Коммерциялық банктерің активтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Июня 2013 в 21:25, курсовая работа

Описание работы

Көптеген банк қызметкерлері банктің активін кешенді басқару пайданы арттырып, тәуекелді азайтады деп пікір айтады. Бұл жерде күтілетін табыстар мен өтімділікті дұрыс бағалау қауіпі бар. Бұл жерде банк активі мен пассивін басқару тәуекел мен табыстардың ара қатынасын дұрыс түсіне білу қажет, себебі, банк тәуекелін бір бағытта қысқарту, банк қызметінің басқа бағыттары бойынша оның артуына жол береді. Банк қызметінде тәуекелдің жоғары деңгейде болуы, өз кезегінде тек қана табыссыздыққа ғана емес өтімсіздікке ұшырауға себеп болары сөзсіз. Ендеше, банктік сектордағы орын алған өтімділік дағдарысынан шығуға тиісті қолданылатын шаралардың кешігуі, ертеңгі банктік дағдарысқа жол беруі әбден мүмкін.

Работа содержит 1 файл

Курсовая.docx

— 77.00 Кб (Скачать)

Кіріспе

Қазіргі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы, өз кезегінде банктердің активін басқарудың тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарынының болуын нақты дәлелдейді.

Көптеген банк қызметкерлері банктің активін кешенді басқару пайданы арттырып, тәуекелді азайтады деп пікір айтады.  Бұл жерде күтілетін табыстар мен өтімділікті дұрыс бағалау қауіпі бар. Бұл жерде банк активі мен пассивін басқару тәуекел мен табыстардың ара қатынасын дұрыс түсіне білу қажет, себебі, банк тәуекелін бір бағытта қысқарту, банк қызметінің басқа бағыттары бойынша оның артуына жол береді. Банк қызметінде тәуекелдің жоғары деңгейде болуы, өз кезегінде тек қана табыссыздыққа ғана емес өтімсіздікке ұшырауға себеп болары сөзсіз. Ендеше, банктік сектордағы орын алған өтімділік дағдарысынан шығуға тиісті қолданылатын шаралардың кешігуі, ертеңгі банктік дағдарысқа жол беруі әбден мүмкін.

Коммерциялық банктің активін басқаруды қаржы менеджментінің құрамдас бөлігі ретінде ресейлік ғалымдардың: И.В. Ларионова, О.И. Лаврушин, В.М. Усоскин, К.Р. Тагирбеков, Г.Г. Коробова, М.А. Поморина, Ю.С. Масленченков,   Н.Е. Егорова, И.Т. Балабанов, И.А. Бланк, Е.С. Стоянова, В.В. Ковалев, В.И. Колесников, О.М. Марков, Е.Ф. Жуков, Э.А. Уткин, Е.Б. Ширинская, О.В. Ефимова, В.В. Ковалев және т.б.еңбектерінде көрініс тапқан.

Коммерциялық банктің активін  басқаруға бағытталған ғылыми жұмыстарға жасалған талдаудан, банктің өтімділігі  мен табыстарын қамтамасыз етуде ең бастысы банк балансының құрылымын үйлесімді немесе теңгерімді басқаруға қатысты орын алған мәселелердің болуы зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды. Өкінішке орай, коммерциялық банктің активі мен пассивін басқаруды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеулер белгілі ғалым-экономистердің еңбектерінде әр жақты көрініс тапқан. Сондықтан да, банктің активі және пассивін басқарудың теориялық және тұрғыдан жеткіліксіз мазмұны мен оның аз зерттелген әдістемелері, сондай-ақ оларды тиімді басқару тәжірибесіндегі орын алатын өзекті мәселелер бұл диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты ҚР-ның екінші деңгейдегі банктерінің өтімділігі мен табыстылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай банк активтерін теңгерімді басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау.

Қойылған мақсатқа жету мынадай  міндеттерді шешуді көздейді:

  • банк ісіндегі қаржылық менеджмент ғылымына қатысты теориялардың дамуын зерделей отырып, қазіргі заманға сай банктің активін кешенді басқарудың мазмұнын анықтау және жасау;
  • банктің активін кешенді басқару тетігінің және жүйесінің ұйымдастырушылық- ақпараттық негізін айқындау;
  • банк құнын арттырудағы және банк тұрақтылығын қамтамасыз етудегі банкті басқару стратегияларының орны мен рөлін анықтау;
  • банк активін кешенді басқарудың банк бәсекелестігін арттыруға тигізетін ықпалын зерттеу;
  • банк капиталына қойылатын нормативтік талаптардың банктердің активтерін басқаруға тигізер ықпалын қарастыру;
  • депозиттік қоржынды басқарудың банктің тұрақты пассивін қалыптастырудағы маңызын көрсету;
  • депозиттік емес ресурстарын қалыптасу көздерін талдау мен бағалаудың, банктің өтімділігі мен тұрақтылығына тигізер әсерін айқындау;
  • екінші деңгейдегі банктердің активтерінің құрылымы мен сапасын бағалай отырып, олардың қоржынындағы стандартты және жіктелетін активтердің шекті қатынасын айқындау;
  • банктердің несиелік саясатының шегінде жасалған көрсеткіштер көмегімен отандық коммерциялық банктердің несиелік қоржындарының сапасын бағалау әдістемесін жасау;
  • банктің оңтайлы инвестициялық қоржынын қалыптастырудың өтімділікті және табыстылықты қолдаудың қосымша резерві ретіндегі маңызын талдау және бағалау; 
  • банк активін басқарудағы несиелік тәуекелді басқару және бағалау әдістерін жүйелік тұрғыдан зерттеу;

Зерттеу пәніне ҚР екінші деңгейдегі банктердің активін басқару үдерісі жатады.

Зерттеу объектісіне ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің активті операцияларын басқару қызметтері жатады.

Зерттеудің теориялық  және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік ғалым-экономистердің коммерциялық банктердің активін басқарудағы орын алатын мәселелері туралы және  өтімділікті басқарудың банктің тұрақты дамуындағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.

Зерттеудің ақпараттық базасы. Зерттеудің ақпараттар базасы ретінде банк қызметіне реттеуге арналған ҚР-ның заңдары мен нормативтік актілері, ҚҰБ-нің Басқармасының қаулысымен бекітілген ережелері, нұсқаулықтар және өзге нормативтік құжаттары, ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, ҚР ҚҚА-нің нормативтік құжаттары мен есептік деректері, ҚР-ғы ЕДБ-дің есептік материалдары, ҚР статистикалық агенттіктің сандық мәліметтері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ  банктің активін басқару жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды

 

 

  1. Екінші деңгейлі банктердің активтерін басқарудың теориялық негіздері

1.1.Екінші деңгейлі банктердегі басқарудың түсінігі мен экономикалық мәні

 

 Несиелік  жүйенің төменгі буыны халық  шаруашылығына тікелей қызмет  көрсететін және коммециялық  негізінде кең көлемді қаржылық  қызмет жасайтын дербес банктік  мекемелер торабынан тұрады. Бұлар  коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық, банктер деген жалпы атпен біріктірілген.

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы  операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан « банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді. Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсалғанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және бақылау жүйелері өзгеруде.Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру. 

Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1.Жарғылық  капиталдың қалыптасуына қарай:

- Мемлекеттік

- акционерлік

- жеке

- пай  қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі  серіктестік);

- аралас (шетел капиталының қатысуымен).

2.Операцияларының түрлеріне қарай:

- әмбебап,  яғни экономиканың барлық салаларына  бірдей және кең     көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;

- маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық  белгісіне қарай:

- халықаралық;

- мемлкетаралық;

- ұлттық;

- аймақтық;

4. Салалық  белгісіне қарай:

- өнеркәсіптік  банктер;

- сауда  банктері;

- ауыл  шаруашылық банктері;

- құрылыс  банктері;

- басқа.;

5.Филиалдар  санына қарай:

- филиалсыз;

- көп  филиалды.

Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін  түсімдерден құралады. Акциялар екі  түрге бөлінеді: жай және артықшылығы  бар. Жай акция-оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар акция-оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді. Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатысушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді. 

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді. Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсықдандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңес мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс. Банктің ұйымдастьрылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады – банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.

Басқару органын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.

Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы немесе оның торабының даму дәрежесі тікелей ықпал етеді. Басқарманың негізгі қызметтері:

1. Банктің стратегиялық мақсатын анықтау және оның саясатын жасау. Ірі банкте мекеменің мақсаты мен міндеттері және оған жетудегі нақты іс-әрекеттер бағдарламасы, түрде дайындалған арнайы меморандумда көрсетіледі. Ол мынадай жағдайларды қамтиды:

- банк ресурстары бірінші кезекте қызмет көрсететін клиенттер категорияларына бағытталады;

- алдағы кезеңде дамуға мүмкіндік беретін операцияларды;

- банктің филиалдары мен өкілеттігін ашу туралы сұрақтар;

- маркетинг әдістері және жаңа банктік несие мен қызметтерді тұтынушыларға ұсыныс;

- өтімділікті қамтамасыз етудің озық әдістері;

- нарықта банктің бәсекелестік қстанымын нығайту шаралары;

- пайыз мөлшерлемелерін және банк қызметіне қойылатын тарифтерді белгілеу саясаты;

- банктің қызметкерлерінің мөлшері мен құрамы, олардың біліктілігін және тағы басқа арттыру бағдарламасы.      

 Ұсақ банктерде саясаттың мақсаты туралы жазбаша меморандум жасалмайды. Филиалсыз банктер үшін саясаттың принципін құру, филиалы бар ірі банктерге қарағанда оңай болып келеді, себебі соңғыларында клиенттер үшін жергілікті жағдайларды ескеру ерекшеліктері орын алады.

2. Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк-күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.

3. Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитеттер құрылады: әкімшілік, есеп-қарыздық, ревизиялық.

4. Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды.

5. Банк қызметің мерзімді тексеру. Басқарма мүшелері банктің операцияларына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде басқарма, бөлім жетекшілерінің есептерін тыңдайды және банк ісін талқылайды.

 Басқарма мүшелері өздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер туралы заңға бағынбағандары үшін жауапты.Сонымен, кеңес коммерциялық банктегі акционерлер жиналысының нұсқауына сәйкес тәжірибелік қызметті жүргізетін ең жоғары басқару органы болып табылады.

Кеңес тәжірибелік операцияларға  жетекшілік жасау және жүзеге асыру  үшін банкті басқаратын құрылым құрады. Операцияларды басқару ресурстары жинақтау қызметтеріне және оларды пайдалану тәсілдеріне бөлінуге негізделген.

Басқару органы пайда алу мақсатында басқару банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.

1.2. Екінші деңгейлі банктердің активтерін басқару әдістері

Қаржылық менеджменттің ғылымының  негізгі өзегіне «Қоржын теориясы»  мен «Капитал құрылымы теориясын» жатқызады. Осы екі теорияның да кез келген кәсіпорынның қаржысын басқаруға, соның ішінде коммерциялық банктің активі басқаруға тікелей қатысы бар. «Қоржын теориясының» негізін қалаушы Г. Марковиц активтердің жиынтық тәуекелін тәуекелді активтерді бір қоржынға біріктіру арқылы төмендетуге болатындығы айтылады. Іс-жүзінде аталған теория тәуекелді активтердің ықшамды қоржынын қалыптастыру тәсілдерін анықтап бере алды. «Капитал құрылымы» теориясы банктің капиталының ықшамды құрылымын бағалауға мүмкіндік береді. Мұндағы банктің капиталы деп оның меншікті және тартылған қаражаттары түсіндіріледі. Келесі теориялық тұжырымдамаға «Агенттік қатынастар» теориясын зерттеушілер Майкл Дженсен мен Ульям Меклинг өз еңбектерінде акционерлер мен менеджерлердің, сондай-ақ акционерлер мен кредиторлардың арасындағы өзара қарым-қатынас заңдылықтарын ашады. Өзге агенттік теке-тірес бұл акционерлер мен кредиторлар арасында болуы мүмкін. Ол егер акционерлер менеджер арқылы фирманың немесе банктің құнының өсуін талап етсе, онда мұндай жағдайда кредиторлардың мүддесі аяққа тапталады. Банктегі менеджментінің теорияларының біріне өтімділікті басқару теориясы жатады. Өтімділікті басқару теориясы іс-жүзінде коммерциялық банктердің пайда болуымен және дамуымен бірге пайда болған.

Қазіргі кезде банк активтерін басқару  үш әдістемелік бағытқа негізделген. Біріншісі – коммерциялық банк өтімділігін  сақтай алады, егер оның активтері қысқа  мерзімге орналастырылып, сондай-ақ олар уақтылы қайтарылатын болса. Екіншісі – коммерциялық банк өтімді болуы  мүмкін, егер ол өзінің активтерін қолма-қол  ақшаларға өзге кредиторлар мен  инвесторларға сата алса.Үшінші –  коммерциялық банктің өтімділігін  жоспарлауға болады, егер де несиені  қайтару кестесін қарыз алушының болашақтағы табысы негізінде құраса.

Осы үш әдістемелік бағытқа активтерді басқарудың үш теориясы сәйкес келеді: коммерциялық ссудалар, ауысымдылық  және күтілетін табыс теориялары.

«Коммерциялық ссудалар» теориясының  негізінде банктердің өтімділігін  басқару туралы көзқарасты А.Смиттің  еңбегінде былай деп береді: «Банк  вексель үшін төлемді қарыз алушының қарыз берушіге берген векселін есепке алу кезінде төлейді, кейіннен вексельдегі  мерзімнің өтуіне қарай қарыз  алушы банкке пайдаланған сомасы мен оған есептелетін пайызын  қайтаруға тиіс». Бұл көзқарас бүгінгі  күнгі банктердің тауарлар қорларын немесе айналым қаражаттарын толықтыруға  беретін қысқа мерзімдік несиелерін сипаттайды. Аталған теорияның басты  кемшілігі, ол дамушы экономиканың қажеттілігін ескерген жоқ. Бірақ та коммерциялық ссудалар теориясы, өзінің кемшіліктеріне қарамай бүгінгі күні де өз мағынасын  жоғалтқан жоқ.

Информация о работе Коммерциялық банктерің активтері