Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 15:52, реферат

Описание работы

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қолданыстағы оң қорытындысы бар жол берілетін шекті шығарындылар, төгінділер нормативтерінің жобалары және қалдықтардың орналасуы жобалары қорытындысының күші жойылғанға дейін жарамды.
3. «Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 158 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4726 тіркелген, «Заң газеті» 2007 ж. 10 тамыз № 122 (1151), «Ресми газет» 2007 ж. 13 қазан № 41 (354) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17.docx

— 35.51 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

       1. Осы  бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қоршаған  ортаға эмиссиялар нормативтерін  айқындау әдістемесі бекітілсін.

       2. Мемлекеттік  экологиялық сараптаманың қолданыстағы  оң қорытындысы бар жол берілетін  шекті шығарындылар, төгінділер  нормативтерінің жобалары және  қалдықтардың орналасуы жобалары  қорытындысының күші жойылғанға  дейін жарамды.

       3. «Қоршаған  ортаға эмиссиялар нормативтерін  анықтау әдістемесін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Қоршаған  ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 158 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 4726 тіркелген, «Заң газеті»  2007 ж. 10 тамыз № 122 (1151), «Ресми газет» 2007 ж. 13 қазан № 41 (354) жарияланған)  күші жойылды деп танылсын.

       4. Осы  бұйрық алғаш рет ресми жарияланған  күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Министр                                    Н. Қаппаров

 

 Қазақстан Республикасы 

 Қоршаған ортаны қорғау 

 министрінің       

2012 жылғы 16 сәуірдегі  

 № 110-ө бұйрығына   

 қосымша        

 Қоршаған ортаға эмиссиялар  нормативтерін айқындау

 әдістемесі

 

       1. Қоршаған  ортаға эмиссиялар нормативтерін  айқындау әдістемесі (бұдан әрі  - Әдістеме) Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық  кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына  және 28-бабының 4-тармақшасына сәйкес  әзірленген және қоршаған ортаға  эмиссиялар нормативтерін айқындаудың  есептеу әдістеріне қойылатын  талаптарды белгілейді.

       2. Есептеу  жолымен әртүрлі орталарға эмиссиялар  нормативтері, соның ішінде атмосфераға  стационарлық көздерден ластаушы  заттардың шекті жол берілген  шығарындыларының, су объектілеріне,  жергілікті жер бедеріне, сүзгілеу  алаңдарына, сарқынды сулар жинақтауыштарына  ластаушы заттардың төгінділерінің  нормативтері, өндіріс және тұтыныс  қалдықтарын орналастыру нормативтері, жол берілетін физикалық әсерлердің  нормативтері айқындалады.

1. Атмосфераға стационарлық  көздерден ластаушы заттар

 шығарындыларының нормативтерін  есептеу

 

       3. Атмосфераға  стационарлық көздерден ластаушы  заттар шығарындыларының нормативтері (шекті жол берілген шығарынды  - ШЖБШ) өнеркәсіп кәсіпорындарының  даму болашағын және атмосферада  зиянды заттардың сейілуін ескере  отырып, осы көзден және қаланың  немесе басқа елді мекеннің  көздерінің жиынтығынан жер бетіндегі  шоғырлану елді мекендердің шекті  жол берілген шоғырлануларынан  аспайтындай етіп әрбір нақты  атмосфераны ластау көзі үшін  анықталады. Жалпы кәсіпорын үшін  шығарындылар нормативтері осы  кәсіпорынның қолданыстағы, жобаланатын  және реконструкцияланатын ластаушы  көздері үшін шығарындылар нормативтері  мәндерінің жиынтығы бойынша  белгіленеді.

       Ықтимал  болатын авариялық жағдайлар  кезіндегі ластаушы заттар шығарындыларының  нормативтері белгіленбейді.

       Жаппай  ластаушы көздерінің шығарындылары  нормалауға жатады.

       4. Шығарындылар  көздерінің тізбесі және олардың  сипаттамалары жобаланатын объектілер  үшін - жобалау ақпаратының негізінде,  қолданыстағы объектілер үшін - атмосфералық  ауаға ластаушы заттардың шекті  жол берілген шығарындылары нормативтерінің  жобасын әзірлеудің бірінші кезеңі  болып табылатын, атмосфераға  ластаушы заттар шығарындыларының  және олардың көздерінің түгендеуі  негізінде айқындалады.

       Атмосфераға  стационарлық көздерден ластаушы  заттардың, физикалық әсерлердің  шекті жол берілген шығарындыларына  Түгендеуді жүргізу бойынша методология  осы Әдістеменің 1-қосымшасында  көрсетілген.

       5. Жүргізілген  шығарындыларды түгендеу нәтижелері  бойынша осы Әдістеменің 2-қосымшасындағы  ңысанға сәйкес атмосфералық  ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының  және олардың көздерінің түгендеу  бланкілері толтырылады.

       6. Көздерден  шығарындылар нормативтері уақыт  бірлігінде (секундына) шығарылатын  ластаушы заттың массасы (граммен)  ретінде айқындалады. Ең жоғары  бір реттік ШЖБШ-мен (г/сек)  қатар жедел мақсаттарда шығарындылардың  төмендеуін және газ-ауа қоспасымен  әкетілетін зиянды заттарды мүмкін  болатын кәдеге жаратуды жобалық  бағалауларды орындау үшін әрбір  көз және жалпы кәсіпорын үшін  ШЖБШ-ның жылдық мәндері (тонна  жылына - т/жыл) белгіленеді.

       7. Атмосфераға  шығарындылар нормативтері объектінің  санитарлық-қорғаныш аймағының шекарасында,  сондай-ақ жақын тұрғын үй аймағының  аумағында атмосфералық ауаның  жерге жақын қабатындағы ластаушы  заттардың ең жоғары бір реттік  шоғырлануы аялық шоғырлануларды  ескере отырып, елді мекендердің  атмосфералық ауасы үшін тиісті  гигиеналық нормативтерден аспайтындай  етіп белгіленуі тиіс.

       8. Курорттарды  санитариялық қорғау аймақтары,  ірі санаторийлер мен демалыс  үйлерінің орналасу орындары, қалалардың  демалыс аймақтары үшін, сондай-ақ, атмосфералық ауаны қорғауға  жоғары талаптар қойылатын басқа  да аумақтар үшін әлеуетті  қауіпті химиялық заттардың шекті  жол берілген ең жоғарғы бір  реттік шоғырланулары (бұдан әрі  - ШЖБШуе.б.) 0,8 ШЖБШуе.б.-ға ауыстырылады.

       9. Ластаушы  заттардың атмосферадағы таралу  есебі атмосфералық ауаға әсерді  бағалау мақсатында алаңда тұрақты  (стационарлы) жұмыс істейтін  жылжымалы көздердің іштен жану  қозғалтқыштарынан ластаушы заттардың  ең жоғарғы бір реттік шығарындыларын  ескере отырып жүргізіледі.

       Егер  нысаналы көрсеткіштер белгіленсе, онда нормалау осы нысаналы  көрсеткіштерге сәйкес орындалады.

       Көз бойынша  атмосфераға жыл ішіндегі соммалық  шығарынды, егер мұндай белгіленсе, шығарындылардың квотасынан аспауы  тиіс.

       10. Объектінің  санитарлық-қорғаныш аймағы (бұдан  әрі - СҚА) Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы  № 93 қаулысымен бекітілген «Өндірістік  объектілердің санитариялық-қорғаныш  аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық  талаптар» санитариялық қағидаларға  сәйкес белгіленеді.

       11. Елді  мекендердің атмосфералық ауасы  үшін гигиеналық нормативтер  ретінде атмосфераға шығарындыларды  нормалау мақсатында: әлеуетті-қауіпті  химиялық заттардың шекті жол  берілген ең жоғарғы бір реттік  шоғырлануының мәндері немесе, ШЖБШуе.б.  болмаған жағдайда - әлеуетті-қауіпті  химиялық заттардың бағдарлы  қауіпсіз әсерлер деңгейлері (бұдан  әрі - БҚӘД) нормативтерінің мәндері  қабылданады; егер зат үшін  тек шекті жол берілген орташа  тәуліктік шоғырлануы (ШЖБШу0.Т.) болса,  онда ол үшін 0,1 С<ШЖБШу0.Т. қатынасы  қолданылады.

2. Ластаушы заттар төгінділерінің  нормативтерін есептеу

 

       12. Жер  үсті су объектілеріне, жергілікті  жер бедеріне, сүзгілеу алаңдарына  және сарқынды сулар жинақтауыштарына  сарқынды сулармен ластаушы заттардың  шекті жол берілген төгінділерінің (бұдан әрі - ШЖБТ) нормативтері  сарқынды сулардың әрбір шығарылуы  үшін есептеледі. Жалпы кәсіпорын  үшін ШЖБТ нормативтері осы  кәсіпорынның қолданыстағы, жобаланатын  және реконструкцияланатын жеке  ластаушы көздері үшін ШЖБТ  мәндерінің жиынтығы бойынша  белгіленуі тиіс.

       13. Қалалық  кәріз желілеріне бұрылатын өндірістік  және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды  сулар үшін ШЖБТ нормативтері  белгіленбейді.

       14. Тек  жылулық ластануы бар нормативтік  (шартты) таза сарқынды суларды  су объектілеріне төгу кезінде  ластаушы заттардың ШЖБТ нормативтері  белгіленбейді.

       Бұл ретте  төгілетін сулар құрамының су  объектісінің су бұру ауданындағы  (бір су объектісінде суды пайдалану  шартымен) су құрамына сәйкестігі  бөлігінде бақылау жүргізу қажет.

       Нормативтік  (шартты) таза сарқынды сулар дегеніміз  қосалқы операциялар мен процестерде  технологиялық аппаратура мен  қуаттық агрегаттарды салқындатқаннан  түзілетін, ластанбаған, бірақ  жоғары температурасы бар сулар.

       15. Төгулер  тізбесі және олардың сипаттамалары  жобаланатын объектілер үшін - жобалық  ақпарат негізінде, қолданыстағы  объектілер үшін - төгулерді түгендеу  негізінде айқындалады, ол сынамалар  алуды жүргізумен және талдамалық  зерттеулермен ілесіп жүруі тиіс.

       16. Жүргізілген  түгендеу нәтижелері жобалық  құжаттаманың құрамында осы Әдістеменің  3-қосымшасындағы нұсқа бойынша  ұсынылады.

       17. ШЖБТ  шамалары су пайдаланушылардың  барлық санаттары үшін ең жоғары  сарқынды сулардың бір сағаттағы  ең жоғары шығынының q (м3/сағ)  төгуге жол берілген ластаушы  заттардың шоғырлануына (СШЖБТ, г/м3) туындысы ретінде анықталады. Сарқынды  сулар төгінділерінің шарттарын  есептеу кезінде бастапқысында  бақылау қақпасында судың нормативтік  сапасын қамтамасыз ететін СШЖБТ  мәні айқындалады, содан кейін  ШЖБТ (г/сағ) формулаға сәйкес  айқындалады:

 

ШЖБТ = q х СШЖБТ                                  (1)

 

      мұнда q - сарқынды сулардың бір сағаттағы  ең жоғары шығыны, м3/сағ;

       СШЖБТ  - төгуге жол берілген ластаушы  заттың шоғырлануы, г/м3.

       18. Егер  жұмыс істейтін кәсіпорынның  іс жүзіндегі төгінділері есептік  ШЖБТ-дан кем болса, онда ШЖБТ  ретінде іс жүзіндегі төгінділер  қабылданады.

       19. Жобаланатын  және салынып жатқан кәсіпорындардың  ШЖБТ шамалары жобалық құжаттаманың  құрамында айкындалады.

       20. Су  объектілеріне төгінділер нормативтері  жол берілген төгінділердің есептік  мәндері болып табылады. Бұл бақылау  қақпасында су сапасы нормаларын  қамтамасыз ету мақсатында уақыт  бірлігінде су объектісінің аталмыш  пунктінде белгіленген тәртіппен  төгуге ең жоғарғы жол берілетін,  сарқынды сулардағы заттардың  массасы деген түсінік.

       21. Төгінділер  нормативтері бақылау қақпасындағы  ластаушы заттардың шоғырланулары  су объектілерінің осы түрі  үшін шекті жол берілген шоғырланулардың  немесе, егер олар белгіленсе, қоршаған  орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің  талаптарына сәйкес болатындай, ал, егер олар белгіленсе, заттың  жыл ішіндегі соммалы төгіндісі  төгінділерге квотадан астайтындай  етіп белгіленуі тиіс. Су объектісін  немесе оның учаскесін халықтың  әртүрлі мұқтаждығына бір уақытта  пайдаланылған жағдайда жер үсті  суларының құрамы мен қасиеттеріне  белгіленген нормалардың ішіндегі  ең қатаңдары қойылады.

       22. Бақылау  қақпасы табиғи суларды ластау  көзінен (сарқынды суларды төгу, пайдалы қазбаларды өндіру орындары, су объектісінде жұмыстар жүргізу  және т.б.) 500 метр қашықтықта орнатылады.

       23. Су  объектілеріне төгінділерді нормалау  мақсатында шекті жол берілген  шоғырланулар ретінде су пайдалану  түріне сәйкес келетін шоғырланулар  қабылданады.

       Су объектісін  немесе оның учаскесін әртүрлі  мақсаттарға бір уақытта пайдаланған  жағдайда судың құрамы мен  қасиеттеріне белгіленген нормалардың  ішіндегі ең қатаңдары қойлады.

       24. Егер  су объектісінің аялық ластануы  қандайда бір көрсеткіштер бойынша  бақылау қақпасында судың нормативтік  сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік  бермесе, онда осы көрсеткіштер бойынша ШЖБТ су объектілері суының құрамы мен қасиеттеріне қойылатын нормативтік талаптарды сарқынды сулардың өзіне жатқызуды негізге ала отырып белгіленеді.

       25. Егер  су объектісінің аялық ластануы  табиғи себептермен байланысты  болса, онда ШЖБТ бақылау пунктінде  қалыптасқан судың аялық сапасын  сақтау шартын негізге ала  отырып белгіленеді.

       26. Табиғи, қалыпты аяға (алюминий, мыс иондары,  селен, теллур, фтор және басқалар) өсімдер нормаланатын заттар  үшін ШЖБТ осы табиғи, қалыпты  аяларға жол берілген өсімдерді  ескере отырып белгіленуі тиіс.

       27. Табиғи  сулардың минералдануы жоғары  аудандарда орналасқан кәсіпорындар  үшін ШЖБТ есептеу кезінде  1500 г/м3 шамасын жер үсті суларының  шекті минералдану деңгейі ретінде  қабылдауға жол беріледі. Теңіз  сулары үшін минералдану бойынша  ШЖБТ белгіленбейді.

       28. Судың  аялық құрамы бойынша деректерді  су пайдаланушылар «Қаз-гидромет»  РМК-ның жергілікті органдарынан  сұратады.

       29. Жергілікті  жер бедеріне немесе сүзгілеу  алаңдарына сарқынды сулармен  бұрылатын заттардың ШЖБТ есептеулері  кезінде осы заттың шекті жол  берілетін шоғырлануы (СШЖБТ) сүзілген  сулардың жер асты суларының  ағынында араласуды (n) ескере  отырып сулы қат-қабатта ластаушы  заттың аялық шоғырлануын (Са) аспайтындай етіп алынады.

 

СШЖБТ = n х Са                       (2)

 

      мұнда n - сүзілген сулардың жер асты  суларымен араласу еселілігі;

       Са - ластаушы  заттың сулы қат-қабаттағы аялық  шоғырлануы.

       Жайылу  күмбезінің сыртында орналасқан  бақылау ұңғымалары бойынша анықталады.

       Жайылу  күмбезінің радиусы мына формула  бойынша анықталады:

Информация о работе Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының