Бағалы қағаздар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 10:56, реферат

Описание работы

Кіріспе
Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберілді, яғни оларды нарық жүйесіндеі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрыламдық ерекшелігіне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұдай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-жылдардың басында құрыла бастады.
90-жылдардың экономикалық тәжрибесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы – бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншік акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері – халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады.

Работа содержит 1 файл

Багалы кагаз .doc

— 206.00 Кб (Скачать)

    Нарықтық  экономикасы дамыған елдерде артықшылықты акциялар саны әлбетте барлық акциялардың 10%-нен аспайды. Демек, корпорация қаржысында олардың үлесі өте төмен. Дегенмен де, басқаруда маңызы орасан зор. Олар акционерлік қоғамның жиналысында дауыс беретін жай акция иемденушілердің санын өзгертпей-ақ қосымша капитал тартуға  мүмкіндік береді.

    Облигациялар. Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару – қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің жалпы шығына облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық шығынға тең болады.

    Облигация мерзімдік қарыз міндеттеме болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік – эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде – корпорация мүлігінің бір бөлігінің иемденуге облигация ұстаушының құқы. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар. Ол өзгешіліктердің маңыздылары мыналар:

  1. Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады. Ал облигация корпорацияны несиелендіргеннің куәлігі. Өз кезегінде, акционер корпорацияны меншіктенушінің бірі. Акция сол меншіктенудің куәлігі тәрізді.
  2. Облигация иемденушісіне сыйақы төленеді. Оның мөлшері бекітілген және нақты анықталған. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген  белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Облигация бойынша сыйақы басқа өтелетін дивидендтермен бұрын төленеді. Корпорацияның сыйақыны уақытында төлей алмауы оның банкрот деп танылуына тең. Акционер де дивиденд түрінде төлем алады. Бірақ дивиденд мөлшері тіркелмейді және ол арнаулы уақытта төленбейді. Егер корпорация дивиденд төлеу туралы хабарламаса, демек, төлегісі келмесе, онда акционер корпорацияға қарсы ешқандай шара қолдана алмайды.
  3. Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқы жоқ. Ол акционерлер жиналысына, сонымен қатар, корпорация басқаруға да қатыспайды. Оған керісінше акция иесінің корпорацияның мүлікті мүддесін қорғауда шешуші дауыс құқығы бар.
  4. Облигация бойынша сыйақы корпорацияның шығынына жатады. Ол салық төлейтін пайдадан  төленеді. Ал дивиденд салық төлегеннен қалған корпорацияның таза пайдасынан өтеледі.

    Облигация бойынша мезгіл-мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда купонға алмастырылады. Купон деп облигациядан жыртылып алынатын талонды айтады. Онда сыйақы мөлшері көрсетілген. Төленген сыйақының орнына облигациядан купонды жыртып алады. Бұндай сыйақы төлеудің түрін купондарды қырқу деп атайды. Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі: номиналы, купондық мөлшер, өтеу туралы нұсқау, эмиссия шарты, қамтамасыз етілуі, рейтингі.Төлеудің түрін купондарды қырқу деп атайды. Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі: номиналы, купондық мөлшерін, өтеу туралы нұсқау, эмитент төлейтін облигацияның құнына байланысты келісілген сыйақы – төлем. Жыл сайынғы купондық мөлшер бөлініп төленуі мүмкін, мысалғы, жарты жылда бір рет немесе тоқсан сайын бір рет. Әлбетте, төлем мына интервалмен орындалады: қаңтар-шілде, ақпан-тамыз, наурыз-қыркүйек, сәуір-қазан, мамыр-қарашы, маусым-желтоқсан. Одан басқа алдын жұлдыздары да айнаға түскен сәуледей қайталанады. Мысалы, 5 қантар – 5 шілде, 20 наурыз – 20 қыркүүйек және с.с.

    Өтеу  күні – компанияның сатып алушыға  облигацияны номиналына тең соманы қайтарып және сыйақы төлеуді тоқтататын күнтізбектегі күн.

    Эмисия  шарты – ашықтан-ашық облигация  шығару мәмілесі. Ол қарыз алушымен траст компаниясының шарты бойынша шығарылады. Траст компаниясын корпорацияның инвесторлар алдында оның кепілі болып, облигация ұстаушылардың мүддесін қорғап, эмитенттің өз міндеттемелерін орындауын қадағалап отырады. Траст компаниясы эмитенттің қаржы құжаттарын және оның инвестициялық жобасының бизнес-жоспарын тексеріп, одан кейін ғана өз ризашылығын береді. Осыған байланысты эмиссия шартына траст компаниясы бірсыпыра ұсыныс енгізеді.  Олардың ішінде жиі кездесетіндері мыналар:

  • Ең аз өтімділік;
  • Борыштың ақырғы деңгейі;
  • Активтерді сатуға тыйым салу;
  • Төленетін дивиденд мөлшерін шектеу.

    Өтеу  туралы нұсқау – эмиссия шартындағы тармақ. Ол бойынша эмитент облигацияның номиналдық құны және сыйақы төлейтін арнаулы қор құрады. Ол қор траст компаниясының бақылауында болады.

    Эмиссия шартында облигацияны уақытынан  бұрын сатып алу бабы да болуы  мүмкін, яғни эмитенттің өз облигацияларын қайтарып алу құқы. Әдетте, ондай  жағдай облигация шығарылғаннан кейінгі алтыншы жылдан басталады. Уақытынан бұрын қайта сатып алғанда облигацияның бағасы оның номинал-дық құнынан жоғары болады.

    Қамтамасыз  етілген облигациялар – оларды шығарғанда кепілдікке корпорация активтері немесе мүлігі салынады. Облигация қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді. Қамтамасыз етілген облигация корпорацияның негізгі активтерін талап етуге құқық беріп және сонымен бірге оның негізгі меншігінің облигацияға салынғанын көрсетеді. Егер корпорация тағайындалған мезгілді өз облигациясын өтей алмаса, онда оны ұстаушылар кепілдікті өз пайдасына сатуға құқы бар. Қамтамасыз етуге қозғалмалы, қозғалмайтын мүліктер және басқа бағалы қағаздар салынады. Осыған байланысты мынадай айырмашылықтарды атауға болады:

  • Қоғалмайтын мүлікке салынған облигациялар. Оларды қамтамасыз ететін жай немесе арнаулы мүліктер;
  • Басқа компаниялардың траст жағдайында сақталатын акциялары мен облигацияларымен қамтамасыз етілген осы компанияның облигациялары;
  • Қозғалмалы мүлікпен қамтамасыз етілген облигациялар. Оларды се-німхатпен басқа біреу иемденуіне құқылы.

    Қамтамасыз  етілмеген облигациялар – жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда, эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемесі. Оны болашақтағы шаруашылық ісінен түсетін табысқа үміттеніп шығарады. Корпорация бнкротқа ұшыраған жағдайда ол облигацияларды арнаулы түрде өтейді.

    Облигацияның  рейтінгі – олардың инвестициялық  сапасын арнаулы фир-малардың бағалауы. Әлбетте, облигациялардың барлық шығарылған сериясы бағаланбай, тек екінші нарықта  кең көлемде сұранысқа ие болатындары ғана бағаланады. АҚШ-та, мысалы, «Стэндарт энд пур» және «Мудиз инвесторз сервис» екі компаниялары рейтинг анықтаумен шұғылданады. «Мудиз» компаниясы облигацияны бағалауды төмендегі түрде жүргізіледі:

  • Ааа - өте жоғары сапа;
  • Аа – жоғары сапа;
  • А – ортадан жоғары;
  • Ваа – орта сапа;
  • Ва – алыпсатарлық элементтері бар;
  • В – инвестицияға қажет белгілері жоқ;
  • Саа – төмен сапа;
  • Са – белгілі-бір мөлшерде алыпсатарлық;
  • С – ең төмен сапа.

    Ең  жоғары рейтингілі облигациялар «инвестициялы класты» деп аталады. Төмен рейтингілі облигациялар алыпсатушылық деп есептеледі.

    Акция сияқты облигациялардың да номиналы және нарықтық бағасы болады. Оның номиналына байланысты процентпен көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның курсы деп аталады. Егер нарықтық бағасы номиналынан жоғары болса, онда облигация сыйлықпен сатылды деп атайды. Егер номиналынан бағасы төмен болса, онда облигацияның жаңа иесі оны дисконтпен, яғни бағасын төмендетіп сатып алады. Егер нарықтық бағасы қандай болса да сыйақы оның номиналына байланысты есептеленеді.

    Облигацияның  нарықтық бағасы, бір жағынан, заемды шығару жағдайына, екінші жағынан, нарықтағы әруақытта әр түрлі болып қалыптасатын жағдайға байланысты анықталады. Егер нарықта купондық бағасы жоғары жаңа заем пайда болса, онда ол жағдай айналымдағы облигацияларға екі түрлі әсер етеді.

    Біріншіден, егер жаңа жағдайлармен шығарылған заемдер  өте көп болса, онда бұрын төмен  бағамен шығарылған облигациялардың  курсы төмендейді. Басқаша айтқанда, олар дисконтпен сатылады. Себебі бұндай облигациялар тек номиналы бойынша өтеледі. Ал арасындағы айырмашылықты жаңа иемденушіге өте төмен кіріс түсіреді.

    Екіншіден, жаңа облигациялар аз болса, олар номиналынан жоғары курспен сатылады. Ол облигацияның жаңа және бұрынғы иелерінің кірісін теңестіреді.

    Инвестициялардың  облигациядан алатын пайдасы купондық төлеммен дисконттық айырмашылықтан түсетін  кірістен құралады.

    Жай акциялар тәрізді облигациялар да иесі ұсынушы және атаулы болып екіге  бөлінеді. Иесі ұсынушы облигациялар еш жерде тіркелмейді, ол бойынша сыйақы ұсынушы субъектке төленеді. Ондай облигациялардың әрқашан купондық парағы болады. Сыйақы өсім төлейтін күні облигация иесі купонды қыйып алып, оны өтеуге тапсырады.Ал атаулы облигациялардың иесі корпорацияда тіркеуден өтеді. Сыйақы төлейтін күні корпорация оларға процент алу үшін чек толтырып береді.

    Заемның мерзіміне қарай корпорация облигациялары:

  • Қысқа мерзімді – 1 жылдан 3 жылға;
  • Орта мерзімді – 3 жылдан 7 жылғы;
  • Ұзақ мерзімді – 7 жылдан да көп жылдарға дейінгі болып үшке бөліне-ді.

    Корпорация  облигациялары сонымен қатар купондық кірісті төлеу жөнінен де бөлінеді.

    Біріншіден, купондық төлем мөлшері нақты  бекітілген облигациялар. Олар уақытынан  бұрын қайтарылып алынуы мүмкін.

    Екіншіден, купондық төлем мөлшері өзгермелі  облигациялар. Бұл типті облигациялардың  ерекшелігі – оның купондық төлем мөлшері ақша нарығындағы негізгі төлем мөлшеріне байланысты өзгереді. Бірақ, өзгермелі курсты облигация ұстаушы корпорация жарғысында көрсетілгеніндей, өз мүддесін несие берушілердің ең соңында жүзеге асырады.

    Үшіншіден, купоны нөлге тең облигациялар. Бұл  типті облигациялардың айырмашылығы – олар бірінші орналасқан номиналынан  төмен бағамен, ал өтелгенде – номиналымен салынады. Басқа сөзбен айтқанда, облигация ұстаушы сыйақыны облигацияның айналым мерзімі аяқталғасын алады.

    Облигациялар  айырбастылымды және жай облигациялар болып та бөлінеді. Айырбастылымды облигациялар айырбастылымды артықшыыылықты акцияларға өте ұқсас. Олар келісімге сәйкес осы корпорацияның артықшылықты немесе жай акцияларына алмастырылуына мүмкіндігі бар. Бұл айырбасталымды акцияға инвестордың қызығушылығын арттырады. Ал жай облигацияларды бұндай құқығы жоқ.

    Вексель. өндірістегі жұмыстың айналымдағы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайға душар болады. Сол кезде сатып алушы жаб-дықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі – вексель пайда болады.

    Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышкер, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының сатушыға берген қарыз міндеттемесі.

    Вексель шығарып және оны пайдалануды  дамыту ертеден несие – қаржы  қызметін көрсету нарығының басты  бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні – тек қарызды  қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге, саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы – ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушы немесе оны тауар сатып алу үшін, ия болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде  қолданушыны іздестіреді. әлбетте, вексельді банк сатып алады.

    Вексель – тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан еңбір басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазірге кезде электронды несие жүйесінің кез-келген операцияны бар болған 1 сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар.

    Егер  кісіпорын өз ісін парасаттылықпен  жүргізіп отырса, оған айналым қаржысының уақытша жетіспестігін вексельмен толтыру онша емес. Ол үшін саудадағы сенімді серігіне тауарлы вексельге айырбастап берсе тауар-ақша айналымын жеделдетеді. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасу кезінде, төлем құралдарының жетіспеушілігі өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстарының үзіліп және үлкен мөлшерде өтелмеген төлемдер жиналуы жағдайында қолма-қол ақшасыз есеп ретінде вексельге деген ынта аса түсуде. Сондықтан вексель шаруашылық өмірге кең көлемде енуде. Қазірдің өзінде вексель айналымын реттейтін бірсыпыры ереже құжаттар пайда болды.

Информация о работе Бағалы қағаздар