Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 10:56, курсовая работа
Соңғы жылдары банктік нарықтағы ақша және капитал нарықтарының дамытылуы жедел түрде жүзеге асып жатыр. Соңғысының дамытылуы сақталған ақшаны мобилизациялау мен ақша құралдарын инвестициялау процестерінсіз мүмкін болмайды. Сақталған ақша кіріс пен тұтыным арасындағы айырмашылық.
Инвестициялар – пайда алу мақсатымен ақша салымын жасау. Оның алуан түрлері болуы мүмкін: өндіріске ақшаны тікелей салу немесе ақша иесі мен оны тұтынушы арасында қаржылық дәнекерлер әрекет ететін жанама түрі. Ең бастысы, салынған ақша өндірістің дамуы мен экономиканың жандануына оң әсерін тигізсе болғаны.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Банктік маркетингтің түсінігі, мәні, функциялары...................................6
1.2 Банктік маркетингінің ерекшеліктері.......................................................17
1.3 Банктік өнімдер нарығы.............................................................................22
2 ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАНКТІК ӨНІМДЕРГЕ ТАЛДАУ
2.1 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жаңа банктік өніміне талдау..................26
3 БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары..................................................................................................31
3.2 Банктік маркетингінің дамуындағы жаңа тендециялар..........................36
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................46
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................49
«Мобильный банкинг»
жүйесін ен басты қорытындысы
тұрғындар психологиясындағы
Статистикалық зертеулерге сүйенсек, «Мабильный банкинг» жүйесін пайдаланушылар енді карточканы жай ғана қолма-қол ақша алу құралы ретінде қабылдамайды.
Бүгін Қазақстандағы 15,2 млн тұрғынға 3,2 млн төлем карточкасынан келеді, оның 1,9 млн – Қазақстан Халық Банкі карточкалары.
Үш Қазақстандық ұялы байланыс операторларының абонентттері саны 3,8 млн адамнан асты. 2010 жылы жүйе кірісі 162,2 млн теңгені құрады.
Банк саласында жетекші орын алып, халықаралық нарықтарға «Қазақстанның Халық Банкі» ұйымдық жауапкершілік пен әлеуметтік саясатының дұрыс жүргізілуі бизнесті сәтті дамытудың бірден-бір қажетті шарттамасы деп есептейді.
Алдағы жылдарға болжау жасайтын болсақ 2006-2011 жылдарда Халық банкі өзінің «Мобильный банкинг» жүйесі айасында көрсетілетін қызметтер (бір төлем карточкадан екінші карточкаға ақша аудару, камуналды төлемдер және т.б.) айасын кеңетіп, банкоматар және басқа электронды жейілер арқылы жүзеге асырылатын қызметердің барлығын аталған жүйе арқылы орындалады.
Аталған жүйе қызметін қортындылайтын болсақ жүйе қызмет жасауынан бастап халықтың жағымды көзқарастарына ие болды. Негізінен жоғары технологиялардың банктік қызметке енуімен «Мобильный банкинг» жүйесі секілді өнімдерінің пайда болуі себеп болуда. Жалпы аталған жүйе өзінің қолданушыларына қолайлы және арзан түсуде сондықтан жүйенің тұтынушылары күнен-күнге өсуде./25/
3. БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
Банк ісіндегі маркетингті
дамыту, тиімділігін артыру мен банк
өнімдерін казіргі сұраныс
3. 1 Банктік
өнімдер мен қызметтер
Банк өнімдері нарығының
бұдан әрі дамуы қор нарығы
дамуымен байланысты болмақ. Қазақстан
Республикасының құнды
ҚҚҰК, Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы мен ҰБ бірлесе отырып, қаржы институттарының өзара байланыс, хеджировкалау, ипотекалық, корпаративті вексельдермен жұмыс істеуге міндеттелген ұйымдар қорлары секілді жаңа типтерін құруды жоспарлауда. Бұдан өзге ҰБ қозғалмайтын мүліктің ұйымдасқан нарығы мен ипотекалық операцияларды дамытуға қатысатын болады. Банк әрекеттері әділдігін тексеру үшін ҰБ мен ҚҚҰК отандық рейтингтік агенттіктердің әрекет етуіне жағдай жасауда. Бұл сферадағы негізгі бағыт – банк қызметтерін одан әрі дамыту, банктік қызмет көрсетудің жаңа түрлері мен әдістерін енгізу.
Банктер қор нарығында өз әрекетін белсенді ету үшін жаңа қаржы құралдарын қолдана отырып инвестиция тартулары керек. Осындай құралдардың бірі капиталдың халықаралық нарықтарында қолданылатын еврооблигациялар эмиссиясы. Аталған қаржы операциясы бірнеше мақсатқа жетуде септігін тигізеді.
Біріншіден, шетел валютасында ақша алуды, теңгеге қарағанда пайыздық ставка төмен болады.
Екіншіден, Республикадағы құнды қағаздар нарығы аталған мезетте қаржыландыруда банк қажеттіліктерін түгел қанағаттандыруға қауқарсыз.
Үшіншіден, банк өз әрекеті сферасын кеңейту мен халықаралық қаржы институттарымен байланыс орнатуға қызығушылық танытуы керек. Банктің стратегиялық мақсаты - өзі қалаған уақытта капиталдың халықаралық нарығында оңай шығуға мүмкіндік алу болуы керек. Олар банктік жалшылыққа қарағанда үлкен потенциалға ие және банкті қаржыландыруға көп мүмкіндіктер береді.
Еврооблигация эмиссиясының негізгі міндеттері:
1) Инфляциялық ресурстары жоқ тиімді қаржы көздері диверсификациясы мен сыртқы қаржыландыруда жоғарғы потенциалға ие түрді қорғау.
2) Қарыз төлеудегі шығынды азайту, ішкі нарыққа қарағанда сырттан қарыз алу арзанырақ болады.
3) Жал алу үшін банктің инвестициялық базасын кеңейту.
4) Несиеге қауқарлы эмитет ретінде көріну үшін банктің несиелік тарихын алу.
5) Жалға алу мерзімдерін ұлғайту.
6) Банктің қаржы ресурстарына шетел капиталының келуі.
Еврооблигациялар
Оның бастамасы өзге банктерге үлгі болды. Корпоративті облигацияларды ҚР – да шығару. Қазіргі уақытта ішкі нарықта негізінен мемлекеттік бағалы қағаздар айналымда жүр. Корпоративті облигациялар инвестицияларды тартудың бірден – бір қажетті құралы. Инвесторларды акциялармен салыстырғанда облигацияларға салынған ақша қайтарылымы қызықтырады.
Корпоративті облигацияларды
тіркеу, шығару мен жабу тәртібі
ҚР ҚҚҰК сәйкес нормативті актілерімен
жүйеленеді. Негізінен бұл процесс
акциялардың шығарылым
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе банктерге құнды қағаздар нарығында эмитент есебінде шығуды ұсынамыз. Отандық облигация нарығында қаржылық құралдар жетіспегенде, өз ақшасын тиімді орналастыру жолын таппай жүргендердің бұл ұсыныс қызығушылығын туғызатынына еш күдік жоқ. Ал сатып алушыларды эмитенттің төлемге қабілеттілігі қызықтырады. Осы есептен банкке жақын арада ҚҚБ шыққан дұрыс. ҚҚБ тізімінде тұру банктің өз әрекеті туралы толық мәлімет беріп, инвесторларға құнды қағаздарды бағалау үшін қажет құжаттарды түгел беруге әзір екендігін көрсетеді. Корпоративті қарыз міндеттемелерінің алғашқы эмиссиясын 6 айлық мерзіммен 50 млн. теңге сомасына істеген жөн. Жалшылар назарын аудару үшін пайыздық ставкаларды, әрекет етуші эмиссияларынан жоғары, ең жақсысы МЕККАМ, НСО кірісіне жақындатыпқойған дұрыс. Егер алғашқы кезең жақсы өтсе, банк өзін пайдалы әрі сенімді эмитент ретінде көрсетіп, инвесторлар сеніміне ие болады. Бұл келесі реттерде жалға алу мерзімі мен сомаларын ұзартып, пайыздық ставканы сәл төмендетуге мүмкіндік береді.
Сөйтіп, банк жалға алудың
өз инвестициялық базасын
Кастодиалды әрекет өздеріңе
мәлім зейнетақы реформасы
Банк – кастодианға аталған қызметтерді көрсету зейнетақы қорлары үшін сомаларға инвестиция жасағанда ғана пайда әкелуі мүмкін. Банк кастодиалды қызметті тек зейнетақы қорларына емес, өзге де институционалды инвесторлар мен портфельді инвесторларға да көрсететінін атап өтуі керек. Қор нарығының дамуы құнды қағаздарға инвестициялар салу, олар бойынша жасалған келісім – шарттар көлемінің ұлғаюына алып келеді. Сәйкесінше кастодиалды қызметтерге деген сұраныс та жоғарылайды. Осы себептен кастодиалды әрекет банктік қызметтің актуалды және перспективалы түрі болып саналады.
Форфейтинг пен факторинг саудалық қаржыландырудың ең тиімді түрлерінің бірі - форфейтинг. Форфейтинг – көбіне сыртқы сауда операцияларында қолданылатын тауар сатылымы кезінде экспорттаушыларды несиелеудің өзіндік бір түрі.
Банк сатушыдан сатып
алушы міндеттемелерімен
Несиелеудің енді бір түрі – факторинг бойынша банк сатушыдан төлем талаптарын сатып алып, сатушыға береді. Банк клиентінің көретін пайдасы – ақша құралдарының айналымға тез енуі, сатып алушының төлемей кету қаупінің болмауы және т. б.
Факторингтік компания не банктегі бөлім төмендегідей қызметтерді ұсынады:
Форфейтинг операциясы
факторинг операциясымен
Сөйтіп өз мүмкіндіктеріне қарай отандық банктерде форфейтингті қолдану ұсынылады. Бұл банкке келетін клиенттер санын көбейтеді. Қазақстан Республикасында банк әрекетін дамытудағы перспективті бағыттардың бірі банк операцияларына Интернетті қолдану болып табылады. Бұл виртуалды қызметтер көрсету деп аталады. Мысалы, Халық Банкі өз қызметтерін интернет арқылы жарнамалайды. Нақтырақ айтсақ, интернет пен компьютерлік технологияларды кассалық есептеу жұмыстарында қолданады. Екінші бір мысал ретінде TexaBank-ті алуға болады. Клиенттер есептеулерінің жаңа жүйесін енгізу үшін TexaBank өзінің жеке сайтының ашылғанын жариялайды. Ол жаңа технологияларды қолданатын әмбебап банк ретінде белгілі. “Internet – banking” атты жаңа бағдарламаны енгізу арқылы ол клиенттің есепшотты ашуын жеңілдетті. Аталған тәсіл клиенттің банкпен кез келген уақытта, кез – келген жерден байланысқа түсуіне мүмкіндік береді. Ол өз үйінде, интернет арқылы тіпті Республикадан тыс жерде де банкпен байланыс орнатады. TexaBank өз клиенттеріне ақшаны қауіпсіз сақтау, құпия ұстау, есепшотта минималды қалдық қалуын талап етпеу, мультивалюталы есепшоттар жүйесі, құжаттарды рәсімдеудегі қарапайымдылық және өзге де қызметтерді ұсынады. Банк ойынша, құпиялылықтың сақталуы аса маңызды. Сервермен байланыс 5513 О протоколындағы 128 бит кілт арқылы жүзеге асады. Кілттердің сеанстық тобы қолданылады. Клиенттер TexaBank – тің бұл қызметтерін үлкен ризалықпен қабылдады. Банк өнімдері нарығын дамыту үшін республика банктеріне банктік операциялардың репо, трастік деген жаңа түрлерін қолданып, ипотекалық несиелеуді насихаттау, оның ішінде ипотекалық облигациялар мен жинақ құрылыс, ссуда беру кезінде кепілдеменің дәстүрлі емес түрлерін қолдану ұсынылады.
Жоғарыдағыны қорытындылай келе айтарымыз, Қазақстандағы банк өнімі нарығы кеңейіп, дамып, жаңа технологиялармен және дәстүрлі емес жаңа әдістермен толығары даусыз.
Бұл банктік қызмет деңгейі мен сапасының көтерілуі, қаржы жүйесін бекіту, экономиканың шынайы секторының дамуы, ақша – несиелік саясатты тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Банктердің барлық коммерциялық әрекеттермен клиентпен жақындасуға бағытталған. Инкассация бағытында ұсынылып отырған қызметтер алдымен клиент қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.
Инкассация бойынша
қызмет нарығындағы қатаң
Инкассация қызметін арнайы жауапты адамдар инкассаторлар атқарады.
Аталған уақытта инкассация қызметінің 15 – тен астам түрі болса, үшеуі ішінде ерекше белгілі:
Инкассация қызметтерінің диверсификациясы табудың жаңа каналдарына шығып, банктерге бірқатар артықшылықтар әкеледі:
Инкассаторлық қызмет нарығындағы көпжылдық қызмет броньді көлік, дайындалып, жаттыққан кәсіби инкассаторлар байланыс құралдары, қару – банк клиентурасына қызмет көрсетуде қауіпсіздік, дәлдік пен жылдамдық шарты болмақ. Бұдан өзге клиент есепшотына ақша салу кезінде дәл болуды ұмытпаған жөн. Инкассация қызметтері үшін ставкалар мен тарифтер жүйесі заңды тұлғалар мен корпоративті клиенттерге арналған ставкалар мен тарифтерден құралады.
Инкассация қызметін көрсетуге байланысты процесс келесі кезеңдерден құралады:
Информация о работе Банктік маркетингтің түсінігі, мәні, функциялары