Қолданылған әдебиеттер

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:12, курсовая работа

Описание работы

Елiмiмiз өз егеменгiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанмен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясаты жатады.
Экономиканы ақшалай-несиелі реттеуді қаржы саласының басты секторы банк жүйесі іске асырады.

Содержание

КIРIСПЕ………………………………………………………………………….….3



I. БАНК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ………………………………………...5

Банк ұғымы және оның пайда болу тарихы………………………5
Банк түрлерi және олардың қызмет ету ерекшелiктерi………..10



II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ…………………….18

Ұлттық банктiң экономикадағы рөлi және жүргiзетiн
саясаттары………………………………………………………………… 18
Коммерциялық банктердiң қаржы делдалы ретiнде экономикадағы рөлi мен негiзгi операциялары…………………23




ҚОРЫТЫНДЫ………………………………….……………………………30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................32

Работа содержит 1 файл

БАНК 31.doc

— 307.00 Кб (Скачать)

Соңғы жылдары екінші децгейдегі банктердің несиелеу үлесі артуда, оған әсер етіп отырғаи негізгі себеп ол Ұлттық банктің банктің проценттік пайызыиа ставкасының түсуімен байланысты болып отыр.

Әсіресе инвестиция тарту арқылы ұлттық экопомиканы  дамыту, оның ішінде шетел инвестициясын тартудың тиімділігі туралы іс шаралар кең көлемде жүргілуде.

Жалпы айта келе еліміздегі екі деңгейлі банктік жүйенің құрылымы және оның жүргізіп отырған саясаттары ТМД слдері ішіндегі ең көрнекісі болып отыр. Осы банктік жүйенің дамуы, инфляцияның төмендеуі, кәсіпкерліктің дамуы арқылы елімізде 1996 жылдан бері экономикалык өсу көрсеткіші көрінуде. Яғни банк жүйесі ең дұрыс ұйымдастырылған жүйе десек те артық болмас еді.

Қазақстан Республикасының  активтік банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:

    1. Несиелік операцпялар;
    2. Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
    3. Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);
    4. Кассалық операциялар;
    5. Делдалдық-комиссиондық операциялар.

Банктің активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізіиде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды.

Банктік несие — бұл банктік мекемелерден карыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді. Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банкгік несие бойынша несиелік қатынастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немссе бизнеспеи шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келгеи заңды ұғым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты пайыз түрінде табыс алу.

Экономика саласындағы екінші деңгейдегі банктердің кредит салымдары 2005 жылы қыркүйек айында 1974,7 млрд. теңгені құрады. Мұның ішіидегі 1000,2 млрд. теңге ұлттық валютада, ал қалған 974,5 млрд. теңге шетел валюталарында орын алды. Сонымен қатар экономикада ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелердің өсімі бірдей орын алуда. Ұзақ мерзімді несиелердің құрамы 1329,6 млрд. теңгені, ал қысқа мерзімді несиелердің мөлшері 645 млрд. теңгеге өсті. Елдегі несие қатынастарының өсуі, әсіресе ұзақ мерзімді несиелер экономиканың шикізат өндіріс саласында, ипотекалық-құрылыстағы несиелерді және ірі көлемдегі коммерциялық қызметтер негізінде орын алуда. Ал қысқа мерзімді несиелер (микрокредиттер) халык тұтынатын өнімдерді несиелеу, шағын бизнесті несиелеуде және кепілдік заттар беру аркылы кысқа мерзімді қарыз ақша тартуда көрініс табуда. Сонымеи катар банктер арқылы шағын бизнеске берілген несиенің үлесі 339,5 млрд. теңгеге жетті.

Банктің инвестициялық операциялары - несиелік операциялардан кейінгі орында тұрады. Бұл операциялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы қалыптасады. Бағалы қағаздар портфеліи қалыптастырудың мақсаттарына банкке табыс әкелу және өтімді активтер қатарыи толыктыру.

Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

    • Мемлекеттік бағылы қағаздар;
    • Корпоративтік бағалы қағаздар.

Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық  операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатыи табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.

Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерініи бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруы дамып келе жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:

    • Акциялар;
    • Облигациялар;
    • Депозиттік және жинақ сертификаттары;
    • Ипотекалық куәліктер;
    • Депозитарлык колхаттар.

Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық  операцнялар дың негізгі бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі.

Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.

Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі іс құрал-жабдыктарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өидіріске және сауда саттыкқа арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгенрге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Лизингтің иесиеден айырмашылығы келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объекгісінің лизинг берушінің банктік меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Лизингтік қатынастардың дамуы инвестициялық  процестің кең көлемде көріиіс табуына жол ашады және қолайлы инвестициялық климат қалыптастырады.

Лизингтің артықшылыктары мен кемшіліктері келесідей.

Лизингтің қарапайым  несиедеи келесідей артықшылықтары бар:

  • Лизинг   кемегімен   кепілге   беретін   мүлкі   жок   ұсақ   кәсіпорындарды 
    несиелеуге болады;
  • Лизинг   100%-ға  дейін   несиелеуді  ұсынады,   яғни   кәсіпорындарға   кысқа мерзім   ішінде  өзінің  меншікті капиталын жұмсамай-ак, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
  • Кәсіпорынға мүлікті  несиеге сатып  алғаннан,  лизинг бойынша  алған 
    қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады;
  • Құрал-жабдықтың     лизинг     берушінің     мешігіие     салатындығына 
    байлаиысты, өнімнің құнын лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке 
    салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинғ алушы 
    салықтық жеңілдіктер алады.

         Қазақстан  Республикасындағы лизингтік қатынастардың  дамуы 2000 жылдай бастап қарқынды  түрде дами бастады. Басты лизингтік  қызметтердің үлесі «Казагрофинанс» лизингтік компаниясының үлесіне тиді. Ол компания ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында құрылған 100%-дық мемлекеттік компания болып табылады. Еліміздің коммерциялық банктері лизингтік операцияларды жекелеген лизинг компаниялары аркылы іске асырып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда 20-дан астам лизингтік компаниялар бар, ал олардың 8-і жергілікті банктердің еншілес компаниялары болып табылады. Олардың осы нарықтағы үлесі 50%-дан артып отыр.

Коммерциялык  баиктердің келесі операциясына кассалық операциялар жатады. Кассалық операция - бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сорттау, орау және сақтаумен байланысты операцияны білдіреді.

         Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни  клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу үшін банктерде мынадай бөлімшелер болуға тиіс:

  • кіріс кассасы;
  • шығыс кассасы;

              •   кіріс-шығыс кассалары;

  • қайта санау кассасы;
  • кешкі касса;
  • сыртқа шығатын касса.

         Банк кассасына клиентерден қолма-қол ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық және корреспонденттік шоттар бойынша есепке алу мынадай кіріс кассалық құжаттар көмегімен жүргізіледі:

  1. колма-қол ақшаны салатындығыиың хабарламасы;
  2. кіріс кассалық ордер бойынша.

          Кассадағы қолма-қол ақшаны өткізу үшін клиент кіріс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткізілетін банкнота мен монеталардың тізімін жасап, онда олардың номиналдарың санын, сондай-ақ банкноталар мен монеталардың сомасын санмен және жазбаша түрде керсетеді.

Қолма-кол ақшаны қабылдап алғаннан кейін, кассир қабылдаған соманы, кіріс кассалық қүжатындағы  сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда кассир кіріс кассалық құжатқа  қолын қойып, түбіртекке "Кіріс  кассасы" деген мөр басып, оны  ақшаны тапсырушыға береді.

Банк клиентінің ағымдық және корреспонденттік шотынан  қолма-қол ақшаны беру мынадай құжаттар арқылы жүзеге асырылады:

  1. ақшалай чекпен;
  2. шығыс кассалық ордермен.

Банк клиенті  қолма-қол ақша алуға арналған кассалық кұжаттарын операциондық жұмыскерге береді, ол құжаттарға қажетті тексерулср жүргізіп, оларды бақылаушы-бухгалтерлерге береді, сөйтіп шығыс кассалық ордерінде көрсетілген қолма-қол акша сомасы шығыс жөніндегі кассалық журналда есепке алынады.

Шығыс құжатын  алған бақылаушы-бухгалтер мынадай жұмыстарды жүргізуге міндетті:

  1. қолма-қол ақшаны беруге құқығы бар банктің жауапты тұлғаларының 
    қолдарының барлығын тексеріп, оны қол қою үлгісімеи салыстыруға:
  2. құжатта көрсетілген соманың саны мен жазба түрдегісін салыстыруға;
  3. клиентттің  лауазымды   тұлғаларының   шығые   құжатында   қолдарының болуын   тексеру   және   оларды   үлгіде   қойылған    қолдарымен өзара салыстыру.

Содан соң барып  кассир қолма-қол ақшаны алушыны  кассага чектегі номері бойынша  шақырып, тағы да қандай соманы алатымдығын нактылап алып, содан кейін ақшасын береді.

Қайта есептеу  кассасы клиентің инкассаиияланған ақшалай түсімдерін қайта санаумен айналысады. Қайта есептеу кассасының кассирі, бакылаушы кассирдің қатысумен  кешкі кассаның кассирінен және бақылаушы  кассирден инкассаторлық сөмкені қабылдап, ақшаны оған тіркеме құжаттар негізінде қайта санаудан өткізіп, қабылдап алады.

Инкассаторлардан  қолма-кол ақшасы бар сөмкелерді кассирлер кабылдау барысында мыналарды  тексереді:

  1. келіп түскен сөмкелердің тұтастығын;
  2. сомкедегі қойылған пломбаның банктегі пломбының үлгісімен 
    сәйкестігін;
  3. инкассаторлар тапсыратып сөмкелердің құжаттағы сомкенің нөмерімеи 
    сай келуін;
  4. қабылдайтын соманың құжатта көрсетілген сомамен сәйкестігін. 
    Инкассалық   сөмкені   қабылдап   алған   соң,   бақылаушы-кассир   жеке

бригаданың  әрбір мүшесі қабылдаған сөмкелерді есепке алу журналдарының екеуіне  де қолдарын қояды. Журналдың екінші данасын бақылаушы инкассаторлардың басшысына береді.

        Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу-кассалық операциялары мынадай түрлерге бөлінеді:

  • банктік шоттар ашу;
  • ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;
  • алдағы  уақытта  валюталау  күні  қойылуға тиісті, ұлттык  валютадағы 
    аударым операциялары;
  • төлемнің шартын өзгерту немесе қайтару;
  • валюталық операцияларға бақылау жасау;
  • шоттың архивін беру;
  • шоттан қолма-қол ақша беру;
  • ұсақ ақшаларды ірілеп беру;

•' банктен    кеңсеге    дейін    немесе    керісінше    колма-кол     ақшаларды инкассациялау;

• құндылықтарды жеткізіп беру.

Коммерциялық  банктердің тағы да бір активті операциясы бұл - траст.  "Траст" ағылшын тілінен аударғанда "сенім" деген сөзді білдірсді. Траст бұл сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген құқықты анықтайтын "жеке меншікті иеленудің ерекше нысаны.

Траст операциясы — клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруга және тапсырмасы бойыыша басқа да қызмет көрсетуге бай.іг:нь:сты банктің операциялары.

Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:

  • Траст құрылтайшысы - сенімді меншік иесіне сенімхат арқылы басқаруға 
    беретін,   мүліктің   немесе   мүліктік   кұкықтардың   меншік   иесі.    Траст құрылтайшысы ретінде кез келген қолында мүлкі бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.
  • Трастыны иемденуші - траст келісімшартындағы көрсетілген жағдайға 
    сәйкес,  мүлікті  басқару құқығын  өзіне қабылдайтын тұлға. Мұндағы 
    мүлікке жылжитын және жылжымайтын мүліктер де жатады.

•   Бенефициар  - траст  келісімшартын   өзінің   пайдасына   жарататын   кез келген заңды және жеке тұлға.

Сонымен, банктің траст операциясы — бұл банктің өз клиентеріне көрсететін әр түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.

Траст қызметіне: біріншіден, жылжымайтын және жылжитыи мүліктерді басқару; екіншіден, инвестициялық  гюртфельді қалыптастыру және оны басқару; үшіншіден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; төртіншіден, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің қоятын талаптарын реттеу; бесіншіден, мұраға қалдыруға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.

Информация о работе Қолданылған әдебиеттер