Қазақстан Республикасының банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 12:34, курсовая работа

Описание работы

“Банк” деген ұғым Италиян сөзі “bank” – орындық, “айырбас орындығы – айырбас орны” деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда болған. ХІІ ғасырдаИталияда алғашқы вексель пайда болды.

Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарынң басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіптестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, олардың іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………….………….3
Банктің пайда болуы және оның түрлері, қалыптасу тарихы мен дамуы..........................................................……………….....….…...5


1.1. 1930-1932 жж. несие реформасы……………………..............…..7

1.2. 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы…………..........…..….9

1.3. Екі деңгейлі банк жүйесін құру…………………........……..….11

2. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының

Орталық банкі…………………………………………………..…..….14



2.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі:

міндеттері, қызметтері және операциялары……….......………..…18

2.2. Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі……………....…....…...21



2.3. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару

органдары………………………………………………………………22

3. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер…..........23

3.1. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық

банктерді ашу және тарату тәртібі…………………….........….26

3.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу

құрылымы…………………………………………………....…....28



3.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен

операциялары...................................................................................30



Қорытынды………………………………………………………………32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………..……33

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының банк жүйесі(тарихы).DOC

— 216.50 Кб (Скачать)
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.  Ұлттық банк - Қазақстан Республикасының Орталық банкі. 

       Қазақстан  Республикасының Орталық банкі  еліміз тәуелсіздік алғаннан  соң КСРО Мембанкінің Республикалық  Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында  алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік  банкі ретінде құрылды, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталды. Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейдегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заң күші бар жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алды.

       Ұлттық банк – заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол Республиканың кез-келген жерінеде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.

       Қазақстан  Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы  заңдарының негізінде өзінің  қызметіне қарай Ұлттық банк  берген лицензия негізінде кейбір  банктік операция түрлерін жүргізетін  барлық банктердің, банктік емес  қаржы мекемелерінің міндетті  түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер “Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы”, “Вестник Национального Банка Казахстана” атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.

       Ұлттық  банктің негізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:

    • ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
    • ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
    • несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа ұйымдардың мұддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді. 

       Ұлттық  банктің міндеті оның атқаратын  қызметтері арқылы орындалады:

       Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік  ақша-несие саясатын жүргізу, яғни  Ұлттық банк айналымындағы ақша  массасының көлемін реттеумен  және ресми проценттік мөлшердің  деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.

       Ұлттық  банк өзінің бағалы қағаздарын  шығарады, сонымен қатар мемлекеттік  бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық  және өтеу мерзімі бір жылға  дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.

       Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын  банкнота және монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін (дизайн) олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.

       Ұлттық  банктің қолма-қол ақша қаражатын  шығаратын, теңге мен тиынның  қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді ұйымдастыратын айрықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.

       Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін  атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты (жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк – екінші деңгейлі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.

       Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың  банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.

       Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және  қадағалау қызметі. Ол үшін Қазақстан  территориясында, сондай-ақ одан  шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып, олардың орындалуын қадағалайды.

       Банктердегі  бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және басқа есептік  мерзімін, формасын, тізімін, тәртібін  және әдісін бекітіп, сондай-ақ  олардың орындалуын бақылайды.Банктер мен олардың филиалдарының қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып бақылайды. Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін және басқа құжаттарын тексереді.

       Алтыншыдан, валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды.

       Резиденттер  үшін шетел валютасын және  шетел валютасындағы бағалы қағаздарды  Қазақстанға аудару, әкелу, әкету  және салып жіберу тәртібін  белгілеп. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының  резиденттерінің республикадан  тыс шетел валютасында шот  ашуының мақсатын, тәртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.

       Ұлттық  валютаның шетел валютасыменен  салыстырып, курсын реттейді. Халықаралық  есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен  валюта-қаржылық және несие-есеп  қатынастарын жетілдіреді. Шетелден  алынған банктік несиенің есебін жүргізеді.

       Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын  басқару қызметі. Оны атқару үшін  Ұлттық банк мемлекеттің алтын  валюта қорларын қалыптастырып, олармен операция жүргізеді. Қазақстан  Республикасы Президентінің “Бағалы металдарға және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы” Заң күші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден (сатып алушылардын) Ұлттық банктің алтын валюта қорын толдыру үшін бағалы металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.

       Президенттің  немесе үкіметтің тапсырмасы  бойынша Ұлттық банктің қоймасында  сақтау үшін үкіметтік резервке алынған құндылықтарды қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды, өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып алу және сату операцияларын жүргізеді.

       Ұлттық  банк өз шығындарын өз қаражатымен  өтейді. Оның өз қаражаты: жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы резервтерінен құралады.

      Ұлттық  банктің жарғылық капиталы 20 млрд. теңгеден қалыптасады және оның  міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген қордың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.

       Резерв  капиталы – жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.

       Алтын  валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен іскеасырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын валюталық резерф теңгенің ішкі және сыртқы тұрлаулығын қаммамасыз ету үшін құрылып және сол мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі элементтерден құрылады:

    • алтыннан;
    • банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынын;
    • Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан;
    • шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы мекемелері шығарып, кепілдік берген бағалы қағаздардан;
    • шетел валютасындағы жай және аударым вексельден;
    • өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел валютасындағы басқа сыртқы активтерден құрылады.

       Арнайы  провизиялар (резервтер) Ұлттық банктің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден, бағалы қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы қалдықтардан және басқа активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктің монетарлық емес талаптары және әлеуметтік сипаттағы төлемдер кіреді.

       Ұлттық  банктің қаржылық жылдағы таза  табысы оның іс жүзінде алған кірістері мен осы жылға шығын арасындағы айырмаға тең. Шығынға шығарылып тасталған күмәнді борыштар, активтердің, оның ішінде айналымға шығарылған банкноталар мен монеталардың амортизациясы (тозуы) қосылады. Табыс жоғарыда айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған бөлігі келесі қаржы жылының республикалық бюджетіне түседі.  
 
 
 
 
 

       2.1.  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі:

           міндеттері, қызметтері  және операциялыры. 

       Ұлттық  банктің несиелік ресурстары  төмендегідей көздерден құралады:    

    • меншікті қаражат есебінен;
    • басқадай банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
    • Қазақстан Республикасы төнірегінде тартылған қаражаттардан;
    • арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.

       Қазақстанның  Ұлттық банкі – тігінен басқарылатын  жүйедегі біртұтас орталықтандырылған  құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің  басқару органына: Басқарма және  директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.

       Ұлттық  банктің құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілеттіліктері мен ұйымдары кіреді.

       Ұлттық  банктің орталық аппаратында  мынадай департаменттер мен дербес  басқармалары бар:

    • зерттеу және статистика департаменті;
    • шетел операциялары департаменті;
    • ішкі операторлар басқармасы;
    • сыртқы байланыстар бөлімі;
    • заң қызметі департаменті;
    • әкімшілік департаменті;
    • нақты ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;
    • инжинерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;
    • бухгалтерлік есеп департаменті;
    • есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;
    • операциондық басқарма;
    • төлем жүйесі басқармасы;
    • банктік қадағалау департаменті;
    • бақылау және аудит департаменті;
    • персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;
    • халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;
    • мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі.

       Сонымен  қатар, Қазақстан Ұлттық банк  құрылымына келесідей дербес  бөлімшелер де кіреді:

Информация о работе Қазақстан Республикасының банк жүйесі