Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 15:52, реферат

Описание работы

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қолданыстағы оң қорытындысы бар жол берілетін шекті шығарындылар, төгінділер нормативтерінің жобалары және қалдықтардың орналасуы жобалары қорытындысының күші жойылғанға дейін жарамды.
3. «Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 158 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4726 тіркелген, «Заң газеті» 2007 ж. 10 тамыз № 122 (1151), «Ресми газет» 2007 ж. 13 қазан № 41 (354) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17.docx

— 35.51 Кб (Скачать)

       47. Физикалық  әсер нормативтерін есептеу кезінде  санитарлық-қорғаныш аймағының шекарасындағы  осы физикалық факторлардың аялық  деңгейі ескеріледі.

       48. Жол  берілген физикалық факторлар  нормативтерін есептеу үшін қолданыстағы  объектіде жүргізілетін эксперименталды  өлшеулер пайдаланылады, немесе  жобалау кезеңі үшін факторлардың  көзделетін деңгейлері есептеледі.

       Эксперименталды  өлшеулер барысында санитарлық  қорғаныш және жақын жатқан  тұрғын үй аймағының шекарасындағы  физикалық факторлардың деңгейінің  олардың көздеріндегі физикалық  факторлардың нақты деңгейі кезіндегі  жол берілген деңгейге сәйкестігі  расталуы тиіс.

       49. Есептеу  әдісінің қателіктеріне байланысты  есептік көрсеткіштердің шамаларында  талап етілетін деңгейден 13 %-дан  аспайтын ауытқушылықтарға жол  беріледі.

       50. Есептелетін  физикалық фактордың аялық деңгейі  осы көзді алып тастаған кезде  шекті жол берілген шамалардан  артық болған жағдайда нормаланатын  көз фактордың жиынтық шамасына 10 %-дан артық емес қосымша үлес  құруы тиіс.

       51. Шекті  жол берілген шаманың радиациялық  факторы аялық деңгейден артық  болған жағдайда нормаланатын  иондаушы сәулелену көзі халық  үшін тиімді мөлшері кез-келген  келесі 5 жыл үшін орташа 1 мЗв/жыл,  алайда 5 мЗв/жыл артық емес құратындай  фактордың жиынтық шамасына қосымша  үлес құруы тиіс.

 

 Қоршаған ортаға    

 эмиссиялар нормативтерін 

 айқындау әдістемесіне 

1-қосымша      

 Атмосфералық ауаға  зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын,

 физикалық әсерлерді  және олардың көздеріне түгендеу  өткізу жөніндегі методология

 

       1. Түгендеуді  өткізу тек стационарлық көздерге  ғана жатады.

       Атмосфераға  ластаушы заттар шығарындыларының  стационарлық көзіне атмосфераға  ластаушы заттар шығарындыларының  белгілі аумақта тұрақты немесе  уақытша орналасқан немесе жұмыс  істейтін кез-келген көзі жатады.

       2. Атмосфералық  ауаға зиянды заттар шығарындыларын  және олардың көздерін түгендеу (бұдан әрі - түгендеу) атмосфералық  ауаға ластаушы заттардың шекті  жол берілген шығарындылары нормативтерінің  жобасын әзірлеудің бірінші кезеңі  болып табылады және оны тапсырыс  беруші бекітеді.

       3. Шығарындыларды  түгендеудің негізгі мақсаттары:

       жалпы  кәсіпорын бойынша да, атмосфералық  ауаны жеке ластау көздері  бойынша да ластаушы заттар  шығарындыларының атмосфералық  ауаға әсерінің дәрежесін бағалау  және атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шекті жол  берілген шығарындыларының нормативтерін  белгілеу үшін бастапқы деректер  алу;

       ластаушы  заттар шығарындыларының сандық  сипаттамаларын айқындау;

       қаралатын  объекті үшін мемлекеттік есепке  алу мен нормалауға жататын  зиянды (ластаушы) заттар тізбесін  айқындау;

       шаң-газ  тазарту жабдығы жұмысының тиімділігін  бағалау болып табылады.

       4. Барлық  технологиялық мүмкін жағдайларда  шығарындыларды түгендеу құрал-сайманды  өлшеулер жүргізу арқылы, ал басқа  жағдайларда - ластаушы заттар  шығарындыларын есептеуді құру  негізінде жүзеге асырылады.

       5. Шығарындыларды  түгендеу жөніндегі жұмыс:

       1) дайындық;

       2) зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын  түгендей байқап қарауды жүргізу;

       3) байқап  қарау нәтижелерін өңдеу және  түгендеу материалдарын ресімдеу  кезеңдерін қамтиды.

       6. Жұмыстар  орындаудың дайындық кезеңінде  атмосфералық ауаны ластау көзі  ретінде кәсіпорынның қысқаша  сипаттамасы, негізгі технологиялық  процестердің схемасы мен сипаты  дайындалады.

       7. Зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын  түгендей байқап қарауды жүргізу  кезеңінде атмосфералық ауаға  бөліну және ластау көздерін  байқап қарау жүргізіледі, оның  нәтижелері бойынша ластаушы  заттар мен олардың шығарынды  көздері айқындалулары тиіс, шаң-газ  тазарту жабдығы жұмысының тиімділігі  анықталады.

       Атмосфералық  ауаға бөліну және ластау көздерінің, газ тазарту және шаң қармау  қондырғыларының сипаттамалары  туралы деректер түгендеу бланкісінде  түгендеуді бастау күніндегі  жай-күй бойынша жазылады, ал шығарылатын  және қармаланатын зиянды заттар  саны, газ тазартумен қамсыздану  коэффициенті, газ тазартуға шығындар  туралы деректер өткен жылға  жазылады.

       8. Өткізілген  шығарындыларды түгендеу нәтижелері  бойынша атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын  және олардың көздерін түгендеу  бланкілері осы Әдістеменің 2-қосымшасындағы  нысанға сәйкес толтырылады.

 

 Қоршаған ортаға   

 эмиссиялар нормативтерін 

 айқындау әдістемесіне 

2-қосымша       

 

Нысан

 

 БЕКІТЕМІН        

 Кәсіпорын басшысы         

_____________________(Т.А.Ә.)

(қолы)              

20___жылғы «_____»_________

 М.О.

 Атмосфералық ауаға  зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын  және

 олардың көздерін түгендеу  бланкісі

1. Зиянды (ластаушы) заттардың  бөліну көздері

 

Өндіріс атауы, цех, учаске нөмірі және т.б. 

Атмосфераны ластау көзінің  нөмірі 

Бөліну көзінің нөмірі 

Ластаушы заттың бөліну көзінің  атауы 

Шығарылатын өнім атауы 

Бөліну көзінің жұмыс  уақыты, сағат 

Ластаушы заттың атауы 

Зиянды зат коды (ШЖБШу  немесе БҚӘД) 

Бөліну көзінен шығатын  ластаушы заттың мөлшері,т/жыл

 

тәулігіне 

жылына

 

А 

9

 

 

 

      А бағанында  бөліну көздері мен атмосфералық  ауаға шығарындылар көздері (бұдан  әрі - көздер) қандай өндіріске  жатқызылатыны, цехтердің, учаскелердің  нақты атаулары (мысалға, дайындау, формалау және т.б.) көрсетіледі.  Өндіріс өзіне бір немесе бірнеше  цехты, учаскені және т.б. (мысалға,  агломерациялық, жылу-қуаттық, вискоза  өндірісі және басқалары) қамтиды,  сондай-ақ олардың реттік нөмірлері  көрсетіледі.

       1-бағанда  атмосфералық ауаны ластау көздерінің  кәсіпорында құрылуы және сақталуы  тиіс орналасу схемасына сәйкес  нөмірлері көрсетіледі. Көздерді  нөмірлеу жылдан жылға ауыспауы  тиіс. Атмосфералық ауаны жаңа  ластау көзі пайда болған кезде  оған бұрын пайдаланылмаған нөмір  беріледі. Көзді жойған кезде  оның нөмірі одан әрі пайдаланылмайды.  Атмосфералық ауаны барлық ұйымдастырылған  ластау көздеріне 0001 - 5999 шегіндегі  нөмір беріледі, ал барлық ұйымдастырылмаған  көздерге 6001 - 9999 шегіндегі нөмір  беріледі.

       2-бағанда  бөліну көздерінің кәсіпорында  құрылатын орналасу схемасына  сәйкес нөмірлері көрсетіледі.  Жаңа бөліну көзі пайда болған  кезде оған бұрын пайдаланылмаған  нөмір беріледі. Көзді жойған  кезде оның нөмірі одан әрі  пайдаланылмайды.

       3-бағанда  қондырғы мен агрегаттың атауы,  типі, сондай-ақ зиянды (ластаушы) заттарды  тікелей түзетін процестер (мысалға,  бу қазандығында, домна пешінде  отын жағу, түсіру алаңдарында  сусымалы материалды түсіру немесе  сусымалы материалдың бетінен  бөлшектердің үрленуі) көрсетіледі.

       «Шығарылатын  өнім атауы» деген 4-бағанда  жалпы өнеркәсіптік өнім жіктегішіне  сәйкес шығарылатын өнімнің атауы  мен типі көрсетіледі.

       5 және 6-бағандарда  жабдықтың тәуліктегі және түгендеу  алдындағы жылдағы жұмыс сағаттарының  орташа сомалық саны көрсетіледі.

       7-бағанда  зиянды (ластаушы) заттардың атаулары  жазылады.

       8-бағанда  халықтың санитарлық-эпидемиологиялық  әл-ауқатын қамтамасыз ету саласындағы  уәкілетті орган бекіткен гигиеналық  нормативтерге сәйкес зиянды (ластаушы) заттың коды жазылады.

       9-бағанда  Бөліну көзінен тазарту құрылысымен  жарақтанғанына немесе жарақтанбағанына  қарамастан бөлінетін зиянды (ластаушы) заттардың жалпы мөлшері (тонна  жылын) келтіріледі.

2. Атмосфералық ауаны  ластау көздерінің сипаттамасы

 

Ластау көзінің нөмірі 

Ластау көзінің параметрлері 

Ластау көзінен шығардағы  газ-ауа қоспасының параметрлері 

Ластаушы заттың коды (ШЖБШу  немесе БҚӘД) 

Атмосфераға шығарылатын  ластаушы заттардың мөлшері

 

биіктігі, м 

діңгегін ің, ауызының диаметрі, өлшемі, м 

жылдамдығы,

м/с 

көлемді шығысы,

м3/с 

температура,

С0 

ең көп,

г/с 

сомалық, т/жыл

 

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1-бағанда  атмосфералық ауаны ластау көзінің  нөмірі көрсетіледі.

       2 және 3-бағандарда  көздің жер деңгейінен биіктігі  туралы сәйкесінше деректер немесе  көздің ауыз кескінің диаметрі  немесе өлшемдері келтіріледі.

       4-бағанда  атмосфералық ауаны ластау көзінің  ауызындағы шығарылатын газ-ауа  қоспасының жылдамдығы, 5-бағанда  - көлемді шығысы, 6-бағанда - температурасы  көрсетіледі. Ұйымдастырылмаған  көздер үшін 4, 5 және 6-бағандар көздің  типі бойынша толтырылады.

 

       7-бағанда  халықтың санитарлық-эпидемиологиялық  әл-ауқатын қамтамасыз ету саласындағы  уәкілетті орган бекіткен гигиеналық  нормативтерге сәйкес зиянды (ластаушы) заттың коды көрсетіледі.

       8-бағанда  зиянды (ластаушы) заттың уақыт бірлігіндегі  ең жоғары шығарындысы көрсетіледі,  г/с.

       9-бағанда  атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) зат шығарындысының жыл ішінде  сомалық массасы көрсетіледі,  т/жыл.

3. Шаң-газ тазарту жабдығы  жұмысының көрсеткіштері

 

Бөліну көзінің нөмірі 

Шаң-газ қармау жабдығының атауы мен типі 

Аппараттардың ПӘК-і,

Ол бойынша тазарту  жүргізілетін ластаушы заттың коды 

Қамтамасыз етілу коэффициенті K(1)

 

жобалық 

іс жүзіндегі 

нормативтік 

іс жүзіндегі

 

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іс жүзіндегі ПӘК мына формула бойынша айқындалады:

 

 

 

      Скір және  Сшығ - сәйкесінше тазартуға дейінгі  және одан кейінгі ластаушы  заттың шоғырлануы (г/м3), өлшеулер  нәтижелері бойынша айқындалады;

       Vкір  және Vшығ - сәйкесінше ШГЖ кірістегі  және шығыстағы газ-ауа қоспасы  көлемінің шығысы (м3/с).

       Ластаушы  заттардың шоғырлануын өлшеулерді  аттестатталған зертханалар орындайды.

       5-бағанда  МемСТ 17.2.3.02-78 сәйкес қамтамасыз  етілу (нормативтік) коэффициенті  көрсетіледі.

       6-бағанда  ластану көздерінің ШГЖ іс  жүзіндегі қамтамасыз етілу коэффиценті  пайызбен көрсетіледі, ол мына  формула бойынша айқындалады:

 

 

 

      Тт - технологиялық  жабдықтың жыл ішіндегі жұмыс  уақыты, сағат;

       Тг - газ  тазарту қондырғыларының (тазарту  дәрежесіне қарамастан) жыл ішінде  жұмыс уақыты, сағат.

 Атмосфераға зиянды (ластаушы) заттардың сомалық шығарындылары,

 оларды тазарту және  кәдеге жарату, т/жыл

 

Ластаушы заттың коды 

Ластаушы заттың атауы 

Бөліну көзінен бөлінетін  ластаушы заттардың мөлшері 

Соның ішінде 

Тазартуға түскеннен 

Атмосфераға шығарылғаны, барлығы

 

тазартусыз шығарылатыны 

тазартуға түсетіні 

атмосфераға шығарылғаны 

Қармалғаны және залалсыздандырылғаны

 

іс жүзінде 

соның ішінде кәдеге жаратылғаны

 

9

 

Барлығы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

соның ішінде: 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қаттылар, соның ішінде: 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

газ тәріздес, соның ішінде: 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      IV бөлімде  олар бойынша I және II бөлімдерде  деректер келтірілген барлық  заттар бойынша мәліметтер келтіріледі.

       1 және 2-бағандарда  ластаушы заттың коды және  атауы көрсетіледі.

       3-бағанға  барлық стационарлық бөліну көздерінен  бөлінетін, газ тазарту қондырғысына  бағытталатынына немесе бағытталмайтынына  қарамастан газ тазарту жүйелеріне  жиналатын да (ұйымдастырылған шығарынды), тікелей атмосфераға түсетін  де (ұйымдастырылмаған шығарынды)  зиянды заттардың мөлшері (жеке  заттар бойынша) қосылады. Зиянды  заттардың осы мөлшеріне технологиялық  газдардың және өндіріс үшін  арнайы қармаланатын өнімнің  құрамында бар заттар кірмейді.

       4-бағанда  атмосфераға арнайы құрылғылар (құбырлар, желдету қондырғылары, аэрациялық  фонарлар және т.б.) арқылы түсетін,  бұл ретте тазартуға ұшырамаған  зиянды заттардың, сондай-ақ оларды  қармауға арналмаған газ тазарту  және шаң қармау қондырғылары  арқылы өткен қармалмаған зиянды  заттардың мөлшері көрсетіледі.

       5-бағанда  олардың қайсысы газ тазарту  құрылғысында тазартудан өтетініне  қарамастан тазарту құрылыстарына  келіп түсетін барлық зиянды  заттар енгізіледі. Бұл ретте  5-бағанның деректері 6 және 7-бағандар  деректерінің сомасына тең болулары  тиіс.

       6-бағанда  тазарту жүйесінен өткеннен кейін  атмосфераға түсетін зиянды заттардың  мөлшері (жеке заттар бойынша)  келтіріледі.

Информация о работе Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының