Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 15:52, реферат

Описание работы

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қолданыстағы оң қорытындысы бар жол берілетін шекті шығарындылар, төгінділер нормативтерінің жобалары және қалдықтардың орналасуы жобалары қорытындысының күші жойылғанға дейін жарамды.
3. «Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 158 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4726 тіркелген, «Заң газеті» 2007 ж. 10 тамыз № 122 (1151), «Ресми газет» 2007 ж. 13 қазан № 41 (354) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17.docx

— 35.51 Кб (Скачать)

 

(3)

 

      мұнда R - жайылу күмбезінің радиусы, м;

       К - сүзілу  коэффициент, м/тәу;

       Н - топырақ  суларының сүзгілеу алаңдарының  түбінен орналасудың алғашқы  тереңдігі, м;

       h - сүзгілеу  алаңдарындағы судың тереңдігі,  м;

       m - сулы  қат-қабаттың қалыңдығы, м;

       Р - сүзгілеу  алаңының периметрі, м;

       G - сүзгілеу  алаңдарына түсетін сарқынды  сулардың шығыны, м3/тәу.

       30. Жинақтауыштарға  сарқынды суларды төгу кезіндегі  ластаушы заттардың жол берілетін  шоғырлануларының есебі мына  формула бойынша жүргізіледі:

 

СШЖБТ = Са + (СШЖБШ – Са) х Ка         (4)

 

      мұнда СШЖБТ  - жинақтауышта (бақылау қақпасында) судың нормативтік сапасын қамтамасыз  ететін, сарқынды сулардағы ластаушы  заттың есеппен анықталған шоғырлануы, мг/л;

       Са - ластаушы  заттың жинақтауыштағы (бақылау  қақпасындағы) аялық шоғырлануы, мг/л;

       СШЖБШ  - ластаушы заттың сарқынды суларының  ақырғы суқабылдағышының суындағы  шекті жол берілген шоғырлануы, мг/л;

       Ка - жинақтауыштың  ассимиляциялық, булану, сүзгілеу қасиеттерін  жиынтықты ескеретін коэффициент.

 

      Ка коэффициенті  мына формула бойынша анықталады:

 

      (5)

 

      мұнда qж  -ішкі су айдыны үдерістеріне  қатысатын, жинақтауыш суының  үлесті көлемі, м3/жыл;

       qб- жинақтауыштың  бетінен буланатын судың үлесті  көлемі, м3/жыл;

       qc - жинақтауыштан  сүзілетін сарқынды сулардың  көлемі, м3 /жыл;

       qп - пайдаланылатын  судың көлемі (егер мұндай көлемдер  болса), м3/жыл;

       qcap - жинақтауышқа  бұрылатын сарқынды сулардың  шығыны, м3 /жыл.

       qж,qб  және qc мәндері мына формулалар  бойынша табылады:

 

qн = Q/tп         (6)

 

qи = Qб/tп         (7)

 

      (8)

 

      мұнда Q - ШЖБТ есептеу кезіндегі СС  жинақтауышының нақты көлемі, м3:

       tп - жинақтауышты  нақты пайдалану уақыты, жылдар;

       Qб - жинақтауыштың  буландыру қабілеті, м3;

       k - жинақтауыш  арнасының сүзгілеу коэффициент,  м/тәу;

       m - сулы  қат-қабаттың қалыңдығы, м;

       Н - жинақтауыштағы  сарқынды сулар бағанасының биіктігі, м;

       R - жинақтауыш  ортасынан сулы қат-қабат қалыңдығының  қоректену нобайына дейінгі қашықтық, м;

       Rk - жинақтауыштың  радиусы, м;

       365 - бір  жылдағы тәуліктің саны (тәуліктерді  жылға аудару).

       31. Жинақтауыш  сарқындарының бір бөлігін өзендерге  немесе суаруға бүрған жағдайда  СШЖБШ ретінде сәйкесінше балық  шаруашылығы су пайдаланудың  шекті жол берілген шоғырланулары  (ШЖБШбал) және суару суы сапасының  нормалары (ШЖБШсуғару) алынады.

       32. Егер  сарқынды сулардың ақырғы су  қабылдағышы ретінде жабық типті  жинақтауыш болған жағдайда, яғни  суаруға арналған ашық су алу  болмағанда немесе жинақтауыш  сарқындарының бір бөлігінің  төгінділері өзендерге немесе  басқа табиғат объектілеріне  жүзеге асырылмағанда, жол берілетін  шоғырланудың есебі мына формула  бойынша жүргізіледі:

 

СШЖБТ = Снақты          (9)

 

      мұнда Снақты  - тазарту құрылғыларынан кейінгі  ластаушы заттардың нақты төгіндісі,  мг/л.

       Жинақтауыш  мұндай жағдайда сарқынды сулардың  жинақтауыш-буландырғышы ретінде  пайдаланылады.

       33. Жер  үсті су объектілеріне сарқынды  суларды төгу кезінде ластаушы  заттардың жол берілген шоғырлануларының  есебі консервативті заттар үшін  мына формула бойынша жүргізіледі:

 

СШЖБТ= n х (Сшжбш - Са) + Са            (10)

 

      мұнда Сшжбш  - ластаушы заттың су объектісі  суындағы шекті жол берілген  шоғырлануы, г/м3;

       Са - ластаушы  заттың сарқынды сулар шығаруынан 0,5 км жоғары су ағысындағы  аялық шоғырлануы, г/м3;

       n - сарқынды  сулардың су ағысындағы араласу  еселілігі. 0,0025<g/Q<0,1 теңсіздігін  сақтаған жағдайда қолданылады.

 

     (11)

 

      мұнда g - сарқынды сулардың шығыны, м3/с;

       Q - су  ағысындағы судың есептік шығыны, м3/с;

       y - өзен  шығынының қандай бөлігінің есепті  өзен қақпасындағы ең ластанған  ағыстың сарқынды суларымен араласуын  көрсететін, араласу коэффициенті. Ірі су ағыстары үшін шамамен  y=0,6, орташалары үшін y=0,8, кішілері  үшін y=1,0.

       34. Салынды  заттардың жол берілген шоғырлануының  есебі мына формула бойынша  жүргізіледі:

 

СШЖБТ=А(1+y Q/g)+Са         (13)

 

      мұнда A = 0,75 коммуналдық тұрмыстық су пайдалану  су ағысы үшін және екінші  санаттағы балық шаруашылығы  су ағыстары үшін; A = 0,25 жоғары  және бірінші санаттағы балық  шаруашылығы су ағыстары үшін, сондай-ақ оларды шаруашылық-ауыз  су мақсаттарда пайдаланған жағдайда.

3. Қалдықтарды орналастыру  нормативтерін есептеу

 

       35. Өндіріс  және тұтыну қалдықтарын орналастыру  нормативтері (бұдан әрі - ҚОН)  жүргізілетін өндірістік экологиялық  бақылау нәтижелері бойынша қалдықтарды  орналастыру объектісінің СҚА  шекарасында алынған, қоршаған  ортаның құрамдас бөліктерінің (атмосфералық  ауа, жер үсті және жер асты  сулары, топырақ жамылғысы) жай-күйі  туралы деректерді ескере отырып  есептеледі.

       36. Осы  қалдықтар түрін орналастыру  нормативі жыл сайын тонналарда  мына формула бойынша анықталады:

 

      Мнорм = 1/3 · Мтұз · (Кс + Кт + Ка) · Кр,     (14)

 

      мұнда Мнорм  осы қалдықтар түрін орналастыру  нормативі, тонна/жыл;

       Мтүз - осы  қалдық түрінің түзілу көлемі, т/жыл;

       Кс, Кт, Ка, Кр - жер асты суларына, жақын жатқан  аумақтардың топырағына ЛЗ көшу  дәрежесін, эолдық таралуды, рекультивациялау  ұтымдылығын есепке алудың төмендету,  өлшемсіз коэффициенттері.

       37. Қоймаланған  қалдықтардан ластаушы заттардың  жер асты суларына көшуін (Кс), қоймаланған қалдықтардан ЛЗ  жақын жатқан аумақтардың топырағына  ауысу дәрежесін (Кт) және жинақтауыштан  шаң түрінде дисперсияларды шығару  жолымен ЛЗ атмосферада эолдық  таралу дәрежесін (Ка) ескеретін  төмендету коэффициенттері «мөлшер-әсер»  тәуелділігінің экспоненциалды  сипатын ескере отырып мына  формулалар бойынша есептеледі:

 

        (15)

 

        (16)

 

        (17)

 

      мұнда dc, dт, da - сәйкесінше жер асты суларының,  топырақтың және атмосфералық  ауаның қалдықтарда бар химиялық  элементтермен және қосылыстармен  ластану деңгейінің көрсеткіштері,  олар мына формулалармен анықталады:

 

       (18)

       (19)

 

       (20)

 

      мұнда і  - і-ші ластаушы зат үшін изотиімділік  коэффициенті

       бірінші  қауіптілік сыныбындағы ЛЗ үшін - 1,0;

       екінші  қауіптілік сыныбындағы ЛЗ үшін - 0,5;

       үшінші  қауіптілік сыныбындағы ЛЗ үшін - 0,3;

       төртінші  қауіптілік сыныбындағы ЛЗ үшін - 0,25-ке тең.

       diс, diт, dіa - қалдықтарды орналастыру объектісінің  санитариялық қорғаныш аймағының  шекарасында сәйкесінше жер асты  суларды, топырақты және атмосфералық  ауаны сынамалау бойынша есептелген  і-ші ластаушы затпен ластану  деңгейі;

       n - ластаушы  заттардың саны (зерттелетін қалдықтарды  орналастыру объектісі үшін белгіленген  ластаушы заттардың қауымдығымен  анықталады).

       Ортаның  тиісті құрамдас бөлігінің ластану  деңгейі мына формулалар бойынша  анықталады:

 

      (21)

 

      (22)

 

      (23)

 

      мұнда Cic, Ciт, және Сіa - і-ші ЛЗ шоғырлануының  сәйкесінше судағы (мг/дм3), топырақтағы  (мг/кг) және атмосфералық ауадағы  (мг/дм3) орташаланған мәні;

       ШЖБШіс, ШЖБШіт және ШЖБШіа-і-ші ЛЗ  сәйкесінше судағы (мг/дм3), топырақтағы  (мг/кг) және атмосфералық ауадагы  (мг/дм3) шекті жол берілген шоғырлануы.

       ҚО тиісті  компонентіндегі ЛЗ шоғырлануының  орташаланған шамасы мына формулалармен  есептеледі:

 

       (24)

 

       (25)

 

       (26)

 

      мұнда m - сулардағы ЛЗ бар болуын анықтау  үшін сынама алу нүктелерінің  жалпы саны;

       k - топырақта  ЛЗ бар болуына сынама алу  нүктелерінің жалпы саны;

       r - ауада  ЛЗ бар болуына сынама алу  нүктелерінің жалпы саны;

       Cjic, Cjіт, Cjia, - сәйкесінше судағы (мг/дм3), топырақтағы  (мг/кг) және атмосфералық ауадағы  (мг/дм3) і-ші сынама алу нүктесіндегі  і-ші ЛЗ шоғырлануы.

       38. Өндіріс  және тұтыну қалдықтарын орналастыру  объектісінің орналасу ауданындағы  (СҚА шекарасында) қоршаған орта (атмосфералық ауаның, жер үсті  және жер асты суларының, топырақ  жамылғысының) құрамдас бөліктерінің  ахуалы туралы мәліметтер жүргізіліп  жатқан өндірістік экологиялық  бақылау нәтижелері бойынша көрсетіледі.

       Қоршаған  орта құрамдас бөліктерінің жиынтық  ластану көрсеткіші (Лж) жеке ЛЗ  шоғырлану коэффициенттерінің соммасы  (Кші) ретінде мына формула  бойынша анықталады:

 

       (27)

 

      мұнда Лж - қоршаған орта құрамдас бөліктерінің  жиынтық ластану көрсеткіші;

       Кші - і-ші ластаушы заттың шоғырлану  коэффициенті

       і - ластаушы  заттың реттік нөмірі;

       n - қоршаған  ортаның құрамдас бөлігінде анықталатын  ластаушы заттардың саны.

       Жеке  ЛЗ шоғырлануының коэффициенті  мына формула бойынша анықталады:

 

Кші = Сі/ШЖБШі         (28)

 

      мұнда Сі - қоршаған ортаның құрамдас бөлігінде  ЛЗ шоғырлануы, мг/дм3 (су үшін); мг/кг (топырақ үшін) және мг/м3 (атмосфералық  ауа үшін);

       ШЖБШі  - қоршаған ортаның құрамдас бөлігіндегі  ЛЗ шекті жол берілген шоғырлануы, мг/дм3; мг/кг; мг/м3.

       ҚО жай-күйі  бірқатар көрсеткіштердің шамасына  байланысты осы әдістеменің 4-ші  қосымшасында берілген.

       ҚО жай-күйіне  сәйкес осы орналастыру объектісіне  ӨҚ сақтау мүмкіндігі туралы  тиісті шешім қабылданады. Бұл  ретте экожүйеге келесі салмақтар  жіктеуі қарастырылады:

       1) жол  берілген, яғни шамалы (қайтымды) өзгерістермен,  экожүйенің құрылымы мен қызметі  сақталатын техногенді салмақ;

       2) қауіпті  - салмақ, яғни құрылым әлі сақталуда,  бірақ қайтымды өзгерістер санының  артуымен қоса экожүйенің қызмет  етуінің бұзылуы байқалуда;

       3) өте  қиын, яғни экожүйенің ахуалы  мен құрылымына елеулі кері  өзгерістер тигізетін ҚО құрамдас  бөліктеріндегі өзгерістердің елеулі  жиналуы пайда болуда;

       4) апатты, экожүйенің жеке бөліктерінің  түсуіне, тіпті олардың толық  қирауына (бұзылуына) дейін әкеліп  соқтыратын салмақ.

       Егер  қоршаған ортаның ахуалына салмақ  өте қиын немесе апатты болып  анықталса, онда қалдықтарды орналастыруға  болмайды.

       39. Рекультивациялауды  есепке алу коэффициенті нормаланатын  жылдың алдындағы жылға жыныс  үйіндісін іс жүзіндегі және  жоспарлы рекультивациялау аудандарының  қатынасы ретінде мына формула  бойынша табылады:

 

      (29)

 

      мұнда Рж, Ріж - нормаланатын жылдың алдындағы  жылға жоспарланған орналастыру  орнын рекультивациялау ауданы  және іс жүзінде рекультивациялау  жүргізілген аудан.

       40. Рекультивациялауды  есепке алу коэффициентінің (Кр) шамасы 0,5 - 1,0 аралығының шегінен  тыс болса, онда Мнорм есептеу  кезінде оларға көрсетілген аралықтың  ең жақын шегінің мәні беріледі.

       41. Егер  осы қалдықтар түрін орналастыру  үшін жылдық квота белгіленсе, онда қалдықтарды орналастыру  нормативтері квотаны сақтауды  қамтамасыз ететін шектерде белгіленуі  тиіс.

       42. Жүргізілген  өндіріс және тұтыну қалдықтарын  орналастыру нормативтерін есептеу  нәтижелері осы әдістеменің 5-қосымшасындағы  кестеге кіргізіледі.

4. Жол берілген физикалық  әсерлер нормативтерін есептеу

 

       43. Жол  берілген физикалық әсерлер нормативтері  әрбір шуыл, діріл, радиациялық  және өзге әсер көздері үшін  бекітіледі.

       44. Әсерлер  көздерінің тізбесі және олардың  сипаттамалары жобаланатын объектілер  үшін - жобалық ақпарат негізінде,  қолданыстағы объектілер үшін - әсерлер  көздерін түгендеу негізінде  айқындалады, ол физикалық факторларды  өлшеулермен ілесіп жүруі тиіс.

       45. Көздерден  физикалық әсерлер нормативтері 24 сағат ішіндегі әсерді ескере  отырып, әрбір бағаланатын факторға  сәйкес келетін бірліктерде айқындалады.

       дБА - шуыл факторы үшін;

       дБ - діріл  үшін;

       В/м, мкВт/см2, кВ/м, А/м электромагниттік сәулелер  үшін жиілік диапазона сәйкес  және басқаларға;

       мкЗв/сағ  - радиациялық ая деңгейі үшін.

       46. Жол  берілген физикалық әсерлер нормативтері  объектінің санитарлық-қорғаныш  аймағының және жақын жатқан  тұрғын үй аймағының шекарасындағы  тиісті физикалық факторлардың  деңгейі Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы  № 168 қаулысымен бекітілген «Қалалық  және ауылдық елді мекендердегі  атмосфералық ауаға, топыраққа  және олардың қауіпсіздігіне, қалалық  және ауылдық елді мекендердің  аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға  әсер ететін физикалық факторлардың  көздерімен жұмыс істеу жағдайларына  қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес болатындай белгіленуі тиіс.

Информация о работе Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының