Зейнетақы қорларының құқықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 14:30, реферат

Описание работы

Қазақстандық зейнетақы қорларының жүйесінің негізінде Чилидегі зейнетақы қорларының жүйесі жатқандығын баса айта кетуге болады. Өйткені бұл жөніндегі Чилидегі 20 жылдық тәжірибе біршама ден қоюға тұрарлықтай. Чили мемлекетінде зейнетақы активтерін зейнетақы қорлары басқарады, олар зейнетақы қорларының салымшыларына зейнетақымен қамтамасыз етудің түрлі схемаларын ұсынады. Ондағы халықтың зейнетақы жинақтары ЖҰӨ-нің 55%-ын құрайды. Зейнетақы қорларының инвестицияларының есебінен елдің тұрғын үй қорының 60% тұрғызылған. Бұл зейнетақы жүйесінің қазіргі кезеңде мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық өмірінде қаншалықты маңызды роль атқаратынын байқауға болады.

Содержание

КІРІСПЕ
Зейнетақы қорларының мәні, құқықтары мен міндеттері

Ұлар Үміт ЖЗҚ АҚ қызметін жүзеге асыруын талдау

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Зейнетақы қорларының құқықтары мен міндеттері Ұлар Үміт КазГУ реферат 2011-00.docx

— 111.36 Кб (Скачать)

    2)  кастодиандық    қызметті    іске    асыру    үшін    екінші деңгейдегі банктерге лицензия беру;

    3) зейнетақы активтерін басқару бойынша кампаниялар мен банк-кастодиандардың қызметін қадағалау;

    4) зейнетақы активтерін басқару бойынша кампаниялар мен    банк-кастодиандардың    қызметтерін    реттейтін нормативтік базаны құру;

    ЖЗҚ-лары үшін тағы бір инвестициялық маңызды  мәселе мемлекеттік бағалы қағаздарды эммиссиялау көлемінің өсу және олардың айналым мерзімінің өсуі болып табылады, өйткені барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары барлық мемлекеттік бағалы қағаздарға міндетті лимит бойынша салым жасаулары қажет. Үкімет 2007 жылғы мемлекеттік бағалы қағаздарды эмиссиялау көлемі былтырғы жылдан төмен болмауына барлық күшін салуды міндетке алды.

    Әрине зейнетақы рыногының дамуына  ұлттық кампаниялар мен ірі масштабтағы өндірістік кәсіпорындардың акциялары қаржы рыногына шыға алған жағдайда айтарлықтай тиімді әсерін тигізетін еді. Бірақ инвестициялық проблеманы глобалды масштабта қарастырсақ акция рыногы зейнетақы рыногына сәйкес дамымай отыр. 2006 жылдың аяғында Қазақстанда 2,8 мың акционерлік қоғам тіркелген. Бірақ Қазақстандық қор биржасына тек 76 акционерлік қоғам ғана, яғни жалпы акционерлік қоғамдардың санынан 3% жіберілген. Қор рыногының болмауы ол рынокта акциялардың болмауына байланысты.

    Сонымен қатар МЖЗҚ-ның капиталындағы  қалған акциялардың пакетін сақтау керек болатын, МЖЗҚ акцияларын бөлудің  схемасы жекешелендіруден кейін, келесідей  түрде болатын болған: Қазақстан  Республикасы үкіметі (25% +1 акция), стратегиялық инвестор (50%+ 1 акция), ІВRDжәне IFC (25% + 2 акция).

    2006   жылдың күзінде МЖЗҚ халықаралық стандарттардың серияларына   ISO   9001/2002/12   берілген   қордың   менеджмент сапасының жүйесі сай келетіндігі туралы сертификат алды. Бұл сертификацияның   негізгі   мақсаты   қор   қызметін   халықаралық стандарттағы   максималды  жақындату  болып  табылады,  бірақ МЖЗҚ-ның   кейбір   басшыларының   сөзіне   қарағанда   қандай сертификацияны енгізу жекешелендіру  кезінде оның акцияларының  бағасының  көрсетілуіне  әсер  етуі   мүмкін,   яғни МЖЗҚ-ын жекешелендіруге дайындықтардың жүруі байқалынады /26.115б/

    Келесі  болатын шаралар IBRD, Қазақстан Республикасы үкіметі және ұлттық банктің арасындағы мимориандумға қол қоюы, сонымен қатар қосымша эмиссия жүргізуге рұқсат алуы және IBRD акциясының 10% сатып алуға рұқсат алуы болып отыр. Егер МЖЗҚ ағымдары жылда сату туралы шешім қабылданса, онда шешімнің өзі (үкіметтің қаулысы) екі-үш айдың ішінде нарыққа шығуы мүмкін, ал жылдың ортасында МЖЗҚ акцияларын сату бойынша байқау өтілуі мүмкін.

2. Ұлар Үміт ЖЗҚ  АҚ қызметін жүзеге асыруын талдау 

     "Ұлар  Үміт" қоры №1 мемлекеттік лицензиясы  негізінде зейнетақы жарнасын  тарту, зейнетақы төлемдерін жасау  бойынша қызмет көрсетеді және  жетекші үш жинақтаушы зейнетақы  қорының құрамына кіреді, зейнетақы  активінің жалпы сомасы барлық  зейнетақы жүйесінің 63,17% құрайды.

      "Ұлар Үміт" қоры ірі институционалдық  инвестор болып табылады. Қордың  зейнетақы активінің 3/1 бөлігі  А листингті корпоративті эмитенттің  акция облигациясына, ипотекалық  облигацияға, Қазақстан даму банкінің  облигаңиясына, екінші деңгейлі  банктердің депозиттеріне салынған  бұл біздің республикамыздың  экономикасының нақты секторын  даиытуына қосқан маңызды үлесі  болып табылады.

     1997 жылы ҚР Үкіметінің "ҚР зейнетақымен  қамтамасыз ету жүйесін қайта  құру тұжырымдамасын бекіту туралы" қаулысы қабылданғаннан кейін  осы қордың акционерлері алғашқы  болып осы идеяны қолдады және  жинақтаушы зейнетақы қорын құру  туралы стратегиялық шешім қабылдады,  соның негізінде Республикамыздың  қаржы нарығында алғашқы жинақтаушы  зейнетақы қоры "Қазақтелеком  Үміт" жаңа қатысушы пайда болды.  Алғашқы Қазақстандық қор мемлекеттік  №1 лицензия алды, зейнетақы төлемдерін  жүзеге асыру және зейнетақы  жарналарын тарату туралы лицензия  алды. 1998 жылы акционерлер қорды  ашық жинақтаушы зейнетақы қоры "Үміт" деп өзгерту туралы  шешім қабылдады. 2002 жылы жинақтаушы зейнетақы қоры "Үміт", жинақтаушы зейнетақы қоры  кәсіподақтар федерациясына қосылды.

     2003 жылдың 6 тамызында акционерлер елдің 2 ірі қорын: ЖЗҚ "Ұлар" және ЖЗҚ "Үміт" – ті қосу туралы стартегиялық шешім қабылданды; ЖЗҚ "Ұлар Үміт" ЖАҚ деп өзгертті.

     Бұл қорды біріктірудегі мақсат қуатты қаржы және әлеуметтік институтты құру. Қазіргі заман талабына сай жоғарғы  кәсіби тұрғыда зейнетақы қызметін көрсетуге ықпал ету болды.

     2007 жылы 12 майда жаңа жарғының қабылдануына байланысты ЖАҚ ЖЗҚ "Ұлар Үміт", АҚ ЖЗҚ "Ұлар Үміт" болып өзгертілді.

     Республикадағы  зейнетақылық қызмет нарығындағы қордың алдына қойған мақсаты - өз позициясын сақтау және нығайту; сондай-ақ бірінші  кезекте, салымшылар сеніміне ие болу. Бұл қор үшін аса маңызды дәйек.

     2004 жылдың мәліметі бойынша қор салымшыларының саны 811636 мыңнан астам адамды құрады, ал зейнетақылық активі 46350 млрд теңгеден аса соманы құрады.

     2008 жылы "Ұлар Үміт" ЖЗҚ-ның салымшыларының зейнетақы қоры 100 млрд теңгеге өсті, ал зейнетақылық активі 129 млрд теңгеге немесе 1 млрд АҚШ $ жетті.

     Қор жұмысының жүйелене түсуінің екінші себебі – бұл қор қыызметкерлерінің  белсенді әрі сапалы жұмысы. Үшіншіден  қордың стратегиялық саясатына акционерлер  тарапынан көрсетілетін қолдау үлкен  маңызға ие. Қызмет ету барысында  қор акционерлері болып саналатын  ірі кәсіпорындары "Казкомбанк" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "компания Внешинвест" ЖШС, "Алаутрансгаз" АҚ, "Терминал" ЖШС ЖЗҚ арасындағы ең үлкен жарғылық капиталды жасақтады.

     Қор ең алдымен салымшылардың шынайы нақты ақпаратқа, қызмет корсетудің шұғыл түріне, ең басты зейнетақылық жинақтың сақталуына деген сұраныстарын толықтай қанағаттандыруға бағытталған. Қор ішкі регламент жүйесін айқын  сақтайды. "Ұлар Үміт" жинақтаушы зейнетақы  қоры АҚ-ның даму бағдарламасында  басты назар іс жүзіндегі салымшыларды сақтауға және қордың зейнетақылық қызмет нарығындағы үлесінің ұлғаюына аударылған. Бүгінгі таңда "Ұлар Үміт"  АҚ-ның  инвестициялық портфелі зейнетақылық активтерді қайтарылмау қаупінен, еліміздегі экономикалық жағдайлардың өзгеруінен қорғайтын жоғары шарамен сипатталады. "ҰларҮміт" жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ-ның инвестициялық портфель құрылымы былай дәйектеледі: 

       

     4-сурет. ҰларҮміт АҚ-ның инвестициялық портфель құрылымы. 

     "Ұлар  Үміт"  өз салымшыларына көрсетілетін  қызметтің үздік талаптарын құруға  ұмтылады. Атап айтқанда қор салымшылары  еліміздің барлық аймақтарында  қордың тармақталған филиалдық  желелері арқылы тегін қызмет көрсетудің кең көлемін пайдалана алады. Бүгінгі таңда қор салымшысы болуға ниет білдіргендердің бәріне нарықтың озық талаптарын мұқият зерттеуге негізделген корпоративтік және жеке қызмет ауқымын кеңейту мақсатында еліміздегі зейнетақы нарығында бірінші рет тек қана "Ұлар Үміт" зейнетақы  қорында жүзеге асырылып отырған бір шара бар. Ол-қор салымшысының инвестицтялық табыс өсіміне және жеке зейнетақылық есеп-шотына  интернеттегі қордың веб-сайты арқылы бақылау жасауында тудырылған мүмкіндік.

     Төлем жасаушыдан келген белгілі кезеңдегі  төлемдік тапсырыстар тізімі;

     Кезең ішінде қордың қате аударылған сомаларды  қайтаруы:

     Қорға жіберілген, бірақ зейнетақы төлеу  жөніндегі мемлекеттік орталық  арқылы өтпеген төлемдік тапсырыстар  тізімі.

     Қор салымшылары үшін келесі қызметтер  көрсетіледі:

  • зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт жасасу;
  • жинақтаушы зейнетақы жүйесі сұрақтары бойынша кеңес беру;
  • интернет жүйесіне қосылған кез-келген компьютер немесе ұялы телефон арқылы зейнетақы есебінің жағдайы туралы on-line режимінде ақпарат алу;
  • несие рәсімдеу үшін салымшының жеке зейнетақы шотының жағдайы туралы анықтама беру;
  • салымшыларға жеке зейнетақы шотының жағдайы туралы электрондық почтальон арқылы хабарлау;
 
 

       

     5-сурет. "Ұлар Үміт" жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ-ның зейнетақылық активтерінің өсу қарқыны, млн. тг 
 

     

     6-сурет. "ҰларҮміт" жинақтаушы қоры АҚ-ның салымшылары санының өсімі. 

     Біз, «Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы  қоры» АҚ (бұдан әрі  - «Қор») 2010 жылғы 31 қаңтардағы жай-күйі бойынша бухгалтерлік баланстан және көрсетілген датада аяқталатын жыл үшін пайда мен шығындар туралы есептен, капиталдағы өзгертулер туралы есептен, және ақшалай қаражат қозғалысынан және  капиталдағы өзгертулер туралы тиісті есептерден және есеп саясатының негізгі ережелерінің қысқаша мазмұнынан және басқа түсініктеме беруші ескертпелерден тұратын Қордың беріліп отырған қаржылық есептілігіне аудит жүргіздік. «Ұлар Үміт» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2009 жылғы 31 қаңтардағы жай-күйі бойынша қаржылық есептілігіне басқа аудитор аудит жүргізілген және 2010 жылғы 18 наурыздағы ол өз есебінде көрсетілген қаржылық есеп беру бойынша сөзсіз оң қорытынды білдірген. 

     Көрсетілген қаржылық есеп берудің Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалуына және шынайы ұсынылуына Қор басшылығы жауап береді. Аталған  жауапкершілік алақол әрекеттердің немесе қателердің салдарынан орын алатын ерекше бұрмалаушылықтарға жол бермейтін, қаржылық есептілікті дайындауға және оны шынайы ұсынуға қажетті ішкі бақылау жүйесін әзірлеуден, енгізуден  және қолдаудан; керекті есеп саясатын таңдаудан және оны қолданысқа енгізуден; тікелей жағдайларға қатысты  қолданылатын негізделген бағамдарды пайдаланудан тұрады.

     39 Қаржылық есеп берудің халықаралық  стандарты (IAS) құнсызданудың анық  айғағы бар болған жағдайда, шығын  сомасы активтердің баланстық  құны мен ақшалай қаражат ағымдарының  күтілетін дисконтированды құнының  арасындағы айырмашылық секілді  бағаланғанын талап етеді. Алайда  бағалы қағаздардың әділ құнын  біздің бағалауымыз негізінде құнсызданудан 1,954,926 мың теңге сомада шығын болды, ол 2010 жылғы 31 қаңтарда аяқталатын жыл ішіндегі таза зейнетақы активтеріндегі өзгертулер туралы есепте танылды.

     Егер  осы құнсыздану 2010 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша бейнеленген болса, онда өтеуге дейін ұсталатын инвестиция және таза зейнетақы активтер 1,954,926 мың теңгеге төмендейді, таза зейнетақы активтеріндегі өзгертулер туралы есепте бейнеленген, өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар бойынша құнсызданудан болған шығын 1,954,926 мың теңгеге ұлғайды, ал таза зейнетақы активтеріндегі өзгерту 1,954,926 мың теңгеге төмендеді.  

Кесте 7 - «Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ2010 жылғы 31 қаңтарда аяқталатын жыл үшін пайда және шығындар туралы есеп

  Ескертпе 2010 жыл 

мың теңге

2009 жыл

мың теңге

Комиссиялық кіріс 4 2,767,970 3,095,222
Пайыздық  кіріс  5 417,496 270,403
Шетел валюталарымен болған операциялар  бойынша таза шығын    
2,691
 
(14)
Сатуға  арналған қолда бар активтермен  болған инвестициядан таза іске асырылған  пайда (шығын)    
 
5
 
 
(1,809)
Басқа кірістер (шығыстар)   7,943       (533)          
    3,196,105 3,363,269
Операциялық шығыстар 6 1,688,981) (1,348,094)
Салық салуға дейінгі пайда   1,507,124 2,015,175
 Табыс  салығы бойынша шығыстар 7 (350,183) (578,915)
Таза  пайда   1,156,941 1,436,260

Информация о работе Зейнетақы қорларының құқықтары