Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 19:45, курсовая работа
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.
Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму мәсәлесін ғылыми-теориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.
Кіріспе........................................................................................3
I. Банктердің пайда болуы мен дамуы
1.1 Алғашқы банктердің пайда болуы...................................4
1.2 Банктің мәні және оның қызмет ету аясы.......................7
II. Банк жүйесінің мәні, белгілері, типтері
2.1 Банктің экономикадағы рөлі.............................................10
2.2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы...................13
2.3 Банк жүйесінің құрылымы және даму тарихы................15
III. Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері
3.1 Банк типтері........................................................................21
3.2 Банк қызметіндегі тәуелділік............................................23
3.3 Банк ісіндегі бәсекелестік.................................................29
Қорытынды...............................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................33
Банк өзiнiң жарғысы бар толық шаруашылық есеп және өзiн-өзi қаржыландыру негiзiнде қызмет жасайтын заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттiк банк осы заң бойынша қызмет атқарып жоғарғы кеңесiне есеп бередi. ҚР заңына сай мемлекеттiк банк деп капиталы толығынан әкiмет иелiгiнде немесе акционерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi. Коммерциялық банктер ол өздерiнiң акционерлер жиналысында қабылданған жарғысы бойынша қызмет iстейдi. Екіншіден акцияның көрсетілген құнын өсіру жолымен. Банктің жоғары асқаушы органы акционерлердің жалпы жиналысы, оның ағымдағы қызметін банктің басқармасы жүргізеді. Банктің басқарушы қызметкерлері болып, қадағалау кеңесінің төрағасы және оның мүшелері, Басқарманың төрсағасы және оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және басбугалтері мен олардың орыбасарлары саналады. Банктің заңға сәйкес банктің Басқармасының төрағасы және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің келісімімен тағайындалады. әдетте оладың банк үйесіндегі: төраға мен бас бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың орынбасарлары екі жылдан кем емес қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қыметкерлер Ұлттық бактің келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға құқы жоқ.
Банктің Ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндетер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады.
Жалпы кез келген банктің ұйымдық құрылымы банктік оерацияларды атқаратын міндеттерін ескеріп қалыптасады.
Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік опреациялар жүргізудің негізгі көзі олып саналады. Алғашқыда ол (мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, немесе құрылтайшылардың жарнасы есебінен қалыптасады.
2.3 Банк жүйесінің құрылымы
Банк жүйесі кредит жүйесінің негзгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Ол кредит және қаржы операцияларының негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтаруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез келген банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым, банктердің бірлестігі және т.б
Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық тұрғыдан толықтырады және белгілі бір тұтастықтықұрайды.
Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе – елдің кредит жүйесіне кіреді. Ал кредит жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процессімен тығыз байланыстырып қарау керек. Бактармен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде бюджеттік-салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалық өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп, садақтасады.
Банк жүйесі белгілі бір өзгешеліктер мен белгілерге ие. Бұл турасында ақша, кредит банктер (жалпы редакциясын О.И лаврушин басқарған, М.: Ф және С, 2002, 285 – 290 б.) оқулықта тиянақты баяндалған. Бұған қысқаша тоқталамыз. Сонымен, басқа жүйелерден айрықшарап көрсететін банк жүйесінің белгілері қандай:
1. Банк жүйесінің элементтері жоғарыда айтып кеткеніміздей, алғы шебін Орталық банк құрайтын нақты бірлікке бағына отырып өзара әрекеттеседі. Онда кездейсоқ элементтер болмайды.
2. Банк жүйесі өзінің құрамдық элементтерімен, оларлдың өзара әрекеттерімен әрекеттерімен анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің Орталық банкі белгілеген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән тетік жұмыс істейді.
3. Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті. Оны біртұтас ретінде және бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде көрсетуге болады. Бұл оның жекелеген бөліктердің қажет болған жағдайда бір-бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, Жинақ ақша банкісінің депозиттік операцияларын коммерциялық пошталық жинақ ақша жүйесіне сеніп тапсыруға болады. Қандай да бір банк бонкротқа ұшыраса да, банк жүйесі сақталып қалады.
4. Банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен толығуы мүмкін. Жаңа кредит түрлері мен қаржы институттары пайда болады.
5. Банк жүйесі «жабық» тұрпаттағы жүйе. Олардың тек өздеріне ғана арналған өз тәртібі, ережесі, нұсқауы бар және банктің өз құпиялары болады. Алайда, оны толық мағынасында жабық деуге де болмайды, өйткені ол сыртқы ортамен, басқа жүйелермен өзара әрекеттеседі.
6. Банк жүйесі өзін өзі реттейтін, «өзін өзі ұйымдастыратын» жүйенің сипатына ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету саясатын экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалдарға қарай өзгертіп отырады. Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше саясат ұстанады, экономиканың тұрақты даму жағдайында басқа саясатты жүргізеді.
7. Банк жүйесі – басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет етеді әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға бағынады.
Осы аталған белгілердің барлыға Қазақстанның банк жүйесіне тән. ҚР «Банктермен банк қызметі туралы» заңында (3-бап) былаша жазылған:
1. ҚР екі деңгейлі банк жүйесіне ие.
2. Ұлтық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді.
3. ҚР Заң актілерімен анықталған айрықша құқықтық мәртебесі бар Қазақстан даму банкісін қоспағанда барлық басқа банктер банк жүйесінің төменгі деңгейін білдіреді.
4. Шетелдік қатысушылар банкісі – екінші деңгейлі банк, меншігінде және басқаруында акцияның үштен бір бөлігіне ие: а) ҚР резидент еместер; ә)заңды тұлғалар – ҚР резиденттері, ҚР резидент еместердің меншігінде және басқаруында 50 пайыздан астам акциясына ие; ҚР резиденттері ҚР резидент еместердің қаражатына.
5. Мемлекетаралық банк – халықаралық келісімшарттың негізінде құрылған әрі әрекет ететін банк.
Банк жүйелерінің дамуы елдегі саяси жағдай мен экономикалық қатынастың даму деңгейіне тәуелді. Банк қызметі қандай шамада реттелетініне қарай банк ісін ұйымдастырудың екі типі бөліп көрсетіледі:
- Мамандандырылған банк ісі, онда банктер мен банктік емес мекемелер операцяларының арасында қатаң шекара қойылады, соңғысы үшін заңға тыйымдар мен шектеулер енгізеді;
- Барлық кредит институттарына әр түрлі қаржылық-кредиттік қызмет көрсетуін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап банк ісі.
Батыс және Орталық Еуропа елдерінде, АҚШ-та, Жапонияда және басқа да өнеркәсібі дамыған елдерде кредит институттарының арасындағы дәстүрлі шекараның жойылуынан байқалып отырған банктерді әмбебаптандыру тенденциясына артықшылық береді. Функционалдық тұрғыдан мамандандыруды басқару осы заманғы банктерді өз клиенттеріне 200-ге дейінгі қызмет түрлерін ұсынуға қабілеті бар көп қызметті кредит мекемесіне айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл жағынан клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін осы заманғы банк технологияларын қолдану, өз қызметін әртараптандыру арқылы сенімділік пен инвестиция үшін үлкен қаржылық мүмкіндіктерге ие болу мақсатында банктер өздерін ірілендіруге әрі капиталдандыруға ұмтылыс жасап отыр. Мұндай тенденция көптеген мемлекттерге тән. Мәселен, XX ғасырдың 90-шы жылдары АҚШ-та 15 мың коммерциялық банктер 15,5 млрд доллар пайда алып, 2,5 трлн доллар сомасындағы активтерді бақылайды. Ал 2000 жылы жуық шамамен 17 млрд доллар пайда алған, 5 трлн доллар сомасындағы активтерге ие 95000 коммерциялық банктер ғана қалды.
Банк жүйесінің даму үлгісімен бірнеше мемлекеттің банк жүйелерін келтірейік.
Ағылшын банк жүйесі Англия Банкісінен, депозиттік банктерден, сауда банктерінен, достастық банктерінен, шетелдік банктерден, консорциумдік банктерден тұрады.
Швейцария банктердің елі, әрбір 1,5 мың тұрғынға бір банктен келеді. Оның банк жүйесі 500-ден де көп банктік ұйымдарды біріктіріп отыр. Бұл елде ұлттық банктерден басқа 3 банк категориясы бар:
- Біріншісі – 3 аса ірі банк – швейцарияның Біріккен банкісі, Швейцариялық банк корпорациясы, Швейцариялық кредит банкісі;
- Екіншісі – кредиттеу мен есеп айырысуға маманданған, негізінен жергілікті және жинақ ақша банктері;
- Үшіншісі – инвестициялық портфельдерді басқарумен айналысатын жекеше банктер.
Швейцариялық банк жүйесінің айрықша белгісіне баанктердің құпиялылығы және банктермен инвестициялық компаниялар қызметінің бақыланатындығы жатады. Банктерге бақылауды орнатудың үш сатылы жүйесіне ие және оларды Федерациялық Банк комиссиясы, Ұлттық банк, Швейцариялық банктер ассоциациясы жүзеге асырады.
АҚШ-тың банк жүйесіне Федералдық резервтік жүйе кіреді. Ол 12 федералдық резервтік банктен тұрады, ФРЖ-ға мүше, ФРЖ-ға мүше емес 6 мың коммерцмялық банктер және ФРЖ мен ДСФК-ге мүше емес банктер бар.
Жапонияның банк жүйесі Жапония Банкісін, коммерциялық банктерді, мамандандырылған кредит институттарын, қаржы компанияларын, үкіметтік кредит мекемелерін, пошталық-жинақ ақша кассалары қамтиды.
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өз банк жүйесі болмады, өйткені республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған кредит жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері жұмыс істеді. Сол себепті де банк жүйесінің тарихы КСРО тарихымен және революцияға дейінгі Ресейдің тарихымен ажырағысыз байланыста болды. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне мыналар кірді: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, өзара кредит қоғамы, қалалық банктер, ипотекалық кредит банкісі және басқа кредит мекемелері.
Ресейдің Мемлекеттік банкісі (оз қызметін 1860 жылы бастады) бүкіл кредит жүйесінің Орталық банкісі болып табылды. Қағаз ақшаларды айналысқа шығарудың монополиялық құқығы тек осы банкке ғана тиесілі болды. Ресейдің Мемлекеттік банкісі 1914 жылы салым ақшалар мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін, барлық акционерлік - коммерциялық банктердің шамамен 1/3 есептік - ссудалық операцияларын өз жағына тарта білді. Басқа елдердің орталық эмиссиялық банктерден Ресейдің Мемлекеттік банкісінің айырмашылығы: ол тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауда-саттықты және т.б. кредиттеледі. 1914 жылы оның 10 кеңсесі, 124 бөлімшесі және 791 басыбайлы мемлекеттік қазынашылық кассасы болды.
Акционерлік - коммерциялық банктердің (743 филиалы бар 47 банк) жағдайы ссудалық капитал нарығында үстем болды және 1914 жылы шоғырланудың жоғары деңгейіне жетті.
Орта және ұсақ буржуйларға қызмет көрсету үшін ұсақ кредит мекемелері жұмыс істеді: өзара кредит қоғамы (11081), қалалық - қоғамдық банк (343).
Ипотекалық кредит жүйесі мемлекеттік - дворяндық жер банкісін және мемлекеттік жер банкісін, 10 акционерлік жер банкісін, 36 қалалық кредит банкісін, басқа да ипотекалық кредит банктерін қамтиды.
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік. Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму мәсәлесін ғылыми-теориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады. Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық бнактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Соңғы бірнеше жылда, әсіресе 2000-жылдан бастап банк жүйесінің динамикалық дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жанадануы және конденсациялық процестер жалғасуда. Дегенмен, банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда.
Банк жүйесінің даму тарихы
Банктер несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Себебi банк мемлекетпен кәсiпорындардың . Акционерлiк Қоғамның және шаруашылық субъектiлердiң халықтың бос ақшасын шоғырландырып iс жәзiндегi капиталға айналдырады. Осы айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. операцияны жүргiзедi. Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай ақ олардың қандай операцияларды орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған. Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банкттер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) ХIV-ХV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.