Қолданылған әдебиеттер

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:12, курсовая работа

Описание работы

Елiмiмiз өз егеменгiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанмен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясаты жатады.
Экономиканы ақшалай-несиелі реттеуді қаржы саласының басты секторы банк жүйесі іске асырады.

Содержание

КIРIСПЕ………………………………………………………………………….….3



I. БАНК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ………………………………………...5

Банк ұғымы және оның пайда болу тарихы………………………5
Банк түрлерi және олардың қызмет ету ерекшелiктерi………..10



II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ…………………….18

Ұлттық банктiң экономикадағы рөлi және жүргiзетiн
саясаттары………………………………………………………………… 18
Коммерциялық банктердiң қаржы делдалы ретiнде экономикадағы рөлi мен негiзгi операциялары…………………23




ҚОРЫТЫНДЫ………………………………….……………………………30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................32

Работа содержит 1 файл

БАНК 31.doc

— 307.00 Кб (Скачать)

Мемлекеттеғі  басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шыгаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммнрцпялык, инвестициялык, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық баиктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын эмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.

Инвестициялык және инновациялык банктердің екі түрі де ұзак уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейіи ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге карыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді жәпе оны игеруді несиелейді.

Ипотекалық  банктер - жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несиеге береді. Олар ипогекалық облигацмя, акция жәие басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинайды.

Бағанадан бергі банктік жүйеде басты банк деп айтып жүргси Орталық баиктің кызметтеріне тоқталсақ. Кез-келген орталық банктің міндеті — ұлттың ақша өлшемінің төлем қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін орталық банк негізінен мынадай қызметтерді орындайды:

•   Банкноталарды монополиялы түрде  эмиссиялау;

•   Ақша - несиелік қатынастарды реттеу;

       •    Сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу;

       •    Банктердің банкісі болу және үкімет банкісі қызметі;

Орталық банктің  ең алғашқы қызметі - ежелден қалыптасқан  мемлекеттің өкілі ретінде заңды түрде - банкнота шығару. Ол — елде төлем міндеттемелерін өтейтін, халық қабылдаған жалпы ұлттык төлем құралы. Кейбір мемлекеттерде орталық банк монополиялы түрде монеталар шығарады. Көп елдерде монетаны қаржы министрлігі соғып, орталык банк оларды номиналымен сатып алады. Сөйтіп , орталық банк сатып алғаи монеталарды өзі өзі шыгарған банкноталармен қосып айиалымга түсіреді.

Орталық банктің эмиссиялық монополиясы  оны банк жүйесініц эмиссиялы-кассалық орталығына айналдырды. Себебі орталық балктің міндеттемелері кез-келген коммерциялық банктің кассалық қоры болып табылады. Өйткені орталық банктің басты клиенті - коммерциялық банктер, ал олар орталық банк пен экономика салалары арасында делдал ретіндс қызмнт атқарады.

Орталық банктің ақша несиелік реттеу қызметі. Экономикны ақша және несие айналымына әсер ету жолымен реттеу - мемлекеттің экономикалық саясатынын құрамдас элементі. Оның негізгі мақсаты экопоммкалык  өсудің тұрақтылығы, инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі деңгейіне және төлем балансының тепе-теңдігіне қол жеткізу болып табылады.

Орталық банктің сыртқы экономикалық қызметі - ол орталық банктің мемлекеттің валюталық саясатын жүргізілетін жәие валюталық бақылау органы болуы. Ол - ұлттық валютаның айырбастау курсын аиықтау және оны реттеу; елдің ресми алтын валюта резервін басқару жөнінде операциялар жүргізу; халықаралық есеп айырысу, төлем балансын реттеу; елдегі және одаи тыс жерлердегі валюталық құндылықтардың қозғалысын қадағалау: болжамдарды жасауға қатысу және төлем балансын құрастыруды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Орталық банк дүниежүзілік қарыз капиталы нарығы мен алтыи нарығына қатысу үшін халықаралық келісімдерді дайындауға, сомымен бірге, халықаралық және аймақтық валюта-несие ұйымдарында өз еленің өкілі болып қатысады.

          Орталық банктің банктердің банкісі қызметі - ол орталық баиктің кәсіпорындарға және халыққа тура қызмет көрсетпеуі, яғни орталық Банктің негізгі клиенті коммерциялык банктер болуы. Бұл оиың коммерциялық банктерден айырмашылығы. Орталық банк коммерциялық баиктердің кассалық қорларын жинақтау және сақтау қызметін атқарады. Бұл қорлар банктік міндетті резерв қорлары деп аталады. Орталық банк банктердің депозиттері бойынша міндеттемелерінің ең аз резервтеріне арақатынасын, яғни міндетті резервтердің нормасын бекітеді.

Коммерциялық  банктердің кассалық резервтерін сақтауга қабылдаумен қатар орталық банк оларға несиелік кемек көрсетеді. Олың несие үшін проценттік төлем мөлшері нарықтық мөлшерден анағұрлым жоғары боладғы, сондыктан орталық банктің несиесін басқа несие алу мүмкіндігі болмаған ақырғы жағдайда ғана алады.

        Орталық банк банктердің банкісі ретінде елдің төлем жүйесінің басты реттеуші органы қызметін атқарады. Ол банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру, есептесу жүйесін реттеу және үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, банк жүйесінің есеп айырысу орталығы болып табылады.

Орталық банктер қадағалау мен бақылауды негізінен мынадай бағытта жүргізеді:

  • Банктік қызмет түрлеріне лицензия беру;
  • Кейбір операция түрлерін жүргізуге;
  • Банктер берген қаржылық есепті тексеру жәие талдау;
  • Клиенттерді ревизиялау (тексеру);
  • Міндетті   резервтердің   нормативті   және   экономикалық   нормативтердің 
    жүйесін белгілеу, сонымен бірге олардың орындалуын тексеру. 
    Орталық  банктің  үкімет  банкісі   қызметі.   Үкіметтің   банкирі   ретінде

орталық банк оның әрі кассирі, әрі несие берушісі, әрі қаржылык кеңесінісі. Орталық банкте үкімет пен мемлекеттік органдардың есепшоттары айтылған. Орталық банк мемлекетті несиелеумен, мемлекеттік заемдарды орналастыру және оларды өтеу мәселелері бойынша, нарықтық жағдайларға байланысты мемлекеттік бағалы қағаздарды және оның табысты уақытын таңдау жөиінде кеңес берумен, мемлекеттік борышты басқарумен шұғылданады.

Қорыта  айтқанда, орталық банктің атқаратын  қызметтері бірімен-бірі тығыз байланысты.

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігіи шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу — сату меи оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.

Коммерциялық банктер - нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшіи жағдай жасау болып табылады. Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде акша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Енді коммерциялык банктер туралы кеңірек танысу үшін олардың қызметтерін айтып өтейік:

Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметі - банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уакытша бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процеит түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалуы мүмкін.

Коммерциялық  банктердің атқаратын келесі қызметі - несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынылатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдьң айналысынан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзіммен сай келмеуі. Коммерциялык банктер қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әр түрлі секторларына беріліп, өндірістің кебеюін қамтамасыз етеді.

Ұйымдасқан  және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу  жүйесінсіз тұрақты экоиомика болуы мүмкін емес. Сондықтан банктің келесі қьгзметі шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізудің ролі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа акша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.

Коммерциялық  банктердің ерекше қызметі құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығьн жою, яғни ақша массасын көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмеи: клиенттің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі.

Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы кағаздарды шығарып және орналастыру эмиссиялық - құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады.

Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметін де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айрылғандардың мүлкін уақытша басқару; ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару және т.б. қызметтер көрсету болып табылады. Ал компанияларға көрсететін қызмеггері: баиктің облигациялар бойынша кепілші болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансферттерді тіркеу үшін өкіл болуы; корпорацияиың зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарады.

Экономикалық  мағлұматтарды өзіне жинақтауы  банктердің клиенттеріне кеңес беру қызметіне мүмкіндік туғызады. Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу; есеп-несиелік және кассалық қызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргізуге дейіи нұскау береді.

     Соңғы кездері коммерциялық банктермен  басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдаиуда. Сөйтіп келгеиде банктердің экономиадағы ролі күннен-күнге артуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК  ЖҮЙЕСІ

 

2.1 Ұлттық  банктің экономикадағы рөлі және жүргізетін саясаттары

 

        “Қазақстан Республакасының Ұлттық банкi туралы” Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының  Орталық банкi және республикамыздағы банк жүйесiнiң жоғары деңгейi болып табылады.

        Ұлттық банк – ақша резервтерiн, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкi бар заңды тұлға. Мүлiктiң құралу көздерiне – банк iсiнен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

        Заңның 9-бабына сәйкес Ұлттық  банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге  көлемiнде мына қаражаттар есебiнен  құрайды; республикалық бюджеттен  бөлiнген қаражаттар, мемлекеттен  алынған негiзгi қорлар және Ұлттық  банк тапқан пайдадан аударындар.

        Ұлттық банктiң негiзгi мiндеттерi – ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға:

 •   Ақша айналымы, несие,  банктiк есеп айырысу мен валюталық  қатынастарды                    ұйымдастырады;

•  Ақша, несие және банк жүйелерiнiң  тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;

•  Несие берушiлер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып  алу – сату және айырбастау операцияларын  жүргiзетiн банктiк және басқа  ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың  жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң  экономикалық саясатын жүргiзедi.

         Қазақстан Республикасының Ұлттық  банкiнiң қызметтерi мен операциялары. Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкi туралы” Заңға сәйкес  мынадай қызметтер мен операцияларды  орындайды.

•  айналыстағы ақша массасының көлемiн реттеу жолымен ҚР-да мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзiп, ҚР аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;

•  кепiл берушi Үкiмет болып табылатын  ҚР-ның iшкi және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;

•  ҚР-сы аумағында еншiлес банк ашуға  рұқсат бередi;

   •  Қазақстан Республикасы  аумағында, одан тыс жерлерде  банк филиалдарын өкiлдiлiктерiн  ашуға келiсiм және банк операцияларын  жүргiзуге лицензия бередi;

•  Банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясы  жобасының оның тiркелуiне дейiн өзi белгiлеген тәртiппен мiндеттi сараптауын жүргiзедi;

•  Ол банктерге несие беруге, банктердiң  қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясын бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие  берушi болып табылады;

•  Банктердің   жұмысына  және   шетелдік   валютаны   сатып   алу,   сату   және 
     айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жургізеді;

  • Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерді өзгерту аркылы банктік 
    пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
  • Қазақстан   Республикасында   есеп    айырысу   тәртібін, жүйесін    және 
    нысандарын     анықтайды,     Қазақстандық     теңгемен     банкаралық     есеп 
    айырысулардың  мезгілінде  және   үздіксіз   жүргізілуін   қамтамасыз  ететін 
    жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
  • ҚР-да валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және 
    валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;
  • Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету  үшіи  банктерге, 
    шетелдік    валютаны    сатып    алу, сату, айырбастаумен    айналысатын 
    ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы  басқа  есеп  берудің тізімін, 
    формасын және мезгілін бекітеді;
  • Қолма-қол банкноталар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және 
    инкассациялау ережелерін бекітеді;
  • Ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады:
  • ҚР-ғы банктік жүйеге кадрларды даярлауга қатысады.

Информация о работе Қолданылған әдебиеттер