Экология негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2011 в 10:00, реферат

Описание работы

XX ғасырдың соңғы онжылдығы дүние жүзі халықтары алдына көптеген шиеленіскен және күрделі мәселелерді қойды. Олар ғаламдық мәселелер деген атқа ие болды.

Бүкіл дүние жүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды ғаламдық проблемалар деп атайды.

Содержание

Кіріспе.


II. Негізгі бөлім


1. Экологиялық дағдарыс.

2. Демографиялық дағдарыс.

3. Энергетикалық дағдарыc

4. Ғарышты бейбіт мақсатта игеру.

5. Бейбітшілік пен қарусыздану, соғысқа жол бермеу мәселесі.


III. Қорытынды



IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Экология R.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

ЖОСПАР.

 
 
    1. Кіріспе.
 

     II.    Негізгі бөлім

 

1.  Экологиялық дағдарыс.

2.  Демографиялық дағдарыс.

3.  Энергетикалық дағдарыc

4.  Ғарышты  бейбіт мақсатта игеру.

5.  Бейбітшілік пен қарусыздану,   соғысқа жол бермеу мәселесі.

 

    III.  Қорытынды

                                                                                                                                                        

      IV.   Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                        Кіріспе

 

   XX  ғасырдың  соңғы  онжылдығы   дүние  жүзі  халықтары  алдына  көптеген   шиеленіскен   және  күрделі  мәселелерді   қойды.  Олар  ғаламдық  мәселелер   деген  атқа   ие   болды. 

   Бүкіл  дүние  жүзін,  бүкіл  адамзатты  қамтитын, оның  қазіргісі  мен  болашағына   қауіп  төндіретін  және  өзінің   шешілуіне  бірігіп  күш  жұмсауды,  барлық  мемлекеттер  мен  халықтардың  біріккен  әрекетін  талап  ететін  проблемаларды    ғаламдық  проблемалар    деп   атайды. 

   Ғаламдық  проблемалар  өзінің   бір  -  бірімен  әрекеттесуінде   өзінше  мынадай мәселелерді құрайды:   әлеуметтік  және  экономикалық  даму – айналадағы  орта    деп сипатталады.

   Адамзаттың   ғаламдық   проблемаларын   көптеген   ғалымдар, зерттеушілер,  географтар   зерттеп  келді.  Олардың   бір түйетін тұжырымдары «ғаламдық   проблемалар   адамзат  құбылысымен  бірге  дамиды  және  ол  қоғамдық  процестермен  пара-пар   біртіндеп  күрделене  береді»  деген  тоқтамға  келген. Адамзаттың   ғаламдық  проблемалары   бүкіл дүние жүзінде кездесетін  құбылыс  ол  құбылыстар   адамға  кері  әсерін  тисізіп  отырады. 

   Ғаламдық   проблемаларды   жіктеп  бөлетін  болсақ : әкологиялық    дағдарыс,   демографиялық   өсіп  өну  процесі, энергетикалық  заттардың   әсері, дүниежүзілік   мұхитты   пайдалану   жолдары,  ғарышты  бейбіт   мақсатта  игеру  жолдары   мен   бейбітшілік   және    соғысқа  жол  бермеу   мәселесі.

   Жұмыстың   өзектілігі мен  мақсаты    дүниежүзіндегі   адамзаттың  ғаламдық   проблемаларын  ашып  талқылап  көрсету  барысында   оны болдырмау жақтарын  қарастыру    және  адамзатқа   тигізетін   кері  әсерін  түсіндіру.  Жұмыс    құрылымы    кіріспеден,  негізгі  бөлім  алты  тармақшадан  және  қорытынды  мен  пайдаланған әдебиеттер   тізімінен тұрады.

 

                     1. Экологиялық  дағдарыс.

           Бүкіл    адамзат   қоғамының   даму    тарихы   -  табиғат    пен  адамзаттың   қарым - қатынасынан   тұрады.  Осы  уақыттың   барлығында    да     табиғат   адамзаттың   өмір   сүру  ортасы, материалдық    байлық көзі  болып келді.  Қоғамның    дамуының   алғашқы    сатыларында     табиғат    қорын     пайдалану     мөлшері   ылғи    артып     отырғанымен,    оның     табиғи   ортаға   кері    әсері елеусіз еді.

        Қоғамның   өндірістік   дамуына   байланысты  адамның  табиғи   ортаға     әсері:    табиғат   байлығын   табиғи  күштерді  пайдалануы   артып келеді.   Бұл  әсер  екі  сипатта  бір    жағынан,  ғылыми -  техникалық      жетіктіктің    арқасында   табиғи     орта     жақсартылады,   оның  қорын   молайтып,   ұқыпты    пайдалануға   мүмкіндік   туады.  Мысалы,     шөлді      және    шөлейт     жерлерді     суландыру,   орман   отырғызу,  жерді   көгалдандыру,    өсімдіктердің  құнды   түрлерін   көбейту,     жалпы    табиғи   ортаны     ондағы     өсімдіктерді     жан   -  жануарлар    дүниесін   қорғауды     атауға    болады.  

      Ал   екінші     жағынан,  табиғи  ортаны  бүлдіру   ауқымы  да  артып   келеді.  Мысалы,   өндірістің    кері     әсері     ретінде    табиғат   байлығының  таусылуының,    судың,   жердің,  атмосфераның    ластануын,   орманның  жойылуын,  жердің   тозуын,   ауыл    шаруашылық    жерлерінің     қазба      жұмыстарын  жүргізуге,  құрылыстар   салуға    бөлінуін   айтуға  болады. Экологиялық   дағдарыстарға    және   айналадағы    орта    жөнінде     белгілі     француз    океанологы   Жак    Ив   Кусто    былай деп   сипаттады:  «Бұрын   табиғат адамды  қорқытатын,   енді адам табиғатты  қорқытады».     Кейбір   елдер     мен      аудандарда    экологиялық    жағдай  өте қатты    шиеленісіп,   экологиялық     дағдарыс    деңгейіне   жетті.  Айналадағы       ортаның    ластануынан    келетін   әлеуметтік,   эстетикалық    және   басқа   шығындарды   былай      қойғанда    экономикалық         шығынның       өзі     ғана    жылына   көптеген    миллиард     доллармен     есептеледі.   Оның     үстіне     жер   климатының     Бақылаусыз   өзгеруі,   стратосфераның   озон   қабатының   бұзылуы  секілді   дүниежүзілік   экологиялық     қауіп  туды.   Қазіргі  уақытта   барған  сайын   көптеген  елдер  оны  шешу   үшін   өздерінің   күш-жігерін  біріктіре     бастады.  Ұзаққа  созылатын   экологиялық   қауіпті  жоюмен қатар   төтенше   экологиялық   жағдайларда   көмек   көрсетуде.  Осының  бәрі  70-жылдары   ұсынған   «Жер  біреу ғана» деген ұранын   жүзеге  асыруды   көздейді.   Дүниежүзілік   қауымдастық   мынадай жағдайларды басшылыққа  алады: экологиялық    проблеманы  шешудің басты жолы –адамдардың    өндірістік   емес  іс-әрекетін   қалыпты   экологиялық   дамуды – айналадағы   ортаны   бүкіл   адамзаттың   және   әрбір    адамның   мүддесіне   сай   өзгертуді   қамтамасыз  ететіндей    етіп   ұйымдастыру. 

  Жер шарындағы халық санының өсуіне байланысты өнеркәсіп дамыды, ірі қалалар, жол, үй, алып ғимараттар салынды. Бұл өмірдің қажеттілігі. Нәтижесінде, бізді қоршаған ортаға зиянды қалдық заттар, улы газдар, лас сулар, шаң-тозаңдар, т.б. шығарылады.

  Зиянды заттардың мөлшері шектен тыс көбейіп, бүкіл адамзат қауымына, қоршаған орта табиғатына зиянын тигізеді Бірте-бірте бұл жағдайлар қауіпті экологиялық проблемаларға айналады.

  Казіргі кезде Жер шарындағы экологиялық проблемаларды — жергілікті, аймақтық және әлемдік деп жіктейді. Жергілікті экологиялық проблемалар — белгілі бір аудан, облыс көлемін қамтиды. Мысалы, қаланың ауасы, кішігірім өзен мен көлдердің ластануы, ірі өнеркәсіп айналасының ластануы, т.б.

    Аймақтық экологиялық проблемалар көлемі бірнеше аудан мен облысты қамтиды. Мысалы, Балқаш, Арал, т.б. проблемалары.

     Аталған экологиялық мәселелер экожүйе тұрақтылығын сақтауды, табиғат ресурстарын қорғауды бүкіл адамзат алдына жүктеп отыр. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жанындағы ЮНЕСКО (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы) барлық елдерде: табиғатты тиімді пайдалануы және қорғауы мақсатында бағдарламалар қабылдап, оны қадағалап отырады. Біздің республикамыз да БҰҰ-ның мүшесі ретінде бүкіл дүниежүзілік табиғат қорғау ісіне белсене араласып келетін   әлемдік экологиялық проблемалар бүкіл биосфераны қамтиды. Оларға озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауындар, улы тамшылар,  мұхиттар мен теңіздердің ластануы, т.б. жатады. Әрине аталған экологиялық проблемалардың арасында шекара болмайды. Олар бір-біріне ұласып, сабақтасып жатады. Әрбір экологиялық проблеманың өзіне тән ерекшеліктері, қауіптілігі болады.

  Озон  қабатының жұқаруы. XX ғасырдың 80-жылдарында атмосферада озон қабатының жұқаруы байқалған. Мысалы, 1987 жылы Антарктида үстіндегі озон қабатындағы озон құрамы күрт төмендеп (ғарыштан түсірілген фотосурет бойынша), ол шамамен 7 млн км2 аумақты қамтыған. Осындай жағдай 1992 жылы қайталанған.

    БҰҰ  жанынан ғылыми кеңес құрылып, озон қабатының жұқару себебі зерттеле басталды. Зерттеу барысында хлорфторкөміртектің (фреондар) едәуір мөлшері негізгі себеп болып табылатыны анықталған. Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз кезегінде озон молекуласын ыдыратады. Нәтижесінде — озон қабатының жұқару процесі басталып, ультракүлгін сәулелердің әрекетіне жол беріліп, бүкіл   тіршілікке  қауіп тудырады.

  Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыньң (БДУ) мәліметтері бойынша, атмосферадағы озон кабатынын жұқаруынан катерлі ісік ауруларының 1%-ға көбейгені аньқталған. Ал ультракүлгін сәулелердің әсер етуі адам организмінде иммундық қорғаныс қабілеті төмендеп, жұқпалы аурулардың мендеуіне жол ашқандығы дәлелденіп отыр. Осыған орай, 1985 жылы озон қабатын қорғау туралы Халықаралық Конвенция қабылданды. Оньң мақсаты — озон қабатын бұзатын заттарды шығаруды тежеу немесе тоқтату. Осы бағытта Ресей мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің  ғалымдар ұжымы еңбек етуде.

  Жылу  алу үшін көмір мен мазутты жаққан кезде күкірт ангидрид ауаға бөлінеді. Мысалы, 1 млн т көмір жаққан кезде 25 мың т күкірт оксиді  ауаға шығарылады. Осы газ атмосферада оттекпен тотығьп, су буымен қаныққан соң, одан күкірт кышқылы түзіледі. Кұрамында күкірт қьшқылы бар тұмандықтар жауын түрінде биосфераға түсіп, тіршілікке  зиян  келтіреді.

   Азот оксидтері азот қосылыстары атмосфераға, көбінесе, орман өртінен, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін түтіннен жинақталады. Жалпы атмосфераға озот оксидінің 65%-ы пайдаланғанда, соның ішінде 30%-ы электр станцияларынан, 20%-ы өндіріс орындарынан, 40%-ы автокөліктен бөлінеді. Осының салдарынан жер шары бойынша жыл сайын атмосфераға 60 млн т азот оксиді шығарылады. Одан әрі азот оксиді су буымен қанығып, азот қышқылын түзеді. Азот қышқылы табиғатта нитраттарға айналып, жаңбыр кұрамымен жер бетіне түсіп, бүкіл тіршілікке зиянын тигізеді адам озот оксидімен дем алғанда — тыныс жолдарының   қабынуы,   бронхит,   өкпе   ауруларынан   зардап   шегеді.

  Улы тұмшалар (у түтіні). Улы түтін өнеркәсіп орындарында, жылу электр станцияларында көмір мен мазутты жаққанда пайда болады. Улы тұмшаның 2 түрі бар:

  Лондонның  у түтіні — көмір мен мазутты пайдаланғанда тузілетін күкіртті газдың атмосферада көбейіп кетуінен пайда болады. Бұл құбылыс  алғаш рет Лондон қаласыньң ауа кеңістігінде 1952 жылы байқалған. Ауа кеңістігіне көтерілген улы қара тұмша 2 апта бойы тұрып алған. Нәтижесінде 4000-нан астам адам қаза болған. Осы тарихи оқиғаны Лондон тұрғындары 1873, 1882, 1891,  1948, т.б. жылдары байқаған.

  Фотохимиялық  у түтін атмосферада азот, көмірсутек, азон жоғары концентрацияда болғанда, қарқынды күн радиациясы мен ауа массасының өте нашар алмасуы кезінде фотохимиялық реакция нәтижесінде түзіледі. Лондондық у түтіннен айырмашылығы — ауа райы ашық кезде автомобильдердің шығарынды газдарының көп концентрациясынан атмосферада өте улы ластағыштар пайда болады. Мұндай у түтінің Көктөбеден қарағанда Алматы қаласының үстінен де байқауға болады. Фотохимиялық у түтін алғаш рет 1930 жылдары Лос-Анджелес қаласыньң үстінен де байқалған. Казіргі кезде бұл құбылыс Нью-Йорк, Токио, Сеул, Афины, т.б. ірі қалаларда   көп болады.

  Атмосфераның химиялық ластануы — бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отырған ғаламдық проблемалардың бірі.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                       2.  Демографиялық дағдарыс.

         Демография  - халықтың     санын,    құрамын,   құрылымын,  аумаққа   бөлінуін,   сонымен    қатар   олардың   уақыт  кеңістігіне   қарай     өзгеруін   зерттейтін    ғылым.    Демография     немесе    халық   статистикасы,   халықтың     құрамын,     құрылымын    жынысына,    жасына,   қызметіне   қарай және   туу,  өлім   көші - қонымен   анықталытын   қозғалыс     процесін    зерттейді.

     Демография   туудың,   өлімнің,   көші - қонын  әлеуметтік,  экономикалық,  биологиялық,  саяси   медициналық    жағдайға  сандық   және   сапалық   әсерін,  сонымен    қатар    еңбек    ресурстарының    іске   асырылуына,  көшіп - қонушылардың   тұрақтануына, отбасын   жоспарлаудың   саяси   процестеріне   байланысты   әлеуметтік-экономикалық   проблемалардың    жиынтығын  да   қортады.  Өмірге   бала   әкелу   дәстүрін    реттеу     және    оны    өзгерту   бағытын анықтап,  ол   туралы    шешім   қабылдайды,  адамның   құндылық  жүйесін,  балалы   болуға   тілегін,  оны  қанағаттандырудағы   материалдық   мүмкіндігін,  отбасынның  әлеуметтік  мәртебесін, т.б.  зерттейді,  соған  байланысты  мелекеттік  билік  ұйымдарына  тиісті   ұсыныстар  жасайды.

     Туу,  өлім,  некеге  тұру,  ажырасу,   қала  мен   село   халқының    саны  және   халықтың  әр  түрлі   аумақтарда   алмасуының   статистикалық   көрсеткіші   мына   белгілеріне    байланысты  сипатталады:  жынысы,     жасы    отбасы   жағдайы,  туған,  тұрақты жері.

     Халықтың  жыныстық- жастық       көрсеткішінің    екі   белгісі болады: біріншісі- белгілі бір аумақтағы   немесе   еңбек ұжымы құрамындағы ер  мен әйелдің,   ал   екіншісі - әр    түрлі   жастағы   адамдардың   қатынасы.  Бұл   құрылымдар   биологиялық   кескін  ретінде қаралады.   Шын мәнісінде еркек пен әйелдің   арасындағы,  болмаса бала  мен естиар   адамның арасындағы  қатынастың   биологиялық негізі  де  болады.  Бірақ  адамдардың   жынысы  және  жасына   байланысты  жиынтық   сапалар  әлеуметтік  дамудың  нәтижесі.  Биология  не  себепті  өмірге  ер  бала  қыздан  көп  келеді,  ал  кейін  өмірде  ер  балалар  қыздан  аз  болатындығына  түсінік  бермейді.  Мұндай  қатынастар  әлемнің  әр  елінде   әр  түрлі,  жастық  ерекшеліктерде  солай.

Информация о работе Экология негіздері