Валюталык багам

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 09:21, реферат

Описание работы

Валюталық жүйенің маңызды элементі – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен;
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қа-зіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.

Работа содержит 1 файл

Валюталық бағам.docx

— 34.90 Кб (Скачать)

ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ, Валюталық жүйенің маңызды элементі – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен;

Валюталық бағамның дамуы  жай тауар өндірісінен қа-зіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.

 Монометаллизм тұсында  – алтын немесе күміс –  валю-талық бағамның базасы монеталық  (алтындық) паритет болып табылды,  яғни ол, әр түрлі елдердің ақша бірлік-терінің олардың металдық құрамына байланысты арақаты-насын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келеді. Алтын монометаллизмі тұсында валютаның бағамы алтъш паритетіне сүйенді (валюталардың шекті қатынасы олардың ресми алтындық құрамына байланысты) және стихиялы түрде алтын нүктелерінің шегінде оның айналасында ауытқып отырды. Алтын нүктелерінің классикалық механизмі тек екі жағдайда жүзеге асты: алтынды еркін түрде сатып алу-сату және сыртқа шығару. Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.

Жалпы алғанда валюталық  бағамның козғалысының бағыттарын анықтайтын факторларды үш топқа бөлуге болады фундаментальды, техникалық, қысқа мерзімді күтпеген факторлар.

 Фундаментальды факторлар орта мерзімде әрекет ететін ұлттық экономиканың жағдайының негізгі макроэкономи-калық көрсеткіштері болып табылады. Әдетте олар, ұлттық статистикалық органдармен жарияланатын макроэконо-микалык статистиканың мәліметтерін білдіреді. Мынадай негізгі факторлар бар: сатып алу қабілетінің паритеті бойынша валюталық бағам, жалпы ұлттық өнім, нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, инфляция, төлем балансы, өнеркәсіптік өндіріс индексі, іскерлік оптимизм индексі.

 Техникалық талдау  – бұл бағамды жүргізу графигін (чарт) талдауды сипаттайды. График-чарттардың келесідей типтерін ажырата білу керек: сызықты, кесінді графиктері, жапон шамдарының «крестиктер-ноликтер» графигі. Валю-талық бағамның қозғалысы толқынға ұқсас болып келеді және онда бір жерде жоғарласа, екінші бір жерде төмендеу байқалады.

 Қысқа мерзімді күтпеген факторлар валюталық бағам динамикасына маңызды түзетулер енгізуі мүмкін. Оларға мыналар жатады: төтенше оқиғалар (форс-мажор) оқиғалар, саяси оқиғалар, саяси лидерлердің сөздері, валюталық инвестиция.

ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ— ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.

Валюталық жүйелер  үш түрге бөлінеді:

o Ұлттық валюталық  жүйе.

o Дүниежүзілік  валюталық  жүйе.

o Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Ұлттық валюталық жүйе — халықаралық төлем айналымын  жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.Ұлттық валюталық жүйе — елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады. Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік Валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік Валюталық жүйе XІX ғасырдың ортасына таман құрылған.

Дүниежүзілік валюталық  жүйе — бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен Валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды.

Валюталық жүйенің  дамуының төрт кезеңі бар:

бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе - өнеркәсіптік ревалюциядан кейін алтын монометализм базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867 жылы Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады.

екінші дүниежүзілік  валюталық  жүйе – 1922 жылы Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз  сатндарты базасында қызмет етті. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді,  бірақ доллар мен фунт – стерлинг жетекшілік танытты.

үшінші дүниежүзілік валюталық  жүйе – 1934 жылы Бреттон – Вудс қаласындағы (АҚШ) валюта – қаржы конфеенциясында рәсімделді. Оғын 44 ел мүше болды. ХВҚ жарғысы бекітіліп,  онда дүниежүзілік валюталық жүйе қағидалары бекітілді: Алтынға және екі резервтік валютаға (АҚШ доллары және Ағылшын фунт – стерлингі) негізделеген мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың жүйесі  бекітілді. Бұл жерде алтын девиз стандарты халықаралық қатынастарды сақтауталып,  ал ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік ақшаларға негізделді.

төртінші дүниежүзілік валюталық  жүйе – қағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976 – 78 жылдары халықаралық валюталық  қорға  мүше елдердің келісімімен  рәсімделді. Онда ХВҚ жарғысына түзетулер енгізілді

ХА В. ҚАТЫНАСТАР

Халықаралық валюталық  қатынастар-валютаның әлемдік шаруашылықта ұлттық шаруашылықтардың қызмет нәтижелерін айырбастау мақсатында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Халықаралық валюталық қатынастардың  қалыптасуына өндіргіш күштердің өсуі, әлемдік рыноктың қалыптасуы, халықаралық  еңбек бөлінісінің тереңдеуі,  әлемдік шаруашылық ету жүйесінің  қалыптасуы, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы және басқа да осы  тектес жайттар себепші болды.

Халықаралық валюта қатынастары  – дегеніміз дүниежүзілік шаруашылықта орын алатын валюталық іс-әрекеттермен кезінде  қалыптасатын және ұлттық шаруашылықтар қызметі нәтижелерінің  өзара айырбасын жүзеге асыратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Валюталық  қатынастардың жекелеген элементтері  вексельдік және айырбастау әрекеттері түрінде ежелгі Греция мен Римде  орын алғандығы тарихтан белгілі. Валюталық  қатынастар дамуының келесі кезеңі орта ғасырлық Лион, Антвериен қалаларындағы  «вексельдік жәрмеңкелерң болып  табылады. Капиталистік өндіріс әдістері қалыптаса бастаған кезеңдерінде халықаралық  есептеу жүйесі банктер арқылы дами бастады.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК  В. ЖҮЙЕ

Валюталық жүйелердің даму заңдылықтары ұдайы өндіріс белгілеріне байланысты анықтала отырып, ұлттық және әлемдік шаруашылықтың негізгі даму кезеңдерін көрсетеді. Бұл белгілер дүниежүзілік валюталық жүйе қағидаларының әлемдік шаруашылық құрылымдарындағы өзгерістермен сәйкес келмеген жағдайларда туындайды. Соған байланысты әлемдік валюталық жүйенің құлдырауы басталады.

Дүниежүзілік валюталық  жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық қагидаларының әрекеті  бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар  орын алады.

Дүниежүзілік валюталық  жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып  және оның орнына Валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйемен ауысуына әкеледі.

Жаңа дүниежүзілік Валюталық жүйені құру үш басты кезеңде жүргізіледі:

кезең — жаңа жүйенің қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың  түзілуін,   анықталуын   қамтиды, мұнда   бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.

кезең —  жаңа жүйенің қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, біртіндеп іске қосылады.

кезең — толық қызмет ететін жаңа дүниежүзілік жүйе құрылады.

Дүниежүзілік Валюталық  жүйенің мынадай эволюциялары белгілі:

1. Париждін, валюталық жүйесі (1867 ж.)

2. Генуэз валюталық жүйесі (1922 ж.)

3. Бреттонвудс валюталық  жүйесі (1944 ж.)

4. Ямайск валюталық жүйесі (1976 ж.)

5. Еуропалық валюталық  жүйе (1979 ж.) 

ВАЛЮТАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ

Валюталық құқық  айтарлықтай дербес құқықтық құрылым ретінде ұлттық валюталық жүйе мен валюталық рыноктың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ валюталық құндылықтармен іске асырылатын валюталық операциялар, халықаралық валюталық төлемдер мен аударымдар және тікелей инвестициялық қызмет барысында туындайтын қатынастарды реттейтін   құқықтық нормалардың жиынтығынан тұрады.

Демек валюталық құқық  саны жағынан аса көп құқықтық нормалардан тұратын, айтарлықтай күрделі құқықтық құрылым болып табылады. Осы орайда әлі де болса жүйелендірілмеген әрі тәртіптендірілмеген валюталық құкық нормаларын іштей құрылымдау арқылы белгілі бір жүйе түрінде қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Валюталық құқықты іштей құрылымдау процесі объективті процесс болып табылады. Өйткені зерделеу нысаны валюталық құқықтың өзі ұдайы даму үстінде болғандықтан, оның қарқыны (динамикасы) аталмыш құқықтық құрылымның кеңею және күрделілену жолында екенін көрсетеді, сондай-ақ валюталық заңнаманың және заңға тәуелді валюталық құқықтық актілердің көптігі және белгілі бір көлемде тәртіптелінбегені оның жүйесін танып-білуді қиындата түседі. Валюталық құқық жүйесін құру ерекшеліктері мен өлшемдері оны дербес институт ретінде бөліп шығаруды негіздейді. Валюталық құқық осы орайда, құқықтық құрылым сипатында ерекшеленеді және оның өзіне тән жүйесі болалы .Валюталық құқық жүйесінің нақтылы валюталық қатынас түрлеріне (топтамаларына) сай құрылуы валюталық заңнама сапасына, оны әзірлеу және қабылдау негізіндегі ғылыми тұжырымдарға байланысты болады деп есептейміз. Объективті валюталық қатынастарға орай топтастырылған валюталық-құқықтық институттар мемлекеттің ішкі және сыртқы валюталық саясатын дұрыс іске асыруға зор септігін тигізеді. Осы валюталық-құқықтық институттар негізінде ұйымдастыру және материалдық сипатты-мазмұнды валюталық қаржылық  қатынастардың топтамалары  жатады.

1ШІІ ВАЛ. ЖҮЙЕ, ПАРИЖ В-Қ ЖҮЙЕСІ 

Бірінші дүние жүзілік  Валюталық жүйе стихиялы түрде XІX ғасырда  өнеркәсіптік революциядан кейін алтын  монета стандарты формасында, яғни алтын монометаллизмі негізінде  қалыптасты. Ол заңды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1867 ж. Париж конференциясында бекітілді және осы конференцияда  алтын әлемдік ақшалардың бір  ғана формасы ретінде танылды, яғни алтын ақшаның барлық қызметін бірдей атқарды.

Париж Валюталық жүйесі мынадай  құрылымдық қағидаларға негізделеді:

- оның негізі алтын  монета стандарты болып табылады;

-әр валютаның өзіндік   алтынға   шаққандағы  құрамы белгіленеді (Ұлыбритания — 1816 ж., АҚШ — 1837 ж., Германия — 1875 ж., Франция — 1878 ж., Ресей 1895 ж. белгіледі). Алтын құрамына сәйкес валюталардың алтындық паритеті бекітілді. Валюталар алтынға еркін алмастырылды. Алтын дүниежүзілік ақша ретінде пайдаланылды;

- нарықтың сұраныс пен  ұсынысты ескере отырып, валюталардың  еркін өзгермелі бағамдарының режимі қалыптасты.

Алтын монета стандартының тиімді қызмет ету уақыты бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болды. Кейіннен оның құлдырауына төлем балансындағы тапшылық одан сайын әсер етіп, алтын монета стандарты өз құнын жоғалтты. Сөйтіп, ол ақша және валюта жүйесі ретінде қызметін толық тоқтатты.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесіндегі дағдарыстан кейін алтынға және жетекші валюталарға негізделген алтын девиз стандарты бекітілді.

Халықаралық есеп айырысуларға арналған шетел валютасындағы төлем  құралдарын девиздер деп атады.

2ШІ Д.Ж. В-Қ  ЖҮЙЕ, ГЕНУЭЗ В. Ж-І

Екінші дүниежүзілік валюталық  жүйеге заңды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1922 ж. Генуэз халықаралық  экономикалық конференциясында қол  жеткізілді.

Генуэз Валюталық жүйесі мынадай қағидаларда қызмет етті: оның негізі болып алтын және девиздер, яғни шетел валюталары саналды.  Бұл кезеңде 30 елдің Ақша жүйесі алтын девиздік стандартқа негізделді. Ұлттық несиелік Ақшалар халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қолданылды.Бірақ та соғыс аралығында резервтік валюта ретінде ешбір валютаға мәртебе берілмесе де, фунт стерлинг пен АҚШ доллары бұл аумақта жетекші қызметте жүрді; алтын валюталардың құрамы сақталды;

еркін Валюталық бағам  режимі қайта қалпына келтірілді; валюталық реттеу, Валюталық саясат халықаралық конференциялар, мәжілістер формасында жүзеге асырылды.

1922 — 1928 жылдарға дейінгі  валюталық тұрақтылық сақталды. Сондай-ақ  бұл жүйенің де тұрақсыздығына  мыналар себеп болған:

Алтын монеталық стандарт орнына, ақша және валюта жүйесінде, алтын  монометаллизмінің қысқарған формалары  енгізілуі;

Валюталарды тұрақтандырудың  бірнеше жылға созылуы;

Валюталардың тұрақтандыру әдісі, олардың кейбір елдерде девальвация  түрінде жүрсе,   кей елдерде  ревальвация түрінде жүргізіліп, кейбір валюталардың (фунт стерлинг сияқты) соғысқа дейінгі алтындық құрамы қайта  қалпына келтірілді;

Валюталардың   тұрақтылығы  шетел   несиелерінің көмегімен  жүзеге асырылды.

Бұл валюталық тұрақтылық та 30 жылдардағы дүниежүзілік дағдарыстың  әсерінен қүлдырады. 1929 — 1936 жж. дүниежүзілік валюталық дағдарыстың басты  ерекшеліктері мынадай:

o циклдік  сипат:  Валюталық  дағдарыс  дүниежүзілік экономикалық және Ақша-несие дағдарысымен байланысты болды;

o құрылымдық сипат: дүниежүзілік валюталық жүйенің алтындевиздік стандарт қағидасы құлдырауға үшырады;

o ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзіне дейін болуы;

o 30 жылдардағы дағдарыс нәтижесінде Генуэз валюталық жүйесі өзінің қатысты икемділігі мен тұрақтылығын жоғалтып алды. Сөйтіп барлық елдің валюталары тұрақсыздыққа ұшырады.

Одан кейін жалғасқан  екінші дүниежүзілік соғыс Генуэз Валюталық  жүйесінің дағдарысын тереңдете  түсіп, соғыс жылдарында 1943 ж. жаңа дүниежүзілік үшінші валюталық жүйенің жобасы жасалды.

Информация о работе Валюталык багам