Коммерциялық банктердің несиелік операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 10:57, курсовая работа

Описание работы

Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.

Содержание

І. Кіріспе:...........................................................................................................3-бет


ІІ. Негізгі бөлім:
1.Несиенің мәні және қызметі, формалары мен түрлері және заңдары .........................................................................................6-бет

2.Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі..........................14-бет

3.Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау............................16-бет

4.Несиелік қабілетті бағалауды жетілдіру жолдары..................18-бет

5.Шетел тәжірибесі.......................................................................20-бет


ІІІ. Қорытынды:...............................................


ІV. Пайдаланылған әдебиеттер:........................

Работа содержит 1 файл

Коммерциялык банк.doc

— 160.00 Кб (Скачать)
 
 

Жоспар: 

І. Кіріспе:...........................................................................................................3-бет 
 

ІІ. Негізгі  бөлім: 

    1. Несиенің  мәні және қызметі, формалары мен түрлері және заңдары .........................................................................................6-бет
 
    1. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі..........................14-бет
 
    1. Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау............................16-бет
 
    1. Несиелік  қабілетті бағалауды жетілдіру  жолдары..................18-бет
 
    1. Шетел тәжірибесі.......................................................................20-бет
 

ІІІ. Қорытынды:............................................... 
 

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер:........................ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

      Қазіргі несиелеу жүйесі, қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістеріне негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.

            Несие — нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде, экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

      Құнның қозғалысы — бұл несиенiң қозғалысының кiндiгiн сипаттайды. Несиелiк Қатынастардың пайда болатын экономикалық негiзiне капитал айналымын жатқызуға болады.

     Несиелеу  процесі, белгіленген мерзімде, сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын  көптеген тәуекел факторлардың іс-әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан, банк ссудасының берілуі алдын-ала ықпал ететін факторлады оқып-үйрену арқылы, несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.

            Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.

      Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.

     Қарыз берушi — қарызды беретiн несиелiк қатынасының бір жағы. Қарыз берушi — бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.

     Қарыз алушы — бұл несиенi алушы және оны қайтаруға міндеттi, несиелiк қатынастың екiнші жағы. Борышқор және қаоыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлі. Мысалға, кәсiпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдерi кешігуi мүмкiн, бiрақ бұл жерде ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономи- калық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлга.

       Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объекті де жатады. Беру объектiсi — бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құнды бiлдiреді

     Қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл  қарыз алушының, өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілеті.

      Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы: онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілеті болжанады. Өткен уақыттардағы, қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі, клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушының мерзімі, өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.

      Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі – банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты ссудасымен байланысты қарапайым тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді.

            Несие объективтi қажеттiлiктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс  процесiнде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдық қарызға трансформациясын қамтамасыз етедi және несие берушiлер мен қарызға алушылардың арасындагы қарым-қатынасты бiлдіредi.

     Оның көмегімен мемлекеттiң, халықтың, ұйымдардың және кәсiпорындардың табыстары мен бос (еркiн) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлемiне аударылатын несие капиталына айналады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Несиенің  мәні және қызметі

   Несиенiң мәнiн анықтаған кезде бiрқатар әдiстемелiк принциптердi ұстану керек, несиелердiң барша түрi, формалардан тәуелсiз, оның мәнiн көрсетуi керек:

    - несие мәмiлесi тұтасымен алғанда  несиенiң мәнiн ашуы керек. Егер  бiр мәмiледе несие қайтарылмаса, онда өзiнiң қайтарылатын қасиетiн  жоғалтатынын  бiлдiреді;

   - несиенiң мәнiн талдауда, несиенің  құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенiң негiзiн қарастырған жөн.

     Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйiт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты, несие де бір-бiрiмен өзара әрекетке түсетiн бiрнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелiк қатынастың барлық субьектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субьектілерге несие берушi мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бiрге қарастырған  жағдайда ғана несиенiң мәнiн анықтауға болады.

     Несие берушi — несиелiк мәмiленiң қарыз ұсынатын жағы. Мұны iске асыру үшін  онда ақшалай қаражаттың белгiлi бiр қоры болуы керек. Ол ақша өзiнiкi болуы немесе басқа бiреуден  қарызға алған болуы да мумкiн.

     Қазiргi уақытта қарызға ақша ұсынатын негiзгi несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақыша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарыз алушыға уақытша пайдалану үшін  несие түрiнде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиенi тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесiне  тартылған ресурстарды қайтаруға мiндеттi. Бұл арада банк бiр жағдайда несие берушi болса, екiншi жағдайда— қарыз алушы болып көрiнедi.

    Қарызға алушы — несиелiк қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндеттi жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар карызға ақша алушылар болып табылады. Қазiргi заман талабына сай қарызга алушылар — кәсiпорындар, кәсiпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мумкiн. Алайда, қарыз алушы карызға алынған қаражаттың меншiк иесi болып табылмайды, өндiрiс саласында, айналымда, оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынган ақшадан гөрi, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейiн оны iске асырып, пайдаланғаны үшiн өтемақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейдi.

     Несиелiк мәмiледе қарызға алушы несие берушiге тәуелдi, оған несие берушi өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие берушi, несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндеттi турде қатысуы керек және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мумкiн. Несие берушi —қарызгер болуы мумкiн. Несие берушi мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерiнде қарама-қайшылықтың бiрлiк сипатын көрсетедi. Несиелiк мәмiленiң қатысушылары ретiнде олар, оның қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделерi де бөлек, несие берушi неғұрлым жоғары пайыздық несие бергiсi келеді, қарыз алушыға мүмкiндiгiнше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу муддесi болады. 

      Несиенiң  экономикадағы орны мен рөлi, оның атқаратын қызметтерiмен сипатталады. Жалпы несие  экономикалық категория ретiнде мынадай қызметтердi атқарады:

    - қайта бөлу; 

    - айналыс шығындарын үнемдеу;

    - айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;

    - капиталдың шоғырлануын жеделдету;

    - ғылыми-техникалық  прогресстi жеделдету.

     Несиенiң қайта бөлу қызметi, кез келген елдiң, ұлттың  экономикасының толық жұмыс жасауына өз үлесiн қосып,  несиенiң бұл қызметiнiң көмегiмен экономикалық жүйенiң бiр саласынан екiншi бiр саласына капитал ағымы бола алады.

     Несиенiң айналыс шығындарын үнемдеу қызметiнің iс жүзіне асуы, несиенiң экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектiлерiндегi ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық, кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттiлiктi туындатады.

     Ал келесі  қызметi, яғни несиенiң айналыстағы нақты  ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазiргi несиелік шаруашылықтың мұндай орнын алмастыруға, толық мумкiндiк бар.

     Капиталдық шоғырлану процесiнің қызметi, экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшiн маңызды болып табылады. Мұндай мiндеттердi шешуде, несиенiң бұл қызметi өндiрiстiң ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мумкiндiк бередi. 

Несие формалары мен түрлері.

    Несие формасы — бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс  табуы. Ол несие қатынасының мәнi мен ұйымдастырылуын синтездейдi, несие қатынасының формасы мен мазмұны диалектикалық жағынан бiртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның  мазмұны мен  дамуына сәйкесуi керек.

     Таңдап алынған жiктеу өлшемiне қарай несиенiң мынадай ең маңызды формаларын бөлiп көрсетуге болады:

    -  қызмет ету саласына қарай — ұлттық және халықаралық несие;

    -  несие мәмілесінің  объектiсiне қарай — ақшалай және тауарлық несие;

   - несие қатынасының субъектiсiне қарай — банктiк, коммерциялық, халықаралық, тұтынушылық несиелер.

 

Несиенің  негізгі формалары. 

     Жоғарыда қарастырылган несие  формаларының көптеген түрлерi болады. Несие түрлерi — бұл оның несиелердi жiктеу үшiн пайдаланатын, экономикалық-ұйымдастырушылық белгілерi бойынша ең детальданған сипаттамасы, ягни, несиенiң iс-тәжiрибедегі нақты қосымшасы.

    Қазақстанда несие турлерi былайша жiктеледi:  

а) несиелеу объектiнiң экономикалық белгiлерi бойынша:

    — айналым қаражатын қалыптастыруға  берiлетiн несие;

    — негiзi құрал-жабдықты калыптастыруға  берiлетiн несие;

    — ТМҚ аясында шұғыл қажеттiлiкке,  сондай-ақ, нормативтен тыс                              қорлардың аясында уақытша қажеттілiкке берiлетiн несие;

    — өндiрiстiң маусымдық шығыны  аясында берiлетiн несие;

    — жол үстiндегi (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында берiлетін   несие, аккредитивтер;

    — төлем несиелерi. 

ә) қамтамасыз етiлуi бойынша:

    — жылжымалы және жылжымайтын мулікпен, ТМҚ-мен, кепілдiлiкпен, сақтандыру келiсiмшартымен толық қамтамасыз етiлген;

    — iшiнара қамтамасыз етiлген;

    — қамтамасыз етiлуi болмайтын  банкiлiк (сенiмдiлiк). 

б) қайтарылу  мерзiмi бойынша:

    — қысқа мерзiмдi;

    — орта мерзiмдi;

    — ұзақ мерзiмдi. 

в) өтелу  тәртiбi бойынша:

    — бөлiп-бөліп төлеу (мерзiмін  ұзарту);

    — бір жолғы өтеу;

    —  кезең сайын  (бір қалыпты  емес) өтеу. 

г) тәуекелдi деңгейi бойынша:

    — субстандартты;

    — стандартты;

    — күмәндi;

    — сенiмдi;

    — сенiмсiз;

    — ұзартпалы. 

ғ) пайыздық мөлшерлемесi бойынша:

    —  қалыпты пайыздық мөлшерлемесi;

Информация о работе Коммерциялық банктердің несиелік операциялары