Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 12:20, доклад
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Заң мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi.
өрт қауiпсiздiгi - адамдардың, мүлiктiң, меншiктiң, қоғам мен мемлекеттiң өpттeн қорғалу жай-күйi;
өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген әлеуметтiк және (немесе) техникалық сипаттағы арнаулы шарттар;
өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұзу - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормаларды, ережелер мен нұсқауларды орындорындамау немесе тиiсiнше орындамау;
өрт қауiпсiздiгi шаралары - өрт қауiпсiздiгi талаптарын орындау жөнiндегi iс-әрекет;
өрт сөндiру-техникалық өнiмi - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған арнаулы техникалық, ғылыми-техникалық және санаткерлiк өнiмi, соның iшiнде өрт сөндiру техникасы мен жабдығы, өрт сөндiру құралдары, от сөндiретiн және оттан қорғайтын заттар, арнаулы байланыс және басқару құралдары, электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базалары, сондай-ақ өрттiң алдын алу мен сөндiрудiң өзге де құралдары;
Өрттің зияны өте ауыр. Қазір Қазақстанның барлық жерінде жылыту маусымы басталды. Әсіресе жеке тұрғын үйдегі от жағу ережелерінің сақталмауы кейде қайғылы жағдайға душар етеді. Еліміздің әрбір азаматының өмірі қымбат. Сақтансаң ғана сақ боласын. Отпен ойнауға болмайды. Осы науқан алдында Төтенше жағдайлар минстрлігінің баспасөз қызметі таратқан ережелер мен сақтық қағидалары жадыңызда жүрсін деген ойда назарларыңызға ұсынып отырмыз. Сақтық жасап, өмірлеріңіз бен мүліктеріңізді сақтаңыздар. Қауіпсіздік ережелерін де естен шығармаңыздар, қадірлі оқырман.
Соңғы 5 жылда біздің республикада жыл сайын орта есеппен 18000 өрт болады, яғни 1000 адамға 18 өрттен келеді, өрттен 600-ден аса адам қаза табады.
2009 жылғы 10 айының өрт жағдайына жүргізілген талдауға сәйкес республиканың аумағында 12 мыңнан аса өндірістік және тұрмыстық өрттер болды. Өрт салдарынан 816 адам зардап шекті, оның ішінде 358 – адам қаза болды, соның ішінде 36 бала. Материалдық шығын шамамен 4 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өрт саны 11,1%-ға төмендеді, ал материалдық шығын 4,7%-ға артты.
Барлық өрттердің 69 %-ы тұрғын үй секторында болады. Өрт шығуының негізгі себептері: отты ұқыпсыз пайдалану 42% аса, электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерінің бұзылуы 19%, пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы 12% астам. Өрт кезінде адамдардың қаза болуының себептері мас күйінде шылым шегуі салдарынан болған, ол он ай ішінде 153 адам, бұл 42,3% құрайды.
Статистика көрсеткендей, өрт саны және улы газбен улану қыс айларында белең алып отыр. Бұл республика халқының басым бөлігі (60%-дан аса) қысқы уақытта жылыту пешін қолдануына байланысты. Пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаған кейбір азаматтар, өз үй-жайлары мен өз жақындарының өміріне қауіп төндіреді. Тәжірибе көрсеткендей, өрттің басым бөлігі «адами фактор» деп аталатын себептерден, яғни адамдардың аңғармаушылығы, ұқыпсыздығы, білместігінен болып жатады.
Республика аумағында улы газбен улану оқиғалары жиіленгенін айта кету қажет. Жылу беру маусымы енді ғана басталғанымен, бірақ кейбір облыстарда осындай өрт жағдайлары тіркеліп, адам өлімі болды.
Мәселен, ағымдағы жылдың 6 қарашасында Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Егіндібұлақ кентінде жеке тұрғын үйде өрт шықты. Өрт алаңы 56 ш.м. құрады. Өрт сөндіру барысында 5-9 жас аралығындағы үш баланың мәйіті табылды. Зеленов ауданы ТЖ бөлімі тергеушісінің пікірінше, балалар улы газбен уланудан қайтыс болған.
2009 жылғы 12 қарашада Шымкент қаласының Қайнарбұлақ саяжай қоғамында қатты жанармайды пайдалану кезінде жылыту пешінің жарамсыздығынан 2 әйел адам улы газбен уланып, біреуі оқиға орнында көз жұмып, ал екіншісі ауруханаға жеткізілді. Қазақстан бойынша осындай оқиғалар өте көп. Мыслаға, осы жылдың 10 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы жеке тұрғын үйден тағы да қатты жанармайды пайдалану кезінде жылыту пешінің жарамсыздығынан екі адам улы газбен уланып, 1977 жылғы әйел мен 13 жасар қыз қайтыс болды.
2009 жылғы 1 қараша күні Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында жеке тұрғын үйде сол себептен екі егде тартқан әйел қаза болды.
17 қарашада Астана қаласы Гоголь көшесінде орналасқан №36 жеке тұрғын үйде жылыту пешінің жарамсыздығынан үш адам улы газбен уланған, оның ішінде 2 бала, біреуі 6 жасар, екіншісі 1 жасар балалар. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Өртке қарсы қызмет қызметкерлері өрттің алдын алу үшін жыл сайын жылу беру маусымы алдында профилактикалық іс-шараларды өткізеді. «Жылыту пешін дұрыс орнату және пайдалану туралы» жаднама халыққа таратылады және өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріледі.
Сараптама негізгі өрттер-дің басым бөлігі тұрғын үйлерде болатынын көрсе-теді. Тұрғын үйлерде болатын өрттердің саны жалпы өрттің 57,7 % құрайды. Тұрғын үй – коммуналдық қызметі мен пәтерді жалға алушылардың өздерінің өртке қарсы іс шараларды орындамауынан мәселелер қиындай түсуде. Тұрғын орынжайларды энергиясы көп тұрмыс құралдарымен жабдықтау, қабырғалар мен едендерді жанатын материалдармен өңдеу нәтижесінде тұрғын үйлердің өрт қаупі тұрақты өсіп отырады, сонымен қатар бірде – бір тұрғын үйде алғашқы өрт сөндіру құралдары және өртті автоматикалық анықтау құралдары жоқ. Биік қабатты ғимараттардағы өртке қарсы қорғау жүйесі істен шыққан. Жоғарыда көрсетілгендерге тағы да адамдардың өрт қауіпсіздік ережелеріне сел-қос, немқұрайлы қарауы, өрттің негізгі себептері болып табылады. Жанып жатқан пеш, қосулы тұрған электр жылытқышы, газ плитасында ұмытылып қалған тамақ - өрттің шығуына бірден бір себепкер. Бұған мас, өзіне бақылау жасай алмайтын адамды қоссақ – бұлардың бәрі өртке, қайғылы оқиғаға апарып соғатын факторлар. Мұндай адамдарға көбінесе көршілері көмектеседі, түтін-нің исін сезіп, бізден көмек сұрап, хабарласып жатады. Неғұрлым ертерек хабар берсе, соғұрлым адамды аман алып қалу мүмкіндігі көп болады. Содан кейін сол күнгі болған оқиға көз алдыңа келеді: «Ішіп алды, жатты, шылым шекті және...». Осындай жағдайдан аман қалған күннің өзінде, түйсігінде ой жоқ адам жіберген қателігінен сабақ алмасы рас, ол өзінше: «Тағдырдың маңдайыма жазғаны, яғни осылай болу керек» - деп шешеді. Төтенше оқиғаға тікелей өзінің кінәлі екенін мойындамайды да.
Жыл сайынғы адам өлімі мен өрттің өсу динамикалық сараптамасы олардың күрт өсуі, қысқы кезеңде халықтың жылыту үшін пештерді қолда-нуынан, үнемі өрт қауіпсіздік ережелерін бұзғандықтан болатынын көрсетеді. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, негізгі және басты өрт қауіпсіздік ережелері отты қолданғандағы немқұрайлықты болдырмау болып табылады. Өрт қауіпсізді-гіне байыппен қарамайынша, жыл сайын оттан жүздеген адамдардың қаза табатыны анық.
7.28. Табиғи өрт
Табиғи өрттерге орманның астық алқабының, жер асты жанар байлықтарының өрттері жатады. Бұл құбылыстардың ішіндегі кең тарағаны орман өрті. Орман өрті – бұл өсімдіктің стихиялық түрде жануы. Орман өрті жыл сайын болып тұратын құбылыс. Ірі орман өртінің орташа жану ұзақтығы 10-15 тәулік.
Кесте
. Отпен қамтылған ауданы бойынша орман өрттерінің топталуы.
Орман өртінің классы | Отпен қамтылған ауданы,Га |
Тұтанып жайлап жана бастауы
Кіші өрт Үлкен емес өрт Орташа өрт Ірі өрт Катастрофалық өрт |
0,1-0,2
0,2-2,0 2,1-2,0 21-200 201-2000 2000 жоғары |
Информация о работе Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар