Несие жүйесі және оның элементтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 21:12, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың құрамы кіріспеден, үш тараудан , қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Несие жүйесі және оның құрылымы және оның мәні мен маңыз қарастырылған.
Екінші тарауда Несие жүйесінің элементтері және оның нарықтық экономикадағы алатын орны қарастырылған.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қарастырылған.

Содержание

Кіріспе 2
1 тарау. Несие жүйесі және оның құрылымы
1.1 Несие жүйесі және оның мәні 3
1.2 Қазіргі несие жүйесінің құрылымы 7
2 тарау. Несие жүйесінің элементтері және оның нарықтық экономикадағы алатын орны
2.1 Несиелік жүйені құру принциптері 9
2.2 Несие жүйесінің элементтері. Маманданған несие - қаржы институттары 12
3 тарау. Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы 19
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26

Работа содержит 1 файл

Несие жүйесі және оның элементтері.doc

— 230.00 Кб (Скачать)

Қаржы және ақша – несие қатынастарының жағдайы  туралы сараптамадан көргендей баға факторы республикадағы қаржы –  несиенің барлық саласына кері әсерін тигізеді. Дегенмен еркін бағаның  басты жағымды жақтарын да атап өтуге болады. Бірінші кезекте ақша және тауар массасының теңгерімділігіне біршама қол жеткізілді. Бағаны ырықтандырғанға дейін ақша секілді бірде – бір тауардың арзан болмағаны белгілі. Бұл тапшылық көрмеген жалғыз – ақ тауар болды. Сол кездері кәсіпорындардың басты міндетіне қорлардан қалай да материалдық ресурстарды алу кірді, ал ақша болса әрқашан көп болды немесе оны банкіден оңай – ақ алуға болатын еді. Осылайша, халық шаруашылығындағы несие және қаржы мен кәсіпорындардың бұл құнды катигорияларға деген қатынасындағы ақшаның ролі өзгерді. Тапшы ресурстарды іздеумен жүрген кәсіпорындарды енді өз өнімдерін шығарудың жолдарын, төлем төлеуге қабілетті тұтынушылардыіздеуге кірісті. Экономика бұрын шығынға дәстүрлі түрде бағдарланса, енді сұранымға бағдарлама бастады. Ресурс жағынан шектеулі экономика шектеулі өнім экономикасымен алмастырылды. Бұл шаруашылық бөлімдерін жүргізудегі басыңқылық жүйесінің түбегейлі өзгерісі болды, яғни енді мемлекетке экономиканы ақша, қаржы  және несие арқылы басқарудың нақты мүмкіндіктері  ашылды. Республикадағы экономикалық және қаржы тұрақтылығы ақша және қаржы эмиссиясын ұстауға және шектеуге бағытталуы тиіс, казіргі жағдайдағы тиімді ақша – несие саясатының шығуы мен стратегиясын іздеумен байланысты. Қатаң ақша – несие, шектеу саясатының жүргізілуі айналым, өндіріс саласындағы үйлесімсіздік, инфляция мен бағаның өсуіне байланысты. Бұл жағдайда үкімет пен ұлттық банк тұрақтылық кезеңіне арнаған саясатының негізгі бағыттарын дұрыс таңдаған. Бұлар: өндіріс құлдырауының қарқыны мен инфляция құлдырауының қарқынының төмендеуі, ұлттық валютаны сатып алуға жарамдылығының нығаюы және тағы басқалары. Әрине, ақша – несие жүйесі мен ұлттық валютаның тұрақтану мәселесін бірден шешу мүмкін емес. Көрсетілген саладағы тұрақтылық экономиканың даму деңгейімен байланысты. Жақын арада ішкі нарықта тауар және қызмет көрсетулермен молықтандырып, мықты экспорттық әулетті құру қажет, төлеуге жарамды сұанымды көтермелеу, салық, баға реформасын іске асыру және бюджетті сақтандыру керек. Бұның барлығына да уақыт қажет. Сондықтан да енгізілім кезең – кезеңмен жүргізілуі шарт және де әрбір кезеңге оған дейінгі кезеңдерден нақты экономикалық нәтиже алынған соң көшу міндет.

Экономиканың  шынайы бөлшегін қаржыландыру қазіргі  Қазақстандық қоғамның негізгі мәселелерінің бірі. Банк ж8йес3н34 дамуы және қызмет етуі жалпы экономиканың көтерілуіне себепші болмақ, өйткені ол экономиканың ең дамыған бөлшегі.

Соңғы екі жылда  банк жүйесін  сипаттайтын  есептік  көрсеткіштерінің  қарқынды дамуы  байқалды. Халықтың банктерге сенімінің артуы, ресурс көзі ретінде банктердің қаржы ұйымдарын тартуы және тағы басқа жағдайлардың жақсы әсері болмақ. Екінші дәрежедегі банктің ресурстық базасының толығуының  негізгі көзі болып жеке және  тағы басқа адамдардың депозиттері саналады. Депозиттердің өсуі 1999 жылдан басталды, бұл 1999 жылғы сәуірдегі доллар бағамының еркіндігінің енгізілуіне байланысты, және валюталық депозиттердің жақсы қайта бағалауына, ұлттық банктің банк жүйесін нығайтуда түрлі шаралардың  жүргізілуіне де байланысты.

2006 – 2007 жылғы резиденттер депозиттері 124 және 145 млрд. теңгеге өскен, 437,9 млрд. теңгені құраған. Нәтижесінде 2007 жылы банктен халық салымы 21%  - тен 27 % - ке дейін көтерілген. (12: 71 – бет)

Банк депозиттерінің өсуі оларға экономиканың шынайы бөлігін несиелендіретін операциялардың көлемін көбейтуге мүмкіндік береді. Мерзімді несие жүйесінде орта және ұзақ мерзімді несиенің өсуі болады, бұл шұғыл депозиттердің өсуі мен олардың мерзімінің ұзартылуына тікелей байланысты. Кредит мерзімінің ұзаруы шынайы сектор субьектілеріне түсіретін пайданы қаржыландырумен шектелмей несие ресурстарын өндірістік проблемаларды шешуге бейімдеу қажет. Қазірде банктердің берген несиелерінің негізгі бөлігі түсетін пайданы көбейту үшін қолданылады. Несие беру мерзімі әр түрлі, бірақ негізінен олардың ұзақтығы 3 айдан 1 жылға дейін. Бұл негізінен өндірістік циклға, тұрмыстық саясатқа және тағы басқаларға байланысты. Экономиканың шынайы  секторіне бөлінген  2000 жылы несие көлемі 98,4%  өскен, жыл соңында 276,2 млрд. теңгені құраған (1,9 млрд. $– дан алады). Теңгемен берілетін несие көлемінің өсуі ұлттық валютаның орнығуына тікелей байланысты. Орта және шағын бизнесті несиелендірудің өсуін шетелдік несие бөлімі мен халықаралық қаржы институттарының инвестицияларын тартумен түсіндіруге болады. (4: 97-беттер)

Қазақстандағы несиелендіру жүйесінің барлық элементтерін қарастыра келе, келесідей проблемаларды  белгілеуге болады: несиелендіру обьектісінің көпшілігі үстеме қаржы, негізгі  субьектісі экономиканың өндірістік емес секторлары, несиені қамтамасыз ететін негізгі «залог» болып қалмақ, яғни несиені қамтамасыз ету жүйесі дамымаған. Қазіргі несиелендіру жүйесі экономиканың дамуын қамтамасыз ете алмайды. Бірақ сонымен қатар банктер әзірге активтердің жетіспеуіне байланысты экономиканы қажетті құралдармен қамтамасыз ете алмайды және де шынайы секторды банктердің несиелендіруінің өсу мүмкіндігі жүйелік қауіптің көбеюіне әкеледі. Несие қаупі Қазақстандық  банктердің тұрақты болмауының маңызды факторы болып саналады, сондықтан да банктердің қаншалықты дәрежеде оларды минимилизациялауына байланысты банк секторының одан әрі дамуы әсер етеді. Осы орайда несие жүйесін жетілдіруде  мемлекеттің қолдауы қажет. Мемлекет ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін несиелендіруді мықтап қолға алу қажет, соның ішінде олардың ескірген өндірістік қорларын жаңартып, жаңа техналогияны қолдану керек. Бұндай мәселелердің шешілуі бәсекелес өнімді шығарып, экспорттық нәтижесіз құрылымын өзгертіп, өндірістің алға жылжуын көтереді. Бұдан шығатын қорытынды  үш блоктан тұратын несиелендіру процесін ұйымдастыру ұсынылды, олар: аккумуляция блогі, несиелендіру блогі және ақы төлеу блогі.

Экономикасы дамыған  елдердің банк депозиттерін сақтандыру  сақтандырудың нәтижелі жүйесі  ірі және ұсақ банктерді де қамту керек, жеке меншіктің әр түрінің жазылу әдісінің ерекшелігін ескеріп, тек жеке тұлғаларды ғана емес, кәсіпорындарды да қамтуы керек. Мемлекеттік банктердің жазылу шығынын жеке несие ұйымдарын көтеруі мүмкін. Бұл негізінен сақтандыру сыйақысының өсуі арқылы жүргізіледі. Ережелер, есеп беру жұмысы, ссуда бағамы, аудит бақылау және тағы басқа халықаралық стандартқа сай болуы керек.

Несие алмас  бұрын мынаны білу қажет, яғни бұл процес – одардың үш негізгі элементінің  арақатынасының нәтижесіжәне олардың әр біреуі терең, делдалды анализді керек етеді. Сонымен қатар ішкі факторлар болады. Ол несиелеуге әсерін тигізеді және де оған мұқият көңіл бөлу керек. Тек сонда ғана комплекстік анализде несиелеу процесі қауіпті болмайды  және банктер мен клиенттеріне табыс әкеледі.         

               

Қорытынды

 

Несиелік саясат банктің  несиелік қызметінің міндеттерін, олардың  іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай- ақ несиелік процесті ұйымдастыру  принциптері және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады. Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары. Кең мағнасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады. Тар мағнасында, несиелік саясат- бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды. Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.

Жалпы несиелік саясат мынадай  сипатта болуға тиіс:

  • нұсқаулық емес, яғни дерективті нұсқауларды қамтиды;
  • несиелеудің мақсаттарын нақты және мағналы анықтауға мүмкіндік береді;
  • нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
  • оны іске асырудың қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.

Несиелік саясат банктің  стратегиясын, оның тәуекелді басқару  облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің тқмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:

  • несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;
  • несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс- әрекеттерін;
  • сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;
  • ішкі бақылау қағидаларын.

Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда  несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай- ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қаблетіне қарап “өз клиентін” таңдауындағы біліктілігіне негізделеді. Сондай- ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалыға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер ( айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер ( өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми- техникалық инновацияларды енгізуге ) берген қолайлы.

Отандық  банктер тәжірбиесіндегі  несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:

  • несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
  • несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
  • несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
  • несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
  • несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
  • несиелеу шартын бектеді ( несиелік лимит, несиелік желі );
  • берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
  • банктің несиелік стратегиясын жасайды;
  • несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
  • несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.

Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:

  • банктегі несиелеу процесін ұйымдастыру бақылау жасауға негіз ретінде болу;
  • несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама материал және нұсқаулық ретінде болу;
  • несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау құталы;
  • несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негізгі болатын талаптарды анықтау;

Комерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық ссудалармен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақылау жасалуға тиіс.

Қазақстандағы несиелендіру жүйесінің барлық элементтерін қарастыра келе, келесідей проблемаларды белгілеуге болады: несиелендіру обьектісінің көпшілігі үстеме қаржы, негізгі субьектісі экономиканың өндірістік емес секторлары, несиені қамтамасыз ететін негізгі «залог» болып қалмақ, яғни несиені қамтамасыз ету жүйесі дамымаған. Қазіргі несиелендіру жүйесі экономиканың дамуын қамтамасыз ете алмайды. Бірақ сонымен қатар банктер әзірге активтердің жетіспеуіне байланысты экономиканы қажетті құралдармен қамтамасыз ете алмайды және де шынайы секторды банктердің несиелендіруінің өсу мүмкіндігі жүйелік қауіптің көбеюіне әкеледі. Несие қаупі Қазақстандық  банктердің тұрақты болмауының маңызды факторы болып саналады, сондықтан да банктердің қаншалықты дәрежеде оларды минимилизациялауына байланысты банк секторының одан әрі дамуы әсер етеді. Осы орайда несие жүйесін жетілдіруде  мемлекеттің қолдауы қажет. Мемлекет ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін несиелендіруді мықтап қолға алу қажет, соның ішінде олардың ескірген өндірістік қорларын жаңартып, жаңа техналогияны қолдану керек. Бұндай мәселелердің шешілуі бәсекелес өнімді шығарып, экспорттық нәтижесіз құрылымын өзгертіп, өндірістің алға жылжуын көтереді. Бұдан шығатын қорытынды  үш блоктан тұратын несиелендіру процесін ұйымдастыру ұсынылды, олар: аккумуляция блогі, несиелендіру блогі және ақы төлеу блогі.

Экономикасы дамыған елдердің банк депозиттерін сақтандыру  сақтандырудың нәтижелі жүйесі  ірі және ұсақ банктерді де қамту керек, жеке меншіктің әр түрінің жазылу әдісінің ерекшелігін ескеріп, тек жеке тұлғаларды ғана емес, кәсіпорындарды да қамтуы керек. Мемлекеттік банктердің жазылу шығынын жеке несие ұйымдарын көтеруі мүмкін. Бұл негізінен сақтандыру сыйақысының өсуі арқылы жүргізіледі. Ережелер, есеп беру жұмысы, ссуда бағамы, аудит бақылау және тағы басқа халықаралық стандартқа сай болуы керек.

Несие алмас бұрын мынаны білу қажет, яғни бұл процес – одардың үш негізгі элементінің  арақатынасының нәтижесіжәне олардың әр біреуі терең, делдалды анализді керек етеді. Сонымен қатар ішкі факторлар болады. Ол несиелеуге әсерін тигізеді және де оған мұқият көңіл бөлу керек. Тек сонда ғана комплекстік анализде несиелеу процесі қауіпті болмайды  және банктер мен клиенттеріне табыс әкеледі.         

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары: Оқу құралы, - Алматы: Экономика, 2000,121-бет.

2. Баяділов Е.М, Ермекбаева Б.Ж,  Құлпыбаев С.Қ  Қаржы – несие  терминдерінің қысқаша түсіндірме  сөздігі: Алматы – 1999, 74-бет. 

3. Семенюта О.Г  Денги, кредит, банки в РФ: учебное пособие,- Контур  – 1998, 97-бет.

4. Калиева Г.Т  Кредитная дело:- Алматы: қаржы – қаражат,1997, 41 -  бет

5.Бороскин А.Б, Тарабцев А.А,  Томилин Д.А. Денги. Кредит. Банки:  учебное пособие: СпецЛит, 2000, 94-бет

6. Бабич А.М, Павлова Л.Н   Финансы. Денежное обращение.  Кредит: учебник: Юнита – Дана, 2000, 57- бет

7. Галицкая С.В.  Денежное обращение. Кредит. Финансы: Москва, - 2002.

66-бет.

8. Давлетова М.Т  Кредитная  деятельность банков в Казахстане: Алматы, - 2001, 52-бет.

9. Свидорова О. Ю   Денги,  кредит, банки: Ростов – на  – Дану: Фенике, 2001, 65-бет.

10. Сейтқасымов Ғ.С  Ақша, несие, банктер: Оқулық – Алматы: экономика, 2001, 130-бет.

11.  Шағатай Қашықов, Өтеу Нұрғалиев   «Экономикалық теория негіздері».  1997.

12. Халитова М.  Система кредитования в условиях реформирования эк.ономики Казахстана //Информационно – аналитический журнал  Саясат. – 2003. §7, 71-бет.

13.  Қуат Борыш  // Егемен Қазақстан:  §49, 2004.  

14. Сүлеймен Рақымжанұлы Тоқсанбай  «Толық экономикалық орысша –  қазаша сөздік», сөздік – словарь,  Алматы: 1999.

15. Райзберг Б.А.  Курс экономики:  Учебник/ под ред. – Инфра – М, 1997.

72-бет  

16.  С.Б. Мақаш , А.Ә. Ільияс  «Банк ісі»   Алматы 2004: 156 бет.

Информация о работе Несие жүйесі және оның элементтері