Азаматтық қорғаныстың міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 17:16, сочинение

Описание работы

"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берiлетiн бiрыңғай дабылы.

Работа содержит 1 файл

Azkor.doc

— 225.50 Кб (Скачать)

      Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттiк жүйесi мен бейбiт және соғыс уақытында ел халқын, шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргiзiлетiн жалпы мемлекеттiк шаралардың жиынтығы;

Азаматтық қорғанысты басқару органдары - бейбiт және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, ұйымдар;

эвакуациялық органдар - халықты, материалдық қазыналарды қауiпсiз аймаққа эвакуациялау, оларды орналастыруды, өндiрiстiк қызметтi және тыныс-тiршiлiктi ұйымдастыру үшiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуациялық-қабылдау комиссиялары;

Азаматтық қорғаныс күштерi - Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi, аумақтық, объектiлiк құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамалары, жедел-құтқару отрядтары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері;

Азаматтық қорғаныс бөлiмдерi - Қазақстан Республикасының Үкiметi құратын Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi;

Азаматтық қорғаныс құрамалары - облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылатын аумақтық және объектiлiк құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамалары;

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылатын, әкiмдер, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар құратын республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi;

жедел-құтқару отрядтары - жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделi объектiлерде iздеу-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар;

"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берiлетiн бiрыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық телевизорларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын iске қосып қоюға, берiлiп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, iс-әрекет тәртiбi мен жүрiс-тұрыс ережелерi жөнiндегi талаптарды орындауға мiндеттi;

қорғану құрылыстарының қоры - өндiрiстiк қызметшiлер мен халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде арнайы қорғауға арналған қолда бар барлық инженерлiк құрылыстардың жиынтығы;

шаруашылық жүргiзу объектiлерi - өнеркәсiп, ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң және қоғам қызметiнiң басқа да салаларының мүдделерi үшiн пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар.

Информация о работе Азаматтық қорғаныстың міндеттері