Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 12:20, доклад

Описание работы

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Заң мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi.

Работа содержит 1 файл

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын.docx

— 48.74 Кб (Скачать)

  

7.29. Халықтың өрт кезіндегі іс-әрекеті 

Өртбұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.

Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады.

От сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық  патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұтанады.

Даладағы (егістіктегі, ормандардағы) өрттер құрғақ  шөбі бар және астық  өсетін ашық  алқапта пайда болады. Ол маусымдық  сипатымен ерекшеленеді. Шөптің (астықтың) өсуіне орай жазда жиі, көктемде сирек болады, ал қыста мүлдем болмайды. Олардың таралу жылдамдығы 20-30 км/с жетуі мүмкін.

Өртті  жайылтпаудың негізгі әдістері:

Ормандағы және даладағы өртпен  күресті жеке авиабазасы, өртхимия станциясы, бақылау-күзет нүктесі бар Мемлекеттік қызмет жүргізеді. Өрттің түрі мен орнына қарамастан оны сөндіру 2 кезеңнен тұрады: өртті тоқтату (жайылтпау) -өрттің таралуын шектеу жөніндегі іс-әрекет және өрт ошағын тікелей жою.

Даладағы жойқын өртті ені 20м дейінгі кедергі қондырғысымен бөгейді. Өрт аумағының шеті айнала жыртылып орта жағы күйдіріледі.

Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.

Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, оның кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200м өрт қанаттарының алдында кемінде 50м болуға тиіс.

7.30. Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру

Өрт адамдарға психологиялық  тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кіші-кірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай құрбандықтарға алып келеді. Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте аз өмірін құтқарып қана қоймай басқа адамдарды, материалдық құндықтарды да құтқара алады.

Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдаланылуға тиіс (адамдағы мүмкіндігінше арнайы киім, газқағар, касқа, түтіннен қорғайтын маска), әр топта елді-мекенді жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, оған кіруге болмайды.

Өрт қаулаған ғимаратта өзіңізді және басқа адамдарды құтқару кезінде ауаның жоғары температурасы, түтіндену, жанатын әртүрлі өнімдердің қауіпті концентрациясының болуы, құрылыс құрылғыларының ықтимал құлауы өте қауіпті болғандықтан жылдам қимылдау қажет.

Жанған ғимарат арқылы басқа ылғал мата (киім) жауып, түтіннен жорғалай немесе тізерлей қозғалу керек.

7.8. Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар

Өрт - бұл жану салдарынан материалдық байлықтың жойылуы және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдай. Жану дегеніміз жанушы зат пен ауадағы оттегінің арасындағы тез жүретін сонымен бірге газ, жылу және жарық бөлетін процесс. Жану толық және толық емес болып бөлінеді. Толық жану оттегі жеткілікті жағдайда, ал толық емес жану оттегі жеткіліксіз жағдайда жүреді. Өзі тұтану (самовоспламенения) химиялық процесстің әсерінен болатын жағдай. Өзі тұтанудың температурасы әр түрлі факторлардан тұрады. Атап айтқанда жанушы қоспаның құрамы мен көлемі ортаның қысымы т. б. байланысты. Көптеген газдар мен сұйықтар 400-700 °С аралығында, ал қатты денелер (ағаш, көмір) -250-450 °С аралығында тұтанады. Өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілерге жарылу және тұтану қауіпі бар заттарды өндіру, сақтау және тасмалдаушы өндірістер жатады.

Информация о работе Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар