсімдік аттарының жүйесі көшпенді қазақ өркениетінің қоршаған орта жағдайларына бейімделу барысында жинақтаған экологиялық тәжірибенің нақты көріністері ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілді.
1.2 Экологиялық білім мен тәрбие беру міндеттері
Адам еңбегімен шаруашылық қызметінің әсерінен табиғит және ондағы жаратылыс процестері елеулі өзгерістерге ұшырап отыр. Қоғамның өндіргіш күштерінің шапшаңдықпен дамуы айналаны қоршаған ортаға өз әсерін тигізіп, ауыр зардаптарын қалдыруда. Соның салдарынан табиғатты, айнала қоршаған ортаны қорғау бүкіл адамзат үшін аса қажетті ғаламдық проблемаға айналды.
Соныдықтан
да БҰҰ-ның шешімі бойынша жыл
сайын маусым айының бесінші
жұлдызы қоршаған ортаны
Қазіргі жағдайда экологиялық жағдайы дағдарысқа ұшырамаған экономикалық ауданды Қазақстаннан іздеп табу қиын. Бір Қаратау-Жамбыл мен Қарағанды территориялық өзгерістік комплекстердің өзі неге тұрады ?
Жамбылдағы фосфорит, суперфосфат тыңайтқыштарын өндіретін кәсіпорындар күкірт пен көмір қышқылы газдарын ауаға жіберіп жатқанын, Қарағанды көмірінің қалдық үйінділері қаншама құнарлы жерді басып қалғанын көзі бар адамның көрмеуі мүмкін емес.
Арал-Қазақстан
халқының жан ауруына айналды.
Каспий жағалауының құрып бара жатқан эндемикалық өсімдіктері мен жануарлары да орны толмайтын шығын. Балқаш көліне жасалып жатқан қиянат бейбіт кезде адамдар өлімін көбейтіп жатқан Семейдегі ядролық полигон, Байқоңыр маңындағы тұрғындар арасында аурудың көбеюі кімнің де болса жанына батады.
Алматының экологиялық жағдайы да күн сайын ауырлап барады. Мұнда транспорттан шығатын зиянды заттардың көлемінің өзі ғана кісі басына жарты килограмнан келеді екен. Ал, фабрикалар мен зауыттардан шығатын улы заттар мен түтіндер ауаны ластаған үстіне ластай түсуде. Біздің қандай ауамен демалып жүргенімізді осының өзі-ақ анық көрсетеді.
Экология қазір тек биология ғылымының саласы есебінде қаралау шеңберінен шығып кетті. Ол көптеген ғылым салаларының басын біріктіретін синметикалық ғылымға айналды. Экологиялық мәседелерді шешу әртүрлі мамандықтағы адамдардың күш біріктіруінің ақыл-ой қосуын және оған шаруашылық басқарушылардың қатысуын қажет етеді. Барлық ғылым салалары мен экономикалық-шаруашылық жұмыстарын жүргізушілердің негізі қызметі қоршаған ортаның байлығын ысырап етпеуге бағытталуы керек. Мұны экологияландыру деп атайды. Экологияландыру география мен биология сияқты тіршілік пен табиғатты зерттейтін дәстүрлі ғылымдарға ғана емес барлық салада жүруі тиіс. Өйткені табиғат адам мен оның мүддесін қорғайтын ғылымның бәріне де ортақ. Ол ешбір шекараны білмейді, тіпті мемлекеттік, ұлттық шекараны да мойындамайды. Сондықтан оны қорғауға барлық халықтар, барлық елдер бірдей мүдделі.
Мұның өзі табиғатқа қарсы бар адамдардың бәріне онымен қарым-қатынас жасаудың, қорғаудың, аялаудың жолдарын үйретудің қажеттігін күн тәртібіне қояды. Әркім-ақ өзін қоршаған табиғи ортаның оның құрылымын, оның ерекшеліктерін оларды бұзбай сақтаудың жолдарын, табиғат аясындағы өзінің жауапкершілігін білуге міндетті. Еңбектеген баладан еңкейген шалға дейін жас кәрінің бәрі табиғат анасымен қиянаттасуға бармай, силастықпен өмір сүруі тиіс.
Табиғат заңдарын білмеу экологиялық дайындықтың жетіспеуі – біздегі қиындықтарды туғызып отырған негізгі себептер мұны мысал арқылы айқындауға болады. Құрылысты жобалаушы адам оның технологиялық документтерін дайындау барсыныда объектіге қажет дүниелердің барлығын, оның қуаттылығын, өндіріске қосу мерзіміне дейін қарастыратыны белгілі. Бірақ ол сол құрылыстың айналадағы табиғатқа қатысын ескерді ме? Үй салуды жобалауда табиғатқа қанша зиян келтіретіндігі ескермейтіндігі өтірік емес.
Экологиялық сауатсыздықтың салдарынан Байқоңыр космодромы маңындағы елдерде сынған, бұзылған космос кораблдерінің сынықтарын пайдалау фактілері жиі ұшырайды. Кейбіреулер одан мал суаратын астау жасайды, су ішетін ыдысқа айналдырады, бірақ оның құрамында денсаулыққа зиянды радияциялық заттар барын білмейді.
Сырдарияның суы осы күнге дейін ауыз су есебінде пайдаланылып келеді. Оның суы әлдеқашан уланғанын, онда 35-40-тай өндіріс қалдықтары мен тыңайтқыштар, қала шаруашылықтарынан зиянды заттар төгілетіндігін біле тұра оған ешкім мән бермейді.
Барша халыққа қоғамның үлкен кіші мүшелеріне экологиялық білім беру табиғаты қорғау мен оның ресурстарын тиімді, өнімді пайдаланудың ең басты шарты.
Халыққа экологиялық білім беруді, ең алдымен мектептен бастаған дұрыс. Онда жас адамның алғашқы қалыптасуы, көзқарасының, азаматтық саналарының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезіну мен бірге тәрбие алуы қажет. Бұл тұрғыда қазіргі мектептердегі оқушыларға беретін экологиялық білім жүйесінің ретсіздігін, онда жастарды біліммен қатар жауапкершілікке үйрету жетіспейтінін айту керек. Қазіргі оқу программалары әлемнің тұтасты жүйесін сезінуге, білуге, адамның (қоғамның) сол әлеммен қарым-қатынасын сезуге көмектесе алмайды. Табиғат пен әлеуметтік тіршіліктің байланысын зерттейтін оқу пәндерінде біртұтас мақсатқа жұмылу жетіспейді. Мұндай қиыншылықтар оқудың интегралдық принциптерінің жетіспеуіне, оқу тәрбие жұмысына тұтастық тұрғыдан қараудың аздығынан туып отыр. Сондықтан да мектепте экологиялық білім беру ісін тәрбие жұмысымен бірлікте қарастыру абзал. Түпкі мақсат мұраттың бірлігі жүргізілетін жұмыстарды жүйелілігін, оқу, тәрбиелеу әдісімен құралдарының бір мазмұнға ыңғайлануын туғызады. Оның бәрі табиғатқа біртұтас көзқарас қалыптастырып, жас адамның бойында жауаркершілік сезімін оятады. Оның табиғат пен қарым-қатынасында белгілі бір жүйе қалыптасады, практикалық ісінде де ойлылық туады. Сөйтіп оқу пәндерін экологияландыру және пәнаралық байланыстық тұтас жүйесін құрау жасұрпақта өзін қоршаған ортаға үнемі зерттеушілік көзбен қарауға, онымен адамгершілк, эстетикалық ұғым түсінік тұрғысынан қатынас жасауға үйретеді. Осы жолмен олардың бойында бүкіл тіршілік атаулыға деген биік сезім мен жауапкершілік қалыптаса бастайды.