Экология негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2011 в 10:00, реферат

Описание работы

XX ғасырдың соңғы онжылдығы дүние жүзі халықтары алдына көптеген шиеленіскен және күрделі мәселелерді қойды. Олар ғаламдық мәселелер деген атқа ие болды.

Бүкіл дүние жүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды ғаламдық проблемалар деп атайды.

Содержание

Кіріспе.


II. Негізгі бөлім


1. Экологиялық дағдарыс.

2. Демографиялық дағдарыс.

3. Энергетикалық дағдарыc

4. Ғарышты бейбіт мақсатта игеру.

5. Бейбітшілік пен қарусыздану, соғысқа жол бермеу мәселесі.


III. Қорытынды



IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Экология R.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

     Адамдардың ауыр металдардан зардап шегуі дүниежүзілік проблема деңгейінде қалып отыр. Сынап, кадмий, қорғасын, мырыш, т.б. металдар азық-түлік арқылы адам организіміне түсіп, түрлі аурулар туғызады. Мысалы, организмде кадмий мөлшері көбейген жағдайда Жапонияда кең таралған итай-итай ауруы пайда болған. Оның негізгі белгілері — буйрек қызметінің бұзылып, сүйектің майысуы. Бұл аурумен бір жылдары Жапонияда 3000 адам ауырғаны тіркелген.

      Жапонияның Минамата өзен бойындағы тұрғындардың 1956 жылы сынаппен уланғаны белгілі. Соның салдарынан пайда болған ауру турі жергілікті   жердің атымен минамата деп аталған. Аурудың белгілері — есту, көру және сөйлеу мүшелерінің қызметінің бұзылып, адамдардың халдерінің нашарлап, тіптен өлімдерге душар болуы. Оның пайда болу себебі — өндірістен шығарылған   зиянды  қалдықтар арқылы сынаптың өзенге көп мөлшерде түсуі    салдарынан   болғаны   анықталған.

      Этилендірілген бензиндерді пайдалану кезінде адам организіміне түсетін қорғасын да  өте қауіпті.

      Қазақстан жағдайында ластағыш заттармен қатар радиациялық ластану жиі байқалады. Радиациялық ластану, әсіресе уран шикізатын өндіретін орындарда болады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызылқұм және Созақ аудандарында су құрамында торий шекті арнаулы мөлшерден 2,400 есе, радий 30 есе артық екендігі тіркелген. Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында уран  өндіргенде бөлінетін радиоактивті қалдықтардың көп жинақталуынан радио   нуклидтердің мөлшері көбейген.

       Аталған фактілердің барлығы Қазақстандағы экологиялық жағдайдың қалыпты емес екендігін көрсетеді. Оның залалы тұрғындардың денсаулығының нашарлауынан көрінеді. Өнеркәсіп орындарының   шоғырлануы зиянды заттардьң шектен тыс кебеюі, атмосфераньң ластануы, т.б. экологиялык жагдайларды нашарлатады.                                                                                   

       Арал теңізінің экологиялық жағдайы мен Каспий теңізі деңгейінің көтерілуінің осы аймақтарда қатерлі дерт, жұқпалы аурулар, жүйке және тердің ауруларын, т.б. ауруларды туғызады. Ал полигондар болған жердегі халық сәулелік  аурулардан және қатерлі дерттен зардап шегіп отыр.

         Республикамызда адам денсаулығын жақсарту мақсатымен қоршаған ортаның сапасына көптеп   көңіл бөлінуде. «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет» ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi  негізінде  көптеген шаралар жүргізілуде.   Ең   алдымен,   ауаның,  судың   және   азық-түліктерді    дамыған елдердің ауыл шаруашылығында қол жеткен деңгейге теңестірсек, онда 10 млрд   және тіпті одан да көп халықтың азық-түлік жөніндегі қажеттерін толық қанағаттандыруға болар еді. Демек, адамзаттың азық-түлік проблемасын шешудегі басты жол — интенсивті жол болып табылады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                             ҚОРЫТЫНДЫ

        Қорыта   келе   ғаламдық  проблемалардың   өзара    байланыстылығы    дамушы елдердің  артта  қалушылығын   жою    мәселесі  тұрады. Осындай ғаламдық   мәселелер біздің  Республика   халқының  қал жағдайына байланысты қызметiнiң түбегейлi принциптерінің  орнын   жою   —   аса  ірі  жалпы    дүниежүзілік  проблема.   Олардың   әрқайсысының      адамзаттың    ғаламдық    проблемасы   түрінде    әрқайсысының   нақты   өз    мазмұны бар.  Бірақ     олардың    бәрі     өзара     тығыз     байланысты:  энергетикалық  және  шикізат  проблемалары     экологиялық     проблемамен,   экологиялық проблема  демографиялық проблемамен,   ал    демографиялық   проблема   азық-түлік    проблемасымен      өзара   байланысты    және   т. б.

      Адамзаттың   ғаламдық проблемалары арасында жаңа дүниежүзілік соғысты болғызбау  проблемасы айрықша орын алады. Алайда қарулану экономикасынан   қарусыздану     экономикасына    көше    бастаған    қазіргі    кезде    ғаламдық    проблемалардың  көпшілігінің     ауырлық    күші   барған    сайын    дамушы   елдерге   қарай      ауыстыруда.  Олардың   артта қалуы өте күшейіп барады. Мұндай артта қалушылықтың басты көрінісі  мен себебі — кедейлік – қайыршылық.  Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде   40% -ы нағыз    қайыршылық    жағдайларда  өмір  сүруде. Қаланың   лас   шеттері  мен шалғай елді   мекендердің  тұрғындары неғұрлым   бай   елдердегі   тұрмыс  деңгейінің 5—10%-ын    құрайтын тұрмыс      деңгейіне    қанағаттануға   мәжбүр   болып    отыр.  

      Дамушы   елдерде азық-түлік проблемасы   қайғылы, тіпті апатты сипат алып барады деуге   болады. Әрине, әлемде аштық пен тойып тамақ  ішпеу адамзат  дамуының   алғашқы  кезеңінен-ақ  белгілі.   Кытайда,   Үндістанда, Ирландияда, Африканың көптеген   елдері мен Кеңес Одағында орын алған аштық ошақтары XIX—XX ғасырларда көптеген миллиондаған адамдардың өмірін қиды. Бірақ ҒТР дәуірінде аштықтың және Батыстың  экономикасы дамыған елдерінде азық-түліктің   артық өндірілуі — бұл шын мәңінде   біздің заманымыздағы күтпеген құбылыстардың   бірі. Бұл да дамушы елдердің жалпы артта қалуы мен кедейлігінен туған құбылыс. Бұл құбылыс ауылшаруашылық өндірісінің оның    өнімдеріне деген қажеттіліктен әлдеқайда артта қалуына әкеп соқтырды. Қазіргі  кезде халқының едәуір бөлігі  аштан өлу    шегінде тұрған Африка мен Азияның "жасыл революция" жүргізбеген ең артта қалған елдері 70-тен астам дамушы ел азық - түлікті сырттан    әкелуге    мәжбүр   болуда.     

      Азық - түлік    проблемасымен дамушы елдердің демографиялық проблемасы тығыз байланысқан.  Бұларға демографиялық жарылыс қарама-қайшы әсер етеді. Бір жағынан, ол үнемі жаңа күштердің қосылуын, еңбек қорларының өсуін қамтамасыз етсе, екінші жағынан — экономикалық артта қалушылықты жою жолындағы күресте қосымша қиындықтар туғызады.     Көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуін күрделендіреді. Олардың жетістіктерінің  едәуір бөлігін "жеп қояды", территорияға түсетін "күшті" арттырады. Азияның, Африканың, Латын Америкасының көптеген елдерінде халық санының. өсу қарқыны азық-түлікті өндіру қарқынынан озық болып отыр.

      Қазір бүкіл  дүние жүзіндегі босқындардың жалпы саны 500 млн. адамға жетті  және олардың негізгі бөлігі дамушы елдерге келеді. Соңғы кезде экономикалық   босқындар  қатарына   экологиялық   босқындар келіп қосылуда.

      Дамушы елдер халқының  өзіндік жас құрамы демографиялық жарылыспен тікелей байланысты, өйткені  мұнда еңбекке жарамды әрбір адамға асырайтын екі адамнан келеді. Жас адамдар үлесінің жоғары болуы көптеген әлеуметтік  проблемаларды   шегіне   жеткенше   шиеленістіреді. Экологиялық проблеманың азық-түлік және демографиялық проблемамен тікелей байланысы бар. 1972 ж. Индира Ганди қайыршылықты айналадағы ортаның ең қорқынышты ластануы деп атады. Шынында да, бұл елдердің көпшілігінің  кедейлігі, олар үшін  халықаралық сауда шарттарының қолайсыздығы соншама, оларға болашақты ойламастан, сирек ормандарды кесе беруден, жайылымды малға таптатудан, "лас" өндірістерді қабылдаудан және т. с. с. басқа ештеңе қалмайды. Жердің  шөлге айналуының, орманның сиреуінің, топырақтың тозуының, фауна мен флораның түр құрамының кемуінің,   ауа   мен   судың  ластануының   басты   себебі нақ осында жатыр. Тропиктер табиғатының ерекше жарақаттанғыштығы олардың зардаптарын   тереңдете түседі.

      Дамушы елдердің  кедейлік  жағдайы жалпы адамзаттың жалпы дүниежүзілік аса   ірі проблемаларының біріне айналды. 1974 жылы БҰҰ 1984 жылы дүние жүзінде бірде-бір адамның аш ұйықтамауын көздейтін бағдарлама қабылдаған.  Онда 2000 жылға қарай бұл елдердің дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісіндегі 25%-ке дейін арттыру белгіленген болатын. Алайда мұны жүзеге    асыру   мүмкін  болмады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Цыганков П.А. Международные отношения: Учебное пособие. – М.: Новая школа, 1996.

2. Антюхина-Московченко В.И., Злобин А.А., Хрусталев М.А. Основы теории международных отношений. – М., 1988.

3. Новейшая история стран Европы и Америки. ХХ век. Под ред. М.В.Пономарева и А.М.Родригеса. М, 2003 г.

4. Л.Розанов. Новейшая история  1917-1938 гг. М, 1989 г.

5. Н.Н.Яковлев., Г.Л.Розанов. Новейшая история 1917-1945 гг. М, 1990 г.

6. Хрестоматия по новейшей истории.(1917-1945 гг.)  Под ред. Н.Н.Яковлева. М,1990 г.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

     Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар

                        және инжиниринг  университеті

                 «Экономика және  Құқық» институты

 
 

                             «Экология және Өмір-тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасы

 
 
 
 

       

 

                         

 

    Пәні: Экология

    Тақырыбы: «Экологиялық  дағдарыс»

 
 
 
 
 
 
 

                                                      Орындаған: ЭП-08-3 тобының

                                                             студенті:Сейтова Молдір Н.

                                                      Тексерген:

 

 

Информация о работе Экология негіздері