Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 11:18, курсовая работа
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Кіріспе..................................................................................................................... 3
1 тарау. Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері.
1.1. Компанияның ақша қаражатының экономикалық мыңызы .....................5
1.2. Компанияның ақша қаражатының атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері ...............................................................................................7
1.3. Коспанияның ақша қаражаттарын басқаруды жоспарлаудың ерекшеліктері ........................................................................................................14
2 тарау. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау.
2.1. «Ақайнар» АҚ - ның 2009-2010 жылдардағы активтерінің құрамы мен құрылымын талдау ...............................................................................................16
2.2. «Аққайнар» АҚ- ның 2009-2010 жылдардағы негізгі құрал – жабдықтардың көрсеткіштерін талдау ..............................................................18
2.3. «Аққайнар» АҚ - ның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау .....................................................................................................................19
3 тарау. Қазіргі кезде компанияның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары ............................................................................22
Қортынды .............................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер ..................................................................................32
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылыққызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетінқызметіболып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қаржылық жағдайды талдаудың қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
Кәсіпорынның
қаржы ресурстарын
Микродеңгейдегі қаржы мемлекеттік заңдылық пен үкіметтің атқарушы және басқарушы органдары тарапынан реттеу объектісі болып саналады. Маңызды қаржы шешімдерін қабылдаудағы басты субъект – меншік иесі болып табылады.
Профессор К.Жүйріков қаржы ресурстары туралы түсінікті тек шаруашылық субъектісі, яғни корпорация деңгейінде ғана береді: «Қаржы ресурстары деп – шаруашылық субъектісінің иелігіндегі және қаржылық міндеттемелерді жүзеге асыруға, кеңейтілген қайта өндіріс және экономикалық ынталандыру шығындарын жүргізуге бағытталған, ақшалай кірістер мен түсімдер».
Корпорацияның қаржы ресурстарының құралуының қайнар көздеріне ол төмендегідей сипаттама береді.
Меншікті және оған теңестірілген қаражаттарға корпорацияның кірістерінің барлық түрлері, амортизация, істен шыққан мүлікті өткізуден түскен түсім, тұрақты пассивтер, мобилизацияланған ішкі ресурстар жатады, қаржы нарығында мобилизацияланған қаражаттар – бұл меншік акцияны және облигацияны және басқа да құнды қағаздарды сату, инвестициялар. Қайта бөлу тәртібінде түскен ақшалай қаражаттар – бұл сақтандыру бойынша қайтарымдар, концерндерден, ассоциациялардан, салалық құрылымдардан түскен түсімдер; пай жарналары; дивиденттер мен пайыздар; бюджеттік субсидиялар.
Қаржы ресурстары – кәсіпорынның, мекеме мен мемлекеттің иелігіндегі, қаржы – несие жүйесі алдандығы міндеттемелерді орындауы, жұмысшыларды материалды ынталандыруға, кеңейтілген қайта өндіріс шығындарын жүзеге асыруға бағытталған ақшалай кірістер мен қорлар – деген анықтама беру толығырақ болады.
Фирманың қаржы ресурстары мен капитал арасындағы айырмашылық келесіде: кез келген уақытта фирманың қаржы ресурстары капитал көлеміне тең немесе одан көп. Сонымен қатар теңдік фирманың ешқандай қаржылық міндеттемесінің жоқ екендігін және барлық қаржы ресурстарының айналымға салынғандығын сипаттайды. Бірақ бұл капиталдың көлемі фирманың қаржы ресурстарының көлеміне жақындаған сайын фирма тиімді жұмыс істейді дегенді білдірмейді.
Нақты
өмірде жұмыс істейтін фирмаларда қаржы
ресурстары мен капиталдың теңдігі
болмайды. Қаржылық есептілік қаржылық
ресурстар мен капиталдың арасындағы
айырмашылықты анықтай
Кәсіпорындардың қаржылық қатынасы кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, оның кірісінің құралуы, шаруашылық қызметті қаржыландырудың қарыз қайнар көздерін тартуы, осы қызмет нәтижесінде пайда болған кірістерді бөлуі, оларды шағын кәсіпорынның даму мақсатында пайдалануы ақшалай негізде жүзеге асқан кезде пайда болады.
Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыру олардың тиімділігін қамтамасыз етудің жалпы кешенінің негізін қалаушы болып табылады. Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары төмендегіше:
Қаржы ресурстарының құрамы деп оларды құрайтын кірістердің жиынтығы түсініледі. Қаржы ресурстарының құрылымы қаржы ресурстарының жекелеген элементтерінің қатынассын көрсетеді, яғни кәсіпорынның қаржы ресурстарының жалпы көлеміндегі әрбір элементтің үлесін.
Біздің пікірімізше, қаржы ресурстарын анықтаудағы ең қолайлы негізгі принцип болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта бөлуден өте отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілген форма амортизациялық аударым, жиынтық кіріс, айналым қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі, тұрақты пассивтер және т.б., сонымен қатар олардың кәсіпорынның қаражаттар айналымы процесіндегі рөлін нақты айқындау керек.
Кәсіпорынның дамуына бағытталатын қаржылық ресурстар келесілердің есебінен түзеледі: амортизациялық аударымдар; шаруашылық және қаржылық қызметтердің барлық түрінен алынатын пайда; серіктестіктерге қатысушылардың қосымша пай жарналары; облигацияларды шығарудың алынатын қаражаттар; ашық және жабық акционерлік қоғам акцияларын шығару және орналастыру көмегімен орналастырылған қаражаттар; басқа кредиторлардың ұзақ мерзімді несиелері басқа заңды қайнар көздер. Мәселен, кәсіпорындардың, ұйымдардың азаматтардың өз еркімен берген қайтарымсыз жарналары.
Өзін
өзі қаржыландыру принципі тұтынушыға
қажетті өнім өндірісін үлкен
шығындармен шығаратын және әртүрлі
объективті себептерге байланысты тиімділіктің
жоғарғы деңгейін қамтамасыз ете алмайтын
кәсіпорындар үшін әлі де болса қамтамасыз
етілмеген. Оларға коммуналды тұрғын үй,
жолаушылар транспорты, ауыл шауашылығы
және бюджеттен ассигнация алатын басқа
да кәсіпорындар жатады. Осындай жағдай
сонымен қатар шаруашылық қызметі кәсіпкерлік
деп есептелмейтін қорғаныс мағынасындағы
кәсіпорындарға да тән және олар өнімді
өткізуден түскен қаражаттар есебінен
қаржыландырылады.
1.3.
Коспанияның ақша
қаражаттарын басқаруды
жоспарлаудың ерекшеліктері
Қаржылық жоспарлау – бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін оның барлық кірістері мен ақшалай қаражатарының шығындалу бағыттарын жоспарлау болып табылады. Қаржылық жоспарлау жоспарлаудың тапсырмалары мен объектілеріне байланысты әртүрлі мазмұн мен бағыттағы қаржылық жоспарларды құру көмегімен жүргізіледі.
Қаржылық ресурстарды жоспарлаудың мақсатты әртүрлі кәсіпорындарда әр қалай болуы мүмкін. Қаржылық ресурстарды жоспарлау қызметтеріне кәсіпорынның түрі мен көлеміне байланысты әртүрлі мән берілуі мүмкін:
Жоспарлауды ұйымдастыру кәсіпорынның көлеміне байланысты болады. Өте кіші кәсіпорындарда басқарушылық қызметтерді бөлу болмайды және басшылар осы мәселелердің барлығын жеке шешеді. Ірі кәсіпорындарда бюджеттерді құру бойынша жұмыстар орталықтандырылып жасалуы керек. Өйткені өндіріс, сатып алу, өткізу, жедел басқару және т.б. салаларында тәжірибесі мол мамандар бөлімшелер деңгейінде шоғырланған. Сондықтан бөлемшелерде болашақта жасалуы мақсатты болатын әрекеттер ұсынысы жасалынады.
Кәсіпорын
жоспарлау мен бақылауды
Сапалы
жоспарлау керекті қорларды уақытында
ғана емес, сонымен қатар ең төменгі
бағада табу болып табылады. Бұл
үшін осы кезде оны ұсына алатын білікті
табу, қорлардың қайнар көзін олар пайдаланылатын
мақсаттарға салыстыру, әртүрлі қайнар
көздерді баланстау керек, өйткені тек
қана бар займдарына, акция шығаруға немесе
кірістерден түсімдерге ғана арқа сүйеуге
болмайды. Бөлшекті түрде, ауқытты дұрыс
таңдау қажет: акция нарығы жанданып тұрғанда
акцияларды сату, есепті ставкалар жоғары
болғанда қаржы алмау және т.б.
2 тарау. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау
2.1.
«Ақайнар» АҚ - ның 2009-2010
жылдардағы активтерінің
құрамы мен құрылымын
талдау
Бұл бөлімде «Ақайнар» АҚ - ның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды ұйымдастырудың талдауы қарастырылады. Оның ішінде басты назар аударатын нәрсе қаржы ресурстарын қалыптастырудың қайнар көздерін талдау жүзеге асырылады.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық
есептің маңызды элементі болып саналатын
активтерді талдау барысында, осы активтердің
нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және
оларда болған өзгерістер талданады. Активтердің
жалпы құрылымын және оның жеке топтарын
талдау, олардың рационалды таратылуын
талқылауға мүмкіндік береді. Оны келесі
1 - кестеде қарастырамыз.
1 - кесте мәліметтерінен
Сонымен
бұл кәсіпорынның 2009 жылы әрі қарайғы
дамын көрсететіндігін, оның жұмысының
оң нәтижесін сипаттайды, ал 2010 жылы болса
бұл көрсеткіштің құлдырағанын көрсетіп
отыр.
Кесте 1 - «Ақайнар» АҚ - ның 2009-2010 жылдардағы баланс активтерінің құрамы мен құрылымы
№ | Көрсеткіштер |
2009жыл |
2010жыл |
Ауытқуы (+,-) |
Өсу қарқыны, % |
1 | Активтер құны, соның ішінде | 2201425 | 1235710 | -965715 | 56,13 |
1.1 | Ұзақ мерзімді активтер | 70865 | 227079 | 156214 | 320,4 |
А | Негізгі құралдар | 13965 | 227079 | 213114 | 1626,1 |
Б | Қаржылық салымдар | 56900 | - | -56900 | - |
1.2. | Ағымдағы активтер | 2130560 | 1008631 | -1121929 | 47,34 |
А | Өндірістік қорлар | - | 392482 | 392482 | - |
Б | Дайын өнім | 3118 | 247648 | 244530 | 7942,5 |
2 | Кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны | 13965 | 619561 | 605596 | 4436,5 |
Информация о работе Компанияның ақша қаражаттарын жетілдіру жолдары