Коммерциялық банктерің активтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Июня 2013 в 21:25, курсовая работа

Описание работы

Көптеген банк қызметкерлері банктің активін кешенді басқару пайданы арттырып, тәуекелді азайтады деп пікір айтады. Бұл жерде күтілетін табыстар мен өтімділікті дұрыс бағалау қауіпі бар. Бұл жерде банк активі мен пассивін басқару тәуекел мен табыстардың ара қатынасын дұрыс түсіне білу қажет, себебі, банк тәуекелін бір бағытта қысқарту, банк қызметінің басқа бағыттары бойынша оның артуына жол береді. Банк қызметінде тәуекелдің жоғары деңгейде болуы, өз кезегінде тек қана табыссыздыққа ғана емес өтімсіздікке ұшырауға себеп болары сөзсіз. Ендеше, банктік сектордағы орын алған өтімділік дағдарысынан шығуға тиісті қолданылатын шаралардың кешігуі, ертеңгі банктік дағдарысқа жол беруі әбден мүмкін.

Работа содержит 1 файл

Курсовая.docx

— 77.00 Кб (Скачать)

Ауысымдылық теорияның мәні банк өзінің қысқа мерзімді ресурстары мен талап  етілетін міндеттемелері есебінен ұзақ мерзімді активтік операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Мұндай активтік операциялар  банкке коммерциялық вексельдерді немесе қазынашылық вексельдерді, облигацияларды және өзге де бағалы қағаздарды сатып  алуға мүмкіндік жасайды. Қысқаша  айтқанда аталған теория банктің  активтік операцияларында жоғары сапалы бағалы қағаздардың болуын және сол  бағалы қағаздар нарығының дұрыс  қызмет етуін талап етеді.

«Күтілетін табыстар» теориясына сәйкес банктің өтімділігін  қарыз алушылардың болашақтағы табыстарынан түсетін несиені қайтару кестесіне негіздей отырып жоспарлауға болады. Сонымен қатар банктер әр түрлі өтелім мерзімі бар бағалы қағаздарды таңдап ала отырып, олардан түсетін табысты да болжай алады. Бұл теория қазіргі кездегі несиенің жекелеген түрлерінің, соның ішінде фирмаларға берілетін қысқа мерзімді несиелердің, тұтыну несиелерінің, жылжымайтын мүлікті кепілге алып берілетін несиелердің дамып отырғандығын мойындайды. Мұндай несиелердің ортақ қасиеті, олар банктің өтімділігін арттырады. Бұл теорияның да өзіндік кемшілігі бар, яғни банк өзінің активтерін мерзіміне өзгертетін болса, кейде оның пайыздық табыстары бойынша болжамы тура болмай шығып жатса, ондай жағдайда банк зиян шегуі мүмкін.

Жоғарыда аталған теориялардың негізінде активтерді жеке-жеке басқару  әдістері пайда болып, оларды қазіргі  отандық және шетелдік банктер тәжірибесінде  қолдана бастады. Біздің ойымызша банк активтері кешенді басқарудың міндеті  бұл банк балансын жеке-жеке бөліктерге бөліп емес, тұтастай үйлестіре басқару болуға тиіс. Банктің активтерін басқару банкке депозит және займдар түрінде тартылған ресурстарын әр түрлі маусымдық ауытқулардан қорғау және банктің түпкілікті мақсатына қол жеткізетін активтер қоржынын қалыптастыру құралы ретінде зор мүмкіндік береді. Банк активтерін кешенді басқару мәселелері кешенді түрде әлі күнге дейін терең зерттелмегені белгілі.

Сондықтан біздің ойымызша, коммерциялық банктің активтерін  кешенді басқару  бұл банктің стратегиясына сәйкес, бәсекелестікті артыратын, өтімділік  пен табыстылықты қамтамасыз ететін банк балансының теңгерімді құрылымдарын қалыптастыру және оларға ықпал ететін қаржылық тәуекелдерді жүйелі түрде  басқару шараларын білдіреді.

Банктік тәжірибеде банктің активі және пассивін басқару бірқатар әдістер  арқылы жүзеге асырылады. Ең бастысы «қаражаттардың ортақ қоры» әдісі арқылы басқару. Бұл әдістің негізіне барлық ресурстарды біріктіру идеясы жатыр. Сосын жинақ қаражаттар сай келетін активтердің (ссудалар, үкіметтің бағалы қағаздары, қассалық қолма-қолдылық және т.б.) кейбір түрлерінің арасында бөлінеді. Аталған әдіс отандық банктер тәжірибесінде осы күнге дейін қолданылып келген әдіске жатады. Бұл әдістің кемшілігі мұнда активтердің санттары бойынша қаражаттарды бөлу үшін нақты критерийлер жоқ және бұл әдіс «өтімділік – табыстылық»  дилеммасын шеше алмайды.

Келесісі  «конверсиондық әдіс» бұл бос ақша қаражаттарын тарту көздерінің көп түрлілігіне негізделеді. Әрбір қаражат көзі жеке қарастырылады және оларды мерзіміне қарай активтермен сәйкестендіру қажет. «Конверсиондық әдісті» біздің ойымызша, «қор қаражаттарын теңгерімді басқару әдсі» деп атауға болады. Себебі аталған әдіске сәйкес әр түрлі көздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланатын «табыстылық-өтімділіктің» орталары анықталады. «Қорды басқарудың теңгерімділік» әдісінің алдыңғы «қаражаттардың ортақ қоры» әдісінен артықшылығы, өтімділігі жоғары активтердің үлесін дәлірек анықтауға және қосымша ресурстарды мүмкіндігінше жоғары өтімді активтерге салуға мүмкіндік береді.

 Бұл әдістің басты артықшылығы, сондай-ақ банк табыстылығына қол жеткізу болып табылады. Активті және пассивті операциялар арасындағы теңгерімділікті ұстау теориясында банктің өтімділігі жүз пайызды қамтамасыз етілер еді деген көзқарас бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Екінші деңгейлі банктердің активтерін басқаруды бағалау мен талдау

2.1. Екінші деңгейлі банктердің активтерін басқаруын талдау мен бағалау

Әдістемелік тұрғыдан алғанда банк активтерін кешенді  басқаруды базалық және күрделі  деп екіге бөлуге болады. Банк активтер мен пассивтерін базалық басқару  бұл капитал жеткіліктігіне, өтімділік  деңгейіне, активтер мен пассивтердің пайыз мөлшерлемелерінің және валюталардың бағамдарының өзгерісіне сезімталдығына қолжеткізуге арналған реттеуші ұйымдардың талаптарын білдіреді. Базалық басқарудың мақсаты тәуекелдерді анықтау және талдауға басты көңіл бөле отырып, банк балансының құрылымын ұстап  отыру және  жаңа тәуекелдердің  пайда болуына жол бермеу. Банк активтерін күрделі басқару бұл банк қызметінің барлық бағыттарында табыстылықты көздейтін, тәуекелді төмендетуге бағытталған банктің стратегиясын жасауды білдіреді. Күрделі басқару капиталдың жеткілікті шамасын белгілеу, өтімділік пен сезімтал пайыз мөлшерлемелерін анықтау, несиелік тәуекелді бақылауда ұстау, банктің активтерінің сапасын бақылау сияқты шараларды қамтиды. Күрделі басқарудың артықшылығы, яғни ол бәсекелестік стратегияға сәйкес келеді және банктің қабілетін барынша көрсете біледі.

Коммерциялық  банктің активін басқару қызметіндегі қаржылық менеджменттің рөлі мен  орнын анықтауға жасалған талдау нәтижелері бүгінгі қазақстандық банктік  тәжірибеде қаржылық менеджменттің  негізгі теорияларының 90-жылдардың  басынан бері қолданылып келетіндігі  және кейбір теориялық тұжырымдамалардың  әлі де болса қолданылмай отырғандығын анықтап берді.

Қазақстанның банктік секторының 2000-2007жж аралығындағы экономикадағы рөлін талдаудан соңғы жылдардағы коммерциялық банктердің экономиканың өсуін қамтамасыз етуге тигізген ықпалын көреміз (1-кесте).

 

1-кесте - Қазақстан банк секторының экономикадағы рөлі

                                                                                                      мерзімнің басына

Көрсеткіштер

2003ж.

2003ж.

2004ж.

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

 

ЖІӨ, млрд теңге

3 250,6

3 747,2

4 612,0

5 870,0

7 453,0

10 139,5

13 315,2

Активтердің ЖІӨ-ге қатынасы, %

25,1

30,6

36,3

45,8

60,6

87,5

87,7

Несиелік қоржынның  ЖІӨ-ге қатынасы, %

15,9

19,1

23,6

30,9

41,1

59,1

66,6

Меншікті капиталдың ЖІӨ-ге қатынасы, %

3,8

4,3

5,1

5,9

7,9

11,5

13,4

Депозиттердің ЖІӨ-ге қатынасы,  %

15,0

18,6

21,1

27,4

33,9

46,5

48,2

Ескертпе

1 2007ж ЖІӨ бойынша ҚР Экономиканы  және бюджетті жоспарлау Министрлігінің  болжамдық мәліметі берілген.

2   ҚҰБ-нің және ҚҚА-нің  есептік материалдары негізінде  автормен есептелді.


 

 

2002 жылдан  бастап, экономикалық өсудің жыл  сайын орта есеппен 10% тұрақты  өсуге ие болуына банктердің  активтерінің өсу ықпал еткендігі белгілі. 2002 жылдан бастап, 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін банктік сектордың активтерінің ЖІӨ-гі үлесі 25,1%-дан 87,7%-ға дейін 3,5 есе өскен. 2002 жылдан бастап, 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін несиелік қоржынның ЖІӨ-гі үлесі де 15,9 % -дан 66,6 %-ға дейін 4,2 есе өскендігі байқалады.

Жасыратыны жоқ біздің отандық  банктеріміздің  капиталы өте төменгі  жағдайда. 2008 жылдың 1 қаңтар айына капиталдың мөлшері 1 781,8 млрд. теңгені немесе 14,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Мұны салыстырмалы түрде қарасақ, АҚШ-ғы банктердің капиталының ЖІӨ-ге қатысты шамасынан 10 есе кіші  немесе шығыс Еуропа елдерінен 35 есе кіші, Германиядан 25 есе кіші. Егерде әлемдегі үш ірі банктің жиынтық капиталы 145 млрд. АҚШ долларын құраса, онда оның мөлшері біздің отандық банктеріміздің капиталынан 10 есе үлкен болып келеді.

ЕДБ-дің меншікті капиталы мен активтердің  соңғы 2000-2007 жж қатынасын төмендегі  2-суреттен көруге болады.

 

 

1-сурет - ЕДБ-дің меншікті капиталы мен активтер серпіні, млрд теңге

 

1-суреттен көріп отырғанымыздай, екінші деңгейдегі банктердің активтері 2000 жылы 527,9 млрд теңгені құраса, ал бұл көрсеткіш 2007 жылдың аяғына дейін 22 есеге артып, 11 683,4 млрд теңгені құраған.

ЕДБ-дің  капиталдары 2000 жылы 97,6 млрд теңгені  құраса, 2007 жылдың аяғында салыстырғанда 18 есе өсіп, 1 78,8 млрд теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, Қазақстандық банк жүйесіне қатысты халықтың сенімінің артуын соңғы жылдардағы банктердегі депозиттердің көлемінің артуынан байқауға болады. Соңғы 8 жыл ішінде банктердің депозиттері 12 есе артып, нәтижесінде 2007 жылы 3480,7 млрд теңгені құрады. Ал депозиттердің ЖІӨ-ге қатынасы 2000 жылы 11,3 % және 2006 жылы 39,1%ға дейін өскен. Депозиттердің активтерге қатынасын келесі беттегі 3-суретпен беруге болады.

2-сурет - ЕДБ-дің депозиттер мен активтерінің серпіні, млрд теңге

 

Көптеген  Қазақстандық банктердің қаржылық нәтижелері соңғы жылдары тұрақтылыққа қол  жеткізді. Банктің рентабельдік көрсеткіштері бойынша біздің банктеріміз Орталық Еуропа елдерінің банктерінің осындай көрсеткіштерімен тең түсуде (2- кесте.)

 

2-кесте - ЕДБ-дің табыстары мен рентабельдігі

мерзімнің соңына

 

2000ж.

2001ж.

2002ж.

2003ж.

2004ж.

2005ж.

2006ж.

2007ж.

Таза пайда, млрд теңге

7,1

7,4

20,6

30,1

34,9

53,1

127,5

266

ROA,  %

1,3

0,9

1,8

1,8

1,2

1,8

1,4

2,3

ROE,  %

7,3

6,1

12,8

13,5

9,2

14,1

14,6

18,6

Ескертпе – ҚҰБ-нің № 7 (92) 2002 жылғы шілдедегі және №5 (150) 2007 жылғы мамырдағы статистикалық бюллетенінен және ҚҚА-нің 2007 жылғы есептік материалдарынан алынған сандық мәліметтер негізінде автор есептеген.


 

Кестеден  көріп отырғанымыздай 20006 жылы таза пайданың көлемі 7,1 млрд теңгені құраса, 2007 жылдың соңына оның мөлшері 266 млрд теңгеге дейін жеткен. Таза табыс  көлемі 2000-2007 жж аралығында 37 есе өскен. Оған ЕДБ-дің активтерінің, соның ішінде банктің клиенттерге берген несиелерінің өсуі себеп болып отыр.

Банк  активтері н кешенді басқарудың үлгісін 3-суреттен көруге болады


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет - Банктің активтері мен пассивтерін кешенді басқарудың үлгісі

 

Банктік активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің  көлеміне және активтердің өзгеріске  ұшырау белгілеріне қарай анықталады. Банк активтерінің сапасына баға беруде және жалпы жағдайда несие банк ісінің негізіне алынуда. Әлемдегі банктердің банкротқа ұшырауы банктердің активтерінің сапасының төмендігінен туындап отыр. Көптеген банкирлер және реттеуші ұйымдардың пайымдауынша активтерді басқару банктің активтерінің сапасының басты көрсеткішін сипаттайды. ЕДБ-дің активтерінің сапасының сипаты 4-суретте берілген.

4-сурет - ЕДБ активтері мен шартты міндеттемелерінің құрылымы

Көріп отырғанымыздай банктердің активтері мен шартты міндеттемелерінің сапасына жасалған талдаудан, стандартты активтер мен шартты міндеттемелердің үлесінің 2004 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 74,6%-дан 57,5%-ға дейін төмендегенін көруге болады. Ал күмәнді активтер мен шартты міндеттемелердің үлесі болса керісінше 2004 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 24,2%-дан 41,5%-ға дейін өскен. Күмәнді активтердің ішінде, 1-санаттағы күмәнді активтер мен шартты міндеттемелердің үлесі 2004 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 17,8%-дан 31,8%-ға дейін өскен. Үмітсіз активтер мен шартты міндеттемелердің үлесі керісінше төмендеп отыр, немесе 2004 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 1,2%-дан 1,0%-ға дейін төмендеген.

Банк активтерінің сапасы несиелік қоржынның сапасына байланысты. Қаншалықты несиелік қоржында жіктелген (күмәнді және үмітсіз) несиелердің  үлесі жоғары болса, соғұрлым банк активтерінің рейтингі төмен болып келеді. Сондықтан  да несиелік қоржынды басқару бұл  өз кезегінде активтерді басқарудан туындайтын маңызды шаралардың біріне жатады. Банк несиелерінің өсу серпіні өз кезегінде банк жүйесіндегі тәуекел деңгейін арттырып, несиелік қоржынның сапасын төмендетуге ықпал етуде (5-сурет)

5-сурет - ЕДБ-дің несиелік қоржынының сапасы, %

Несиелік қоржынның сапасы 2000 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда біршама нашарлағандығы байқалады, оны несиелік қоржында күмәнді несиелердің өсуінен байқауға болады, айталық 2000 жылы стандартты несиелер - 55,2%, күмәнді – 39,0%, үмітсіз 5,8% құраған болса, ал 2007 жылыдың аяғына стандартты несиелер – 39,8%, күмәнді – 58,7%, үмітсіз 1,5% құрап отыр.

Біріншіден, несиелік қоржынның сапасының нашарлауына 2003 жылдан бастап, қолданыла бастаған 2002 жылы 16 қарашадағы №465 қаулысымен  бекітілген “Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру”  туралы ережесі бойынша қойылатын  талаптардың күшеюі ықпал етсе, екіншіден, банктердің кепілсіз шартпен несиелеу көлемін өсіруге ынталы болуы  да әсер еткен, үшіншіден, бұл аталған  банктердің басында тұрған несиелік тәуекелдің деңгейін сипаттайды.

Информация о работе Коммерциялық банктерің активтері