Валюталык багам

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 09:21, реферат

Описание работы

Валюталық жүйенің маңызды элементі – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен;
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қа-зіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.

Работа содержит 1 файл

Валюталық бағам.docx

— 34.90 Кб (Скачать)

БҰҰ-ның Бреттон-Вудстағы (АҚШ) 1944 ж. болған валюталық қаржылық конференциясында дүниежүзілік сауданы  ұйымдастырудың, Валюталық, несиелік және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелері бекітіліп, үшінші валюталық  жүйе дүниеге келді. Конференцияда  қабылданған Халықаралық валюталық  қордың (ХВҚ) жарғысы Бреттон-Вудс валюталық  жүйенің мынадай қағидаларын  анықтады:

алтынға және екі резервтік  валютаға — АҚШ доллары және   фунт  стерлингке   негізделген   алтын девиз стандарты енгізілді;

БреттонВудск келісімі дүниежүзілік валюталық жүйенің негізі ретінде  алтынды пайдаланудың төрт формасын қарастырды:

а) валюталардың алтын құрамы сақталуы;

ә) алтын халықаралық төлем  және резервтік құрал қызметінде қала берді;

б) АҚШ өзінің валюталық экономикалық потенциалының және алтын қорының өсуімен байланысты долларды алтынға теңестіріп, оған басты резервтік валюта мәртебесі талап етілді;

в) осы мақсатта АҚШ қазынашылығы долларды шетелдің орталық банктерінің алтындарына ауыстыра бастады.

• валюталардың бағамдық  шекті  қатынасы мен  олардың алмастырылуы   долларға   бейнеленген   валюталық   құрамы негізінде жүзеге асырылды.

• бірінші рет тарихта халықаралық валюталық несиелік ұйымдар: Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік қайта құру және Даму банкісі (ДКДБ) құрылды.

АЙМАҚТЫҚ В-Қ  ЖҮЙЕСІ

Аймақтық валюта жүйесі –  бір аймақтағы елдердің валюта саласындағы  қатынастарының ұйымдық - экономикалық нысаны. Мысысалы, Еурвопалық валюта жүйесі Европалық одаққа (ЕО) мүше бірқатар елдердің валюта саласындағы қатынастарында бірігу үдерістерін ынталандыруға, ұлттық валюталар бағамының ауытқуын азайтуға және оларды бір - бірімен  байланыстыруға, Европалық одақты бірте-бірте  меншікті валюта - құн құралдарына  негізделген валюталық тұрақтылық аймағына айналдыруға, Европалық одақ елдерінің халықаралық есеп айырысуында  АҚШ долларының рөлін шектеуге, яғни келешекте одаққа кіретін елдердің біртұтас ішкі нарығының валюта - қаржы  өрісін қалыптастыру үшін алғы шарттар  жасауға бағытталған  Аймақтық валюта жүйесі  (ЕВЖ) – дүние жүзілік валюта жүйесінің шеңберінде Батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған  «Жалпы нарықң одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты – ынтымақтастық процесін ынталандыру, еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын – Еуропалық одақ (ЕО) құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің элементтері  дүниежүзілік валюта жүйесінің элементтеріне дәл келеді.

Дүниежүзілік валюта жүйесінің  ерекшеліктері мен тұрақтылығы, оның құрылымдық принциптерінің әлемдік  шаруашылықтың құрылымы принциптеріне, әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына  және басшы елдердің мүддесіне сәйкестік  деңгейімен байланысты өзгереді. Бұл  принциптерге сәйкес немесе дүниежүзілік валюта жүйесі әлсін-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.

ҰЛТТЫҚ В-Қ ЖҮЙЕСІ

Тарихта, ұлттық валюталық  жүйе ең бірінші қалыптаскан.

Ұлттық валюталық жүйе—халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс үдерісіне қажетті  валюталық ресурсты құрайтын және оны  пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.

Ұлттық валюталық жүйе - елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының-және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына  байланысты анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен  тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық  жүйе ХІХ ғасырдың ортасына таман  құрылған.

Ұлттық валюта жүйесі деген  қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын  қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Ұлттық валюта – елдің  ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада(банкнота, монета) және қолма-қол емем формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық  банк және коммерциялық банктер.

Ұлттық валюта жүйесінің  элементтері деп:

- ұлттық валюта;

- ұлттық валютаның шетел  валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі түрлі  болуы болып табылады.

Шетел валютасына шектеусіз  еркін айырбасталатын валюта (АҚШ  доллары, евро, жапон иенасы,  ағылшын  фунт стерлингі);

Жарым-жартылай айырбасталатын валюта (ресейлік рубль, т.б.);

Айырбасталмайтын валюта (тұйық) валюта;

В-Қ ҚАТ-Ы РЕТТЕУ САЯСАТЫ

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық  Валюталық қатынастарды реттеу екі  түрде жүзеге асырылады:

• мемлекет тарапынан реттеу; 

• нарықтық реттеу. 

Валюталық қатынастарды мемлекет тарапынан реттеу негізінен Ұлттық Банк арқылы жүзеге асырылады. 

Сонымен қатар валюталық  саясатты іске асыруда ҚР-ның Ұлттық банкінің атқаратын шараларының  орны ерекше болып табылады. Ұлттық банк валюта-қаржы қатынастарын реттеп отыратын бірден-бір мемлекеттік  ұйым болып табылады.

Ұлттық Банктiң негiзгi мiдеттерi – ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға:

• Ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;

• Ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;

• Несие берушiлер мен салымшылардың , сондай-ақ шетел валютасын сатып алу – сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi.  

Ұлттық Банк Қазақстан  Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының  барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;

1) қызметiнiң бiрден-бiр  түрi шетел валютасымен айырбас  операцияларын ұйымдастыру болып  табылатын заңды тұлғаларға валюталық  операциялар жүргiзуге, қолма-қол  шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;

2) банк операцияларының  жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын  ұйымдарға: банкноттарды, монеталар  мен құндылықтарды инкассациялауға;  банкаралық клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға  лицензиялар бередi;

Валюталық реттеу және валюталық  бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi:

1) Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;

2) Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;

3) Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;

4) Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау,

Валюталық саясат — бұл  елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық  және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар  жиынтығы.

Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары: тұрақты  экономикалық есуді қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның  өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-теңдікті ұстап отыруға бағытталады.

Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы валюталық  реттеу болып табылады.

Тікелей валюталық  реттеу — заңды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет ету жолымен іске асса, ал жанама валюталық реттеу — нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына экономикалық, валюталық және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.

Мемлекетаралық Валюталық  реттеу ұйымы — Халықаралық Валюталық  қор (ХВҚ) болып табылады.

Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына  байланысты екіге бөлінеді:

- құрылымдық валюталық саясат; 

- ағымдық валюталық саясат. 

Құрылымдық валюталық  саясат — дүниежүзілік валюталық жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталатын ұзақ мерзімді шаралар жиынтығы.

Ағымдық валюталық  саясат — валюталық бағамды, валюталық операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрде реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.

Валюталық саясаттың  мынадай формалары қолданылады:

      1) Дисконттық валюталық саясат. 

     2) Девиздік  валюталық саясат.

Дисконттық (есепке алу) саясаты — бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер дииамикасын, ащша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктін есепке алу мөлшерін өзгертуі.

Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі, егер де төлем балансын жаңсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса, оның экономика үшін теріс әсері  болады. Ал оның темендеуі төлем  балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртқа ағылуына  жол береді.

Девиздік саясат — мемлекеттік ұйымдардың немесе орталық банктің шетел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі.

Девальвация мен ревальвация  — валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне жатады.

Девальвация — ұлттық валютаның бағамын шетел валюталарына қатынасы бойынша төмендету.

Ревальвация — ұлттық валюта бағамын шетел валюталарына қатынасы бойынша жоғарлату. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің валюта саясаты

Елдің алтын валюта резервтерін  басқару басқа орталық банктердегі  сияқты ҚР Ұлттық Банкінің де негізгі  функцияларының бірі болып табылады. 2007 жылдың аяғында алтынвалюта резервтерінің  жалпы нарықтық құны 17 391 млн. АҚШ долларына жуық құрады.

90-шы жылдардың басында  КСРО ыдырағаннан және 1991 жылдың  аяғында Қазақстан тәуелсіздік  алғаннан кейін және елдің   алтынвалюта активтерін қалыптастыру  мен басқару қажеттілігіне байланысты  Ұлттық Банктің резервтерін бірінші  басқару тәжірибесі алынды.

Елдің алтынвалюта резервтерін  басқаруды шартты түрде екі кезеңге  бөлуге болады:

- басқарудың ерте кезеңі, 1993-2000 жж. аралығындағы кезеңде елдің  алтынвалюта резервтерін басқару;

-  басқарудың қазіргі  заманғы кезеңі, 2000 жылдан бастап  қазіргі уақыт аралығындағы елдің  алтынвалюта резервтерін басқару.

1993-2000 жж. аралығындағы кезеңде  елдің алтынвалюта резервтері  қалыптасу үрдісін бастан кешірді. 1993-2000 жж. аралығындағы кезеңде алтынвалюта  резервтерінің көлемі  1993 жылдың  аяғындағы 712,00 млн. АҚШ долларынан 2000 жылдың аяғында 

2 097,00 млн. АҚШ долларына  дейін, 1 385,00 млн. АҚШ долларына  өсті.

  Ұлттық Банк 2007 жылдың  екінші тоқсанынан бастап бүгінгі  күнге дейін әлемдік дағдарыс  проблемасымен бетпе-бет келді.  Алайда, портфельдердегі корпоративтік  бағалы қағаздарды, жылжымайтын  мүлік және активтер кепілге  берілген бағалы қағаздарды уақтылы  іске асыра отырып және құрылымдық  өнімдердің үлесін біршама төмендете  отырып, осылайша  консервативтік  анағұрлым тәуекелсіз ұстанымды  ұстанған Ұлттық Банк алтынвалюта  резервтері активтерінің құнын  тек жоғалтпаумен қатар, 2007 жылдың  қорытындысы бойынша  біршама  оң нәтижелер көрсетті. Мәселен,  АҚШ долларында есептелген АВА   инвестициялық  портфелінің кірістілігі  2007 жылдың аяғында 10,95%, абсолюттік  кірістіліктің жылдық көрсеткіштегі  портфель кірістілігі 6,26% құрады. Сондай-ақ, Ұлттық Банк әлемдік  қаржы нарығында болуы мүмкін  ықтимал теріс өзгерістерді күте  отырып 2006 жылдың аяғында алтынды   біршама сатып алған болатын,  бұл 2007 жыл бойы осы металл  бағасының қарқынды өсуі  есебінен  алтын  портфелінің өсуіне  әкелді. Оған қоса, әлемдік және  ішкі қаржы нарығындағы ахуалдың  тұрақсыз болуы жағдайында АВА  активтері өтімділігінің жоғары  деңгейін қолдау үшін өтімділік  портфелінің көлемі біршама ұлғайды  және оның құрамына  анағұрлым  өтімді құралдар кірді. Осылайша, Ұлттық Банк әлемдік қаржы  нарығының конъюнктурасындағы өзгерістерге  дер кезінде және тиімді жауап  қайтарады және әлемдік дағдарысқа  қарсы тұру  жөнінде  шараларды  жүзеге асырады.

Валюталық саясат — бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары: тұрақты  экономикалық есуді қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның  өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-теңдікті ұстап отыруға бағытталады.

Информация о работе Валюталык багам