Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 10:57, курсовая работа
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
І. Кіріспе:...........................................................................................................3-бет
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Несиенің мәні және қызметі, формалары мен түрлері және заңдары .........................................................................................6-бет
2.Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі..........................14-бет
3.Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау............................16-бет
4.Несиелік қабілетті бағалауды жетілдіру жолдары..................18-бет
5.Шетел тәжірибесі.......................................................................20-бет
ІІІ. Қорытынды:...............................................
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер:........................
— жоғары пайыздық мөлшерлемесi;
— төмен пайыздықмөлшерлемесi;
— пайызсыз.
д) салалық бағыты бойынша:
— сауда-саттық несиесi;
— өнеркәсiп несиесi;
— ауылшаруашылық несиесi;
—құрылыс несиесі.
ж) ашылатын шот турлерi бойынша:
— жай ссудалық шот бойынша несие;
— арнайы ссуда шоты бойынша несие;
— контокорренттiк шот бойынша несие;
— овердрафт бойынша несие;
— несие желiсi бойынша несие.
Несиенiң айрықша түрiне жылдам сатылатын мулiкпен немесе құқықпен қамтамасыз етiлген, қысқа мерзім ссуда мөлшерi бойынша тiркелетiн ломбардтық несие жатады.
Ломбардтық несиенi негiзгi әр алуан турлерiне кұнды қағаз кепiлдiгiмен, тауар кепiлiдiгiмен, талап кепiлдiгiмен берiлетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша шектеусiз пайдалана алады.
Жаңартпалы несие (ағл. Revolve- айналыста болу, кезең сайын ауыстырып отыру) - ссуда капиталының ұлттық және әлемдiк нарықтарында жаңғыртпалы несие. Ол белгiленген берешек лимитi шегiнде және өтеу мерзiмi шегінде, несие келiсiмiне қатысушы елдер арасында қосымша келiсімсiз автоматты түрде берiледi.
Несие желiсi қарыз алушының алдындағы
несие ұйымының оған несие келiсiмшартының
белгiленген әрекет ету кезеңi iшінде
белгілі бір мақсатқа және келісілген
мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан
рәсімделген міндеттемесі. Несие желісінің
ашылуы, несие беруші мен қарыз алушының
ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын
білдіреді.
Несие заңдары.
Несие заңдарын бiлу және соның негiзiнде тиiмдi несие механизмiн ретке келтiру өндiрiс қорларының айналыстары мен айналымдарының бiркелкi еместiгiне байланысты бос тұрған қаржыларды орынды пайдалануға мумкiндiк бередi.
Несие заңдарына ең алдымен Несие заңының пайда болуы жатады. Ол несие қатынастарының пайда болуы мен қарыз беру қорының құрылу қатынастарын бiлдiредi.
Несиенiң пайда болу заңының экономикадағы тауар-ақша қатынастарының жұмыс iстеуi жағдайында ғана әрекеттiк күшi бар. Нақты несие қатынастары шаруашылық байланыстары баламалық және тепе-теңдiк қатынастарға негiзделген экономика салаларында ғана туындайды.
Егер шаруашылық субъектiсiнiң өзi атқарып отырған жұмысының нәтижесi үшiн нақты материалдық жауапкершiлiгi болмаса, несиелiк қатынастардың дұрыс жұмыс iстеуiнiң, несиенiң қайтарылып келетiндiгiнiң кепiлдiгi болмайды. Несиенiң пайда болу Заңының бұзылуы экономикадғы қарама-қайшылыққа және инфляцияға әкеп соқтырады.
Несие заңдарының басқа да экономикалық заңдар сияқты жалпыламалық, объективтiк, қажеттiлiк, өте маңыздылық, нақтылық сипаты бар.
Несие заңдарының өзiнiң қозғалыс заңдары іспеттес көрiнiсi бар. Жоғарыда анықтағанымыздан, несиелік қатынастар тартылған құндылықтар несие берушiден қарыз алушыға өтiп, қайта қайтқанда пайда болады, яғни несие тұрақты түрде қозғалыс үстiнде болады. Егер ол бiр буында тоқтап тұрып қалса, өзiнiң мәмiн жоғалтып, несие болудан қалады, Сондықтан несиенiң қозғалысы объективтi, қажеттi, маңызды, жалпыламалы, нақты дуние. Яғни, несиенiң қоғалысы оның аса маңызды сипаты, өмiр сүруiнiң заңы.
Несие заңына тән Заң - оның қайта айналып құйылу заңы. Несиенi басқа экономикалық құндылық категорияларынан бөлектеп тұратын белгiсi мен ерекшелiгi — қайта айналып кұйылушылығы. Егер тарылған құндылық бастапқы субъект несие берушiге қайта айналып келмейтiн болса, онда өзiнiң мәнiн жоғалтып, жеке экономикалық категория ретiндегi несие боп аталудан қалады.
Тарылған құндылық өзi шыққан пунктке қайта оралып келу ушін белгiлi бiр жумыс iстейдi, яғни ұдайы өндiрiс процесiне қатынасады, пайызын өсiру ушiн уақытша пайдалануға берiлген бастапқы мөлшерiн қайта қайтаруға (қаржыларды босатады) өзiндiк мүмкiндiктер жасайды. Бұл процесте: объективтiлiк, қажетттілiк, жалпыламалық және т.б. экономикалық талаптардың барлық белгiлерi бар. Осы аталған Заңмен тікелей байланысты несие заңы — тарылған құндылық заңы. Тарылған құндылық несие берушiден оны алуға дейiнгi жолда өзiнiң тұтынушылық ерекшеліктерін (өндiрiс құралдарына қарағанда), сондай-ақ құндылығын жоғалтпайды да, өзінің айналымдарына бастапқы тепе-теңдік түрiн сақтап, жаңа айналымға түсуге дайын екендiгiмен бастапқы пункке (несие берушіге) қайта оралады. Және бұл ретте өзiнiц бастапөы сапасын, әрi жоғары мумкiндiктерiн жоғалтпайды.
Несиенiң қарастырылған заңдары мен олардың
ерекшелiктерiн танып бiлудiң тәжiрибелiк
маңызы бар. Олардың бұзылуы: ақша айналысын
тұрақсыздандыру, экономикадағы ақша
массасының ұлғаюы сияқты аса күрделi
экономикалық қиындықтарға ұшыратады.
Ұлттық валютаның сатып алушылық құндылығын
кемiтедi, инфляцияға келіп соқтырады және
т.б.
Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі.
Несие жүйесi — жалпы банктердiң (ұлттық және коммерциялық) және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiк емес мекемелердiң жиытығы.
Несие жүйесi ұғымы банк жүйесiне қарағанда кеңiрек, яғни мұнда өзге де несиелiк мекемелер қамтылады. Әр елдiң өзiндiк ерекшелiгiне қарай несие немесе банк жүйесiнiң құрылымы қалыптасады. ҚР-дағы несиелiк жүйе екi буыннан тұрады: бiрiншiсi — банктiк жүйе, ал екiншiсi — парабанктiк жүйе (банктiк емес мекемелер). Қазақстан Республикасының несиелiк жүйесiнiң құрылымы мынадай сызбамен берiлген.
Келтірілген
сызбаға енген несие
|
Иерархия деңгейі | Мекеме аты | Бөлімшелер аттары | Мекеменің қызметі | |
Банк жүйесі |
І |
Ұлттық банк |
Орталық аппарат.
Ұлттық банктің басқармасы |
1.Ақша айналысын
және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды
ұйымдастыру.
2.Үкіметке несие-есеп айырысу қызметін көрсету. 3.Алтын-валюта резервін басқару. 4.Ақша-несиелік реттеу. | |
ІІ |
1.Екінші деңгейлі
банктер 2.Мамандан-ған банктер |
Орталық аппарат
Филиалдары. Өкілдік. Еншілес банкі. Бөлімшелері |
Клиенттерге несие-есеп
айырысу қызметін кешенді түрде
көрсету. Банк көрсететін қызметтің жекелеген түріне ғана маманданған | ||
Парабанк жүйесі |
ІІІ |
Банктік емес мекемелер | Орталық аппарат
Филиалдары. Өкілдік. |
Манманданған несие-есеп айырысу және қаржылық қызмет көрсету | |
IV |
Пошта-жинақ мекемелер | Орталық аппарат
(АҚ Қазпошта) Бөлімшелері |
Халыққа несие-есеп айырысу қызметін көрсету, ұсақ салымдарды тарту. |
Банктердiң саны жылдан
жылға азаюда. 90-шы жылдардың басында олардың
саны 200-ден асты, сөйтiп банк жүйесiн реформалау
нәтижесiнде олардың саны 35-ке дейiн (06.2003
ж.) қысқарды. Жалпы банктер қатарында
мемлекеттiк банктер (мемлекеттiң 100% қатысуымен
құрылған) саны — 2. Қазақстанның банктiк
секторында шетел капиталының қатысуы
кеңейе түсуде, олардың саны — 16, яғни
жалпы банктер санының жартысына жуығын
алады. Ал банктiк емес мекемелер санының
керiсiнше, өсiп келе жатқандығын байқаймыз.
Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау
Әлемдік және отандық банктік тәжірибеде, қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерилерін бөліп қарайды:
Қарыз алушының мінездемесі деп – оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несие мақсатының, банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының заңды тұлға ретінде беделі, оның сол кездегі ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестіктерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі, олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.
Қаражатты
қарызға алу қабілеті – қарыз
алушының несиеге өтініш беріге, несиелік
келісім-шартқа қол қоюға немесе
келіссөздер жүргізуге
Қарыз
алушының несиелік қабілетінің ең негізгі
критерилерінің бірі – оның қарызды
өтеу үшін, ағымдағы қызметінің жүргізілуі
барысында қаражыт табу қабілеті
болып табылады.
Қарыз алушының капиталы – оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерийі болып саналады. Оны бағалауда төмендегідей екі шарттың маңызы зор:
Несиенің қамтамасыз етілуі – қарыз алушының активтерінің құны және несиелік келісім-шартта көрсетілетін қарызды өтеуде, екінші қосымша көздерінің болуы. Мұндағы қосымша көздер – қарыз алушыға, қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақытылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепіл-хат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражатының жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.
Несиелік
операциялар жасалатын
Соңғы критерий – бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескертеді: Қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдағы күтілетін өзгерістер, қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және ссуда туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты ссудалардың сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?
Банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерилері, несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:
Информация о работе Коммерциялық банктердің несиелік операциялары