Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 10:57, курсовая работа
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
І. Кіріспе:...........................................................................................................3-бет
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Несиенің мәні және қызметі, формалары мен түрлері және заңдары .........................................................................................6-бет
2.Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі..........................14-бет
3.Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау............................16-бет
4.Несиелік қабілетті бағалауды жетілдіру жолдары..................18-бет
5.Шетел тәжірибесі.......................................................................20-бет
ІІІ. Қорытынды:...............................................
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер:........................
Отандық
банктік тәжірибеде қарыз алушының
несиелік қабілетін бағалаудағы
басты факторға оның – қаржылық
жағдайы жатады. Ол қарыз алушының
қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде
қызмет ете отырып, меншікті және заңдық
қаражаттарды орналастыру және пайдалану
құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу,
бөлу және тиімді пайдаланумен сипатталады.
Несиелік қабілетті бағалауды жетілдіру жолдары.
Ақшалай қаражат. Қарыз алушының алған несиені қайтаруының үш
көзі болады:
Көрсетілген көздердің кез-келгені несиені қайтаруға арналған
қаражаттың қалдық сомасын қамтамасыз ете алады. Бірақ та банктер несиені қайтарудың негізгі көзі ретінде нақты ақшалар тасқынын маңызды санайды, себебі активтерді сату, қарыз алушының балансын нашарлатып жіберуі мүмкін деп санаса, ал қосымша қаражат тарту, банктің кредитор ретіндегі позициясын бәсендетеді.
Нақты ақшалардың жетіспеуі, қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлығын сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады.
Экономикалық жағдай. Несиеге деген өтінішті қарау барысында, банк жалпы шарт ретінде, елдегі іскерлік жағдай және оның банк жұмысына, сол сияқты қарыз алушының жағдайына тигізер ықпалын сипаттайтын экономикалық коньюктуралық жағдай, бәсекелестерінің болуы, салық, баға және тағы басқаларды қарастырады.
Бақылау. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы соңғы факторға бақылау жатады. Мұнда өзгерген заңдылықтар, құқықтар, экономикалық және саяси жағдайлардың қарыз алушы қызметіне қаншалықты әсері болады деген сияқты сұрақтарға жауап іздейді.
Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға банктің құрылтайшыларын, директорларын, акционерлерін және банкпен тікелей байланыста болып, несие алу барысындағы жеңілдіктерді пайдаланатын басқадай қарыз алушылар жатады.
Несиелерді
сапасына қарай топтау және талдаудың
маңызы бар. Несиенің сапасы деп – сол
несиеге тиісті несиелік тәуекелдің дәрежесін
айтады. Несие сапасының көрсеткішінің
деңгейі, несиелік тәуекел деңгейіне кері
пропорционал болып келеді. Бұл жерде,
несиелік тәуекелдің көрсеткіштерінен
несие сапасының немесе банктің несиелік
портфелінің көрсеткіштерінің айырмашылығы
– бұл банктің берген несиелері бойынша
анықталған нақты шамасында. Несиенің
сапасының категорияларына байланысты,
несиелік портфель құрылымын және несиенің
әр категориясы бойынша проблемалық, мерзімі
өткен, үмітсіз несиелерді біле отырып,
банк несиелік операциялар бойынша зияндарды
төмендетуге бағытталатын шаралар қатарын
жүзеге асыру мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Шетел
тәжірибесі
Шетелде клиенттердің несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және олар туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз ұйымдар банктерге келісім-шарт негізінде қызмет көрсетеді.
Несиелер
бойынша банктердің зиянға ұшырауының
өсуіне біршама әсер ететін факторларға
жасалған талдау, батыстың банкирлеріне
мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік
береді. Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне
сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян
шегуінің басты себебіне, 67% - ішкі факторлар,
ал 33% - сыртқы факторлар үлесі келеді.
Несиелеу
барысындағы банктің
зиян шегуіне әкелетін
факторлар:
Ішкі факторлар | 67% | Сыртқы факторлар | 33% |
Қамтамасыз
етудің
жетіспеушілігі |
22% |
Компанияның
банкноттығы |
12% |
Несиеге деген өтінішті оқып үйрену барысында ақпаратты дұрыс бағалау | 21% |
Кредиторлық қарызды қайтаруын талап ету |
11% |
Алдын-ала ескерту белгісіне кеш көңіл бөлуі және операциялық бақылаудың әлсіздігі | 18% |
Жұмыссыздық мәселелері |
6% |
Қамтамасыз етілудің сапасының нашарлығы | 5% | Ұрлық, алдау | 4% |
Несиелер бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығы. Банктің кез-келген қарыз алушысы мұндай факторларды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан да, қарыз алушының несиелік қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық анықтап білуге тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы өзгерістер мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі, акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және заемдық қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады.
Қарыз алушының сәтсіздікке ұшырауының куәләндыратын белгілерге, шоттағы айналым қаражатының қысқаруы алдында, мерзімі ұзартылған несиелер бойынша төлемдердің уақытын созуын өтінуі және басқаларды жатқызуға болады.
Несиелерді
қамтамасыз ету құлына барлық несиелік
құжаттардың дұрыстығына
Несиелік тәуекелді төмендетудің ең басты тәсіліне – потенциалдық қарыз алушыларды таңдау жатады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауда және оның алған қарызды банкке уақытылы қайтаруына байланысты сенімділігін бағалауда көптеген әдістер қолданылуда.
Шетелдік
банктердің тәжірибесінде қарыз
алушының несиелік қабілетін жете бағалау
несиелік тәуекелді төмендетудегі басты
шара болып табылады.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, халық пеп шаруашылық органдарына қызмет көрсететiн қаржы-несие ұйымы несие жүйесiнің жұмысы шаруашылық құрылымды дамытуда айрықша роль ойнайды. Қаржы-несие тетiгiнiң тиiмдiлiгi мен үздiксiз жұмыс iстеуiне тек жеке шаруашылық бiрлiктерiнің қаражатты уақтылы алып тұруы гана емес, сонымен бiрге тұтас ел экономикасының даму қарқыны да тәуелдi.
Несиенiң ғылыми-техникалық прогрестi жеделдету қызметi ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенiң көмегiнсiз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмыс жасауы қиынға туседi. Сондай-ақ несие өндiрiске ғылыми технологияларды жаңалық ретiнде енгiзу үшiн де аса қажет болып табылады. Себебi, ондай шығындар бастапқыда кәсiпорынның қаражатымен, оның iшiнде орта және ұзақ мерзiмдi банктiң несиелерi есебiнен қаржыландырылады.
Бiз дамыған нарықтық экокомикасы бар
елдердiң қазiргi кездегi несие жүйесiн
сипаттаушы кейбір маңызды мәселелерге
ғана тоқталдық. Өз экономикасын нарықтық
жолға қайта құрушы Қазақстан үшін
әлемдiк банк жүйесiнің қазiргi кездегi
даму тенденциялары‚ үлкен қызығушылық
–туғызады, өйткені нарықтық экономикаға
өту өзiндiк нарыктық несие жүйесiн құруды
талап етедi. Республикамыз үшін шет ел
тәжiрибесiн толығымен меңгерген тиiмдi
болады, өйткені экономика нарыққа өтудiң
ең басында тұр, ал Батыс елдер болса мұнда
бұрыннан қызмет етуде, бiрақ осы тәжiрибеде
барлық жағымды жақтарын алған дұрыс
болады, өйткенi ол өтпелi кезең жағдайында
өз қолданысын табары сөзсiз.
Пайдаланылған әдебиеттер
Информация о работе Коммерциялық банктердің несиелік операциялары