Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:16, курсовая работа

Описание работы

Бір ұлттың валютасын екінші елдікімен айырбастау қажеттігі халықаралық келісімдерді (валюталық, есептесу және кредиттік - қаржылық операциялар мен сауда) жүзеге асырғанда туындайды, және ол олардың арасында нақты сатып алушылық қабілетін байқататын қатынастың орнығуын талап етеді. Валюта нарығындағы ұлттық валюталардың сандық өлшемі сұраныстар мен ұсыныстардың қаншалықты әсер ететіндігіне байланысты, оған төлем балансы, инфляция деңгейі, пайыздық өсімнің деңгейі, валюталық сауда - саттық, валюта саясаты, ұлттық валютаның конвертирленуі және басқа жәйттер сияқты түрліше факторлар ықпалын тигізеді.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................2
I Бөлім. Шет мемлекет және ұлттық валюта түсінігі.Валюта айналысы.....................................................................................................3
II Бөлім. Валюта нарығы............................................................................5
III Бөлім. Валюталық курс(бағам).............................................................10
IV Бөлім. Валюталық жүйе және оның түрлері........................................13
Дүниежүзілік валюталық жүйелер эволюциясы.......................................15
V Бөлім. Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат.............21
Қорытынды...................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................29

Работа содержит 1 файл

Курсоваявалюта.docx

— 64.23 Кб (Скачать)

Валюталық шектеу валюталық заңдылықтармен бекітіледі.

Валюталықшектеудің  мақсаттары келесідей:

  • төлем балансын теңестіру;
  • валюталық бағамды қолдау;
  • ағымдағы және стратегиялық міндеттерді шешу үшін мемлекеттің қолында валюталық бағалылықтардың шоғырлануы.

Валюталық шектеу келесідей қағидаларға сүйенеді:

  • Валюталық операцияларды орталық және өкілетгі (девиздік) банктерде орталықтандырылуы;
  • Валюталық операция жасау ушін рұқсат қағазының (лицензия) берілуі;
  • Валюталық шоттарды толық немесе жартылай жабу;
  • Валюталардың қайтарымдылығын шектеу;
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                              ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта  келгенде, ваюталық  жүйе дегенiмiз - ұлттық  заңдылықтарымен немесе  мемлекет  аралық  келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды  ұйымдастыру және  реттеу  формасын  бiлдiредi .

   Валюталық жүйелер 3  түрге   бөлiнедi:

Ұлттық  валюталық  жүйе;

Дүниежүзлiк  валюталық  жүйе;

Аймақтық  немесе  мемлекет  аралық  валюталық  жүйе 

     Валюталық рыноктарда  валюталық   операциялады  жүргiзуге  халықаралық   сауда  мен  оған  байланысты  көрсетiлген  қызметтер  және  халықаралық  капиталдар  мен   несиелер  қозғалысы  негiз   болып  табылады.

     Валюталық  бағам дегенiмiз   –  бұл  бiр  елдiң   ақша  бiрлiгiнiң  басқа  бiр  елдiң ақша бiрлiктерiне  бейнеленген   бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын  салыстыру  оларды өндiрiс   және  айырбас  процесiнде   пайда  болатын  обьективтi  құндық  қатынастарына  негiзделедi. Валюталық  бағамы  валюталарға   сұраныс  пен  ұсынысқа ықпал   етушi  көптеген  факторларға   байланысты  өзгередi. 

     Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда,  капиталдар мен несиелердiң қозғалысы  кезiнде, дүниежүзiлiк және ұлттық  рыноктардың бағаларын, сонымен  бiрге әр алуан елдердiң ұлттық  немесешетелдiк валюталарға шаққандағы  құндық көрсеткiштердi салыстыраған  уақытта валюталық бағам аса  қажет.

     Ұлттық  валюта жүйесi дүниежүзiлiк  валюта жүйесiнiң құрылымдық принциптерiне  сәйкес қалыптасты. Ұлттық валюта  жүйесiнiң негiзiн осы мемлекеттiң  заңымен бекiтiлген ақша бiрлiгi  құрайды. Қазақстанның ұлттық  валютасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы “Қазақстан ұлттық  валютасын енгiзу туралы” жарлығы  негiзiнде 1993 жылдың 15 қарашасынан  бастап айналымға теңге енгiзiлдi.

     Қазақстанның  дүниежзiлiк шаруашылыққа  интеграциялануға ұмтылысы оның  халықаралық валюта-қаржы  және  несие қатынастарына белсендi  түрде қатысуын талап етедi. Елiмiздiң  бүгiнгi таңдағы негiзгi валюталық  саясаты теңге құнының тұрақтылығын  орнықтыру және оны еркiн ауысатын  валюталарға айырбастауды мейлiнше  ырықтандыру. 

     Қазақстан  1992  жылдың  шiлдесiнде   Халықаралық  валюталық қорға   мүше  болып  кiргеннен  бастап  өзiнiң   валюта  қатынастарын  “Ямаика” валюта  жүйесiнiң   құрылымдық  қағидаларымен  қордың  жарғысына  сәйкес  қалыптастыруда. Валюта  қатыныастарын  ұйымдастырушы   үшiн  1993   жылдың 14  сәуiрiнде   “Валюталық  реттеу  туралы”  ҚР-ның алғашқы  заңы  қабылданды. Ол  кезде  Қазақстан  Кеңес  экономикасы аймағында  болғандықтан  шетелдермен  жеке  валюталық   байланыстар  жоқтың  қасында   болатын. Қабылданған  заң   бойынша валютаны ырқына  жiберу  деңгейiне  сәйкес  келiп  кейбiр  жағдайларға  байланысты  дамып   келе  жатқан  валюта  қатынастарына   тiптi  қарама-қайшы  сипатта   болды. 1996  жылы  24  желтоқсанда   Қазақстанда  “Валюталық  реттеу  туралы”  жаңадан  заң   қабылданды.  

     Жалпы валюталық қатынастардың  дамуы  елiмiздiң экономикалық  тұрақтылығын, әлемдiк экономикадағы  ұлттық экономикамыздың орнын  көрсетедi.

     Елiмiзде  ұлттық валюта жүйесі   1993 жылы 15 қарашадан бастап “ұлттық  валютамыз  теңгенiң” айналысқа  енгiзiлген күннен  бастап қызмет  етуде.  Бүгiнгi таңда  теңгемiз  халықаралық экономикада  ашық  айналысқа шығып,  елiмiзде жүргiзiлiп  жатқан қаржы шаралары өзiнiң  оң  жемiсiн берiп үлгердi. Оған  дәлел ретiнде бүгiнде елiмiз  ТМД елдерi iшiнде елдiң қаржы  секторы ең жақсы дамыған және  тиiмдi қызмет етiп отырған сала  болып табылады.

     Қазақстан Республикасында 1999 жылы  еркін құбылатын айырбас бағамының  енгізілуі принцип бойынша валюталық  бағам деңгейін еркін нарық  жағдайында анықтайтынын білдіреді.  Яғни, еркін құбылатын айырбас  бағамның енуі валюталық бағам  сұраныс пен ұсыныстың нақты  арақатынасын қамтып көрсетуге  тиіс. Бір сөзбен айтқанда валюта  бағамы нарықтық заңдармен реттеліп, оның бағамдық өзгерістері анықталады. Бүгінгі таңда осы жүргізілген  валюталық реформаларға сәйкес  ұлттық валютамыз тұрақтанып, шетелдік  валютаға қарағанда ( АҚШ доллары)  соңғы уақыттарда құнының артуы  байқалады. Әрине бұл үлкен  жетістік деп те айтсақ артық  болмас.

     Қазақстан Республикасында қазiрдiң  өзiнде  теңгенiң ел iшiнде еркiн  ауысуына iс жүзiнде қол жеткiзiп  отырмыз. Жоғарыда атап өткендей  соңғы жылдары  теңге құнының   халықаралық резервтік валюталар  бойынша тұрақты сақталып, Қазақстанның  экономикалық тиімді өсуіне септігін  тигізіп отыр. 
 

                       ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулык. — Алматы: Жеті жарғы, 2011.
  2. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006.
  3. Бұхарбаев Ш.М. “Валюталық бағамның және оның атқарылуы тәртiптерiнiң елдiң сыртқы экономикалық қызметiне әсерi” // Банки Казахстана. №1.- 2007 ж.
  4. С.Б. Мақыш , Оқу құралы /  “Ақша айналысы және несие” – Алматы,    Қазақ университетi, - 2000ж.
  5. Ақша,  несие,  банктер:  Оқулық /  Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика,  2001, - 466 б.
  6. Баян Көшенова, Оқу құралы  / Ақша,  несие,  банктер,  валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
  7. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р  –ның  заңы   //   24.12.1996.
  8. Экономическая теория./ А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Санк-Петербург 2001г.
  9. Деньги,  кредит,  банки:   Учебник  /  Под. Ред.  О.И Ловрушина,  Изд. 2-е,  - Москва: 1999г
  10. “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

Информация о работе Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат