Компанияның ақша қаражаттарын жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 11:18, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3

1 тарау. Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері.

1.1. Компанияның ақша қаражатының экономикалық мыңызы .....................5

1.2. Компанияның ақша қаражатының атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері ...............................................................................................7

1.3. Коспанияның ақша қаражаттарын басқаруды жоспарлаудың ерекшеліктері ........................................................................................................14

2 тарау. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау.

2.1. «Ақайнар» АҚ - ның 2009-2010 жылдардағы активтерінің құрамы мен құрылымын талдау ...............................................................................................16

2.2. «Аққайнар» АҚ- ның 2009-2010 жылдардағы негізгі құрал – жабдықтардың көрсеткіштерін талдау ..............................................................18

2.3. «Аққайнар» АҚ - ның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау .....................................................................................................................19

3 тарау. Қазіргі кезде компанияның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары ............................................................................22


Қортынды .............................................................................................................29

Қолданылған әдебиеттер ..................................................................................32

Работа содержит 1 файл

Копия акша каражаты .doc

— 196.50 Кб (Скачать)

Мазмұны: 

Кіріспе..................................................................................................................... 3 

1 тарау. Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық  маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері.

1.1. Компанияның   ақша қаражатының  экономикалық  мыңызы .....................5

1.2. Компанияның  ақша қаражатының атқаратын қызметтері мен оны басқарудың  түрлері ...............................................................................................7

1.3. Коспанияның   ақша қаражаттарын басқаруды жоспарлаудың  ерекшеліктері ........................................................................................................14

2 тарау. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық  жағдайын талдау.

2.1. «Ақайнар»  АҚ - ның 2009-2010 жылдардағы  активтерінің құрамы мен құрылымын талдау ...............................................................................................16

2.2. «Аққайнар» АҚ- ның 2009-2010 жылдардағы негізгі құрал – жабдықтардың  көрсеткіштерін талдау ..............................................................18

2.3. «Аққайнар» АҚ - ның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау .....................................................................................................................19 

3 тарау. Қазіргі кезде компанияның ақша қаражаттарын басқарудың  тиімділігін  арттыру  жолдары ............................................................................22 
 

Қортынды .............................................................................................................29 

Қолданылған әдебиеттер ..................................................................................32 
 
 

Кіріспе 

     Компанмяның қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқашаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.

     Жоғарыда  берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндікқұн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.

     Кәсіпорынның  қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

     Сонымен, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынасындағы  потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгендігін бағалайды.кәсіпорынның қаржылық жағдайын объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын анықтауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.

     Қаржылық  жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және  ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс  және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады.

     Кәсіпорынның  қаржылық қызметінің қалыпты болуы  әсіресе өз кеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

      Мен бұл курстық жұмысымда негізінен  нарықтық экономика жағдайындағы байланысты компанияның ақша қаражаттарының  қалыптасу ерекшеліктері мен даму жағдайы, оның экономикалық мәні, олардың қызметтері мен міндеттері және басқаруды жоспарлауды, яғни компанияның ақша қаражаттарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмдерін дамытуы мен оны жетілдірудің жолдарын қарастырғалы отырмын.    

   
 
 
 
 

1 тарау. Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық  маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері

1.1. Компанияның  ақша қаражатының  экономикалық  мыңызы 

     Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын  дамытудың негізгі бағыттарын анықтай  отырып, экономикалық дамудың концепциясы  және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде  кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізе алды.

     Нарықтық  экономика жағдайында мақта өңдеу  кәсіпорындарының қаржылық өмірінде күрделі  өзгерістер жүруде. Қаржы жұмыстарын ұйымдастырудың бұрынғы тәсілдері жаңа тәсілдермен сәйкес келмеді, кәсіпорындардың қаржылық қызметтерінің алдына жаңа талаптар қойыла бастады. Оның маңызды себептерінің бірі экономиканың нақты секторындағы реформаның тежелуі.

     Кәсіпорындары басшылары мен менеджерлері алдында қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне көбірек көңіл бөліне бастады. Өйткені кәсіпорындар қызметін жоспарлауға алдын қолданылған көрсеткіштер мен процедуралардың, мысалы, өндірілген өнімнің көлемінің құнының өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы салдарынан жеңісті бәсекелестікке әкелмейтіндгігі анықталады және бәсекелестіктердің пайда болуы дәстүрлі пайданы алуға кедергі келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар кей жағдайларда пайданы ең төменгі деңгейге дейін жеткізеді.

     Компанияның ақша қаражаттарын басқару жүйесін  жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы  ресурстарын тиімді пайдалануды  басқарудың қажеттілігін кәсіпорын  басшылары мен менеджерлері тез  түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын  қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорылар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т.б. осындай басты мәселелерді шешу диссертациялық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.

     Сонымен қатар, кәсіпорындарда әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін, қаржы ресурстарын басқару жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі де бар. Мәселенің өзектілігі Қазақстанның жеке меншік иелігіндегі және өз қызметінің ерекше салалық , өндірістік және технологиялық ерекшеліктеріне ие, мақта тазалау өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін оның жеткіліксіз жасалуымен күшейеді. Аталған жағдайлар диссертациялық зерттеу тақырыбы ретінде қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін мақта тазалау кәсіпорындарында  ұйымдастыру, оның өзекті мәселелерін таңдауды анықтады.

     Қаржы ресурстарын басқару жүйесінің  тәжірибесі шағын кәсіпорынның қаржы  ресурстарын қалыптастыру проецесін  талдауға мүмкіндік береді. Қаржы  ресурстары туралы ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді. Осы мәселелерге қазақстандық келесі ғалымдар өз еңбектерін арнаған: Джуманов А.М., Жуйриков К., Ильясов К.К., Сатыбалдин А.С., Отаров Э.К. және т.б. Сонымен қатар ғылыми басылымдарда қаржы ресурстарының анықтамасы қаржы түсінігімен жүргізілуде, ал нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқаруға көп көңіл бөлу керек, өйткені қаржы ресурстарын   басқарудың тиімді жұмысы туралы сөз қозғауға болмайды. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру арнайы кешенді зерттеуді және талдауды талап етеді.

     Бұл жұмыстың басты мақсаты –кәсіпорындарының  қаржы ресурстарын басқарудың қазіргі  заманғы жағдайын жүйелі  - кешенді  зерттеу және осы сферадағы негізгі  мәселелерді    анықтауға негізделген  қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау жыне талдау жүргізу болып табылады. 

    1.2. Компанияның ақша қаражатының атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері 

     Кәсіпорынның  қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылықтұрақтылығын және оныңөз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

     Ал  кәсіпорынның қаржылықтұрақтылығы  нені білдіреді?

     Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық – меншіктіжәне қарыз қаражаттырының байланысы деп жазады.

     Енді  біреулер «өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және деөз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазады.

     В.Г.Артеменко  мен М.В.Беллендир бұл ұғымды былай  түсіндіреді: «Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты  дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді жәнеоларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылықтұрақтылық барлық өндіріс – шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады».

     Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М.Радионова  мен М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:

    1. Пайда болу орнына байланысты- ішкі және сыртқы;
    2. Нәтижесінің маңыздылығына байланысты- негізгі және негізгі емес;
    3. Құрылысы бойынша- қарапайым және күрделі;
    4. Әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.

   Ішкі  факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын  ұйымдасьтыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне  бағынышты емес.

     Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

    • Кәсіпорынның салалық топқа жату;
    • Шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
    • Төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
    • Шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
    • Қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
    • Кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

     Сыртқы  факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлем қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және т.б. жатады.

     Сонымен, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынасындағы  потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгендігін бағалайды.кәсіпорынның қаржылық жағдайын объективті дұрыс бағасын алудың еңжақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынныңдаму бағытын анықтауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.

     Нарықтық  экономика жағдайында жұмыс істеуші  кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

Информация о работе Компанияның ақша қаражаттарын жетілдіру жолдары