Коммерциялық банктердің несиелік операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 09:39, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты коммерциялық банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаумен байланысты қызметтердің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік жақтарын зерттеу және несие тәуекелділігін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер қарастырылып шешілді:
- қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау мен талдаудың теориялық әдістерін жетілдіру;
- банктердегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдауды әдістемелік қамтамасыз ету мен оны ұйымдастыру процесін жетілдіру мақсатында қолданылып жүрен әдістемелік базаны зерттеу;
- дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың жағдайын қарастыру және танымал әдістемелік нұсқаулар негізінде несие тәуекелділігін талдауға байланысты ұсыныс әзірлеу;
- Қазақстанның банктік секторындағы несие тәуекелділігін төмендету әдісі ретінде несие портфелінің статистикалық, аналитикалық және коэффициенттік талдау жолдарын қарастыру.

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ ПО БД.doc

— 300.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3  БАНКТІҢ НЕСИЕ ТӘУЕКЕЛДІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

Тәуекелдерді басқару әлуетті қолайсыз факторлардың алдында банктің қаржылық әлсіз тұсын ескертуді қамтамасыз етуі тиіс. Қазақстанның келешектегі тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру мәселесінде Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі аудит тәжірибесінен алыс кетуді және көрсетілген жүйе банктерінің өзін-өзі бағалау механизмін енгізуде. Банктердің өзін-өзі бағалауы ҚҚА – ға тәуекелдерді басқару жүйелеріндегі кемшіліктерді барынша жедел бағалауына және жалпы алғанда алғашқы сатыларда-ақ қосымша тәуекелдерге қамтылуын анықтауға мүмкіндік береді. Банктік тәуекелдер жүйесінде несие тәуекелділігі маңызды орын алады, ол қарыз алушының банк алдындағы міндеттемелерін орындамауы немесе орындағысы келмеуімен тығыз байланысты. Осы ретте кредитор несие ұсына отырып немесе қарыз міндеттемелерді сатып ала отырып тәуекелділікке ұшырайды, бұл тәуекелділік негізгі қарыз және ол бойынша сыйақылардың уақытында өтелмеуі, не болмаса жартылай немесе толықтай  төленбеуі болып саналады.

 

 

 

3-сурет Қолданылып жүрген несие қабілеттілікті бағалаудың әдістемелері мен тәсілдері

              Ескерту - Зерттеу материалдары негізінде автормен құрастырылды.

 

Несие тәуекелділігін басқару жүйесі бірнеше элементтерден тұрады және стратегиялық басқару, яғни банктің стратегиялық жоспарының, оның несие саясатының және несие тәуекелін бақылау мақсатында ұйымдастыру бөлімшелері жұмысының деңгейінде жүзеге асырылатын нақты іс-шаралар арқылы атқарылады. Несие тәуекелі несиенің «ерекше назар аудару» тізімін жасау арқылы басқарылады.

3-суретте ұсынылғандай, банктің қарыз алушысының несие қабілеттілігін бағалау әдістерін жетілдіру бойынша жалпы ұсынымдар мен қолданылып жүрген әдістемелер келесі негізгі процедуралардың орындалуын ұсынады: қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау; қарыз алушыға несиелік рейтинг бекіту және банктің меншікті несиелеу лимитін белгілеу. Қарыз алушының несие қабілеттілігі сұрағы жеткілікті зерттелген мәселеге жатпайды. Бүгінгі күннің несиелік мекемелері үшін де «несие қабілеттілік» сұрағы өзекті болып отыр. Қарыз алушының несие қабілеттілігі түсінігін екі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады қарыз алушы тұрғысынан – несиелік мәмілені аяқтау және алған қарызды  өтеу мүмкіндігі; кредитор тұрғысынан – ұсынылатын несиенің мөлшерін дұрыс анықтау және осы несиеге қатысты тәуекелдің алдын алу.

Несие қабілеттілікті анықтауда несие қағидаларының барлығы қатыстырылады және құрылыммен өткізілетін үдеріс болғандықтан жүйелілік қағидатын да алғышартқа қою қажет. Жүйелілік кешенді экономикалық талдауға қатысатын жүйелер мен жүйешелердің өзара байланысын, ол байланыс болмай жағымды нәтиже болмайтынын көрсетеді.  Жүйедегі әрбір элемент аналетикалық көрсеткіштерден тұрады, жүйе элементтері арасында өзара логикалық байланыс қалыптасады.

Қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау барысында банк бірінші кезекте мына факторларға аса назар аударады: несиелік мәміле жасауға қарыз алушының жеке бас қабілеті, рухани сипаты және іскерлік беделі; құқылық қабілеті; өтімді және құнды қамту нысандарының болуы; тұрақты табыс көзінің болуы. Сонымен, біздің пайымдауымызша «Несие қабілеттілік – қарыз алушының банк алдындағы өз міндеттемелері бойынша туындауы мүмкін несие тәуекелділігінің алдын-алу және жою қабілеті».

Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың көптеген әдістері мен тәсілдерін оқып зерттей отырып, оның басымдылықтары мен қатар өзіндік жетіспеушіліктері мен кемшіліктеріне көз жеткіздік. Банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігіне қатысты тәуекелдерді төмендету үшін келесілерді жүзеге асыру қажет

-         коэффициенттерді есептеу үшін өткен кезең есеп берулері қабылданады, болашақ болжамы көп ретте ескерілуі тиіс,

-         төлем қабілеттілік сандарға қарап емес, нақты бизнестің өтімділігіне, өндірілген тауар, өнімдерге байланысты сұранысқа қатысты есептелуі қажет;

-         қарыз алушыны тану үшін, болған төлем қабілетсіздік жағдайларына (төленбеген, мерзімінде өтелмеген, кешіктірілген төлемдеріне) баса назар аудару қажет;

-         сандық және сандық емес мәліметтерді жинай отырып, қарыз алушының қабілетіне көз жеткізу мүмкін емес, сондықтан орнталықтандырылған несиелік тарихты қалыптастыру мәселесін шешу қажет;

-         бас банктің қайта қаржыландыру сияқты мөлшерлемелерінің өзгеруін клиент үшін де тиімділікпен қарастыру, банк үшін де тиімді болып саналады;

-         шетелдің экономикалық, географиялық, әлеуметтік, саяси т.б. ерекшеліктерін ескере отырып құрылған зерттеулері барлық уақытта біз үшін тиімді емес, сондықтан қарыз алушыны несиелеудің тиімді жолдарының бірі ретінде, исламдық қаржыландыруды кеңірек қолдану қажет.

Банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз қабілеттілікті анықтауға және несиелеуге байланысты тәуекелдерді басқаруға несие тәуекелдерін құқықтық реттеу және несие тәуекелдерін төмендету әдістері мен тәсілдерін кешенді қолдану арқылы қол жеткізуге болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Іске асырылған курстық жұмыс мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

1.      Әр елдің және әр банктің несие қатынастарын реттейтін несиелеу жүйесі орын алғанымен оларға бірдей моделді қолдану мүмкін емес, бұл жерде банктердің операция көлемі, ішкі ережелері, қойылатын талаптары болатыны сияқты, клиенттердің несие қабілетттілігін бірдей шартпен талдау мүмкін еместігін айта кеткен жөн. Яғни бір модель бір банк үшін сәтті болса да, екінші банк үшін қолайсыз болуы мүмкін. Осы аталғандарға қатысты, осы еңбекте несие тәуекелділігін басқару жүйесінің, несие қабілеттіліктің және несие портфелінің теориясы зерттеліп, оларға байланысты авторлық анықтамалар берілді.

2.      Несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқару ұғымымен қатар, несие тәуекелділігі жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдауға байланысты атақты отандық және шетелдік авторлардың  еңбектері зерттелді. Осы зерттеу нәтижесінде, еңбектерде білдірілген пікірлерге байланысты тұжырым жасалды, несие тәуекелділігінің түрлері анықталды, несие тәуекелділігімен қатар жалпы банк тәуекелділігінде қолданылатын ұғымдардың ерекшеліктері ажыратылды. Несие тәуекелділігін қарыз алушы түріне қатысты бөлу үлгісі дайындалды. Несие операциясының технологиясын басқару жолдары сараланып, несиелік комитет атқаруға тиіс қызметтер белгіленді және қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалауда алға тартылатын белгілер жинақталып  жүйелендірілді.

3.      Банк қызметіндегі несие тәуекелдері жүйесін басқару және оның ішінде қарыз алушы несие қабілеттілігін жүйелі басқару жөнінде жазылған отандық еңбектер жоқтың қасы, көп еңбектерде жазылған теориялық материалдардың іс жүзінде практикадан алшақтығы сезіліп жатады. Сол себепті, несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі және қарыз  алушыларды несиелеу кезінде туындайтын төлемсіздікті, жалпы тәуекелділікті төмендету үшін  ескерілуге тиіс бірнеше факторлар  анықталды: Банктік несиелеуде тәуекелділік туғызатын ішкі және сыртқы факторлар; Банк пен қарыз алушы тарапынан туындайтын тәуекелдер және оған әсер ететін факторлар; Кәсіпорынның қаржы (несие) тәуекелділігінің деңгейіне әсер етуші негізгі  факторлар және ұқсас клиенттердің несие қабілеттілігіне әсер ететін факторлар және себеп-салдарлары анықталды, аталған факторлардың алдын-алу шаралары ұсынылды, бұл болашақта банк жүйесінде шешімдер жасауға, тәуекелдердің алдын алуға көмек болады.

4.      Қазақстанда несие тәуекелділігін басқарудың толық жүйесіне әлі қол жеткізілген жоқ, несие тәуекелділігін басқару жүйесінде  жекелеген элементтер ғана қызмет етуде. Сондықтан, несие тәуекелділігін  басқаруға байланысты айтарлықтай қиындықтарға әкелетін олқылықтар және олардың мүмкін себептері зерттелді, несие тәуекелділігін талдаудағы басты міндеттер анықталды.

5.      Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау мен бағалау үлкен шеберлікті талап ететін іс, сол себепті банктің қарыз алушының несие қабілеттілігін ұтымды бағалай алатын талдау кешені болғаны дұрыс. Біз өз зерттеуімізде, қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың кешенді талдауын ұсынып: қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалауда алға тартылатын белгілерін, қарыз алушының несие тәуекелділігін басқару әдістерін және қарыз алушыға қатысты несие тәуекелділігін басқару әдістері мен элементтерін, қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың қалыпты әдістемесін талдадық.

6.      Несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқару мен бағалаудың отандық және шетел тәжірибелерін қарастыра келе, әдістер мен әдістемелердің әр түрінің зерттеу барысында айтылған өзіндік ерекшеліктері мен басымдықтары бар, тек қарыз алушы субъектті жақсы тани біліп, тиісті әдістер мен әдістемелерді орынды қолдана білгенде ғана қарыз алушының несие қабілетін анықтауға мүмкіндік болады деп санаймыз, бұл жерде басты назар несие менеджерінің іскерлік қабілетінде болуы тиіс.

7.      Несие портфелін талдай отырып, несие портфелінің сапасы төмендей бастаған банктерге қадағалау органдары тарапынан бірден несиелеу көлеміне байланысты немесе мерзіміне байланысты немесе уақытша несиелеу қызметін тоқтата тұру жөнінде белгілі бір шаралардың қолданылуы және осы мәселе ҚҚА тарапынан қолға алынуы тиіс. Осы тұрғыда несиелік ресурстардың басым бөлігін өндіріс орындарын ашуға жұмсасақ, еліміздің қаржыларын молайтуға, арзан ресурс пен қатар арзан өнімге, әлеуметтік тұрғыда жұмыспен қамтуға қол жеткізер едік, ал бұл дегеніміз ертеңгі күні заңды және жеке тұлғалардың несие қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетіндігінің дәлелі.

8.      Тартылған қаражаттың құны (Тққ) несиелік ресурстың банк үшін арзан немесе қымбат көздерден алынуына байланысты болса, несие саясатындағы тәуекелдер құны (Нстқ) осы несиенің банк үшін қандай тәуекелділік (шығын мен залал ықтималдығы) әкелетіндігіне байланысты анықталуы қажет және банктің саясатымен белгіленгені дұрыс деп есептейміз. Осы тұжырымдамаға сәйкес авторлық формула енгізілді.

9.      ҚР Ұлттық банкпен ҚҚА қолданған «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» зерттеу материалдарына сүйене отырып қорытынды жасалды, респонденттер арқылы жинақталған «сауалнама жауаптары несие нарығын болжауда тиімді құрал екендігін көрсетті, бірақ уақыт тұрғысынан алғанда  бірнеше ескертпелерге ойлану және жаңадан дайындалған принциптерді ұстана отырып қызмет атқарып, практикаға енгізу қажет.

10. Болашақта ең алдымен ішкі қаржыландыруға, оның ішінде шетел валютасында сыртқы қарыз алуға емес, теңгедегі депозиттерге сүйенетін тұрақты банк жүйесін дамыту мақсатын алға қою қажет. Оған біраз уақыт қажет, өйткені халықтың банктерге деген сенімін қалпына келтіру және халықты депозиттердің қаражатты сақтаудың тартымды тәсілі екендігіне сендіру қажет. Несие тәуекелдерін басқаруды жетілдіру үшін, банктің несие рейтингін анықтаушы Қазақстандық тәуелсіз рейтингтік және аудиторлық компаниялардың қызметін пайдалану керек және банктерде несие ұсынудың тиімділігіне әсер ететін біз ұсынған несие тәуекелділігін басқару жүйесі қызмет етуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

пАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.        Ақша. Несие. Банк Ғ.С.Сейітқасымов. //Алматы. Экономика 2001.

2.        Ақша. Несие. Банк Ғ.С.Сейітқасымов. //Алматы Экономика  2003

3.        Ақша. Несие. Банктер Б.Г.Көшенова. // Алматы 2000

4.        Ақша айналысы және несие С.Б.Мақыш. //Алматы 2004

5.        Саниев М.С. Ақша. Несие. Банктер Оқу  құралы.-Аматы экономика  және  статистика институты-2001ж. 165  бет.

6.        Деньги. Кредиты. Банки Учебник/ под.ред.Г.С.Сейткасымова – изд.2-е перераб.и доп.-Аматы: экономика, 1999г.432стр.

7.        Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер Валюта. Оқу  құралы-Алматы, Экономика. 2000ж. 348бет.

8.        Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру: оқу құралы. -Алматы: Арыс, 2000. - 209 б. (авторлас, өз еңбегі 6,5 б.т.)

9.        Депозиттер нарығы және жетілдіру жолдары: ТМД елдеріндегі банк жылы: халықаралық тәжірибе және Қазақстандық практика Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Банк ісі академиясы. - 2007.- 68-75 бб. - 0,44 б.т.

10.   Қазақстан Республикасының экономикасын валюталық реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлі: Қазақстанның қаржы нарығы: оның болашағы мен келелі мәселелері ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Банк ісі академиясы. - 2008. -166-173 бб. - 0,44 б.т. 

11.   Банк жүйесіндегі менеджмент // Халықаралық ғылыми форум «ІІІ Рысқұлов оқулары». Бизнес, ғылым, білім: ынтымақтастық қырлары: Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.- 2008. -107-112 б.б. - 0,31 б.т.

12.   Коммерциялық банктерді басқару жүйесіндегі қарыз операцияларын бақылау // ҚазЭУ хабаршысы. - 2008. - № 6. - 271-275 бб. - 0,5 б.т.

13.   Қарыз қабілеттілікті бағалау әдістерінің ерекшеліктері мен жалпы сипаты // Қазақстанның экономикалық өсуінің даму стратегиясы: тәжірибелер, мәселелері және болашағы: Орталық–Азия университетіндегі Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - 2008. - 37-40 бб. - 0,36 б.т.

Информация о работе Коммерциялық банктердің несиелік операциялары