Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 21:12, курсовая работа
Курстық жұмыстың құрамы кіріспеден, үш тараудан , қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Несие жүйесі және оның құрылымы және оның мәні мен маңыз қарастырылған.
Екінші тарауда Несие жүйесінің элементтері және оның нарықтық экономикадағы алатын орны қарастырылған.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қарастырылған.
Кіріспе 2
1 тарау. Несие жүйесі және оның құрылымы
1.1 Несие жүйесі және оның мәні 3
1.2 Қазіргі несие жүйесінің құрылымы 7
2 тарау. Несие жүйесінің элементтері және оның нарықтық экономикадағы алатын орны
2.1 Несиелік жүйені құру принциптері 9
2.2 Несие жүйесінің элементтері. Маманданған несие - қаржы институттары 12
3 тарау. Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы 19
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
Қазіргі кезде экономикасы дамыған мемлекеттердің несие жүйесінде көптеген өзгерістер кездеседі. Олар:
Біріншеден, банк капиталының шоғырлануы мен толықтануы нәтижесінде банк монополиясының пайда болуы: XIX-ғ. Аяғы ХХ-ғ. басында әр мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп шыға бастады. Бұл ірі банктер қарыз капиталыныңнарығында үстемдік етті. Олардың капиталының мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып, нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті. Несие жүйесінде ірі банктердің үлесінің өсуі тек операция жүргізумен ғана емес, сонымен қатар капиталдардың бірігуігің интенсивті процесіне байланысты болады. Капиталды шоғырландыру мен орталықтандырудың ашық және жасырын түрлері кездеседі. Біріншісіне ұсақ банктердің күйреуі, олардың бір-бірімен қосылуы, бөлімшелерінің дамуы, ал екіншісіне корреспонденттік қатынастар мен көпбанктік жүйелердің дамуы жатады. Корреспонденттік қатынастар деген несие мекемелері арасындағы келісім бойынша жүргізілетін операциялар, олардың мақсаты - бір-бірінің тапсырмасы бойынша төлемдер мен есеп айрысуды жүзеге асыру. Корреспонденттік шоттар: «лоро» - олардікі, «ностро» - біздің қаржы деп бөлінеді. Оларда ірі сомма жинақталады.
Екіншіден, әр түрлі несие мекемелері арасында бәсекенің күшеюі. Банк монополиясы мен несие қатынастарының өркендеуі қарыз капиталының нарығында бәсекені өршіте түседі. Бәсеке біртектес және әр түрлі несие мекемелерінің арасында жүреді. Мысалы, коммерциялық банктер, немесе сақтандыру компаниялары өзара бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесінде ірі компаниялар ірі мөлшерде несиені оңай алып, кәсіпорындарды өз ықпалында ұстау үшін несиені жеңілдікпен береді. Ондай жеңілдіктер несие алудың жағдайларына жасалады, яғни пайдалану мерзгіліне, мөлшеріне, қайтарылуына байланысты болады. Бірақ банк қызметіне бұрынғысынша жоғары тарифтер мен проценттік төлем ақысы сақталады. Сондай-ақ, клиенттерге банк қызметінің қосымша түрлері көрсетіледі.
Бәсекенің келесі түрі - әр түрлі несие-қаржы институттарының арасында туындайды. Мысалы, коммерциялық банктер мен жинақ мекемелерінің арасында жинақты өздеріне тарту үшін, коммерциялық банктер, қаржы компаниялары, несие одақтарының халыққа тұтыну тауарларына берген қарыздың үлкен бөлігі үшін; ипотека нарығындағы сақтандыру компаниялары, өзара жинақ және қарыз -жинақ банктерінің бәсекесі.
70-80 жылдары
несие мекемелерінің бәсекесі
өрши түсті, оған себеп болған
негізгі факторлар: қаржылық
Бәсекені күшейтетін маңызды фактордың бірі- қаржылық емес корпарациялардың қаржылық қызмет түрлерін атқаруы. Бұл мекемелер банк қызметінің тек кей біреуін ғана орындайтындықтан, несие институттарына таралатын заңды шектеулерге бағынбайды. АҚШ-та оларды «банктік емес банк» деп атайды. Олар - Дженерал моторз, Форд, ИБМ, Америкен экспресс және тағы да басқа көптеген операциялар жүргізумен шұғылданады: өнеркәсіптік және тұтыну несиесін беру; жылжымайтын мүлікпен, сақтандыру, лизинг операцияларын жүргізіп, қолма-қол ақшаны басқарады.
Үшіншеден, банк капиталы мен өнеркәсіп
капиталының бірігіп қаржы
Төртіншіден, несие жүйесіндегі
құрылымдық өзгерістер. Арнаулы несие-қаржы
мекемелерінің дамуы мен
Дегенмен, экономикаға
несие-қаржылық, ақша-есеп және тағы
басқа қызмет түрлерін
Шаруашылық буындарына көрсететін қаржы-несиелік қызметтерінің санына, мөлшеріне және олардың көлеміне, сондай-ақ мамандануына қарай несие жүйесінің өзегі - банк жүйесі, ал несие институттарының жұмысын үйлестіретін біріңғай орган – Орталық банк болып саналады.
Орталық банк – мемлекеттің банк жүйесінің бірінші деңгейіндегі басты банк, басты эмиссиялық банк. Ол «банктердің банккісі». Ол заңды және жеке тұлғалармен операция жүргізбейді, оның клиенттері – коммерциялық банктер мен басқа несие институттары, сонымен қатар үкімет мекемелері.
Коммерциялық
банктер – банк жүйесінің
Мамандандырылған қаржы-несие
Маманданған несие-қаржы институттары кейбір шаруашылық аясында кең түрде қызмет көрсетуде:
Маманданған несие-қаржы институттарына: жинақ мекемелері, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық компания-лар, қаржы компаниялары, ақша нарығындағы өзара қорлар жатады.
Жинақ мекемелері несие жүйесінің көмегінсіз өз алдына капитал ретінде пайдалануға болмайтын ұсақ жинақтар мен табыстарды өзінде жинақтайды. Алғашқыда жинақ мекемелері жүйесі не жергілікті басқару органдары, не почта ведомствосы ұйымдастырған мемлекеттік мекемелер түрінде кең тараған. ХХғ. 30-40 жылдарынан бастап жеке жинақ мекемелері түрінде кең өрістеді. Жинақ мекемелерінің үш типі бар: өзара – жинақтау банктері, несие-жинақтау ассоциациялары және несиелік одақтар.
Өзара-жинақтау банктері – ұсақ салымдарды белгілі бір мерзімге қабылдайды. Бұндай салымды кері алуға формалды түрде 30 күнге дейінгі мерзім көрсетіліп, куәлік беріледі, ал шындығында банктер ақшаны клиенттің бірінші талабы бойынша қайтарады. Тартылған қаражат әр түрлі жағдайларға және бағалы қағаздар сатып алуға, негізінен тұрғын үй салу кепілдігі үшін ипотекаға, мемлекеттік бағалы қағаздарға және жергілікті үкімет органдарының облигацияларына жұмсалады.
Несие – жинақтау ассоциациялары - осы ұйым мүшелерінің төлеген жарнасынан құралады, яғни клиенттерге олардың бірінші талаптары бойынша номиналымен кері сатып алынатын және процент түрінде табыс түсіретін айрықша сертификат сату арқылы капиталы құрылатын мекеме. Бұл сертификаттар мерзімді салымдарға ұқсас. Ассоциация капиталының көп бөлігі тұрғын үй салу кепілдігі үшін ипотекаға салынады.
Несиелік одақтар - коорперативтер түріндегі жинақ мекемесі, оны кәсіподақтар, ірі кәсіпорындар, шіркеулер ұйымдастырады. Одақтың капиталы мүшелік жарнаны ерекше акциялар сатып алу формасында төлеуден құрылады, ал құрылған қаражат одақ мүшелеріне қысқа мерзімді несие беру үшін қолданылады. Несиелік одақтар АҚШ-та, Ұлыбританияда, Канадада кең тараған.
Сақтандыру компаниялары сақтандыру полистерін сату арқылы қаражат жинайды. Олардың пассиві сақтандыру жарналары мен актив операцияларынан түскен табыстан құралады. Оларды сақтандыру полистерін төлеуге, сонымен бірге ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға және тұрғын үй құрылысы үшін кепілдікке жұмсайды. Сақтандыру обьектісіне қарай сақтандыру компаниялары екі үлкен топқа бөлінеді. Олардың біреулері халықты аурудан, өлімнен, яғниөмірді сақтандырса, басқалары мүлікті оттан, ұрлаудан, стихиялы құбылыстардан және тағы басқа жағдайлардан сақтандырады. Сақтандыру компанияларына жылма-жыл түсетін сақтандыру сыйлық ақысы және активті операциялардан түскен табыс түріндегі қаражат легі полистерді ұстаушыларға төлейтін сомадан әлдеқайда көп. Бұл оларға жоғары табысты ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға салынатын инвестицияны ұлғайтуға, негізінен, өнеркәсіп компанияларының облигацияларына қаржы салуға мүмкіндік береді.
Зейнетақы қорлары жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленген жасқа толғанда зейнетақы төлеу үшін мемлекеттік және жеке мекемелер болып құрылады. Олар жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысының бір бөлігінен, яғни қорға төлеген жарнасынан құрылады. Қазақстан Республикасында жүргізілген зейнетақы реформасының нәтижесінде мемлекеттік зейнетақы қоры құрылды. Ол 1993 жылы Әлеуметтік қорғау минис трлігінің қарамағында болып, мемлекеттік бюджеттің құрамына кірді. Ал 1995 жылдан бюджеттен шоғырланып, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры өз алдына жұмыс істеуде, сонымен қатар бүгінгі күні республикада одан бөлініп шыққан 15 жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары бар.
Инвестициялық компаниялар өзінің шығарған акцияларын сатып, одан түскен ақшаны әр түрлі салалардың бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсайды. Инвестициялық компаниялар «ашық типті» және «жабық типті» болып бөлінеді. «Ашық типті» компаниялар акция ұстаушының талабы бойынша акцияларды кері сатып алуға міндеттенеді, ал «жабық типті» ондай құқық бермейді. Қазіргі кезде компаниялардың бірінші түрі кең тараған.
Қаржы компаниялары – олар тұтыну тауарларын қарызға сатуды несиелеуге және коммерциялық несие беруге маманданған мекемелер. Бұл компаниялардың қаржысы өздері шығарған қысқа мерзімді міндеттемелер мен коммерциялық банктердің берген несиесінен құралады. Ақша нарығындағы өзара қорлар алғашқыда 70-жылдары пайда болды. Олар өз акцияларын нарықта орналастырып, түскен ақшаға қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатып алады. Бағалы қағаздардан түскен табыс акционерлерге төленеді. Қорлардың активінде – ақша нарығында қысқа мерзімді қаржы құралдары: депозиттік сертификаттар, қазыналық вексельдер, банктік акцепттер болады.
Қорыта айтқанда, маманданған несие-қаржы институттары кез келген мемлекеттің несие жүйесінің құрамдас бөлігі. Бұл институттардың коммерциялық банктерден негізгі өзгешелігі – халықтың жинағын тарту арқылы ресурс жинақтау, ал коммерциялық банктер өз пассивтерін негізінен заңды тұлғалардың уақытша бос қаражатын тарту арқылы құрастырады. Біздің мемлекетте «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы бойынша банк емес мекемелерге депозиттер қабылдауға қатаң тыйым салынған, сондықтан Қазақстанда тікелей халықтан депозит жинақтайтын, банк емес институттардың кең тарауы мүмкін емес.
3 - тарау. Қазақстан
Республикасында несие
қалыптасуы мен дамуы
Қазіргі мемлекеттің несие саясатының қаржы және ақша – несие саясатының қалыптасуы нақты экономиканы терең зерттеу мен ғылыми – теориялық базаға негізделеді. Осы орайда Қазақстанның нарыққа көшердегі кезең 1986 – 1993 жылдардағы қаржы және ақша – несие қатынастарын сараптау керек. Республикада нарыққа көшердегі кезеңдегі обьективті экономикалық шарттар мен нақты өзгерістерді ескермесек, сараптама толық бола алмайды.алғашқы кезең (1986 – 1989 ж. ж) осы жылдардағы экономиканың дамуының сыни сараптамасымен, қарқындандыру өндірісінің экономикалық дамуын жылдамдату бағамының толық шаруашылық есеп және өзін - өзі қаржыландыруға көшуіне, еңбек ақының өсуіне тыйым салудың алынуымен, тұтынушы тауарлар мен өндірістік техникалық өнімдердің келісімді бағаларға көшуімен байланысты. Екінші кезең (1990 –1991) экономиканың қаржы жағынан тұрақтануы үшін төтенше шаралар бағдарламасының қабынуы мен республикадағы нарықтық қатынастың енгізілуі бағамымен байланысты. Халыққа ақша қаражатын төлеудің бақылаусыз өсуін тоқтату, қолма – қол ақшаны байланыстыру, өндірістік құрылыс үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлуді тоқтату бойынша шешімдер қабылданды. 1990 жылдан бастап республикада өндірілген ұлттық кіріс 1989 жылдармен салыстырғандаон екінші бес жылдықтың жылдары бойынша алғаш рет 4,4% - ке қысқартылды. Өндірістің құлдырауы экономиканың барлық салаларын қамтиды, бұл тек халық тұтынатын тауарлар ғана емес, өндіріс құрал – жабдықтарының толық тапшылығын тудырды. Үшінші кезең (1992 жылдан бастап) 1992 жылдың екінші қаңтарында Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға көшудің нақты қадамдарыжасалды: өндіріс құрал – жабдықтары мен халық тұтынатын тауарлардың көпшілігінің бағасы түсірілді, өйткені 1991 жылдың соңындағы әсіресе ірі өндіріс орталықтары мен қалалардағы жағдайдың ұшыққандығы соншалық, баспасөзде ТМД елдерінің барлығына, соның ішінде Қазақстанға аштық қаупі төніп тұрғанын жаза бастады. Жалпы республика бойынша 1992 жылы 1 – қаңтарда несие салымдарының көлемі 2,6 есеге өскен. Несие салымдарының өсуін халық шаруашылығының барлық салаларында дерлік көреміз. 1991 жылы несие салымдарының құрылымында мәнді өзгерістер байқалды. Азық – түлік бағдарламасын шешуге арналған бағдарлама бойынша 49,0 – нен 26,8% -ке , әлеуметтік бағдарлама бойынша 19,2 ден 14,2 %- ке несиенің үлес салмағы төмендеді, сонымен қатар халыққа қызмет етуді кеңейту мен халық тұтынатын тауарларды өндірудің 6,6 – дан 6,3% - ке, 1,5 тен 1,1% - ге өсуі байқалады, бұл өз кезегінде республикадағы несие қатынастарының тиімділігі жетіспейтінін дәлелдейді. Халыққа, тұтынушы кооперацияларына, және де жеке еңбек жұмысымен айналысатындарға, кооперативтерге берілетін қысқа мерзімді несиелердің көлемі шұғыл түрде азая бастады, себебі проценттік мөлшерлеме өлшемдері өскен еді. Әрине, бұндай жоғары проциенттік мөлшерлеме кезінде несиені тек қана ақша қаражатының айналымы жоғары және жүргізетін операциялар мен қызмет көрсетулерінің кірісі көп тауар – делдалдық ұйымдар ғана ала алады. Коммерциялық банктердің көпшілік торабы басқа жақтан әкелінетін сол бір тауарларды қайта сатумен айналысатын ұсақ жеке коммерциялық құрылымдарды несиелендірумен және де банк есебіндегі бөлімді қолма – қол ақшаға айналдырудан қолма – қол ақшасыз есеп айрысу, оларды тұтынушы нарығына шығарумен айналысады. Осы орайда ақша айналымға түспей, жеке жинақта орнығып қалды, сол себептен инфляцияға қарай жылжи берді. Қазақстан үкіметіне 1992 жылы ұсынылған несие салымдарының үлесін 1991 жылмен салыстырғанда шұғыл төмендеуі бағаның өте тез өсуімен пайда болған салық ауыртпалығының есебінің, мемлекеттің қаржы жағдайының жақсаруымен түсіндіріледі. Бұл жағдайлар мемлекеттік мекемелердің қаржы жағдайына кері әсерін тигізді, өйткені баға өсімі пайда өсімін басып отырды. Осыған орай Қазақстан экономикасының ең басты проблемаларының бірі туындайды, яғни мәселе несие эмиссиясының ортақ көлемінде ғана емес, несиенің экономикалық табиғатына қарама – қайшы келетін мақсаттарға эмиссияланған несиелердің көп бөлігінің жұмсалуы. Бұлар үкімет бюджеті мен мемлекеттік мекемелердің қаржы тапшылығын жабуы. 1992 жылы әрбір сегізінші мекеме залалмен, әрбір екінші тұрмыстың қызмет көрсетуде, әрбір үшінші сауда мен коммуналдық шаруашылықта құлдырады. Мекемелерге берілген несиелердің көп бөлігі мыңдаған еңбекақыға айналдырылды. Мысалы, 1993 жылдың басында қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбекақысын ұлттық банк ақшасын эмиссиялау есебінен төленді. Соңғы жылдары экономикадағы тоқырау жағдайлардың өсуі мен бағаны ырықтандыру шарты бойынша министірлік және мемлекеттік сектордағы мекемелердің тарапынан республикадағы ұлттық банкке жеңілдіктер арқылы банктік несиелер беруді шешудің қысымы өрістей түсуде. Бұл жағдай республикадағы қаржы – несие жүйесінің қызмет етуінің тұрақтылығын қамтамасыз етуімен экономикалық орнығуына кедергі келтірмек. Осылайша сараптама нәтижесі көрсеткендей 1992 жылдың 2 қаңтарынан нарық пен ғаламдық бағаны ырықтандыруға көшудің шарттары бойынша жүргізілген экономикалық процестер Қазақстан Республикасының несие қатынастары мен ақша айналымының дамуында жаңа тенденцияларды анықтады. Бұлардың барлығы Қазақстанның нарыққа кірердегі несие қатынастарының дамуына кері әсерін тигізді. (12:71-беттер)