Коммерциялық банктердің несиелік операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 09:39, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты коммерциялық банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаумен байланысты қызметтердің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік жақтарын зерттеу және несие тәуекелділігін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер қарастырылып шешілді:
- қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау мен талдаудың теориялық әдістерін жетілдіру;
- банктердегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдауды әдістемелік қамтамасыз ету мен оны ұйымдастыру процесін жетілдіру мақсатында қолданылып жүрен әдістемелік базаны зерттеу;
- дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың жағдайын қарастыру және танымал әдістемелік нұсқаулар негізінде несие тәуекелділігін талдауға байланысты ұсыныс әзірлеу;
- Қазақстанның банктік секторындағы несие тәуекелділігін төмендету әдісі ретінде несие портфелінің статистикалық, аналитикалық және коэффициенттік талдау жолдарын қарастыру.

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ ПО БД.doc

— 300.50 Кб (Скачать)

     Кредитор ретінде банктердің ролі біршама төмендегеніне қарамастан, ол едәуір шамада қысқаруы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ. Өйткені көптеген кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші кезекте, банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік компаниялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша несиелік жүйенің негізін ірі банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады. /3, 154 б/

Несиенің   құрылымы   белгілі   бір   мәнге   айналған   және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде   тұрақты,   өзгеріссіз   қалады.   Құрылымдық   талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде, бәрінен  бұрын   оның,   субъектілері   болып   табылатын   элементтерден тұрады.   Несиелік  мәміледе  қатынас   субъектілері  қарыз беруші және  қарыз  алушы  болады.  Кредитор  мен қарыз алушының  қалыптасуы  тауар  өндірісі   мен  тауар   айналысы негізінде жүреді.

Сатып алу-сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың ақшалай эквивалентін әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік бермейді. Сатып алушы тауарды белгілі бір мерзімнен кейін төлеуі мумкін. Бір тауар иеленуші колма-қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаның өкілі немесе болашақтағы ақшаның өкілі ретінде бола отырып тауарды сатып алады. Сатушы - қарыз беруші, ал сатып алушы -борышқор болады. Кредитор және қарыз алушы бір полюсте эквивалент мерзімінің ұзартылуы, ал басқасында оның төленуі жүзеге асатын жағдайлардың барлығына катысады.

Бастапқыда кредитор және қарыз алушы қарапайым қатынастарда болды. Мүліктік теңсіздіктің тереңдеуіне байланысты артық өнімдері бар рулық қауымдастық мүшелері кредитор ретінде көріне алатын болды. Алғашқы өсімқорлар металл ақшадан бұрын пайда болған. Өсімқор - саудагер, көпес тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі уақыттағы банкир болудан бұрын, ол өте үлкен тарихи жолдан өтті. Кредитор ретінде храмдар, қоғамдағы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің едәуір   байлықтарын   жинақтайтын шаруашылық  пен тұтыну   мақсаттарына   қызмет   көрсететін   өзгеше   банкирлік үйлер болды.

Кредитор - несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз   беру   үшін   кредитордың   қарамағында   белгілі   бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары,  өз  кезегінде қайтарылымдылық негізінде  ұдайы өндіріс процесінің   басқа   субъектілерінен   алынған   ресурстар   бола алады. Қазіргі    уақыттағы    шаруашылықта     кредитор-банк қарызды  тек  өз меншігіндегі  ресурстар  есебінен  ғана емес, оның шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.

Банктердің    құрылуымен    кредиторлардың    шоғырлануы жүреді. Банкирлер басқа барлық кредиторлардың өкілі  болады.  Банктер   ұжымдық   кредиторлар   ретінде   бола   отырып несиелеу  үшін   шаруашылықта   уақытша   пайдаланылмайтын ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбір жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызға беріледі. Коммерциялық несиелеу кезінде кредитор  сатылуға  жататын  тауарларды  қарыз  алушыға береді.                                                                                          

Тауардың жіберілу факті, алайда, жүк жіберушіні кредитор етпейді.

Тауарды жөнелту мен сатудан түсетін түсімінің арасындағы уақыт бойынша үзіліс кредитордың пайда болуына әкелуі   мүмкін.   Бұл   үшін   тауарды   қоюшы   эквиваленті төленуінің кейінге қалдырылуына рұқсат берілуі керек. Мына жағдайды   ескерте    кетейік:    кредиторды    сатып    алу-сату тауарды жіберу мен оны төлеу арасындағы уақыт бойынша үзіліс факты  тудырмайды,   оны  төлемнің  кейінге   қалдырылуын белгілейтін, төлемді тез арада емес белгілі бір уақыт өткеннен кейін шешетін қосымша келісім тудырады.

Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты.

Қарыз алушы - несиелік қатынастьң, несиені алушы және алған қарызды қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы - бір-біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш - міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша ресурстарға деген қажеттілік танытатын жекелеген тұлғалар болды. Бастапқыда олар өзі еңбектерімен    күн    көруші    ұсақ    шаруалар,    қолөнершілер болған еді. Өсімқорлық несиенің бар болуының басқа формасы - ақсүйектердің көбінесе жер иелеріне ақшалай қарызды беруі. Банктердің кұрылуымен қарыз берушілердің шоғырлануы жүреді.

Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз  алушының  кредитордан  айырмашылығы  ол   несиелік мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге ие. Біріншіден, ол қарызға берілетін қаражаттардың меншІк иесі болып табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес, бөтен біреудің ресурстарымен жұмыс істейді. Екіншіден, қарыз  алушы  қарызға  алынған   каражаттарды   айналыс  сферасында   да,   өндіріс   сферасында   да   пайдаланады.   Кредитор өндіріске тікелей қатыспай-ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.

Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті түрде есеп айырысумен коса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс процесін өркендете түсу керек. Төртіншіде, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған кұнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар қарыз пайызын да төлейді. Бесіншіден, қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады. Қарыз алушының кредитордан экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.

Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді, Несиелік қатынастар шеңберінде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін: кредитор карыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.

Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қарсылықтардың бірлігі сипатында болады. Несиелік катынастың қатысушылары ретінде кредитор және қарыз алушы оның қарама-қарсы жағында тұрады, Кредитор - қарызды беруші жақ, қарыз алушы - берілген қарызды алушы жақ; бүтіннің шеңберінде олардың әрқайсысының өздерінің ұдайы өндірістегі   ерекше  жағдайларына   байланысты   өз   мүдделері болады. Кредитор анағұрлым жоғары қарыз пайызына мүдделі болса, қарыз алушы - анағұрлым арзан несиеге мүдделі.

Сондай-ак,  несиелік қатынастар кұрылымының элементі, яғни кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз   алушыдан   кредиторға   қарай   кері   қозғалаыні объекті  болып табылады. Беру объектісіне қарызды құн жатады. Ол кұнның ерекше бөлігі ретінде болады.

Несиелік қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша тұтыну кұнына  ие.   Шынында,   ақшаға   немесе   тауарға  тән  тұтыну құнынан   басқа   құн   кредитор   мен   қарыз   алушы   арасында қозғалыс жасай отырып, ұдайы өндіріс процесін жылдамдатудың ерекше қасиетін алады.                                                        

Қарызға берілген құнньң өте маңызды жағы - оны авансылану сипаты. Несие, қағида бойынша, құнның құрылуына мүмкіндік туғызып, қарыз алушының иелігіне түсу керек. Осы мағынада несие қарыз алушының шаруашылығында қарызға алынған құнның жұмыс істеуі кезеңінде оның жасалуы тиіс табыстарды болжап біледі. Іс жүзінде қарыз алушы кредиторға несие беру жөнінде өтініш жасағанда; сол сәтте қолында еркін ақшалай қаражаттың болмауынан ғана емес, сонымен қатар ол табыс алуға мүдделі екендігі және сол табысты алдағы төлемдер үшін пайдалану мүмкіндігін  ескереді. Сонымен бірге қаражаттарды авансылаудың кез-келгені несие болып табылмайды.                                                : ]|

Несиенің мәні оның қозғалысының заңдылықтарымен тағы толығырақ ашылады. Төмендегідей түрде несиенің  қозғалысын көрсетуге болады: несиені орналастыру (НО) қарыз алушылардың несиені алуы (НА) - несиені пайдалану (НП) - ресурстардың босауы (РБ) - уақытша алынған құнның қайтарылуы (ҚҚ) - несие формасында орналастырылған қаражаттарды кредитордың алуы (ҚА).

Несиені орналастыру (НО) - оның қозғалысындағы маңызды кезең.  Кредитор өзінің ресурстары  анағұрлым тиімді (рационалды)   формада   орналастырылғанына   сенімді   болуы керек. Банктер кредитор ретінде аяқтаушы кезеңнің талаптарына  сәйкес   несие   береді - қарыздың   кайтарылуы, демек оның тиімді пайдаланылуы.  Қарыз алушының несиені  алып (НА) қарызға берілген құнның белгілі бір уақытқа ұсынғанын білдіреді.  Несиені  пайдалану процесінде (НП)  беру объектісі ретінде оның тұтыну құны өткізіледі. Ресурстардың босауы (РБ) қарыз алушының шаруашылық процесінде құнның шеңбер айналымы актінің аяқталуымен сипатталады. Сондықтан несие қозғалысының бұл кезеңі оның шеңбер айналымының келесі жаңа фазасына өтуі үшін материалдық алғышарт болып табылады.

     Сонымен, банктік несие-бұл банктердің, арнайы несие қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Банктік несие арқылы халық өз мұқтаждығына қажетті қаржы ресурстарын қамтамасыз етеді.

 

1.2 Несиенің қызметтері және экономика дамуындағы рөлі

 

Тарихтың  қай  кезеңінде  болса да, несие, алуан  түрлі  экономикалық  және  қоғамдық  ойшылардың  назарын  аударатын.  Экономика  ғылымы,  өзінің  пайда болған  күнінен  бастап  несиенің  проблемасымен  шұғылданып  келеді.  Ал, қазіргі  нарық  кезеңінде  несиеге,  экономикалық  санат  ретінде,  аса көп  көңіл  бөлініп  отыр.  Өйткені,  нарық  кезінде  несиелік  қарым-қатынас  ең жоғары  ресімделуіне  жетеді, сөйтіп  несие,  төңірегіндегі  алуан-түрлі  практикалық  және теориялық  саудалардың  шиеленіскен  түйініне  айналады.

              Несиенің  түпкі  тамыры  тауарлық  өндірістің    пайда  болған кезінде  жатыр. Содан  кейінгі  экономикалық  даму  сатыларының  әрқайсысында  да несиенің  маңызы  зор болды.  Тарихтың  өткен  дәуірлерінің  бәрінде  де  дамытпалы несие,  барлық  қоғамдық  қарым-қатынасты  жаңартудың  және  түрлендірудің  революциялық  қозғаушы  күші болды. Ол жеке  тауар өндірушілердің  арасында мүлде  ақиқат  байланыс  орнатты,  олардың  мүдделерін  қосып  бекітті  және қоғамдық  өндіргіш күштерін  қайта  қайта бөлүдің  ұтымды  әдісі болды.

              Осыған  байланысты  болашақ  экономистерге  несиенің  арғы  негізін,  қазіргі  жағдайда оны  пайдаланудың  керегі  неде  екенін  түсіну керек. Оның  үстіне, әр түрлі  деректерде  несиенің экономикадағы  маңызы, әр түрлі түсіндіріледі.  Мысалы, кейбір  экономистер,  несие  өнімсіз  шығынды   көбейтіп  өндіргіш  күштердің  дамуына  кедергі  келтіреді, нарықтық  экономикаға  тән  қарама- қайшылықтарды  шиеленістіре  түседі, сондықтан экономикалық  дағдарысты  жоймайды, керісінше, оны тереңдетеді, оған  тікелей  себепші  болады  деген пікір  айтады.  Басқалары, керісінше, несие  экономиканың  тұрақты,  үздіксіз  дамуына  мүмкіншілік  береді  дейді.  Осындай  қарама-қарсы  пікірлер  орын алған  жағдайда  істің  жәйін түсіну  үшін  алдымен  несиенің  қажеттілігі  қайдан шығады  деген  сауалға жауап беруіміз керек.

              Несиенің түбірін тауарлы өндірістің пайда болған  кезінен  іздеу  керек,  тікелей  айтқанда,  тауар айырбастау, оның бір қолдан екінші  қолға  ауысуы,  несиелік  қатынастың  дәл  шыққан  жері  деуге  болады.

              Қоғам дамуының  кейінгі кезендерінде,  несиелік  қатнастың  пайда  болып  және  өркендетілуінің,  нақты  нақты  экономикалық  негізін, капиталдың  айналымы  мен  ауыспалы  айналымы құрайды.

              Өддіріс құрал-жабдықтары, құндық тұлғасында дәл бір уақытта  ақшалық, өндіргіш  күштері  және тауарлық  нысанында  бола алады. Өндіріс  пен  айналым  процесінде,  олар  бір  нысаннан  екінші  нысанға  ауысып  отырады,  яғни үзбей  ауыспалы  айналымда  жүреді. Осы ауыспалы  айналым үш  сатыдан  тұрады.

              Айналымның  бірінші  сатысында  құнның  ақшалай  нысаны  өндіргіш  күші  нысанына  ауысады, яғни  ақшаға  өндіріс  құрал жабдықтары  сатылып  алынады.

              Екінші  сатыда  адамның, өндіріс құрал-жабдықтарды  пайдаланып  істеген  әрекеттерінің   нәтижесінде  дайын  өнім пайда  болады.  Енді  өндіргіш  күштің  нысанындағы  құн  тауарлық  нысанға  ауысады. Осы сатыда  өндіргіш  құралдарының  құнына, адам еңбегінің  құны, яғни  жаңадан  пайда  болған  құн қосылады.

              Үшінші  сатыда  дайындалған  өнім  ақшаға  сатылады. Сөйтіп, құнның  тауарлық  нысаны  қайтадан, өзінің  бастапқы  нысаны-ақша  нысанына  ауысады, тек  бұрынғыдан  өткен мөлшерде  өндірушінің  таза  пайдасы қосылады.

              Осыдан ауыспалы  айналымның  мынандай  формуласы бар-

              А-Т ..Өп  .. Т-А-онда

              А-ақша нысаны

              Т-тауар нысаны

              Өп-өндіріс процесі.   

              Т-тауар нысаны,өсісімен:

              А-ақша нысаны, өсімімен:

              Ақшалай  қаражат  ауыспалы   айналыммен  қатар  айналымнан  өтеді. Олай  деудің  себебі, сатылған  өнімнен  түскен  ақшаға  қайтадан өндіріс  құрал-жабдықтары  сатылып  алынады,  еңбек ақы  төленеді  т.б. Сөйтіп, ауыспалы  айналым  қайтарылынады.  Қаржының  осындай  үздіксіз  қайтып  оралып  отыруын оның  айналымы  деп атайды.

              Сонымен қатар, осындай ақшаның  матариалдық  нысанға ауысып,  одан қайтадан  ақшаға  айналуы  әрбір  шаруашылықта  бір кезде өтпейді. Бір  шаруашылық  өндіріс  кезеңін жаңа бастап  жатса,  екіншісі  оның  орта  шенінде  жүреді,  ал үшінші, оны аяқтап, енді өнімдірін  сата бастайды.    Әрине, іс жүзінде  әр өндіріс  кезеңдерінің,  тап осындай  шектелуін  байқау  қиын.  Өйткені, өндіру мен  өткізу  кезеңдері  үздіксіз, күнбе-күн  жүріп  жатады.  Дегенмен, өндірістің  осындай  кезеңділігінің  салдарынан  кезкелген  шаруашылықта  ақшаның  құйылу мен тартылу  сәттері болып тұрады. Өйткені,  өндіріс  пен айналым  кезеңінің  ұзақтылығы әр  шаруашылықта  әр түрлі. Оған себеп,  әр шаруашалықтың  әртүрлі  табиғи  жағдайлары,  техникалық  жабдықтану  деңгейі,  шикі  заттар мен  отын  жеткізушілірдің  және дайын  өнімді  тұтынушылардың,  алыс-жақындығы,  жұмысшы-қызметкерлердің  мамандық  дәрежесі  мен өндірісті  ұйымдастыру қабілетінің  деңгейі  т.с.с. Кейде мүлде  бірдей  жағдайда  істейтін  екі кәсіпорынның  айналым мерзімі  бірдей  болмайды.  Өйткені, өндірісті  ұйымдастыру  оны керекті  заттармен  қамтамасыз  етіп, шыққан өнімді  өткізу  деңгейлері  оларда мүлде  бірдей болмайды.

Информация о работе Коммерциялық банктердің несиелік операциялары