Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 12:20, доклад

Описание работы

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Заң мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi.

Работа содержит 1 файл

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын.docx

— 48.74 Кб (Скачать)

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.  
     
Осы Заң мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар      

 Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:      

 ерiктi өрт сөндiрушi - өрттiң алдын алу және (немесе) сөндiру жөнiндегi қызметке ерiктi негiзде (еңбек шартын жасаспай) тiкелей қатысатын азамат;      

 қоныстану аумағы - елдi мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсiптiк объектiлердi орналастыруға арналған бөлiгi;      

 өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау - уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде өрт қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;      

 өрт - адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне зиян, материалдық залал келтiретiн бақылаусыз жану;      

 өртке қарсы ерiктi құралымдар - азаматтардың елдi мекендерде және ұйымдарда өрттiң алдын алу мен оны сөндiрудi ұйымдастыруға қатысу нысаны;      

 өртке қарсы қызмет - белгiленген тәртiппен құрылған басқару органдарының, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы), облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы күштерi мен құралдарының, соның iшiнде өрттiң алдын алу мен оны сөндiрудi ұйымдастыруға, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жиынтығы;      

 өртке қарсы шаралар режимi - өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуына жол берiлмеуiн және өрттiң сөндiрiлуiн қамтамасыз ететiн азаматтардың мiнез-құлық ережелерi, өндiрiстiк және шаруашылық қызметiн ұйымдастыру тәртiбi, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-жайларды (аумақтарды), өндiрiстiк және арнаулы жабдықтарды күтiп ұстау шарттары;      

Информация о работе Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар