Экология негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2011 в 10:00, реферат

Описание работы

XX ғасырдың соңғы онжылдығы дүние жүзі халықтары алдына көптеген шиеленіскен және күрделі мәселелерді қойды. Олар ғаламдық мәселелер деген атқа ие болды.

Бүкіл дүние жүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды ғаламдық проблемалар деп атайды.

Содержание

Кіріспе.


II. Негізгі бөлім


1. Экологиялық дағдарыс.

2. Демографиялық дағдарыс.

3. Энергетикалық дағдарыc

4. Ғарышты бейбіт мақсатта игеру.

5. Бейбітшілік пен қарусыздану, соғысқа жол бермеу мәселесі.


III. Қорытынды



IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Экология R.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

     Ерлер  мен  әйелдердің   сандық  айырмашылықтары,  еңбек  ұжымдарындағы   әр  түрлі  жыныстық- жастық  құрылым   әлеуметтік-экономикалық  жағдайға,  өндірістің  кәсіби  сипатына,  әйелдердің  немесе  ерлердің  еңбегін  қажет  ететін   шаруашылық  пен  кәсіптік  салаларға    байланысты.

     Сонымен,  демография   қоғамдағы   адам  өмірінің  қажетті,  елеулі  сапалы  құрылымын,  қозғалысын,  оның  әлеуметтік- экономикалық  өмірімен  байланысын  зерттеп,  қорытады.  Демография  қоғам өміріндегі   өте маңызды құбылыс.Демографияға  сүйеніп   қоғам өзінің  өткен тарихын,  қазіргісін,  болашағын аңғарады. Демография – ғаламдық  проблема.

     Қазіргі  кезде   біздің    Республикамызда     15  миллион   халық  тұрады. Оның   55  пайыздан   астамы    қазақтар,   35   пайызы   орыстар. Ал   1920  жылы   Республикамызда   не   бары   4  миллион   400  мың   халық   болды.  Оның   7  пайызы   қалада,  93   пайызда   ауылда  тұрған екен.

     Республикада   70  жылдам   астам    уақыт     ішінде     демографиялық   қозғалыстар  қандай   болды,(1940  жылға   дейінгі   нақты   статистикалық  есептің   жоқтығына   байланысты   бұл    туралы     кейінгі      жылдарда   жариаланған   материалдарға   сүйенеміз).

     Туу,   өлім     және  халықтың    табиғи    өсімі   -  демографиялық   процесс    көрсеткішінің   бірі. 1940  жылы  1  мың   адамға    шаққанда    туу   мөлшері    40,  ал   1990   жылы    23   баладан   келген.  Осы   жылдар  ішінде   халықтың   саны   үш    есе      жуық     өскен,     соған     қарамастан    туу   екі   есе    кеміген. Бұл     арада ескеретін   бір   жағдай    -екінші    дүниежүзілік   соғыс   кезінде    қазақ   халқының    соғыстан   болған  щығыны   350   мың адам    (әскер   қатарында  4-5-6   жыл   болғандарды   есептегенде). Соған   байланысты    ер   адамдардың   шығыны    туу   процесіне   кері    тигізгені    белгілі.  Адам   өмірінің   ұзақтығы    әр  кезеңде   әр    түрлі   болады:  1978-1988   жылдар арасында  жалпы    халықтың   орта   жасы   67,4 – 69,8   жыл болды.  Оның   ішінде   ерлердің  орта  жасы   61,9-64,8   әйелдердің   орта  жасы  72,4-74,1  жыл  болды.  Жалпы  алғанда  әйелдер    ерлерден   10   жас  артық   өмір  сүрді.  Оның   негізгі  себептері:  әйелдер   ерлермен   салыстырғанда әр  түрлі ауруларға   аз   ұшырайды, зейнетке  шыққаннан   кейінгі өмір  салты өзгермейді,  үй  шаруасы,  бала  тәрбиелеу, немереге  қарау сияқты  жұмыс түрлері    көбейе    түседі.   Ал   ер   адамдар   ішімдік  ішеді, темекі  тартады,  зейнетке  шыққаннан   кейінгі  өмір  салты   күрт   өзгереді. Біздің   елімізде    халықтың  орта   жасы    Жапония,  Финляндия, Голландия, т.б.  елдерден      әлдеқайда    төмен.  1991-1997     жылдардағы   әлеуметтік-экономикалық     қиындық    өміріне    кері   әсерін          тигізгені   сөзсіз. 1993-1994      жылдардағы          есеп    бойынша    Республикамызда       туудан    өлімнің     көрсеткіші     артып     отыр.  Қазіргі       таңда  дүние жүзіндегі           урбандалу    процесі    біздің  елге  де   еніп  келеді   деп айтуымызға   болады.   Демографиялық проблема  - «ғасыр   проблемаларының» бірі. Бұл  проблеманың     бір – біріне   қарама – қайшы  екі   бағыты бар.  

Біріншіден,      бірқатар  дамыған   елдерде   халықтың   ұдайы  өсуінің         бұзылуына, оның   тез   қартаюына   және  санының   азаюына    әкеп    соғып   отырған    демографиялық    дағдарыс  алаңдатпай   қоймайтыны  рас.    Демографтар   мұндай процесті    халық   санының   депопуляциясы   деп атайды.

     Екіншіден,   Азия, Африка   және  Латын  Америкасы       елдерінің   көпшілігінде     халық   санының тез өсуі  бұдан да  гөрі  көбірек алаңдатады .  Оның   үстіне  жас  адамдардың  үлесі  өте   жоғары  болып  отырғанда,  халықтың  табиғи  өсу   қарқына  тез  кемиді  деп  күтуі  қиын. Осыған  қарамастан,  демограф – ғалымдар  60 – жылдардағы  демографиялық  жарылыстың  шыңы  артта  қалды  деп  тұжырымдайды. Африка   елдерін қоспағанда,  халықтың    ұдайы өсуінің   екінші  түріне  жататын    барлық   аймақтарда   баланың   туылуы  мен  халықтың   өсуі  біртіндеп  кеми    бастады.  60- жылдардың  басында    дүние  жүзі  халқы  жылына   2 %, 80-жылдардың    аяғында -1,6 %  артты, ғасырдың  аяғында бұл процесс    1,5-ке  дейін,  ал XXI   ғасырдың   басында -  1,2 %-ке  дейін төмендеуі тиіс.

     БҰҰ   демографиялық   проблеманы  шешу  мақсатымен  «Халық   саны   саласындағы  бүкіл  дүниежүзілік   іс-әрекет  жоспарын»  қабылдады. Оны  жүзеге  асыруға  географтар  мен  демографтар  да  қатысады.  Мұнда прогресшіл    күштер   отбасын   жоспарлау   бағдарламалары   халықтың   ұдайы өсуін   жақсартуға   көмегін   тигізе  алады деп есептейді.  Бірақ   демографиялық   саясат   жеткіліксіз.  Ол   адамдар   өмірінің   экономикалық     және   әлеуметтік   жағдайларын    жақсартуға    ұласуы   тиіс.         

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                       3.  Энергетикалық дағдарыс.

     Энергетикалық    және   шикізат  проблемалары     бұл  бәрінен   бұрын     адамзатты   отынмен    және    шикізатпен     сенімді  түрде   қамтамасыз  ету  проблемасы. Бұрын   да  қорлармен  қамтамасыз   етудің   белгілі  бір   шиеленіскен          кездері     болған.   Бірақ  әдетте   бұл  табиғат  қорлары  құрамы  жасақталмаған   аудандар   мен   елдерге   қатысты  болатын.   Ғаламдық    көлемде   ол  бірінші  рет  70-жылдары   туды   деуге   болады.   Оның    өзінің   бірнеше    себептері  бар. Оларға     мұнайдың,   табиғи   газ  бен  отын    және шикізаттың   кейбір   басқа   түрлерінің   барланған    қорының   айтарлықтай   шектеулігі,   өндірудің   кен -  геологиялық   жағдайларының    нашарлауы,  өндіру   және  тұтыну     аудандары     арасындағы  териториялық   алшақтықтың    артуы,  өндіруді   табиғат   жағдайлары    өте қатаң      жаңадан   игерілген    аудандарға   қарай    жылжыту    және     т.б   жатады. Демек    қазіргі   дәуірде   минералдық  қорларды    бұрын-соңды  болып  көрмеген   дәрежеде   тиімді   пайдаланып    ұдайы  өндіру  қажет.   Жер  қойнауында  бар   және   Жер   мен   жер   төңірегі  кеңістігінде    пайда  болып  отыратын    әнергия  мен  шикізаттың    жалпы  мөлшерінің   молдығы  соншалық    теория    жүзінде   олардың  сарқылуы   жөнінде    айтылатын    ойлар  баршылық.  Табиғат байлығын игеру қарқыны, табиғи ортаның ластануы, табиғат пайдаланудың болашағы туралы әр түрлі теориялар туғызды.

   Олардың ішінде әсіресе көп тарағаны табиғат байлығының сарқылатыны туралы, өнеркәсіпке   шикізаттың    жетіспеушілік   туралы оның ішінде минералдық шикізат пен отын қорының жетіспеушілігі туралы жорамалдар. Бұл теорияға дәлел ретінде ашылған минералдық шикізаттың таусылуы, жердің құнарлығының кемуі, ормандардың кесіліп жойылуы, тұщы су қорының азаюы, т.б. факттер келтірілген.

   Мысалы, "Рим клубы" деп аталатын Италия кәсіпкері Аурелио Печчей құрған ұйымның   теориялары   (Дж. Форрестор, Д. Медоуза) бойынша ашылған пайдалы қазба байлықтар таяу уақытта таусылады, оның үстіне өнеркәсіптің, жалпы шаруашылықтың дамуын табиғи ортаның ластануы шектейді.  Соның нәтижесінде XXI г. тоқырау басталады. Халықтық    өсімі кемиді,  апаттар болады деп есептеледі. Олардың  ойынша ең тиімді вариант капиталды ауыл шаруашылығына бағыттау, халықтың  өсуін тоқтату және өнеркәсіпті   тек   тозған   құрал жабдықты жақсарту дәрежесінде ғана дамыту.

   БҰҰ-ның  тапсырмасымен жұмыс көптеген мамандардың қорытындысы бойынша әлемдік экономикалық прогресс ұзақ уақытқа созылды. "Әлемдік экономикалық болашағы" деген ұжымдық, еңбек (жетекшісі Америка экономисі - В. Леонтьев) бойынша 2000 жылға дейін табиғат ресурстарының. қорының тапшылығы болмайды. Елдердің экономикаларының дамуының, жылдық қарқыны, 3,3-9% болады деп есептейді. Сонымен қатар дамыған елдер мен дамушы елдер экономикасының арасы жақындай түседі деп санайды.

   1980 жылы үлкен ұжымдық еңбек "Табиғатты қорғаудың бүкіләлемдік стретегиясы" жарияланды. Ол еңбек халықаралық табиғатты қорғау одағының  Бас ассамблеясында талқыланып қабылданды. Онда жерді, орманды пайдаланудың қазіргі  жағдайы сақталса, таяу 20 жылда егістік жерді 1/3%-1 жарамсыз болатыны, орманның 2 есе азаятыны, ал халықтың саны 1,5 есе   өсетіні туралы   ескерту жасалды.

     Америка ғалымы Д.В. Нордхауздың "Табиғат   қоры өсудің   шектеушісі" атты еңбегінде жерден алуға болатын   минералдық шикізат қорының казіргі ашылған қорынан әлдеқайда  көп екені және  бұны  қарқынмен ұзақ  уақыт пайдалануға жететіні  туралы дәлелдер келтірілген (Мысалы, көмір - 5119, мыс - 340, темір -2657, алюминий - 6866 жылға жетеді   деп есептейді). Және бұл жерден пайдалы қазбалар  бұрыннан көп емес. Жалпы   қор  миллион    жылдарға   жетеді   деп   есептедік.

   В. Нордхауздың   пікіріне, адамзат қазба байлықтармен өте шексіз ұзақ мерзімге  қамтамасыз өтілген. Тіпті отын бағасының жылма - жылғы 2,2% артуы да өнеркәсіп токырауын туғызбайтын көрінеді, өйткені еңбек етімді  2,5% өседі деп есептейді Бағаның өсуі тек қана отын қорын үнемдеп пайдалануды   туғызады дейді.

   Сонымен қорытындылай келе, мынаны айтуымызға  болады: әлемде табиғат байлығы таяу уакытта таусылады деп айтуға  негіз жоқ. Сонымен қатар, адамзат, жан - жануарлар өміріне, жалпы Тіршілікке, табиғатқа қауіп төндірмеу үшін  табиғи ортаны қорғап, табиғат   байлығын тиімдейді,  үнемдеп пайдалана білуміз керек. Бұл   екі   барлық; мемлекеттердің, барлық ха-лықтың    күш – жігері     жұмылдырылуы    тиіс.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                         4.Азық-түлік  проблемасы.

      Азық - түлік   проблемасы — Жер бетінде ертеден келе жатқан халықты азық – түлікпен  қалай  қамтамасыз  ету керек? Ежелгі даналық сөзде: "Адам өмір   сүру   үшін   тамақтанады, тамақтану  үшін  өмір сүрмейді" деген. Оның қалыпты тіршілігі мен іс - әрекетке қажет тағам мөлшері жынысқа, жасқа, салмаққа, бойға, еңбектің сипаты мен жағдайларына, территорияның климат ерекшеліктерге  байланысты. Ғалымдар тұтынылатын тағамның   калориялық нормасы тәулікше 2300—2600  ккал  және 70—100 г белоктан кем болмауға тиіс деп санайды. Алайда  қазіргі  кезде БҰҰ-ның деректері бойьшша адамзаттың 2/3-сі   үнемі азық – түлік  жетпейтін елдерде тұрады. Сондықтан азық - түлік проблемасын ғаламдық проблема деп есептеу керек. Оны шешу үшін адамзат өсімдік шаруашылығының, мал шаруашылығының және балық аулаудың мүмкіндіктерін толығырақ пайдалануы  тиіс. Мұнда ол  екі жолмен   жүре а лады.

  Экстенсивті жол — ең алдымен егістік, жайылымдық жерлер мен барлық кәсіпшілік    аумақтарын  одан   әрі    ұлғайту.

  Мысалы, біздің  планетамыздағы ауыл   шаруашылығына  жарамды өнделген жер көлемі 3,2—3,4 млрд. га болып отыр да, әзірге оның тек жартысынан азы пайдаланылуда. Мұндай жерлердің негізі   қорлары Африкада Сахарадан оңтүстікке қарай, Латын Америкасында және Австралияда жатыр.

  Бірақ   бүкіл   құнарлы және қолайлы орналасқан  жерлер іс жүзінде осыған дейін игеріп   қойылғандықтан, бұл  жол өте көп шығын жұмсауды   қажет етеді.

  Интенсивті жол — ең алдымен жарамды жердің  биологиялық өнімділігін арттыру. Ол үшін биотехнологияның, түсімі жоғары  жаңа сорттар мен топырақты өндеудің жаңа әдістердің пайдаланудың, механикаландыруды, химияландыруды, сонымен бірге тарихы Месопотамиядан, Ежелгі Египеттен  және Үндістаннан  бастап  бірнеше мың жылға баратын   мелиорациялауды дамытудың   шешуші   маңызы бар.

  Мысалы, XX ғасырда  ғана суармалы жерлердің көлемі 40 млн. гектардан 300 млн. гектарга дейін ұлғаюы тиіс. Бүгінде  бұл жерлер өңделмелі   жерлердің 1/5 бөлігін  алып жатыр, бірақ ол ауыл шаруашылығы өнімдердің 2/5   бөлігін  береді.   Суармалы егіншілік 135 елде қолданылады, оның  үстіне, барлық суармалы жердің жартысынан астамы Азияда.  

     Жер жүзі  халқын азық – түлікпен   қамтамасыз ету үшін XX ғасырдың соңғы ширегінде ауылшаруашылық өңдірістің   көлемі 2 есе, ал XXI  ғасырдың ортасына  қарай — 5 есе ұлғайту қажетті ғалымдар есептеп шығарған.

  Қазіргі   заманда   жер шарындағы  халық санының артуы заңды құбылыс. Ғылыми – техникалық прогрестің дамуы адамзат қауымының тез кебеюіне қолайлы жағдайлар туғызуда. Бірақ барлық мемлекеттерде   халық    санының өсуі біркелкі емес. Ол сол елден  әлеуметтік экономикасы мен экологиялық жағдайына тікелей байланысты болып отыр. Ең   маңызды  фактор — қоршаған ортаньң сапасы. Бұл проблема дүние жүзі халықтарының тағдырына, тұрмыс - салтына, әлеуметтік және демографиялық жағдайларына өз ықпалын тигізуде. Әсіресе әлеуметтіқ - экологиялық проблемалардың шиеленісе түсуі жер шарыньң кептеген  аймақтарында экологиялық   дағдарыс тұғызуда. Әлемдік экологиялық проблемалардың   құрылымы   өте   күрделеніп, барлық табиғи орталарың   қамти    түсуде.

        Қоршаған ортаға қауіпті заттарға: улы заттар, ауыр металдар, нитраттар, нитриттер, пестицидтер, т.б. жатады. Бұл заттар Шығыс Қазақстан аймағында (Өскемен, Риддер, Зырян) шектеулі арнайы мөлшерден асып кетуде. Кең таралған   химиялық   заттардың   ішінде   канцерогендердің  өте  қауіпті түрі — бензапирен. Бұл заттармен ластану,  әсіресе   Алматы,   Атырау,   Теміртау,   Жезказған,   Тараз, Шымкент, Қаратау қалаларында байқалып отыр. Бұл заттар адам организіміне    ауаның    құрамы,   су   және   азық – түлік   арқылы   түседі.

     Мұндай улы заттар көбіне тыныс мүшелерінің — өкпе мен қолқаның қызметін  бұзады. Егер біз   өкпе    арқылы тәулігіне 2000 л ауа өткізсек, онда   ауаның құрамындағы зиянды газдарды қоса қабылдайтынымыз белгілі. Сондықтан олар Арал, Атырау, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан аймақтарында тұрғындардың өкпе - тьныс жолдарының қабынуы, өкпенің  іс әрекеттері, ентікпе ауруларына   шалдығатындығы  басым    дәрежеде  болады.  

         Қоршаған   орта   өндірістік   шығарындылар   мен   автокөлік   түтіндерімен ластанғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы   төмендеп, сол арқылы адамдардың денсаулығы зиян шегеді. Әсіресе  минералды тыңайтқыштар мен зиянкестерге қарсы қолданылатын    пестицидтер жеміс-жидек арқылы адам организіміне нитрат түседі. Мерзімінен ерте піскен көкөністерде (қарбыз, қауын, картоп,   пияз, сәбіз, орамжапырақ т.б.) нитраттар көп болады. Мысалы,  мамыр  айларында піскен көкөністерде  кейде зиянды заттардың  мөлшері  2—3 есеге артып кетеді. Сондықтан ерте    піскен көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн. Нитраттардың   мөлшері  базарларда   санитарлық  зертханаларда  тексеріледі. Экологиялық таза өлшемдерге мемлекеттік сапа сертификаты беріледі. Соңғы   жылдары   азық-түлік   құрамында   химиялық   бояғыш   заттардың   мөлшері   көбейіп,   адамдардың   уланып   қалуы   жиі  байқалуда. Сондықтан бояғыш заттардың    мөлшері мен құрамына  қатаң бақылау жасалып отыруы керек.

Информация о работе Экология негіздері