Компанияның ақша қаражаттарын жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 11:18, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3

1 тарау. Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері.

1.1. Компанияның ақша қаражатының экономикалық мыңызы .....................5

1.2. Компанияның ақша қаражатының атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері ...............................................................................................7

1.3. Коспанияның ақша қаражаттарын басқаруды жоспарлаудың ерекшеліктері ........................................................................................................14

2 тарау. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау.

2.1. «Ақайнар» АҚ - ның 2009-2010 жылдардағы активтерінің құрамы мен құрылымын талдау ...............................................................................................16

2.2. «Аққайнар» АҚ- ның 2009-2010 жылдардағы негізгі құрал – жабдықтардың көрсеткіштерін талдау ..............................................................18

2.3. «Аққайнар» АҚ - ның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау .....................................................................................................................19

3 тарау. Қазіргі кезде компанияның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары ............................................................................22


Қортынды .............................................................................................................29

Қолданылған әдебиеттер ..................................................................................32

Работа содержит 1 файл

Копия акша каражаты .doc

— 196.50 Кб (Скачать)
 

     Сонымен, бұл кестедегі мәліметтері көрсеткендей, қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына ағымдағы активтердің пайдасына шешілді.  Яғни, ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу коэффициентінің өсуі. Коэффициент артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады, яғни мүлік әлдеқайда іске тартылған болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдылығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.  

2.2.     «Аққайнар» АҚ- ның 2009-2010 жылдардағы негізгі құрал – жабдықтардың  көрсеткіштерін талдау 

     Бұл  бөлімде кәсіпорынның негізгі құрал – жабдықтардың көрсеткіштері туралы мәліметтері берілген. Көрсетілген мәліметтер бойынша 2009 жыл мен 2010 жылдың көрсеткіштерін  салыстыру арқылы талдау жүргіземіз.  

Кесте 3  - «Аққайнар» АҚ -ның 2009-2010 жылдардағы негізгі құрал – жабдықтар

                                                                                                           мың теңге

Жыл аяғында  бары, бастапқы ( ағымдағы) құны бойынша  2009 жыл 2010

жыл

Ауытқуы

(+,-)

Өсу қарқыны, %
1 Үй жайлар 74462 55143 -19319 74,06
2 Ғимараттар 855547 1257827 402280 147,02
3 Беріліс құрылғылары - - - -
4 Машиналар мен  жабдықтар, барлығы: 672050 625993 -46057 93,1
  Соның ішінде:        
- Қуатты машиналар 35019 30365 -4654 86,7
- Жұмыс машиналары мен жабдықтары 453895 569181 115286 125,4
5 Көлік құралдары 282379 90443 -191936 32,02
6 Аспап, өндірістік және шаруашлық мүмкіндігі 5003 5057 54 101,08
7 Жұмыс және өнім малы - - - -
8 Көп жылдық ағаштар - - - -
9 Негізгі құралдардың  басқа түрлері 95624 97488 1864 101,9
10 Жер учаскелерінің жалпы көлемі, га 203,7 990,6 786,9 486,3
 

     Бұл  3 – кестеде кәсіпорынның негізгі  құрал – жабдықтардың көрсеткіштері  туралы мәліметтері берілген. Көрсетілген мәліметтер бойынша 2009 жыл мен 2010 жылдың көрсеткіштерін  салыстыру арқылы талдау жүргіземіз. Мұндағы ғимараттар 402280 мың теңгеге, аспап, өндірістік және шаруашылық мүмкіндігі 54 мың теңгеге, негізгі құралдардың басқа түрлері 1864 мың теңгеге, жер учаскелерінің жалпы 786,9 га артқан, ал үй – жайлар 19319 мың теңгеге, машиналар мен жабдықтар 46057 мың теңгеге, көлік құралдары 191936 мың теңгеге азайғанын байқаймыз.  

     Сонымен, осы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  негізгі құрал – жабдықтарының  жағдайының өте жақсы екендігін  көруге болады. Барлық баптар бойынша  соңғы екі жыл ішінде олардың құны артып отыр. 
 

    2.3. «Аққайнар» АҚ - ның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау 

          «Аққайнар» АҚ -ғы көпсалалы, кен өндіруден тұтынуға дайын өнім шығаруға маманданған, біткен циклды өндірісті меңгерген тау – кен металлургиялық кәсіпорыны. Компанияның негізгі қызметі: пайдалы қазбаларды өндіру және оларды байыту, катодтық мыс өнімін шығару, түсті металдар өндіру және сату.

           Нарықтық қатынастрадың тереңдетілуі  және кәсіпкерлік өрісінің кеңеюі  жағдайында еңбек төлемін реттеудің маңызы ерекше. Өйткені еңбекақы ғана жұмсалған шығындар еңбек күшіне пара – пар келеді және өндірістің дамуына ынталандырудың әсерін күшейте түседі. 

           Корпорация, әлемдік деңгейде дамып  келе жатқан құрылым. Оның қаржылық  қызметінің нәтижелері мына төменде ( 4 – кестеде) көрсетілген.

                                                                                                 

                                                                                   

Кесте 4 - «Аққайнар» АҚ - ның қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері 

мың теңге

Көрсеткіштер 2009 жыл 2010 жыл Ауытқуы

(+; - )

Өсу қарқыны (%)
1 Сатудан түскен табыс, мың теңге 228817260 411176304 182359044 179,7
2 Өткізілген  өнімнің өзіндік құны, мың теңге 83691000 118303824 34612824 141,4
3 Жалпы табыс, мың  теңге 145126260 292872480 147746220 201,8
4 Осы кезеңдегі  шығын, мың теңге 23660417 30079588 6419171 127,1
5 Негізгі қызмет табысы, мың теңге 12165843 262792892 250627049 2160,1
6 Негізгі емес қызмет нәтижесі, мың теңге 1629564 11979561 10349997 735,1
7 Салық салуға дейінгі  табыс, мың теңге 123095407 274772453 151677046 223,2
8 Табыс алығы, мың  теңге 37927399 80125488 42198089 211,3
9 Таза табыс, мың теңге 85168008 194646965 109478957 228,5
10 Негізгі өндірістің тиімділік деңгейі, % 82,4 104,7 22,3 127,06
11 Корпорацияның тиімділік деңгейі,  % 50,3 55,3 5 109,9
 

          1 – кестеден көрініп тұрғандай, 2009 – 2010 жылдар аралығында корпорацияның өнім өткізуден тапқан табысы 3,7 есе, таза табыстың көлемі 6,0 есе арттырылды. ЖШС – і кәсіпорындарының жиынтық тиімділік деңгейі 2010 жылы 79,3% - ды құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 30,2 пайыздан жоғары болған.

           Нарықтық қатынастрадың тереңдетілуі  және кәсіпкерлік өрісінің кеңеюі  жағдайында еңбек төлемін реттеудің маңызы ерекше. Өйткені еңбекақы ғана жұмсалған шығындар еңбек күшіне пара – пар келеді және өндірістің дамуына ынталандырудың әсерін күшейте түседі.

           Тиімділік - әлеуметтік – экономикалық  процестер мен құбылыстардың  жиынтығын сипаттайтын, нәтижеге қол жеткізу мен ресурстарды пайдаланумен байланысты категория. Экономикалық тиімділіктің өсуі, өнім бірлігіне шаққандағы шығынның қысқаруымен немесе бұрынғы шығын көлемін сақтай отырып, тиімділіктің артуымен тікелей байланысты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3 тарау. Қазіргі кезде компанияның ақша қаражаттарын басқарудың  тиімділігін  арттыру  жолдары 

     Компанияның қаржы ресурстарын басқаруды  қалыптастырудың экономикалық механизмдерін  жетілдіру бойынша негізгі бағыттар мен ұсыныстар жасауға болады:

     Шағын бизнестің қаржы ресурстарын басқару кешеніндегі басты мәселе шағын кәсіпорынның қаржы ресурстарын ұйымдастыру, олардың түрлері бойынша және қалыптасу қайнар көздері бойынша қатынасы болып табылады. Шағын кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру саясатының негізгі бағыттары осы жағдайлар арқылы анықталады:

    • Қаржы ресурстарының оңтайлы құрылымын анықтау;
    • Қаржы нарығындағы жағдайларды есепке ала отырып меншікті және қарыз қайнар көздердің қатынасындағы өзгерістерді есепке алу;
    • Қарыз мүмкіндіктерінің резервтерін анықтау.

     Қаржылық  ресурстар мен капитал фирманың қаржыларын талдаудың басты объектісі  болып табылады. Реттелетін нарық  жағдайында капитал түсінігі қолданылады, ол қаржыгерлер үшін фирманың жаңа кірістерін алу мақсатында үнемі  әсер етуге болатын нақты объектт болып саналады. Осы сапада капитал тәжірибелік қаржыгер үшін - өндірістің объективті факторы. Осылайша капитал – фирма арқылы айналымға салынған және осы айналымнан кіріс әкелетін қаржы ресурстарының бөлігі. Осы мағынада капитал қаржы ресурстарының айналған формасы ретінде болады.

     Нақты өмірде фирманың капиталы ақшалай нысанда  ұзақ уақыт бойы қала алмайды, өйткені  ол жаңа кірістер әкелуі керек. Фирманың кассасында немесе оның банктегі есеп айырысу шотында ақшалай қаражаттардың  қалдығы ретінде ақшалай нысанда бола отырып, ол фирмаға кіріс әкелмейді немесе тіптен кіріс әкелмейді.

     Құрылатын тауардың материалды негізін шикізаттар, материалдар, сатып алынатын комплектілеу тауарлары және жартылай фабрикаттар  алатын болғандықтан, олардың құндары  басқада материалдық шығындармен, негізгі өндірістік қорлардың тозуымен, жұмысшыларға төленетін жалақымен қатар өзіндік құн формасында болатын, кәсіпорынның өнімді өндірудегі шығындары қатарына жатады. Түсім түскенге дейін бұл шығындар кәсіпорынның шығындалмайтын, ал өндіріске авансталатын айналым қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Тауарды өткізуден түсім түскеннен  кейін  айналым қорлары қалпына келтіріледі, ал кәсіпорынның өндіріс бойынша шаққан шығындарының орны толықтырылады. Құрылатын тауардың материалды негізінен шикізаттар, материалдар сатып алынатын комплектілеу тауарлары және жартылай фабрикаттар алатын болғандықтан, олардың құндары басқа да материалдық шығындармен негізгі қорлардың тозуымен, жұмысшыларға төленетін жалақымен қатар өзіндік құн формасында болатын, кәсіпорынның өнімді өндірудегі шығындары қатарына жатады. Түсім түскенге дейін бұл шығындар кәсіпорынның шығындалмайтын, ал өндіріске авансталатын айналым қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Тауарды өткізуден түскеннен кейін айналым қорлары қалпына келтіріледі, ал кәсіпорынның өндіріс бойынша шаққан шығындарының орны толтырылады.

     Қаржы ресурстаны анықтаудағы ең қолайлы  негізгі принцип болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта бөлуден өте отырып жиынтық  қоғамдық өнім өткізілетін форма: амортизациялық аударым, жиынтық кіріс (пайда), айналым қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі, тұрақты пассивтер және т.б., сонымен қатар олардың кәсіпорынның қаражаттар айналымы процесіндегі ролін нақты айқындау керек.

     Кәсіпорынның  қаржы ресурстарын, біздің пікіріміз бойынша, үш негізгі топқа бөлу экономикалық тұрғыдан дұрыс болады:

      • Меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар есебінен қалыптасқан қаржы ресурстары;
      • Қаржы нарығында мобилизацияланған ресурстар;
      • Қайта бөлу есебінен түскен ресурстар.

     Жеделдетілген амортизациямен қатар соңғы жылдары  негізгі қорларды қайта бағалау  да үлкен мәнге ие болып отыр.

     Қайта бағалаудың мақсаты – негізгі  активтері жаңалау үшін керекті  ақшалай қаражаттар қорын қалыптастыруға жағдай жасау, мүлікті бағалау және тозуды есептеу үшін алғашқы құндық базаны жаңалау болып табылады.

     Қайта бағалауға барлық негізгі қорлар жатады, оның ішінде әрекетегілері  және консервацияланғандары, резевтегілері  мен запастардағылары, аяқталмаған  құрылыстардағылары, жалға немесе уақытша  пайдалануға берілгендері, списанияға шығаруға дайындалғандары, бірақ өшіруге акт жасалмағандары.

     Шаруашылықты  жүргізудің жаңа негіздеріне өтуде  экономикасында нарқытық механизмдері активизациялауда кәсіпорынның қаржы  ресурстарын қалыптастырудың қайнар көздерінің ішінде материалды емес активтердің амортизациясы үлкен мәнге ие.

     Қазіргі кезде кәсіпорын қаржылық жұмысты  ұйымдастыру кезінде үлкен қиыншылықтармен  қақтығысады. Жеңісті жұмыс істеп  жатқан фирмалардың тәжірибесі осы  мәселені шешудің қысқа жолының  кәсіпорын басшыларының қолында екендігін көрсетті. Қазіргі таңда фирманың қаржы жұмысын қайта құрудың екі тәсілі кеңінен қолданылады:

  • Егер  де басшы – кәсіби қаржыгер болса, ол қаржы қызметін қайта құруды өзі реттейді. Бұл тиімді нұсқа, бірақ отандық тәжірибеде көп кездеспейді;
  • Фирманың қаржы  қызметінің тапсырмалары мен қызметтерін түсінетін басшы, бірақ осы кәсіптің барлығын нақты білетін кәсіби қаржыгер болмаса, тәжірибеге қаржы жұмысын ұйымдастырудың керекті моделін    қою мен енгізу үшін сыртқы ұтымды тарту.

   Қызметтің ерекшеленген бағыттары бір мезгілде менеджердің алдында тұрған негізгі  тапсырмаларды да анықтайды. Осы  тапсырмалардың құрамы келесі түрде  бөлшектенеді.

      Бірінші бағыт шеңберінде жалпы бағалау  жүргізіледі:

  • Кәсіпорынның активтерінің және оларды қаржыландырудың қайнар көздерінің;
  • Кәсіпорынның қол жеткізген экономикалық потенциалын ұстап тұруға және оның қызметін кеңейтуге керекті ресурстар шамасы мен құрамы;
  • Қосымша қаржыландырудың қайнар көздерінің;
  • Қаржы ресурстарын пайдаланудың жағдайы мен тиімділігін бақылау жүйесінің.

Екінші  бағыт бөлшекті бағалауды талап  қарастырады:

  • Керекті қаржы ресурстарының көлемінің;
  • Оларды ұсыну формаларының (ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді несие, нақты ақша);
  • Қол жеткізу мен уақыт дәрежесінің ( қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігі келісім шарт арқылы анықталады; қаржыға керекті көлемде және керекті уақытта қол жеткізе алу керек);
  • Ресурстардың осы түрін иелену құнының (пайыз ставкалары, қаражаттардың осы қайнар көздерін ұсынудың басқалай формальды және формальды емес жағдайлар);
  • Қаражаттардың осы түрімен       ассоциацияланатын тәуекел ( яғни, меншік иелерінің капиталы қаражаттардың қайнар көзі ретінде банктің мерзімді ссудасына қарағанда аз тәуекелді болады).

Информация о работе Компанияның ақша қаражаттарын жетілдіру жолдары