Банк жүйесі және даму эволюциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 19:45, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.
Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму мәсәлесін ғылыми-теориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................3
I. Банктердің пайда болуы мен дамуы
1.1 Алғашқы банктердің пайда болуы...................................4
1.2 Банктің мәні және оның қызмет ету аясы.......................7
II. Банк жүйесінің мәні, белгілері, типтері
2.1 Банктің экономикадағы рөлі.............................................10
2.2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы...................13
2.3 Банк жүйесінің құрылымы және даму тарихы................15
III. Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері
3.1 Банк типтері........................................................................21
3.2 Банк қызметіндегі тәуелділік............................................23
3.3 Банк ісіндегі бәсекелестік.................................................29
Қорытынды...............................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................33

Работа содержит 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС АНБ.doc

— 213.00 Кб (Скачать)

Қорытынды

 

              «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің Жарлығында 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығындағы «Қазақстанда екі денгейлі банк жйесі бар» деліген. Ұлттық банк –мемлекеттің орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші денгейіндегі) банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төмегі (екінші) денгейіндегі банктер делінген.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде.

              1985 жылы АҚШ-та 15 мыңнан астам коммерциялық банктер қызмет еткен. Олардың 5 мыңға жуығы ұлттық, яғни федералдық үкіметтен чар- тер (рұқсат) алған банктер, 10 мыңнан астамы штаттардың банктері (штаттардың үкіметінен чартер алғандар). Ұлттық банктер мен штаттық банктерінің қызмет етуі банк жүйесінің қосарлы бағыныштылығын жасайды.

              ФРЖ-ге қабылдауға өтініш жасайтын және оған мүше болуға жіберілген коммерциялық банк ФРЖ-нің мүше – банкі болып табылады. Заң бойынша барлық Ұлттық банктер ФРЖ-ге кіруге тиіс. Штат банктері өздерінің қалаулары бойынша барлық және ФРЖ-нің мүше – банктерге қоятын талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана жүйеге кіре алады. Қазір штат банктердің 10%-ға жуығы ФРЖ-ге мүше – банктер болып саналады. ФРЖ-ге мүше – банктер жалпы коммерциялық банктер қатарының 40%-ын құрайды.

              Депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналысына бақылау, банктерді ФРЖ-нің банктік резервтерге қойылатын талаптарына бағындырды. Бұл ФРЖ-ге мүше – банктер мен мүше емес банктердің арасындағы басты айырмашылығын қалыпқа келтіреді. АҚШ-тағы ең көп тараған банктер типі – филиалсыз банктер.

              Екінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ-та банктердің бөлімшелерін ашу кеңірек қанат жайып, олар штаттар шегінде, сондай-ақ одан тысқары және шетелдерде ашылған болатын. Көптеген ірі банктер банктік холдинг компаниялардың бір бөлігі болып табылады. Банк ісінің бұл ұйымдастыру формасы, тек қана банкі бөлімшелерінің ашылуына жол беріп қоймай, сондай-ақ жаңа қызмет аумағына енуді жеңілдетті. АҚШ-та холдинг- компаниялар 6 мыңға жуық, олар 8,6 мың банктерді және 35,6 мың олардың бөлімшелерін бақылайды.

              Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.

              Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму мәсәлесін ғылыми-теориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.

              Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық бнактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

              Соңғы бірнеше жылда, әсіресе 2000-жылдан бастап банк жүйесінің динамикалық дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жанадануы және конденсациялық процестер жалғасуда.Дегенмен, банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда. Мұндай кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде жаңа бағдарламалар, реформалар жүзеге асуы тиіс. Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.

              Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар. Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадаы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады.

              Қазігі кезеңде нарықтық типпен дамыған едердің барығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ақша,кредит,банктер («Экономика баспасы 2006 ж.»)

2. ҚР Конститутциясы

3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы

4. 1 наурыз 2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өзінің кезекті Жолдауы:Егемен Қазақстан, 2 наурыз

5. Қазақстанның банктер туралы порталы (www.kontrosha.kz).

6. Электронный портал (www.zox.ru).

7. Ақша, несие, банктер. Сейітқасымов Ғ. С., Омарбекова А. Ғ., Сейітқасымова а.ғ. және т.б. Оқулық. – Алматы: «Экономика», 2006

8. Ақша. Несие. Банктер. Лаврушин О.И. және т.б – М.:Ф.С – 2002 ж.30 – 314б.

9. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк мекемелері, Алматы 2002.

10. Банк бизнесі, Экономика баспасы 2011

11. Банк ісі, Н.Н.Хамитов, Алматы баспасы 2006

12. Қазақстанның банк жүйесі Ж. Бекболатұлы, Алматы 2009

13. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары алматы «Экономика» 2000

14. Банк бизнесі, Көшенова Б.А. 2000

15. Деньги, кредит, банки, валютные отношения Экономика, 2000

 

 

5

 



Информация о работе Банк жүйесі және даму эволюциясы