Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:12, курсовая работа
Елiмiмiз өз егеменгiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанмен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясаты жатады.
Экономиканы ақшалай-несиелі реттеуді қаржы саласының басты секторы банк жүйесі іске асырады.
КIРIСПЕ………………………………………………………………………….….3
I. БАНК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ………………………………………...5
Банк ұғымы және оның пайда болу тарихы………………………5
Банк түрлерi және олардың қызмет ету ерекшелiктерi………..10
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ…………………….18
Ұлттық банктiң экономикадағы рөлi және жүргiзетiн
саясаттары………………………………………………………………… 18
Коммерциялық банктердiң қаржы делдалы ретiнде экономикадағы рөлi мен негiзгi операциялары…………………23
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………….……………………………30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................32
Сондай-ақ ҚР-ның заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтерді атқарады.
ҚР-ның Ұлттық банкі "банктердің банкі" ретінде ең басты максаты экомомиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы - несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Оның клиенттері — коммерциялық банктер және баска да несиелік мекемелер болып табылады. Осыдан келіп, Ұлттық банкіні "банктердің банкі" деп атайды.
Ұлттық банк "банктердің банкі" қызметін атқару үшін:
Ұлттық банк - коммерциялық банктерді және басқа да қаржылык — несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Шетелде Орталык банктерді ''соңғы сатыдағы несие беруші" деп атайды.
"Қазақстан Республикасының
ҚР-ның Ұлттық банкі ҚР-ның орталық банкі ретінде баска елдердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста ҚР-ның мүддесін қорғайды. Ұлттық банк - бұл эмиссиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жүргізу кұқығына ие, "банктердің банкі" ролін атқарады, сондай-ак акша-несие және валюта саясаттарын жүргізетін бірден бір ұйым.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы уақытқа дейін озімің ең бірінші атқаратын міндетін елдегі инфляция қарқынын төмендетуге және оның тұрақты деңгейін қалыптастыруға қызмет етіп келе жатыр. Соңғы бірнеше жылда ¥лттық Банк елдегі инфляция деңгейін біршама жақсартқаны және оны өз қуысына алғанына куә болып отырғанымыз рас. Оны 2001 жылы жалпы жылдық инфляцияның 6,6%-ға төмендегенінен және одан кейінгі аралыкта елдегі инфляция деңгейінің 5-7% аралығында тұрақты деңгейінде болып отырганына көзіміз жетті.
Өз кезегінде өспелі инфляция мемлекеттің экономикаға бакылау жасауы төмендегенін көрсетеді. Неғүрлым экономикада инфляция деңгейінің анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсіпкерлердің инвестиция тартуға және салуға ынтасы төмендейді. Ал инвестициялық активтердің төмендеуі өз кезегінде өндірістік мүмкіншіліктерді төмендетеді. Сондықтан мемлекет және елдің қаржы секторы инфляция қарсы саясаттар жүргізіп отырады.
Ұлттық банк осы экономикалық жағдайларды ескере отырып 2003-2006 жылдарға инфляцияның белгіленген деңгейін, яғни 5-7% аралығында болады деп жоспарлады. Бұл жоспарланған шама 2003 және 2004 жылдары орындалды. Экономикалық қатынастар да тиімді дамуды қолға алды. Ал 2005 жылы инфляция деңгейі межеленген шамадан асып кетті. Оны жоғарыдағы бөлімде талқылап өткенбіз. Бұл өз кезегінде экономиканың тұрақты дамуыиа кері әсерін тигізеді. Сондықтан елбасымыздың өзі және Ұлттық банктің қатысы бойынша биылғы етек алып отырған инфляциялық шағын толқуға карсы саясаггарды экономикалық тұрғыдаи қолға алуда.
Еліміз инфляцияны жою және акша айналысыи тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстінде. Инфляцияға қарсы саясаттар елімізде тікелей жәпе жанама реттеулер негізінде жүзеге асып отыр. Инфляция тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүзеге асады. Ол елдегі жалақы меи бағалардыц өсу нысандарын белгілеу негізінде көрініс тауып отыр. Ал бағаға ықпал етудің жанама әдістерінің үлесі елімізде басымырақ деп те айтсақ болады. Еліміздегі іске асып отырған инфляцияны реттеудің жанама әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың "дефляциялық" шаралары жатады. Ұлтгык банк инфлияцияны тежеу үшін ақша массасына, берілген несиелердің көлеміне, пайыз қойылымының көлеміне, ұлттық валюталық баған саясатына, ашық рыноктағы бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргізіп отырады. Өйткені бұл өтпелі экономиканың талабынаи туындайды.
Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын акша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
• кайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру
мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;
• Қазақстан Ұлттық банкі жинақталатын ең төменгі міндетті
резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған
қаражагтарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты
жіктеу;
Қазақстан Ұлттық банкі операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен үсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. Қазақстан Ұлттық банкі мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
Қазақстан Ұлттык банкі пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысгы азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне кол жеткізуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын 2002 жылдан бастап алдағы үш жылға алдын-ала анықтау тәжірибесіне көшті және әр жылғы өзгерістерді ескеріп оған Ұлтгык банк пен ҚР Үкіметі біріге отырып түзетулер енгізеді.
Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принціпіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу. 2004-2006 жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты орташа жылдық базалық инфляцияны - 2004 жылы 4-6% және 2005-2006 жылдары 3-5% шегінде ұстау қажеттігі мақсат етілді.
2004
жылдан бастап Ұлттық банк
акша-иесие саясатын жүргізу
Осы
аталған ақша-несие саясаты
Осы аталған инфляцияны таргеттеудегі ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығыныц толық және сенімді түрде дамуына, экономиканың мықты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ак жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік береді.
Сондықтан ендігі уақыттарда еліміздің Ұлттық банкі экономикалық толқулардан қорғану мақсатында қысқа мерзімді пайыз қойылымдарын өзгерту немесе жоғарлату негізінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру саясагын атқаруды қолға алды. Ұлттық банк қаржы рыногындағы реттеу шараларының бірі қысқа мерзімді банк ноталарын шығару. Бұл өз кезегінде экономикадағы ақша айналысын төмендетуге септігін тигізеді. Осы жағдайда басты кұрал болып Ұлттык банктегі банктердің депозиттары болып табылады.
Сондай-ақ Ұлттық банк еркін қалқымалы акша айырбасыи сақтайды және елімізде 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап валюталық режимдегі валюталық операцияларды лицензиялауды алып тастайды. Осы шара арқылы шетелдік валюталардың еркін қозғалысы негізінде инфляциялық тұрақсыздықты және оның төменгі деңгейін қамтамасыз етеді.
2.2 Коммерциялық
банктердің қаржы делдалы
Еліміздегі банктік жүйе екі деңгейлі екенін білеміз, яғни соның скінші деңгейіндегі коммерциялық банктер халык шаруашылыгы мен Ұлттық банк арасындағы негізгі қаржы делдалы болып табылады. Қазіргі ксзде коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуык әр алуан өнімдер мен қызмет көрсете алады. Мұндай кең көлемді операциялар коммерииялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып қолайсыз жағдайдың өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Депозиттік - қарыздык операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерініц депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметіи атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарыздарды пайдаланады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіп уақытша бос каражатын тарту мүмкім емес .
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра огырып, экомиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес.
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары.
Банк қызметін - банк пен клиент мүддесі үшін белгілі бір іс әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызмегтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Баиктер өз пайдаларының көп бөлігінің осы операциялар бойынша пайыздық операциялардан алады .
Коммерциялық банктер желісі ақша нарыгының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және тұлғалардың мемлекетке уақытша бос акша қаражаттарының болуы және экономика мен халыктың қыска мерзімдік қажетгіліктерін қанағаттандыруга пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрімен айналысады .
'Қазакстан Республиксындагы банктер және банктік қызмет туралы" Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
• ақылы негізде депозиттерді тарату;
• клиенттер мен банк
корреспонденттердің шоттарын жүргізу
және оларға
кассалық қызмет
жүргізу;
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалы қызметі. Бұл қаражаттардын негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Ал бұл экономикадағы бос ақшаларды айналысқа шығарып салымшыға да және халық шаруашылығына да өз пайдасын тигізеді.
Коммерциялық банктердің екінші басты қызметі - экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет баиктік қызмет корсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Коммерциялық банктің несиелік операциялары мерзіміне байланысты жіктеледі: кысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1-5 жылдар аралығында), және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары). Яғни бұл қызметтің еліміз экономикасы үшін, оның тұрақты өсуіие тиетін пайдасы көп. Олар елдегі жүргізілім отырғаи реформаларға байланысты басты секторларға несиені жеңілдікпен беру арқылы экономиканы ынталандыру шараларын іске асырады. Мысалы, елімізде жекешелендіру саясатына байланысты кәсіпкерлерге несие берудің пайыздық қойылымын азайту арқылы оларды дамыту саясаты іске асып, ол оз нәтижесін беруде.