Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 21:12, курсовая работа
Курстық жұмыстың құрамы кіріспеден, үш тараудан , қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Несие жүйесі және оның құрылымы және оның мәні мен маңыз қарастырылған.
Екінші тарауда Несие жүйесінің элементтері және оның нарықтық экономикадағы алатын орны қарастырылған.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қарастырылған.
Кіріспе 2
1 тарау. Несие жүйесі және оның құрылымы
1.1 Несие жүйесі және оның мәні 3
1.2 Қазіргі несие жүйесінің құрылымы 7
2 тарау. Несие жүйесінің элементтері және оның нарықтық экономикадағы алатын орны
2.1 Несиелік жүйені құру принциптері 9
2.2 Несие жүйесінің элементтері. Маманданған несие - қаржы институттары 12
3 тарау. Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы 19
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
Қазіргі несие жүйесі ұзақ тарихи дамудың нәтижесі және ол нарықтық экономиканың талаптарына сай өзгеріп отырады. Егер институтционалдық жағынан қарасақ кредит жүйесі валюта-қаржы мекемелерінің кешені, оны мемлекет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизімін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді. Бүгінгі несие жүйесі мынадай маңызды процестердің әсерімен қалыптасты: банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы, несие – финанс жүйелерінің мамандануы мен кредит жүйесінің функционалдық құрылымының күрделенуі, банк және өнеркәсіп монополиясының қосылуы мен бірігуі, банктік істердің интернационалдануы, трансұлттық банктер мен финанс топтарының пайда болуына әкелді. Қазіргі кредиттік жүйеде мынадай үш негізгі буын бар: орталық банк, коммерциялық банк, маманданған несие-қаржы институттары. Несиелік жүйеде жетекшілік орынды банк атқарады. Тек орталық банкке ғана мемлекет ақша шығаруға ерекше монопольдік құқық берді. Көптеген орталық банктер бірден мемлекеттік институттар болып құрылды. Бірқатары осы күнге дейін аралас мемлекеттік жеке меншік негізінде жұмыс істейді. Қазақстанда қазір Ұлттық банк осындай рөл атқарады.
Орталық банктер көптеген қызметтер атқарады, солардың ішіндегі бастылары:
Коммерциялық банктер
несие жүйесінің «нервтік»
2 - тарау. Несие жүйесінің
нарықтық экономикадағы алатын орны.
Несиелік жүйенің ұйымдастыруы мен жұмыс істеу негізінде белгілі бір принциптер жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтық қатынастарға өту кезеңінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, басқа банктік емес институттармен үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша - несие саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Орталық банктің автономиясы.
Банк ісіне мемлекеттік
Нарықтық экономикада арнайы банктік
емес институттар құрылмағын жағдайда
кез келген елдің несие жүйесі
аяқталмай қалады.халық
Несие жүйесін құрудың маңызды принципі – несиелік мекемелер торабының барынша даму мен оларда барлық ақша операцияларының шоғырлануы. Соңғысын шаруашылық буындарының бос ақша қаражаттарының банктерде сақталуы, есеп айырысудың қолма-қол жолмен жүргізілуі деп түсінуге болады. (1;121)
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында шамамен 77 банк және олардың 783 бөлімшелері мен филиалдары орналасқан. Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде жинақталуы – несиелік ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдің халық шаруашылығына ұтымды бағыттауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңында былай делінген: «Қазақстан Республикасының Призиденті мен Министрлер кабинеті өз құзыреті шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін нормативті актілерді қабылдайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – Қазақстан Республикасының валютасын реттеудің негізгі органы болып табылады».
«Валюталық реттеу» түсінігіне нормативті актілерді жасап шығару, ақпарат жинау, валюталық заңдардың сақталуын бақылау және оны бұзған тұлғаларға санкциялар қолдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыру. Бұл принцип – ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының ықпалаынан сенімді қорғау жолы. Орталық банктің автономиясы егемен елдер заңдарымен бекітілген. Банктер жедел банктік қызметпен байланысты шешімдерді қабылдау кезінде үкімет пен атқарушы билік органдарынан тәуелсіз. Ұлттық банк тек Қазақстан Республикасы Президентіне ғана есеп бере алды. Кей жағдайда бұл Республиканың ұзақ мерзімді міндеттерінің қозғаушысы ретінде Ұлттық банк мүдделері үкіметтің қысқа мерзімді мүдделеріне сәйкес келмеуі мүмкін; үкімет болса мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында Ұлттық банктің несиелік ресурстарын осы тапшылықты жабуға пайдалануға тырысады, ал бұл ақша айналымының тұрақтылығын бұзады, инфляцияның өршуіне себепкер болады.
Орталық банк елдегі ақша-несие саясатының
жүргізілуіне толық жауап береді.
Өз кезегінде ақша-несие саясаты
экономиканы мемлекеттік
Ұлыбритания мен Францияда
орталық банктердің капиталы
мемлекет иелігінде, алайда
Орталық банктердің автономиясы Батыс Германияда, АҚШ-та заң жүзінде бекітілген. Батыс Германияның банк жүйесі туралы заңында, Орталық банк өз саясатын үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс, алайда оның тұрақты ақша айналысын сақтау мақсаттарына қайшы келетін талаптарын орындауға міндетті емес деп жазылған. Ол канцлерге де, федерация министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк туралы Заңға ғана бағынады.
АҚШ-тың несие жүйесінің
Біздің еліміз бен шет елдердегі
несие жүйесінің
Призиденттің «Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкі туралы» заң күші
бар жарлығында былай деп жазылған:
«Жүргізіліп отырған
Осылайша Үкімет, Ұлттық банктің басқа да кпиенттері тәрізді әр бір несие бойынша қайтарымдылық, мақсатты-сипатының мерзімділігі және төлемдік шарттарына сәйкес келетін келісім негізінде қарыз алады.Үкімет әр бір несие бойынша нарықтық пайыздық мөлшерлемері бар тапсырылатын бағалы қағаздар шығарады. Оларды Ұлттық банктен өтеп алу мерзімі алты айдан аспауы тиіс, бірақ бұл мерзімді Қазақстан Республикасы Парламенті жыл аяғына дейін ұзартуы мүмкін.
АҚШ,Жапония, Англия, Канада және басқа елдерде іс жүзінде үкіметті тікелей несиелендіру жоқ; Германия, Голландия, Францияда заңмен шектелген, Австрияда үкіметтік нексиеден заң алтын және конвертацияланатын валютамен 100% қамтамасыз етілуі талап етіледі.
Маманданған несие-қаржы институттары.
Несие жүйесі – несие қатынастарын ұйымдастыратын несие қатынастарымен институттарының жиынтығы. (5: 94-беттер)
Өркениетті мемлекеттердің
тәжірибесінде несие жүйесі туралы
екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі-
несие-есеп қатынастары, оның түрлері
мен несиелеу әдістерінің жиынтығы;
екіншісі- несие-қаржы институттарының жи
Қазіргі несие жүйесі несие мен ақша айналысын, нақты ақшасыз есеп айрысуды және жинақтау ісін, сондай – ақ халықаралық есеп айрысу және несие қатынастарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын көптеген алуан түрлі мекемелерден тұрады. Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субьектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айрысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және сол сияқты көптеген операциялар өтеді.
Несиелеу жүйесі
негізінен үш элементтен
Несиелеу жүйесінің бұл элементтері бі бірінен ажыратуға болмайды. Несиелеу мәмілесіндегі жетістік осы элементтерндің бірін-бірі толықтырған жағдайда қалыптасады. Орталықтанған экономикада несиелеу обьектісіне көп көңіл аударады. Несиелеу обьектісі болған жағдайда кәсіпорындар мен мекемелер банктік несие алуына құқылы болады. Мұндай обьектілер әрқашан да табылды. Кейбір кәсіпорындар меншікті және қарыз қаражаттарын үнемі пайдалануға мүдделік бермегендіктен тауарлы- материалдық құндылықтардың белгіленген шамадан тыс артық қорларын жинайды. Өндірістік шығындарды артық жұмсады, сөйтіп қосымша қаражаттарды тартуды қажетсінді. Осы үш элементтің жиынтығы несиелеу жүйесін білдіреді. Бірақ кейде несиелеу процесінің мүмкіндігін шешу үшін осы үш элементтің бірі жеткілікті сияқты болып көрінеді. Несиелеу жүйесінің тағы бір элементі бар. Ол сенімділік. Бұл кредит түсінігінің өзінен туындайды. Латын «кредо» - сенемін деген ұғымды білдіреді. Кредитте екі жақтың қатынасатыны белгілі: кредитор және қарыз алушы. Олардың арасында қайтарымдылықтың негізінде қарызға берілетін құн қозғалысы жүреді. Бұл қозғалыс екеуінің арасында сөзсіз мынадай сенімділік қатынасын тудырады: қарыз алушы банктің қарызды уақытында және қажетті соммада беретініне сенімді. Өз кезегінде қарыз беруші қарыз алушының сол кредитті нақты мақсатқа жұмсап уақытында пайызбен қайтаруына сенімді.
Қазақстандағы несиелендіру
жүйесінің барлық элементтерін қарастыра
келе, келесідей проблемаларды