Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 10:56, реферат
Кіріспе
Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберілді, яғни оларды нарық жүйесіндеі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрыламдық ерекшелігіне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұдай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-жылдардың басында құрыла бастады.
90-жылдардың экономикалық тәжрибесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы – бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншік акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері – халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады.
Вексель
төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың
айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындағы
тауар-зат құндылықтарының
Вексель нарығының қызметі – қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айналымының негізі – серіктердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылауымен жасалатын несиелік келісім. Вексельді шығару және оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оның маңызы зор.
Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болған жақта ол вексель берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады. Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және басқа да жағдайларын бақыласа, ал вексель иемденуші серіктестің тек вексель алған уақытындағы төлем қабілетілігін ғана емес, сонымен қатар, ол өте маңызды, оның төлем уақыты жеткенде дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігін де бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылдаған міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы, нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.
Басқа
қарыз міндеттемелерінен
Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель, немесе трапты болып екіге бөлінеді. Жай вексельді төлеуші, яғни вексель беруші жазады. Онда векселдің жазған жері, берген уақыты, қандай сомаға толтырылды, қай уақытта және қай жерде өтеу керектігі көрсетіліп, вексель иемденушіге береді. Сонымен бірге, венксель берушінің аты-жөні жазылып, қолы қойылады. Жай вексельді пайдаланғанда тек екі жақ өзара әрекет жасайды, яғни вексель беруші өзі делдалды қатыстырмай-ақ белгіленген уақытта вексель иемденушіге қарызын өтейді. Егер аудармалы вексель пайдаланса, онда вексель айналысында бірнеше заңды немесе жеке тұлғалар қатысады - әлбетте үш, төрт және одан да көп контрагенттер қатысуы мүмкін.
Аудармалы вексель деп несие берушінің қарыз алушыға вексельде көрсетілген соманы үшінші кісіге төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін айтады. Трассат тарапы бойынша акцепт берген жағдайда ғана қарыздар болып есептеленеді.
Акцепт дегеніміз – есеп айырысуда төлеушінің өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі. Демек, акцепт есеп айырысудың бір түрі.
Төлем уақыты келгенде несие беруші несиені өте үшін трассатқа, яғни вексельдің акцептеген төлеушіге вексель ұсынады. Трассат ақшаны несие берушіге аударған соң вексельді жояды.
Вексельді
басқа біреуге пайдалануға
Біздің мысалда келтірілгедей ремитент вексельді екі түрлі пайдалануы мүмкін:
Бұл жағдайда вексель иемденуші:
Біріншіден, төлем уақыты келгенше вексельді өзінде сақтап, ал төлем уақыты келгенде оны өтеуге ұсынуы керек;
Екіншіден, төлем өтеу үшін вексельді үшінші адамға беруіне болады;
Үшіншіден, вексельді кепілге беріп, банктен несие алуыға болады.
Вексельді толтырғанда кәсіпорын басшысы мен оның бас бухгалтері қол қояды. Вексельде қажетті реквизиттер болуы шарт:
Осы айтылған мәліметтердің тек беруі ғана көрсетілмеген жағдайда вексельдің құқықтық күші жойылады. Төлем уақыты көрсетілмесе ондай вексельді ұсынған уақыты өтелетін деп қарау керек. Аудармалы вексель берушінің «үкімімен» берілуі мүмкін. Ол сонымен қатар вексель берушінің өзіне беріліп, үшінші адамның есебіне жазылуы мүмкін.
Вексельдің қолдану аясына, келісім жағдайында және олардың тауарларымен немесе ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты коммерциялық, қаржылық және жалған вексельдер болып та бөлінеді.
Коммерциялық вексель тауарларды сату және сатып алу келісімдерінің негізінде айналысқа түседі. Бұндай вексель нақты тауар кепілдігіне беріледі, яғни ол сату операцияларын несиедендіру мақсатында беріледі. Келісім шарты жасалған шақта сатып алушының қажетті мөлшерде бос ақшасы болмаған жағдайда оның орнына сатушыға басқа төлем құралы – вексельді ұсынады. Ол өзінікі болуымен қатар, басқанікін де, яғни индоссацияланған болуы мүмкін. Әл-бетте, вексель айналысының негізі – коммерциялық вексельдер.
Несие келісімдерінің ақшалай түрін рәсімдеу қаржы вексельдері болып есептеленеді. Оған банктік, қазыналық траст және басқа банк емес несие ұй-ымдарының вексельдері жатады. Бұған, мысалы, қаржы нарығының өзіне қаржы тарту мақсатымен бір банктің басқа банкке берген қаржылары дәлел бола алады.
Ал қазыналық вексельдер деп мемлекеттік қысқа мерзімді қаржылық мін-деттемелерді айтады. Қазіргі уақытта вексельдің бұл түрі кең өріс алуда. Траст компаниялары ақша сатушыларның өздеріне сенімін арттыру мақсатында олардың салымдары бойынша вексель міндеттемелерін беруде. әрине қазыналық және басқа да қаржылық вексельдердің пайдаланғанда ол үшін өсім ақы төленеді.
Жалған вексельдерді беру нақты не материалдық, не ақша құндылықтарының қозғалысымен байланысты емес. Оларға достық, яғни қол қою және қарсы жүретін вексельдер жатады. Олардың кепілімен несие алу үшін және банкте есепте болу мақсатымен беріледі. Демек, жалған вексельдер ештеңнмен қамтамасыз етілмеген құжат.
Вексель айналысы жүйесінің негізгі элементі – вексельдің сенімділігі. Оны арттырудың бірнеше жолдары қарастырылады. Оның біреуі – акцепт-авальды операциялар. Вексельдің акцепті дегеніміз төлеуші вексельді төлеуге берген келісім берген заңды мекеме немесе жеке тұлға болуы мүмкін. Егер акцептанттың ролін банк атқарса, онда вексель бірінші класты міндеттеме құқығын алады. Вексельдің акцепті міндетті емес, бірақ ол нарықты вексельдің еркін айналуына жағдай жасайды.
Вексельдің
авалы – вексель бойынша
Бағалы қағаздардың өте көп басқа түрлері болады. Оларды әртүрлі эмитенттер шығарады. Солардың екі үш түрін қарап өтейік. Корпорацияның жарғысына қарсы келмесе онда оның «екінші қатардағы», немесе айналымдағы бағалы қағаздарға қосымша тағы да бағалы қағаздар шығаруға капитал табуға мүмкіндігі бар. Оларды «құқықтық бағалы қағаздар» деп те айтады. Оларға жазылу құқын опцион, варриант деген сөздер айқындайды.
Опцион – шартқа енгізілген мерзімдік талапты көрсететін бағалы қағаз. Ол бойынша екі жақтың біріне белгілі-бір уақыттың ішінде келісілген ақыға бағалы қағаздардың біраз мөлшерін сатуға немесе сатып алуға құқық беріледі, ал екінші жақ, қажет болғанда, шартты белгіленген ақыға бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға міндеттенеді. Әдетте, опцион компанияның өзінің жоғарғы лауазымды қызметкерлеріне тұрақты бағамен жай акция сатып алу құқын беретін бағалы қағаз. Опцион – заңды түрде бекітілген стандартты құжат. Онда сатылатын бағалы қағаздар саны көрсетіледі. Оның өлшемі лот деп аталады, яғни 1 лотта 100 дана біратаулы бағалы қағаз болады. Опционның мазмұнында опциондық шартты бекітілген құқықтың орындалуы, яғни бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу күні және бағасы көрсетіледі.
Опционның екі түрі кездеседі: сатып алушы опционы және сатушы опционы. Біріншісі – сатып алу шарты, онда опционның өзі сатып алынады. Екіншісі – сату шарты, ол бағалы қағазбен бірге сатылады. Айта кететін жәй, алғашқыда опциондық шарт тек қор нарығындағы акцияға қатысты болса, қазіргі кезде ондай шарт кез-келген тауарға жасалады.
Бағалы қағаздардың туынды түрлерінің бірі – варриант. Варриант – ерекше бағалы қағаз. Ол корпорацияның айналымдағы бағалы қағаздарына сатушының сатып алушыға меншік құқын беретін міндеттемесі. Варрант иемденушісі қолындағы варрант белгілі – бір уақыт аралығында тұрақты бағамен онда белгіленген жай акциялар санына айырбастауға құқы бар.
Варрант – ұзақ мерзімді бағалы қағаз. Әдетте, оны корпорация облигация-ларымен және арттықшылықты акциялармен қоса шығарады. Бұл, бір жағынан, бағалы қағаздарды алғашқы орналастырғанда тартымды етсе, екінші жағынан корпорацияның эмиссиялық шығындарын азайтады. Варранттың опционнан айырмашылығы – егер опционды эмитент те және бағалы қағаздар портфелін иемденуші де шығарса, ал варрантты тек қарыз міндеттемесінің эмитент ғана шығарады.
Варрант корпорациясының басқа бағалы қағаздармен қоса шығарылғаннан кейін, олардан бөлініп, өз алдына айналымға түседі. Ол туралы компанияның жарғысында көрсетілген болуы керек. Варрант бөлінгеннен кейін бағалы қағаздардың сатылу бағасы варрант бағасына кемиді. Екінші нарыққа түскен варрант өзіне нарықтық курсына ие болады. Варранттың жаңа бағалы қағазға айырбасталу бағасы варранттың орындалу бағасы деп аталады.
Бағалы қағаздардың келесі тобына қаржы нарығы айналымдағы мемлекеттік институттар және банктердің қарыз міндеттемелері жатады. Олар:
Қазыналық вексельдер – қаржы министрлігі шығаратын қысқа мерзімді облигациялар. Олар мемлекеттің ішкі қарызын өтеу мақсатында шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрі жоғарғы өтімділігімен ерекшеленеді, сондықтан оларды екінші ақша деп те атайды. Олар төмендетілген бағамен, яғни номиналынан төмен бағамен сатылады, ал номиналымен сатып алынады. Арасындағы айырма проценттік өсімді құрайды. Қазыналық вексельдер 91, 182 және 365 күн мерзімге шығарылады. Олар иесі ұсынушы вексель түрінде шығарылып көрсетілген мерзімі біткесін ол ұсынушыға өтеледі.
Депозиттік сертификат – ол эмитенттің мерзімді салымын алғандығын ку-әландыратын банктік бағалы қағаз. Оның иесі ұсынушы адам. Депозиттік сер-тификат екінші нарыққа белсенді түсетін және қолдан-қолға тез өтетін бағалы қағаз.
Чек – заңды түрде бекітілген ақшалы құжат. Ол қаржы институтындағы ағымдағы есеп шот иесінің чек иесіне көрсетілген соманы төлеуін талап еткен жарлығы. Чек төлем айналымын тездету мақсатында шығарылады. Ағымдағы шот иесі шоттағы сома көлемінде көптеген чек толтыруына болады.
Чектер бірнеше тірге бөлінеді:
Вексельдер сияқты, чек бойынша Халықаралық конвенция 1931 жылы Женевада құжатқа қол қойды. Оның талабы бойынша чекте алты міндетті эле-менттер болуы шарт. Олар: