Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 18:17, реферат
Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды
Атмосфераны ластағыш заттардан
бір ғана
мультипликатор - қорғасын ингредиентін мысалға алайық. Қорғасын
- политропты у. Оның организмдегі азғантай ғана конценфациясы, органдар
мен тканьдарды, қан жүйесін, орталық нерв жүйесін, иммун жүйесін зақымдап, бүлдіреді. Қорғасынның жоғары мөлшері - Өскемен, Зыряновск, Лениногорск қалаларының атмосфералық ауа құрамында
байқалады.
Шашқа
жасалған
спектральды анализ мәліметтері бойынша, бұл қала
тұрғындарында, қорғасын
мөлшері
ең
жоғары,
яғни
шекті мөлшерден
6 есе көп
болып шықты. Қорғасынның бірқатар
мөлшерін
тұрғындар
су, азық-түлік өнімдері
арқылы қабылдайды.
Сондықтан
да болар, шығыс қазақстандықтардан ақ қан ауруымен науқастанғандардың саны көбейіп отыр. Тауар күйіндегі
1 тонна қорғасын
алу үшін,
1000 тонна кенді қазып өңеуге, 5 тоннаға дейін бос жынысты қазып
алуға
тура келеді. Қазақстан полиметалл кендеріндегі қорғасынның концентрациясы
0,32 мен 0,8 % аралығында. Бұл көрсеткіш ең бай кен көздері үшін, 1,5/2,5%. Қалдық сақтағыш қоймаларда жинақталған уақытына байланысты, өндіріс қалдықтарындағы қорғасын
мөлшері
0,4%, 0,7 %, кейде 1,5 %-ға дейін жетеді. Осыған орай,
бұл
техногенді қалдықтар ұзақ уақыт жатқан сайын, олардағы микроэлементтер зияндылығы қоршаған орта үшін
арта түсері
де сөзсіз.
Жалпы, бүгінгі
күнге
дейін, Қазақстаңдағы түсті
металлургия кәсіпорындарының техногенді қалдықтарының мөлшері, астрономиялық
цифрларға
жетіп жығылып отыр: 9,139 млрд тонна.
Республика бойынша қалдықтардың 16,5%-ы шығыс Қазақстан экожүйесінің үлесіне тисе, бір ғана "Жезқазған түсті металл" өндірістік бірлестігінде
- 13,5% қалдық қордаланған (912046
млн.т), ал "Соколов-Сары-бай"өндірістік
бірлестітінде қалдықтардың 42,9%-ы жинақталған.
Республикадағы жұмыс
істеп тұрған кәсіпорындардың тазалау қондырғыларының сапасы
мен тиімділігі 30%-дан аспайды. Өндіріс сарқынды, шайма және қолданылған суларынының әсерінен, Ертіс, Орал т.б. өзендерінің суы,
зияндылығы
жөнінен
нормативтік көрсеткіштерден әлдеқайда асып түседі. Өзендердегі судың өздігінен тазаруы, тек 300
километрлік жол жүріп өткен соң ғана турбулентті және ламинарлы
араласулар әсерінен жүзеге аса алады. Тіпті, бұл су
көздерінің "есте
сақтау қабілеті"
де зақымданған. Қазіргі
экожүйені қалыптастыру, ғалым
мен техника жетістіктерін өндіру, осы мақсаттарға қаржы жұмсау мөлшері теңізге тамған тамшыдай...
Жер және минералды шикізат ресурстары,
ауыл шаруашылық алқаптары, тозудың аз-ақ алдында десе де болады.
Бұл
айтылғандарға, үлкен
аумақтардағы жер
дефляциясы дәлел бола алады. Суармалы
жерлердегі құнарлылықтың төмендеуі, топырақ қабатындағы гумус қабатының көз алдымызда жұқалануы, Қазақстан далаларының егіс алқаптарында жиі байқалып
отырған құбылыс.
Ал, табиғатта қалыңдығы 5 см
гумус қабатын
жинау үшін
жүздеген
жылдар қажет
болса, аридті климатты аймақтар үшін бұл мақсатқа мыңдаған жылдар кететіні анық. Топыраққа рекультивация
жасау да қымбатқа түсетін
іс-шара: 1 га үшін 300 мың теңгеге дейін, кейде онан да
көп
шығын
жұмсалады.
Мұның тағы бір
зияны, экожүйенің микроклиматы енді қайтып
орнына келмейтін күй кешеді.
Пайдалы қазбалардың ішінен, республикаға, әсіресе
ең
максималды экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зиян шектіріп
отырғаны
полиметалл кендері, түсті металлургия, ал микроэлементтерден
- қорғасын,
хром оксиді, марганец және уран. Олардың басым көпшілігі, шикізат күйіңде басқа елдерге
жөнелтіліп,
дайын өнім
мен қымбат
бұймның тиімділігін
солар көріп
отыр. Біздің маңдайымызға әзірше жазғаны, шикізат өндіретін орындардың маңындағы зиянды қалдықтар
мен бүлінген
су, ауа, топырақ әсерлері.
Қоршаған
ортаның,
Республикамыздағы халықтың науқастануына тигізер әсері
60% шамасында. Ол әсіресе, тау - кен өнеркәсібі орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялық ахуал,
соматикалық ауру түрлерінің өршуіне ықпал етуде.
Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті
республика аумағынан асып, бүкіл планетаның бас ауруына айналып отыр.
Оны сауықтыру
бағатында
Орталық
Азиядағы
бес мемлекет - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркменстанның президенттері бірнеше
рет кездесті. Мемлекет басшыларының шешімімен,
Арал бассейнің қалпына келтіру жобаларына қолдау
білдіру туралы шаралар айқындалды.
Орта ғасырда Сейхун деп аталған Сыр өзенінің Фархад
тауын жарып өтетін бір тармағына 1948 жылы Фархад ГЭС-і
салынса, бертін келе, алпысыншы жылдары,
Шардара ГЭС-і, мұнан басқа - Тоқтагүл, Әндіжан, Шарбақ су қоймалары пайдалануға берілді.
Бұл
іс - әрекеттер
көптеген
суару-суландыру жүйелерін іске қосуға мүмкіншілік жасады. Жол жөнекей
Сырдың
суын әркім әлі келгенше
жырып ала берді де, ақыр аяғы бір кездері кемерінен
асып, төгіле
аққан
лай суының
жойқын
күшіне қарай
Сейхун аталған. Мол өзеннің жұрнағы ғана Арал теңізіне жетіп жатты. Дәл осындай
күйді
егіздің
сыңарындай
Амудария өзені
де көріп
жатты. Арал теңізіне негізгі суды әкеліп
жатқан
екі өзен
жабылып, 60-шы жылдардың басында 60 текше шақырым
су берсе, 1980 жылдан бастап, жылына орта
есеппен, 4 текше шақырым ғана су беріп келді. Ал теңізге қажетті
ылғалды
беру үшін,
кемінде жылына 40-45 текше шақырым су керек. Аралдың бұрынғы 66
мың
шаршы шақырым
су айдынынан, қазір небәрі, шамамен 25 шаршы шақырымға жуық су
айдыны қалып
отыр.