Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 18:17, реферат
Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды
Қазақстандағы экологиялық проблемалар
Қазақстандағы экологиялық проблемалар
Қазақтар
- тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза
болғандығын айтсақ та
жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген
сөзді
естімей өскен ұрпақ. Бір
кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан
керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен
оқытты. Қаһарман
халқымыз
тауды бұзып,
тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге
асырды. Ғылыми-техникалық революция
болды. Көптеген
көп
тонналық өнеркәсіптер
іске қосылды.
Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат
жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын
аш көздікпен
табиғатты
тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы
тарылып, өзен-көлі бүлініп,
жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады.
Мұның соңы азынаған желге,
ащы және
улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына,
ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп
соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер
бұзылды.
Адамдардың
денсаулығы
нашарлап аурулардың түрлері және саны көбейді.
Мінеки енді осы
экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген
көзқарасын өзгертіп,
дұрыстау
керек, тәрбиелеу
керек. Ол үшін
балалар бақшаснан бастап, мектептерде,
жоғары
оқу
орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі
заманға
сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай
кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен үтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология
негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы
негіз қалыптасады.
Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете
алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау,
теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен
кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін,
адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды.
Экология - жаңа, жас ғылым
саласы. Бұған
соңғы
он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді
болашақта,
экология саласында білім берудің аясын
кеңейте
түсу қажет.
Ең
негізгісі, "экология" пәнін бала бақшаларынан бастап барлық мектептерде,
орта және
жоғарғы оқу орындарында
ашылуын қамтамасыз
ету қажет.
Сонда ғана
ертеңгі
күннің белсенді
табиғат
корғаушыларын
дайындауға
мүмкіндік
аламыз.
Қазақстанның көптеген
аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл
хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз
біршама мөлшерде
мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі,
республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді.
Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі.
Экожүйелердегі
тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті
түрде
игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып
езуі, қоршаған орта
жағдайын
барған
сайын нашарлатуда.
Қоршаған ортаны
зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып"
отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш
комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты,
Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск
полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат
заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен
комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар
алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы.
Екібастұз
энергетикалық кешені, Қарағанды металлургия заводы,
"Фосфор" Шымкент өңдірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын
заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда 1988 жылы стационарлы қондырғылардан
ауаға
5,4 млн. т зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал авто-транспорттардан
шыққан
улы заттардың мөлшері - 2,9 млн.т болыпты.
Сонда, Қазақстандағы әрбір
адамға
жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі
екен.
Кейінгі кездерде
Балхаш тау-кен комбинатында өндірістен
бөлініп
шыққан
күкірт
диоксиді, түгел дерлік ауаға лақтырылып тасталып жатыр.
2001 жылғы
мәліметгер
бойынша Балхашта тұратын 70 мың тұрғындардың әр қайсысының басына 6 тоннадан күкірт
диоксиді келеді екен. Комбинатта бұдан
басқа
да улы заттар, көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр. Осылардың салдары
болу керек, Балқаш қаласындағы ағаштардың басындағы жапырақтардың түгел дерлік жоғалуы және құстардың жаппай өлуі байқалған. Жапырақтардың жоғалып кетуін, құстардң кырылып, жапырақ жейтін құрттардың көбейіп кетуімен де түсіндірілуде.
Ағаш
басында жапырақ жеп жүрген құрттардың көбейіп кеткенін адамдар өз көзімен
көріп
те жүр.