Коммерциялық банктердің несиелік операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 09:39, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты коммерциялық банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаумен байланысты қызметтердің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік жақтарын зерттеу және несие тәуекелділігін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер қарастырылып шешілді:
- қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау мен талдаудың теориялық әдістерін жетілдіру;
- банктердегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдауды әдістемелік қамтамасыз ету мен оны ұйымдастыру процесін жетілдіру мақсатында қолданылып жүрен әдістемелік базаны зерттеу;
- дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың жағдайын қарастыру және танымал әдістемелік нұсқаулар негізінде несие тәуекелділігін талдауға байланысты ұсыныс әзірлеу;
- Қазақстанның банктік секторындағы несие тәуекелділігін төмендету әдісі ретінде несие портфелінің статистикалық, аналитикалық және коэффициенттік талдау жолдарын қарастыру.

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ ПО БД.doc

— 300.50 Кб (Скачать)

              Сонымен  қатар,  өндіру мен өткізу  процесінде басқа да , айналымды жеделдететін, немесе  бәсеңдететін, кездейсоқ  қозғаушы  күштер  пайда болады.

              Мысалы:

              -Шикізаттар  мен материалдық  түсуінің  бір қалыпты  болмауы:

              -Тасымалдау  жағдайының  қиындылығынан  (мысалы, темір жол вагодарының  болмай қалуы) дайын өнімді өткізудің  кідіруі.

              - Өткізілген өнім үшін, немесе, көрсетілген қызмет үшін, уақытында төленбеушілік  т.с.с.

              Несиенің  мазмұнын  анықтағанда  оның  әлеуметтік,  экономикалық  жағын  да  ұмытпаған жөн. Өйткені  несиенің  өзі қоғамдық  қажеттіліктің  туындысы  болып  табылады. Қоғам  қандай  экономикалық  формацияда  болса да,  несие  соның мақсатына  қызмет  атқаруға  тиіс.

              Несиенің  мазмұнын  ашып  көрсету  жолында  кейбір  экономистер оның сенімділігіне   көбірек  көңіл бөледі. Өйткені, « Несие»  деген  сөздің  орысшасы, «кредитә, латынның  «Credere»  деген сөзінен шыққан. Оны, егер, орысшаға аударса «верить» деген сөз, қазақша «сену»болады. Бірақ, мәселені бұл тұрғыдан  қараған  дұрыс  емес. Несие еш  уақытта  құр сеніммен  берілмейді. Несие алу үшін,  алдымен  оның  кезінде  қайтаррылуын  қамтамасыз  ететін кепілдемелер  беру керек.Әрине , банктер кейде өзінің  өте сенімді, көп жылдан  бері қарым-қатнастары   нығайған, қаржы жағынан тапшылық  көрмейтін клиенттеріне сенім көрсетеді. Оларға  несие «сенім несиесі» деп аталады. Бірақ мұндай жағдай сирек  кездеседі,  әсіресе экономикалық  дағдарыс, нарықтық қарым-қатнастың  жетілмеген  кезеңінде. [5;58б].

  Әрбір  экономикалық  категорияның  мәні  оның  атқаратын  қызметі  басқа категориялардан  өзгешілігін  анықтайтын маңызын  сипаттайды.[6;96б]

              Айырбас процесінде  уақытша бөлініп  шыққан  құнды  кейін  өзінің  алғашқы  иесіне  өсім  ақымен  қайтарып  беру  келісімібойынша  несие беруші  мен қарыз алушының  арсында несие қатнастыры  пайда болады. Бұл  қайта бөлу-несиенің  алғашқы  қызметі.Несие арқылы( бөлу қызметінің  белгілері қандай?.) бөлінетін  не?  Соны анықтау  қажет, яғни  несиенің  қайта қызметінің  белгілері қандай? Несие беруші несие мәмілесі арқылы  қарыздарға  бір жағдайда  уақытша   қолдануға  тауарлы-материалдық  құндылықтарды:  ал басқа жағдайда  ақша қаражытн  беруі мүмкін. Екі жағдайда  да мәміленің  мәні бірдей болғанымен  берілетін  зат әр түрлі. Алайда  заттың формасының  әртүрлі  болуына  қарамастан, оның  мазмұны өзгермейді; қайта бөлінетін заттың  құны.

              Сонымен, несиенің  қайта бөлу қызметіне  құнды  бөлуқасиеті тән.Ол аймақтық,  салалық, шаруашылық  нышандарына  байланысты;  аймақтықаралық,  салалықаралық, слалық  және шаруашылықаралық  түрлерге бөлінеді. Несие қатнастары, тұратын  орнына  қарамай, адамдар мен  әр түрлі  ұйымдар  арасында  туындаса  ол құнды аймақтықаралық қайта бөлу деп есептеледі. Егер слалық  банктен  несие алынса, ол несиені салалық  қайта бөлу, ал егер несие беруші экономиканың  бір саласында  болып, қарыздар кәсіпорын  басқа слада болса, онда несиені салалықаралық  қайта бөлу болады. Несиені шаруашылықаралық   қайта бөлу бір кәсіпорын деңгейінде жургізілмейді,  ол тек екі шаруашылық  субъектісі арсында  уақытша  бос ақша қаражатын  несие  көзі  пайдаланғанда туындайды.

              Қайта  бөлуді несие ресурстарын пайдаланушы субъектілердің  әр түрлі  деңгейіне байланысты да қарауға  болады. Мысалы:  несие қатнастарының  субъектісі  ретінде  кәсіпорын  деңгейінде  құнның  қайталама айналымы және айналымы  шеңберінде ақша қаражаты  мен тауарлы-материалдық  құндылықтар қайта бөлінеді. Ал халық  шаруашылығы  деңгейінде  несиенің қатысуыменжиынтық өнім, ұлттық табыс қайта бөлінеді. Айта кететін бірінші жәйт, неисенің қайта меншік иесі өзгермейді, қайта бөлінетін құн несие берушінің меншігі  болып қала береді. Екінші, несиенің қайтабөлу  қызметі жалпы құнның   қайта бөлінуін емес, (тек уақытша  бөлініп  шыққан құнның  қайта бөлінуін  емес)  тек уақытша  бөлініп  шыққан  құнды  қамтиды.

              Несиенің  келесі  атқаратын  қызметі- нақты ақшаны несие  операцияларымен  алмастыру.  Тауарлы  шаруашылықта  нақты  ақшаның  орнына несие операцияларын  жүргізу  үшін  қажетті  жағдайлар жасалған. Сатылып  алынған  тауарлармен көрсетілген  қызметтер  үшін  қолма-қол ақшасыз есеп  айырысуға байланысты, өзара есептесу    бойынша  бір шоттан екіншісіне  ақша аудару қолма-қол  ақша төлемін қысқартуға, ақша айналымының  құрылымын  жақсартуға,  төлем айналымын  кеңейтуге  мүмкіндік беріп, нәтижесінде айналыс шығындарын  азайтады. Қазіргі тауарлы шаруашылықта қарызға берілген құн шаруашылық айналымында  жалпы ақшаның  орнына  жүрмейді. Экономикалық  айналымда  ақшаны тек уақытша  алмастыру қызметін  атқаратынын  айта кету керек. Қарыздардың  қарызға алған құны  шаруашылық  айналымында  ақшаға  тән  «қызметін» атқарады.

              Нақты ақшаны несие  операцияларымен  алмастыру  үшін бірсыпыра  алдын-ала  жасалған  жағдайлар  болуы шарт;

    дамыған банк жүйесі мен төлем айналымын  ұйымдастыруда  оның маңызының  жоғары  болуы;

    Экономикада  төлем тапсырмасы  немесе  міндеттемесібар төлем          құжаттарының  еркін айналуы;   

    Орталық  банктердің  несие ақшаларын  эмиссиялауы.

Несиенің  қызметтерін  айта келіп, кейбір  экономистер оның бақылау қызметін  де атап өтеді. Бірақ, біздің тұжырым  бойынша, бақылау банк мекмесінде  қызмет  жолайтын мамандардың  саналы да мақсатты іс-әрекеті, ал экономикалық  категория  сол бақылаудың  негізгі және  құралы  болып  табылады.

                            Несиенің  экономика  дамуындағы  ролі деп несиені қолдану  әдістерін пайдаланып, мемлекет  пен  халық  үшін  қол жеткізген нәтижелерді  айтады. Несиені қолдану әдістеріне:  оны қайтарып  беру, белгілі  бір мерзім аралығында  пайдалану, пайдаланғаны үшін ақы төлеу жатады. Несиенің бұл ерекшеліктерінің ресурстарды тиімді пайдалануда маңызы зор.Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдану аясы  елдің экономикалық жағдайына байланысты  үнемі  өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы  түрде  басқарудан  нарықтық   экономикаға өтуге  байланысты біздің елімізде  коммерциялық  және ипотекалық  несиелерді  пайдалану жаңғыртылды, сонымен бірге несие қатнастары   мен несиенің көлемі де өзгереді.

                            Акционерлік  компаниялардың  пайда болып, олардың  акциялар шығаруы,  бюджеттің әр түрлі бағалы  қағаздар тарту арқылы  қаржысын  кеңейту  бағалы  қағаздар  мен жүргізілетін  несие операцияларын  дамытты. Сондай-ақ  несие  беру  тәсілдерінің  жоғары  сатыға  көтерілуі  несиенің  маңызын  арттырады. Бұрын банктік несие орталықтан қатаң басқарылып, қарыз  алушыларға белгілі бір шектеулі сана берілетін. Қазір нарықтың  экономика жағдайында жылжымайтын мүлікті  кепілдікке  салып  күрделі қаражат алуға мүмкіндік бар. [7;113б]  

                                                                           

 

Несиенің  қызметтері

 

 

Ынталандыру

 

 

Орнын ауыстыру

 

Экономикадағы ақша айналымын жылдамдату арқылы экономикалық процестерді жылдамдату

 

 

Қолма-қол ақшаны несиелік ақшамен ауыстыру

 

Бөлу

 

 

1.3 Несиелік ресурстар және олардың қалыптасу көздері

 

Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші дәрежелі маңызға ие. Несиелік ресурстар халық шаруашылығының уақытша бос ресурстары мен жинақтары (ақшалай және тауарлай формада) және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттарының жиынтығы.

Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы. Біздің көзқарасымызша, экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы, несиелік ресурстардың кайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.

Коммерциялық банктер қарыз беру процесінде пайдалану үшін жинақтайтын несиелік ресурстар келесі көздер есебінен құралады:

•    депозиттер;

•    банкаралық займдар;

•    депозиттік емес көздер;

•    коммерциялық банктердің меншікті каражаттар.

  Нарықтық экономикаға  өту  және банктік жүйені  басқару   күрылымындағы   және   сызбасындағы   өзгерістер   несиелік   ресурстардың құрамында және көздерінде көрініс тапты. Несиелік ресурстардың   құрамы   біртекті   емес.   Несиелік   ресурстардың анагұрлым тұрақты бөлігі болып депозитгік қаражаттар табылады, олар әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Депозиттердің салым ретінде  орналастырылуы   мүмкін  ең  төменгі   шегі деген ұғым жоқ. Теория жүзінде ең жоғарғы шегі бар, өйткені банк Орталық банк анықтайтын  өз қаражаггары  мен  міндеттемелері    арасындағы     нормативтік     арақатынасты     сақтауға міндеттенеді.

Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар екенін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 БАНК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ НЕСИЕ ТӘУЕКЕЛДІЛІКТЕРІН БАСҚАРУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ

2.1 Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау және талдаудың теориялық негіздері

 

Бірінші бөлімде несиелеумен байланысты тәуекелдерді басқарудағы елеулі кемшіліктердің банк жүйесінің дағдарысына әсері ашылды. Бірқатар банктерде тәуекел-менеджмент жүйесі мүлдем құрылмаған болса, басқаларында – осы функцияның тәуелсіздігі қамтамасыз етілмеген, үшіншілерінде – жоғары басшылық тәуекел-менеджерлердің туындаған проблемалар жөніндегі ескертулеріне құлақ аспайды. Банк жүйесінің даму кезеңінде басшылық тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құру үшін айтарлықтай күш-жігер салуға тиіс. Ал ол үшін жоғары басшылықтың саяси еркі қажет. Біздің ойымызша, «Несие тәуекелділігі - сыртқы және ішкі орта факторлары әсерінен қарыз алушы тұлғаның банк алдындағы өз міндеттемелерін орындаудан жартылай немесе толықтай айырылуы». Шынайы экономикаға жіберілген қарыздарды икемді басқарудың бірден-бір жолы – тәуекелдерді дұрыс басқара білу.

Қарыз  алушыларды несиелеу кезінде туындайтын төлемсіздікті, жалпы тәуекелділікті төмендету үшін  бірнеше факторларды ескерген жөн:

-        экономикадағы өзгерістерге сезімтал қандай да бір салаға банктің несиелік қызметінің араласу деңгейін;

-        қиындықты айтарлықтай сезінетін клиенттерге тиесілі болатын несиелер мен басқа да банктік мәмілелердің үлес салмағын;

-        жаңа, дәстүрлі емес, аз зерттелген салаларға банктің араласу деңгейін;

-        несиелер ұсыну, банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру бойынша саясатқа жиі өзгертулер мен толықтырулардың жасалуын;

-        жаңа және жақында тартылған клиенттердің үлес салмағын;

-        аз уақыттың ішінде тәжірибеге жаңа қызметтердің неғұрлым мол түрін енгізуін;

-        тез құнсызданатын немесе нашар өтімді кепілзаттарының қабылдануын.

Несие тәуекелділігін  басқаруға байланысты айтарлықтай қиындықтарға әкелетін кемшіліктер  деп келесілерді атауға болады:

-        несиелік саясат туралы жазбаша құжаттың болмауы немесе нашар дайындалуы;

-        несиелік портфель концентрациясына қатысты шектеу қойылмауы;

-        несиелік жетекшілердің орталықтандырылуы мен деорталықтандырылуы;

-        несиелік объекттің жеткіліксіз талдауы;

-        қарыз алушыны үстіртін талдау;

-        кепілзатының асыра бағалануы;

-        клиентпен байланыстың жиі болмауы немесе тіптен болмауы;

-        бақылау аралығының ұзаруы (кәсіпорындарды несиелеуде) немесе тіптен жүргізілмеуі;

-   құжаттарға байланысты жеткіліксіз бақылау;

-         қарыз қаржыларды шектен тыс қолдану;

-         несиелік құжаттар топтамасының толық болмауы немесе қатаң қадағаланбауы;

-         несиелік процесті тиімді бақылап, уақытында аудиторлық тексеруге ұсынбау және т.с.с.

Қазақстанда несие тәуекелділігін басқару жүйесінде  жекелеген элементтер ғана қызмет етуде. Несие тәуекелділігін басқарудың толық жүйесіне әлі қол жеткізілген жоқ. Біз оның көптеген себептері бар деп есептейміз: Біріншіден, біздің елімізде несиелік операциялар әлі қалыптасу және даму сатысында, өйткені несиелік ресурстар көбіне шет елдерден тартылатындығы сияқты, қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаудың бірыңғай жүйесі жоқ, тағы да шет елдердің әдістеріне жүгінуге тура келеді. Екіншіден, жоғарыда аталып өткендей, ақпараттық жүйенің әлсіздігі, несиелік бюро қызметінің қалыптасу сатысында болуы, банктің іскерлік тәуекелділігін  тудырады. Еуропалық одаққа кіретін елдерде кредиторлар тұрақты негізде несиелік бюролар арқылы қарыз алушылардың төлемқабілеттілігі туралы ақпаратпен алмасады. Қазақстанда жеке несиелік бюролармен қатар несиелерді мемлекеттік тіркеу институттарын құру жоспарлануда, бұл көптеген дамыған елдерде қолданылады. Үшіншіден, ұсынылған несиелер бойынша кепілдеу жүйесінің болмауы, бізде кепілдік қоры депозиттер мен ипотекалық несиелерге қатысты құрылған. Төртіншіден, банктің несие тәуекелділігін есептеудің бірыңғай әдістемесі жоқ, оның ішінде Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік т.с.с. ерекшеліктерін ескеріп құрылған. Бесіншіден, банктік несие бойынша қабылданған кепіл заттардың барлық уақытта анықталған өтімділікті көрсете алмауы. Алтыншыдан, жақсы дайындалған барлық уақытта несие тәуекелділігіне қарсы әрекет көрсете алатын несиелік саясаттың болмауы. Жетіншіден, банк персоналдарының нашар дайындығы мен әрекеті және тез шешім қабылдай алмауы, Сегізіншіден, қарыз алушыға байланысты келеңсіз немесе күтпеген жағдайлардың орын алуы.

Информация о работе Коммерциялық банктердің несиелік операциялары