Қазақстан Республикасының банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 12:34, курсовая работа

Описание работы

“Банк” деген ұғым Италиян сөзі “bank” – орындық, “айырбас орындығы – айырбас орны” деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда болған. ХІІ ғасырдаИталияда алғашқы вексель пайда болды.

Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарынң басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіптестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, олардың іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………….………….3
Банктің пайда болуы және оның түрлері, қалыптасу тарихы мен дамуы..........................................................……………….....….…...5


1.1. 1930-1932 жж. несие реформасы……………………..............…..7

1.2. 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы…………..........…..….9

1.3. Екі деңгейлі банк жүйесін құру…………………........……..….11

2. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының

Орталық банкі…………………………………………………..…..….14



2.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі:

міндеттері, қызметтері және операциялары……….......………..…18

2.2. Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі……………....…....…...21



2.3. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару

органдары………………………………………………………………22

3. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер…..........23

3.1. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық

банктерді ашу және тарату тәртібі…………………….........….26

3.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу

құрылымы…………………………………………………....…....28



3.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен

операциялары...................................................................................30



Қорытынды………………………………………………………………32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………..……33

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының банк жүйесі(тарихы).DOC

— 216.50 Кб (Скачать)
    • мемлекеттік сақтау қоймасы;
    • Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілеттігі;
    • Банкноттық фабрика;
    • Автобаза;
    • Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы;
    • Банктік сервистік бюро;
    • Мемлекеттің қадағалау инспекциясы.    

         Қазақстан Ұлттық банкінің жоғары  басқару органы Басқарма болып  табылады және басқармаға келесідей  негізгі қызметтер жүктеледі:

    • мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;
    • банк қызметіне қатысы бар Қазақстан Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;
    • Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
    • банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы шешім қабылдау;
    • жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы шешім қабылдау;
    • банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
    • алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
    • Қазақстан Республикасы валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
    • Қазақстан Ұлттық банк жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің бекітуіне беру;
    • Қазақстан Ұлттық банкінің жылдық балансын және табыс пен зияны туралы есебін қарау және бекіту;
    • Қазақстан Ұлттық банкі туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, Қазақстан Ұлттық банкінің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
    • банктер үшін пруденциальдық нормативтер мен басқа да міндетті нормаларды және шектерді бекіту;
    • еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және бекіту;
    • Қазақстан Ұлттық банкінің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім қабылдау;
    • Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту; 
    • Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық банкіне арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау;

       Ұлттық  банк мынадай операциялар жүргізеді:

    • бірінші кластық элементтермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке алады;
    • мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
    • депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатады және сатып алады;
    • депозиттік және есеп-айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
    • қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
    • қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
    • чектерді жазып вексельдерді береді;
    • жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады. 
 
 
 
 
 
 

       2.2.  Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі. 

       Қазақстан  теңгелік банкнотын шығару құқығы  Ұлттық банкке ғана берілген. Бұл банкноталар заңды төлем  құралы болып табылады. Әр ақшалай  соманың кредиторы, оларды өзінің  талаптарын орындауда шексіз  көлемде қабылдауға тиіс. Сондықтан да Ұлттық банктің банкноталары біздің ақша жүйеміздің кіндігін құрайды.

       Олар  барлық экономикалық процеске  қатынасушылардың төлем операциялары  үздіксіз де, тиімді орындау үшін  қолында жүреді.

       Сол  сиақты банктерде өз клиенттеріне  нақты ақшаны ауыстырушы шоттағы салым формасын ұсынатындығы, соңғы кезекте эмиссиялық банктің ақшасына байланысты, өйткені банк клиенттері кез келген уақытта нақты ақшаны өз шотына алуы мүмкін.

       Ұлттық  банктің бұл монополиялық жағдайы  жалпы шаруашылықтың ақша айналыс шеңберінде шаруашылықтағы ақша айналысын жанама бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

       Ұлттық  банк бүгінгі таңда әр түрлі  құндық белгілері бар он екі  банкноттарды шығарады: 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000 теңгелік. Банкноттардың  қолдан жасаудан қорғауы үшін әр түрлі құнды банкноттардың мөлшері және жазылуы жағынан әр түрлі болып келеді. Ең жиі кездесетін банкноттар: 5, 10, 20, 50, 100, теңгеліктер болып табылады, олар айналымдағы банкноттардың шамамен 2/5 құрайды. 1000 және 2000, 5000 теңгелік құны бар банкноттарға банкноттар айналысының саны жағынан біршама бөлігі тиеді. Ұлттық банктің шығарған банкноттары өзіне жылына орташа есеппен үш рет қайта келеді екен. Бұл жағдайларда банкноттардың барлығы толық тексерілуден өтеді.

       Немістің  федералдық банкі біздің Ұлттық банкке қарағанда 8 түрлі құндық белгілері бар банкноттарды шығарады: 5, 10, 20, 100, 200, 500 және 1000 неміс маркалары және осылардың ішінде жиі кездесетін банкноты, бұл 100 маркалық ақша белгісі, яғни оның үлесіне айналыстағы банкноттардың үштен бір бөлігі тиеді. Ал 200, 500 және 1000 неміс маркасындағы банкноттарға жалпы банкноттар айналысының кішкене бөлігі келеді.

       Банкноттан  басқа Ұлттық банк айналысқа  монеталар да шығарылды. Алғашқыда  айналымға тиындық монеталар  шығарылғанмен, бүгінгі күні олардың ең төменгі номиналдық белгілері мен төменгі айналысы үшін айналымнан алынып тасталынды.

       Немістің  федералдық банкінің Қазақстан  Ұлттық банкінен айырмашылығы; неміс  банкі айналысқа неміс маркасын  немесе фенниктердегі монеталарды  шығарады. Мұнда монеталар біртұтастығы нақты ақшалар айналысын құрайды. 
 
 

       2.3.  Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары. 

       Ұлттық  банктің басқару құрылымы мен  қызметін ұйымдастырудың басқа  да мәселелері “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңы және “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Ережесі негізінде анықталады.

       Ұлттық  банкі өзінің қызметтерін орындауы  үшін басқарма, директорат, бас аумақтық  және облыстық басқармалармен  қатар, басқа да жергілікті құрылымдық  бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы 2-кестеде көрсетілген.

       Ұлттық  банктің басқарушы органы болып  Басқарма және директорлар Кеңесі  (Директорат) саналады. Оның жоғары органы – Басқарма, ол 9 адамнан тұрады. Оған Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазым адамы және Президенттен бір, Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президент, Республика Үкіметінен және Ұлттық банктен кірген басқарма мүшелерін тиісінше Президент, Үкімет және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

    • мемлекеттік ақша-несие саясатын жасайды;
    • Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;
    • Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
    • Ұлттық банктің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
    • Қазақстан республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді;
    • сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
    • Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады;
    • Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;
    • банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді.

       Кезектен  тыс мәжілістер Ұлттық банк  төрағасының немесе басқарманың  үш мүшесінің талабымен өткізіледі.

       Ұлттық  банктің төрағасын республика  Президенті Парламетпен келісіп  отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға қызметтен кеткісі  келсе 2 ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент босатады. Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Оның орынбасарларын төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне тәуелсіз 6 жыл мерзімге бекітеді. Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады. Сондай-ақ төрағаның орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе, онда 2 ай бұрын төраға арқылы Президентке арыз береді.

       Ұлттық  банктің Басқармасының мәжілістері қажетті кезде, бірақ айына кемінде 1 рет өткізіліп, онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтылған қызметтерін орындайды, ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган – Директорлар Кеңесі. Директорлар Кеңесі Президенттің “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заң күші бар жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті. 
 
 
 

       3.  Қазақстан Республикасындағы коммерциялы банктер.    

       Қазіргі  коммерциялық банктер – бұл  тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін  банктерді білдіреді.

       “Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығының 1-ші бабына сәйкес “банк – бұл осы жарғыға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, коммерциялық ұйым болып табылатын, заңды тұлға”.

       Банктер  мынадай белгілеріне байланысты  жіктеледі:

       1.  Меншік сипатына қарай:

    • мемлекеттік;
    • акционерлік;
    • жеке;
    • пайда қосу арқылы;
    • аралас;
    • кооперативтік.

       2.  Операцияларының түрлеріне қарай:

    • әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
    • маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

       3.  Аумақтық белгісіне қарай:

    • халықаралық;
    • ұлттық;
    • аймақтық;

         4.  Салалық белгісіне қарай:

    • өнеркәсіптік банктер;
    • сауда банктері;
    • ауылшаруашылық банктері;
    • құрылыс банктері;
    • басқа да.

       5.  Филиалдар санына қарай:

    • филиалсыз;
    • көп филиалды.

       Егер  банк акционерлік қоғам формасында  құрылатын болса, онда оның жарғылық  капиталы ашық түрде жазылып  таратылатын акциялардың номиналдық  құнының сомасында, кейде құрылтайшылардың  арасында жарғылық капиталдағы  үлесіне байланысты барлық акциялар  таратылады. Қазақстан Республикасында банктер мәлімдеуші акцияны шығарып сатуға құқысыз, яғни жабық акционерлік қоғам формасында құрылады.

       Акционерлік  банктердің шығаратын акциялары  екі түрге бөлінеді: жай және  артықшылығы бар. Жай акция –  оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар акция – оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жәй акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.

       Ал  мемлекеттік банктер мемлекеттік  кәсіпорын формасында құрылады. Ашық типтегі акционерлік қоғамға  банктердің өтуі үшін, Ұлттық  банктен банктік операцияларды  жүзеге асыруға рұқсат қағазын алғаннан кейін бір жыл бойына Ұлттық банк тарапынан бекітілген пруденциялдық нормативтерді және басқа да міндеттемелерді орындауы қажет.

      Егер  де банк жауапкершілік шектеулі  қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.

      Банктің  ұйымдастырылуы және құқықтық  формасынан байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары, жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады. Және олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал, оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тиім салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен де құрылуы мүмкін.

Информация о работе Қазақстан Республикасының банк жүйесі