Қазақстан Республикасының банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 12:34, курсовая работа

Описание работы

“Банк” деген ұғым Италиян сөзі “bank” – орындық, “айырбас орындығы – айырбас орны” деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда болған. ХІІ ғасырдаИталияда алғашқы вексель пайда болды.

Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарынң басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіптестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, олардың іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………….………….3
Банктің пайда болуы және оның түрлері, қалыптасу тарихы мен дамуы..........................................................……………….....….…...5


1.1. 1930-1932 жж. несие реформасы……………………..............…..7

1.2. 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы…………..........…..….9

1.3. Екі деңгейлі банк жүйесін құру…………………........……..….11

2. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының

Орталық банкі…………………………………………………..…..….14



2.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі:

міндеттері, қызметтері және операциялары……….......………..…18

2.2. Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі……………....…....…...21



2.3. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару

органдары………………………………………………………………22

3. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер…..........23

3.1. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық

банктерді ашу және тарату тәртібі…………………….........….26

3.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу

құрылымы…………………………………………………....…....28



3.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен

операциялары...................................................................................30



Қорытынды………………………………………………………………32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………..……33

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының банк жүйесі(тарихы).DOC

— 216.50 Кб (Скачать)

       Несие  реформасын жүргізу үшін елде біраз алғы шаралар жүргізілді.

       Біріншіден, бұл кезде экономика салаларында  біраз жетістіктерге қол жетті  және олардан жеке капитал  ығыстырылды. Сөйтіп, 1930 ж. мемлекеттік  сектордың өнеркәсіптегі үлес  салмағы 99.1%-ке, көтерме саудада 97.2%-ке, ал бөлшек саудада 86.5-ке жетті. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік және ұжымдық шаруашылықтар тауарлы астықтың 55%-ін өндірді.

       Екіншіден, халық шаруашылығын тікелей мемлекеттік  жоспарлы басқару жүзеге аса  бастады. 1928 ж. халық шаруашылығын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспары дайындалып, олар шаруашылықтың әрбір буынына жеткізілді. Жоспар кәсіпорынның өндірістік және іс-әрекеттерін қамтыды.

       Үшіншіден, Шаруашылықтың негізгі буыны - өнеркәсіп  мекемесі шаруашылық есепке көшірілді.

       Төртіншіден, коммерциялық вексельді айналымнан шығарып, оның орнына есеп айырысуды тек банк арқылы жүргізудің және қысқа мерзімді несиені тек банктерде жинақтаудың нәтижесінде 1929 жылдың 1 қарашасында халық шаруашылығына берген қысқа мерзімді несиенің 80%-ке жуығы банктер үлесіне тиді.

       Сонымен, несие реформасын жүргізу үшін  алғы шаралар жасалып, 1930 ж. қаңтарында  несие рефоромасы жүргізіле бастады. Несие реформасының мақсаты – несиелеу мен несие-есеп жұмыстарының жаңа түрлерін еңгізу.

       1930-1932 жж. жүргізілген несие реформасының қорытын-дысында жоспарлы социалистік экономикаға сәйкес үйлестіру типіндегі несие-банк жүйесі құрылып, Мемлекеттік банк өндіріс пен тауар айналымын есептейтін және бақылайтын бірыңғай аппаратқа айналды. Коммерциялық банктерді ңролі төмендеп, кейін елде тек мемлекеттік банктерден тұратын монобанктік жүйе қалыптасты.

       Банк  жүйесі көрсететін қызмет белгілеріне  қарай қайта ұйымдасып, қысқа  мерзімді несие беретін жалпы  мемлекеттік банк және күрделі  қаржымен қамтамасыз ететін маманданған  банктер жүйесі құрылды. Бұндай бір буынды банк жүйесіне: КСРО Мемлекеттік банкі және күрделі қаржымен несиелейтін төрт Одақтың маманданған банктер Өнеркәсіп Банкі, Ауыл шаруашылық банкі, Орталық комуналдық банкі, Сауда банк – кірді. Сонымен бірге орталық банк жүйесіне шетел банктерімен кең кореспонденттік қатынастарды ұйымдастыратын Сыртқы сауда банкі және халықтың бос қажысын тарту, төлемдерін жүргізу мен мемлекеттің зайымдарын орналастыру арқылы халыққа қызмет көрсететін бірыңғай жалпы мемлекеттік несие мекемесі, яғни жинақ кассалары қарады.

       1959 ж. ұзақ мерзімді несие беретін  банк жүйесі қайта қаралды. Ауыл  шаруашылық банк імен орталық  коммуналдық банк таратылып, олардың  қызметтері Мембанкке берілді. Өнеркәсіп  банкі мен Сауда банкісінің  негізінде күрделі қаржы беретін Одақтық банк - Құрылыс банкі құрылды. Ол халық шаруашылығының әртүрлі салаларын (ауыл шаруашылығынан басқа) ұйымдары мен кәсіпорындарын қаржыландыру мен және ұзақ мерзімді несиелеумен шұғылданды. Осы өзгерістерден кейін 1960 жылдан 1988 жылға дейін КСРО банк жүйесінің құрамы келесідей болды: Мемлекеттік банк, Мемлекеттік Құрылыс банкі, Сыртқы сауда банкі және Мембанк құрамына кіретін жинақ кассалар жүйесі. 

       1.2  1988 ж. түбегейлі банк реформасы.

      Елдің  әлеуметтік-экономикалық өркендеуін  жеделдету және ақша-неси қатынастарының маңызын арттыру мақсатында Кеңес Одағы Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы 1988 ж. 1 қаңтарынан бастап банк жүйесінің қайта құру туралы Қаулы қабылдады. Оған дейін бұрынғы КСРО-да және Шығыс Еуропа социалистік елдерінде банк жүйесінің құрылымы негізінен бірдей болды. Олар: елдің эмиссиялық, несие беру, есеп айырысу және кассалық орталығы– Мемлекеттік банк; күрделі құрылысқа қызмет ететін мемлекеттік банк және сыртқы сауда-саттыққа қызмет көрсететін Мемлекеттік банк.

       Сөйтіп 1988 ж. қаңтарынан бастап КСРО-да банк жүйесін түбегейлі өзгертетін реформа жүргізіле бастады. Оның алғашқы кезеңінде елдегі Мемлекеттік банк пен Құрылыс банкінің негізінде Мемлекеттік банкпен қатар 5 салалық мемлекеттік маманданған банктер құрыла бастады. Олар:

    • КСРО Мемлекеттік банкі; оның міндеті – “банктердің банкісі” ретінде елдің ақша айналымын ұйымдастыру. Ол бұрынғыдай мекемелер мен ұйымдардың кассалық және несие-есеп қатынастарын жүргізбейді, оның клиенті – маманданған мемлекеттік банктер;
    • КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі; оның міндеті – өндіріс, құрылыс, транспорт, байланыс салаларындағы негізгі жұмыстарды несиелеу, күрделі шығындарды қаржыландыру мен несиелеу және олардың есеп айырысу жұмыстарын жүргізу;
    • КСРО Аграрлы - Өнеркәсіп банкі; Оның міндеті – аграрлы-өнеркәсіптік кешендерінің мекемелері мен ұйымдарына қызмет көрсету;
    • КСРО Тұрғын үй және әлеуметтік банкі – ол тұрғын үй шаруашылығы мен әлеуметтік салалар мекемелеріне қызмет көрсету үшін құрылды;
    • КСРО Жинақ банкі – ол бұрынғы жинақ кассаларын біріктіру арқылы құрылған, оның негізгі міндеті – халыққа қызметкөрсету;
    • КСРО Сыртқы экономикалық банкі – ол бұрынғы Сыртқы сауда банкінің негізінде қайта құрылған банк. Оның міндеті – экспорт-импорт операцияларын ұйымдастыру және ол бойынша есеп жүргізу, сыртқы экономикалық байланыстағы шаруашылық орындарын несиелеу, жинақ - валюталық жоспарын орындалуын бақылау, елдің валюта ресурстарын тиімді пайдалану, халықаралық валюта және несие нарығында операция жүргізу жұмыстарын қамтамасыз ету.    

       Банк  реформасының бірінші кезеңіндегі сәтсіздіктің ең негізгі себебі – оның жоғарыдан берген нұсқау әдісімен жүргізілуі және оған айтарлықтай дайындықтың болмауы, қажетті алғы шаралардың жүргізілмегендігі. Экономиканы басқаруды негізінен қайта құру тек 1987 ж. басталған болатын. Елде банк реформасының басталу кезінде жалпы экономикалық реформадағы банктің ролін түсіну қалыптаспаған еді. Экономикалық даму мәселелері мемлекетпен экономика субъектілерінің қаржылық жағдайын нашарлатты. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, несиені бюджет қажетіне қолану, тауар айналымы мен халыққа көрсетілетін қызметкердің даму қарқыны мен салыстырғанда ақша массасының даму қарқынының асып түсуі экономикадағы инфляциялық тенденцияны күшейтті.

       Банк  жүйесін бірсыпыра реттеген 1990 жылдың  аяқ шенінде одақтың екі заң - “Мемлекеттік банк туралы” Заң және “банктер және банк қызметі туралы” Заң бекітілді. Заңдарда банк ашу жағдайы, оларды бақылау әдістер белгіленді. Осы заңдарға сай бұрынғы маманданған банктер акцияландыру негізінде коммерциялық банктерге айнала бастады. 

           1.3.  Екі деңгейлі банк жүйесін құру

    Қазақстан  Республикасының қазіргі банк  жүйесінің құрылуы 1990 ж. желтоқсанда  ҚазКСР-ның Жоғарғы кеңесі қабылдаған  “Банктер және банк қызметі турал” Заңына бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - ҚазКСР-ның Мемлекеттік банк және төменгі (екінші) деңгейдегі банк – коммерциялық банктер жүйесі.

       Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық  есеп және өзін-өзі қаржыландыру  негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналады. Мемлекеттік банк республикасының меншігі және оның Орталық банкі болып саналады. Қазақстан территориясында біртектес ақшаны пайдалану және біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері Одақтық шартта көрсетілген. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгілерін эмиссиялауға, ақша-несие қатынастарын реттеуге, мемлекеттік бюджеттің кассалық жұмысын жүргізуге, республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретін құқығы бар.

       Мемлекеттік  банк осы Заң бойынша қызмет  атқарып, ҚазКСР-ның Жоғары кеңесіне  есеп береді, жер-жерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар. Мемлекеттік банктің басқару органы – оның Басқармасы. Басқарманың төрағасын Республиканың Жоғары кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді. Банктің құрылымы мен міндеттері оның Жарғысында белгіленеді.   

       Кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп жұмыстарын жүргізу үшін республика территориясында коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері ұйымдастырылады. Коммерциялық банктер өз жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттік банкісінің нұсқаулары мен ережелерін басшылыққа алады. Клиенттерімен шарттасып қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік, ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншікте болуы мүмкін. Қазақстан Заңдарына сай Мемлекеттік банк деп (Орталық - Ұлттық банктен басқа) капитал толығынан үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың басым бөлігі мемлекеттік құрылтайшылардың (мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың) акциясы болған есептеледі.

       Коммерциялық  банктер өздерінің акционерлер жиналысында қабылданған Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын қалыптастырғанда өзіміздің мемлекеттік емес құрылым, немесе шетел мемлекеттік, ия болмаса мемлекеттік емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі. Аралас банктер мынадай варианттарда құрылуы мүмкін: мемлекеттік-жеке, мемлекттік-кооперативтік, жеке-кооперативтік. Қосылып құрылған банктермен олардың филиалдарының қызметі Қазақстан заңдармен реттеледі делінген Заңда.

       Сөйтіп  тәуелсіз Қазақстан Республикасының  банк жүйесінің қалыптасуы мен  даму жолдарын 1-кестеде өрнектелгендей  шартты түрде бірнеше кезеңдерге  бөлуге болады.

       Бірінші  кезең, 1917ж. мен 1930ж. аралығы – патшалық ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әр түрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істейді.

       Екінші  кезең, 1930 ж. мен 1987 ж. аралығы – елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебап қызмет атқарды, яғни ол мемлекеттік Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметі мен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті.

       Үшінші  кезең, 1988-1991 жж. аралығы – елде мемлекеттік маманданған банктердің құрылуы, яғни КСРО Мемлекеттік банкі “банктердің банкісі” ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және т.б. нормативтік актілер шығарушылық, бақылау және басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 ж. басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.

       Төртінші  кезең, 1991 жылдан қазіргі уақытқа  дейін – нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсі республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі деңгейлі банк жүйесінің пайда болуы және дамуы.

       Қазіргі  уақытта экономикасы нарықтық  типпен дамыған мемлекеттерді  барлығында дерлік екі деңгейлі  банк жүйесі құрылып, белсенді  түрде одан әрі өрістеуде. Оның  бірінші деңгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже шығару, рұқсат ету және сол сияқты басқа қызметтермен шұғылданатын, ал екінші деңгейінде клиенттерге қызмет көрсететін коммерциялық банктер орналасқан. Бұл елдердің тәжірбиесі дәлелдегеніндей олардың банк жүйесі ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған.

       Банктерді  эмиссиялық және іскерлік (коммерциялық) деп бөлу Қазақстан мемлекетінің жаңа экономикалық механизмін құруға септігін тигізуде.  

                                                                             
 
 
 

                                                                                         1-кесте   

       Қазақстанда  банк жүйесінің қалыптасу және  даму

                                    кезеңдері. 

1930 жылға 

 дейінгі банк 

    жүйесі

1930-1987 жж. (Одақтық бір деңгейлі банк жүйесі). 1988-1990 жж. (Одақтық бірдеңгейлі маманданған банктер жүйесі). 1991 жылдан бастап  (дербес екі деңгейлі банк жүйесі).
Ресей  Мемлекеттік банкі және көптеген  несие-банк мекемелері. 1. КСРО Мембанкі (оның ішінде КСРО Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары жүйесі).

2. КСРО Мемлекеттік  Құрылыс банкі.

3. КСРО Сыртқы-сауда  банкі.

1. Банк жүйесін  қайта ұйымдастыру: КСРО Мембанкі  және Маманданған банктер: КСРО  Өнеркәсіп банкі. КСРО Агроөнеркәсіп  банкі. КСРО Тұрғын үй-әлеуметтік банкі. КСРО Жинақ банкі. КСРО Сыртқы – эконом банкі.

2. Жаңадан кооперативтік  және коммерциялық банктердің  құрыла бастауы.

1. Егемен Қазақстанда  өзінің банк жүесінің құрылуы. Екі деңгейлі банк жүйесі - Ұлттық  банк және коммерциялық банктер.

Информация о работе Қазақстан Республикасының банк жүйесі