Қазақстан Республикасында несиенің әлемдік даму тенденциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2012 в 20:19, курсовая работа

Описание работы

Несие дегеніміз бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте пайыз(%) төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптастыратын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді. Нарық экономикасы жағдайында коммерциялық және банк несиелері деп бөледі.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………….......3

I. Нарықтағы несие қатынастарының қалыптасуы
1.1 Несиенің мәні мен қажеттілігі........................................................................5
1.2 Несиенің формалары және несие заңдары....................................................7
1.3 Несиелеуді ұйымдастыру және банктегі несие беру процесі....................................................................................................................9

ІІ. Банктің негізгі қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
2.1«Банк Центр Кредит» АҚ-ның даму тарихына жалпы сипаттама................................................................................................................12
2.2«Банк Центр Кредит» АҚ-ның 2006-2007 жылдар аралығындағы активті және пассивті операцияларының құрылымын талдау…………………….......14
2.3 Экономиканы және халықты несиелендіру……………………………......16

ІІІ. Қазақстан Республикасында несиенің әлемдік даму тенденциясы
3.1 Қазақстан Республикасындағы несиенің даму болашағы..........................23
3.2 Әлемдік несиенің дамуының қазіргі тенденциясы...................................... 25

Қорытынды .........................................................................................................29

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................30

Работа содержит 1 файл

анб курсовая несиенин мани.docx

— 79.39 Кб (Скачать)
  • кепілге алу – тапсырма бір жақты міндеттемелі келісім шарт. Бұл жағдайда тапсырма беруші қарыз алушының қарызын қажет ауақытыңда өтеп беру туралы банк алдындағы міндеттемесі;
  • кепілдік – кепілдеме уақыты жеткенде қарыз алушы өз міндеттемесін орындамай жатқан жағдайда, анықтаушы соманы өтеп беру туралыкепілдік міндеттемесі;
  • бағалы қағаздар, тауарлар және басқа да мүліктерді кепілдікке салу. Кепіл құқығы – қарыз алушы өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда, оның кепілдікке салған мүліктерін сату барысында түскен түсімнің белгілі бір бөлігін алу немесе сол мүліктерді (ғимарат, жер учаскесі, жылжымалы мүліктер) толығымен иемдену құқы;
  • жылжымайтын мүлікті кепілдікке салу құқығы; несиелерді қамтамасыз етуде негізгі роль ипотекаларға жүктеледі және ғимараттар мен жер учаскелері жылжымайтын мүліктерді кепілдікке салу заңының негізі болып табылады. Оларды кепілдікке салу арқылы иегерлері несие алады.

Несиелерді  қамтамасыз етудің, материалдық формаларына: жер, құнды қағаздар, тауар-материалдық құндылықтар, сақтандыру полистері және т.б. жатады.

Банктерде клиенттерге қарыз беру үшін қарыздары  есепке ала отырып, әрбір несиелендіру объектісі бойынша арнайы қарыздық шоттар ашылады. Жекелеген баланстық  шоттарда бір клиентке берілген қысқа  мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздарды есепке алу жүргізіледі. Қарыздық шоттардың  дебетінде алынған қарыздардың  сомасы, ал кредитінде қайтарылғаны көрсетіледі.

Клиеттердің қажет етуіне және қызығушылығына байланысты әр банкте жай қарыздық немесе арнайы қарыздық шоттар ашылады.

Арнайы  қарыздық шоттардың жай шоттардан айырмашылығы – қарыз беру әр уақыт сайын құжаттық түрде негізделмей-ақ, қарыз алушының арнайы қарыздық шот ашқызу барысында банкке өткізген міндеттемелік өтініші негізінде жүргізіледі. Қарыз қажетті жағдайда есеп айырысу құжаттарын өтеу жолымен беріліп түскен түсімдерді арнайы қарыздық шоттарға аудару арқылы жойылады.

Қысқа мерзімді несиелер – күделікті айналым операцияларына қажетті айналым капиталының құнын өтеу үшін белгіленеді. Оларға жататындар: несиелік желі (линия) соның ішінде маусымдық және жаңармалы қарыздар, күтпеген оқиғаларға жұмсалатын несиелер мен қарыз алушының айналым капиталын толықтыру үшін берілетін қарыздар.

Орта  мерзімді және қысқа мерзімді қарыздар – күрделі құрылыс шараларын жүргізу үшін, үй және қондырғылар сатып алу үшін, сонымен қатар, негізгі капиталды қаржыландыру үшін беріледі. Оларға жататындар: мерзімдік қарыздар, мүлікті кепілге алып берілетін қарыздар, құрылыстық қарыздар қаржылық лизингтер.

Несиелік  желілер – анықталған тәртіптерді сақтай отырып, белгіленген уақыт аралығында несиелерді пайдалануға мүмкіндік беретін, несиелердің максималды сомасын алу туралы банкпен қарыз алушы арасындағы келісімшарт. Жақсы табыс тауып, жиі несие қолданып жүрген фирма қажетті жағдайда көлемі алдын-ала белгіленген қарызды банктен алуға келісімшарт жасасады.

Несиелік  желлінің мынадай түрлері болады:

Маусымдық - өндірістің маусымдық болуымен байланысты айналым құралдарының жетіспеушілігінен банктерге беріледі.

Жаңамалы  – айналым құралдарының ұзақ мерзімге жетпеуіне байланысты қарыз алушыға  берілетін несие.

Күтпеген  оқиғаларға жұмсалынатын қарыздар қарыз алушының айналым құралындағы күтпеген жағдайларға бір жолғы қажеттілігін қаржыландырылуы үшін беріледі.

Айналым капиталын толықтыруға арналған перманенттік қарыздар – айналым құралындағы ұзақ мерзімді тапшылықтарды жабу үшін беріледі. Бұл жерде несиелер ай сайын, немесе үш ай сайын жойылып, жабылып отырады.

Мерзімді  қарыздар – ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, көлік сатып алу, құрал-жабдықтар алу және бастапқы қарыздарды қаржыландыру үшін беріледі. Бұл қарыздар күрделі капитал енгізілетін салалар өте кеңінен қолдалынады.

Салық мүлік  туралы актіге берілетін қарыздар - өндіріс ғимараттарын, зауыт құрылысын, үйлерді, жер учаскелерін сатып алу, немесе қаржыландыру үшін қолдалынады. Олар 15 жылға, немесе одан жоғары мерзімге есептеліп, ай сайын көлемі алдын ала белгіленген жарналар арқылы өтеді. Бұл несиелер біздің елімізде толық дамымаған.

Құрылыстық  қарыздар – ғимараттар мен құрылғылар құрылысының мерзіміне арнап беріледі. Қарыз алушы бұл несиенің өсім ақысын үнемі төлеп отырады, содан кейін қарыздарды салынған мүлік туралы актіге қайта рәсімдейді.

Лизинг  – қымбат бағалы күрделі жабдықтарды  жалға алуды қаржыландыру үшін қолдалынады, мысалға: кеме, ұшақ, компьютер, автомашиналар  және т.б. Лизингтік келісімде көрсетілгендей, жалдаушы жабдық иесіне ай сайынғы  тиісті соманы төлеу арқылы, оларды ұзақ мерзімге пайдалану мүмкіндігін  алады. Елімізге бұл несие де әлі  өз деңгейінде дамыған жоқ.

Жекелеген қарыз алушыларға коммерциялық банктер  тұтыну несиелерін береді. Ол, негізінен, тұрғын үйлер, ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарлар және пәтерлер сатып алумен байланысты болады. Бұл несиелерге жаңамалы несиелер, ұзақ мерзім пайдалынылатын несиелер және мерзімі өтелетін несиелер жатады. Несиенің бұл түрі шет елдерде өте жоғары деңгейде дамыған. Мысалы: АҚШ-та 50% үй несиеге сатып алады. АҚШ-тағы несиелердің 85% негізгі үш бөліктен құралады: несиенің 32%-ы сауда-өндірістік компаниялармен фирмаларға, 37%-ы тұрғын үй үшін, 19%-ы жеке қарыз алушыларға беріледі. 50%-дан жоғары несиелер сауда-өндірістік кәсіпорындардың айналымдағы капиталын толықтыру үшін қысқа мерзімге беріледі. Ал, қалған бөлігін күрделі қаржы енгізу үшін ұзақ мерзімдегі қарыздар толықтырылады.

Жылжымайтын мүлікке берілетін қарыздар – құрылыс мерзімі екі жылдай көлемге созылатын құрылыстық фирмаларға берілетін несие. Сонымен қатар, бұл несие тұрғын үй сатып алу үшін 15-25 жылға беріледі.

Жеке  тұлғаға берілетін қарыздар – ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу үшін берілетін тұтыну несиесі.

Коммерциялық  жанама несиелендіруге толық тоқтала кеткеніміз жөн. Коммерциялық несиелер бұрынғы Кеңес Одағынан басқа барлық елдерде кеңінен тараған. Қазіргі кездегі экономикалық дағдарыстан шығуда оның атқарар ролі зор болар еді, бірақ республикамызда әлі бұл несие еш қолдау тапқан жоқ.

Коммерциялық  несиелер, негізінен, вексельдер арқылы жүзеге асырылады. Векскль – белгілі  уақыт өткеннен кейін вексель  ұсынушы белгілі бір соманы төлеу  туралы, вексель иесінің нұсқамасы, немесе жазбаша түрдегі хаттамалы  анықтама.

Коммерциялық  несиелендіруде жабдықтаушы сатып  алушыға несиеге тауар береді. Оны алушы жабдықтаушының атына  вексель толтырып ұсынады және жабдықтаушы  ол вексельді банкке кепілдікке беру арқылы қарыз алады. Бұл арада  қарыз алу уақытында тауарлы  түрдегі вексель қарызды қайтару  уақыты жеткенде ақшалай қайтарылады.

Коммерциялық  несиенің банктік несиеге өтуі дискоттау, яғни вексельдерді, шот-фактураны (факторинг) және басқа да коммерциялық бағалы қағаздарды есепке алу жолымен, немесе вексельдерді кепілге алып, қарызды  беру нәтижесінде жүзеге асырылады. Есепке алу операциясы банктің ақшалай  қарыздық міндеттемелерді сатып  алуын сипаттайды, вексельді есепке ала отырып, банк клиенті өтімді қаражаттарға ие болады, сондай-ақ банкке алынған соманы қайтару міндетінен құтылады, себебі, банк оларды тікелей вексель берушіден талап етеді.

Вексельді кепілге алып беретін қарыздар – мерзімді болады, егерде вексель иесі алдын-ала келісілген мерзімге банкіден оларды сатып алуға міндетті болса, немесе онкольдық (несие беруші кез келген сәтте өтеуді талап ете алатын несие) болса, онда қарыздарды қайтаруды банктің кез келген уақытта талап етуге құқы бар.

Вексельді кепілге ала отырып, банк қарыздың ең жоғары мөлшерін, кепіл мөлшерін және шот бойынша қарызбен қамтамасыз ету арасындағы пайыз қатынасы, пайыз  мөлшерін және банк комиссиясын анықтайды. Несиелік шартта банктің қарыз сомасын  пайдалану құқы айтылған, ал егер ондайлар болмаса есеп айырысу шотына көрсетілген  қызметтер мен тауарлар сатудан  түскен түсім сомасын пайдалана  алады.

Коммерциялық  банктердің несиелік қызметті атқаруы  несиелік механизмді үнемі жетілдіруді, қарыздарды берудің қарапайым техникасын қамтамасыз ететін несиелеу әдістері мен формаларын енгізуді, несиелік операциялардың еңбек сыйымдылығын төмендеуді білдіреді.

Қазақстан Республикасында несиелеу: «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер  және банктік қызмет туралы» заңдармен, сондай-ақ Ұлттық банкімен 1994 ж. 11 ақпанда  бекітілген «Қазақстан Республикасы экономикасын қысқа мерзімді несиелеу» Ережесімен реттеледі және жүзеге асады. Бұл  банктердің барлық меншік формалары  мен түрлеріне қатысты.

Қысқа мерзімді қарыздар беру ресми мәртебесі бар  банктермен жүзеге асады, ол мәртебе  Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсаты мен банктік операцияларды  жүргізуге лицензиясының бар  болуымен анықталады.

Қарыз несиелік қабілеті бар қарыз алушыға беріледі. Егер олардың мерзімі ұзақ болмаған болса, онда қарыздар бойынша мерзімі  өткен қарыздары болған жағдайлар  да беріледі.

Қарыз беру үшін қарыз алушының беделін; бұрын  алған қарыздарды өз уақытында қайтаруын; болмаса өтімділігін; барлық қарыздық міндеттемелерді өтуін; меншікті айналым  қаражаттарының барлығын алдын ала  зерттеп білуі қажет.

Қарыздарды  беру жекелеген қарыздық дербес шоттар бойынша жүргізіледі. Ол шоттар несиенің бағытталуы бойынша (несие шифт) ашылады. Мұндағы өнімді сатудан түскен түсім  мен басқа да түсімдер есеп айырысу  шотыны аударылады. Қарыз ақшалай  қаражат жоқ кезінде тауар-металдық құндылықтар, көрсетілген қызметтер  үшін ақшалай-есептік құжаттарды төлеуге, сондай-ақ қолдалынбаған қарыз қалдығы  мөлшерінде чектік кітапшаны және аккредивтерашу үшін беріледі.

Қарыз пайдаланғаны үшін төлем ақының (пайыздық) мөлшері  төменгілерге байланысты қойылады: несиені  пайдалану мерзіміне, қарыз алушының төлей алмау тәуекеліне, несиелік ресурстар үшін төлем мөлшеріне, объект сипатына, бәсекелес банктердің мөлшерлемесіне және басқада факторларға  байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕНІҢ  ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ

        

      3.1. Қазақстан Республикасындағы несиенің даму болашағы

 

Бүгінгі таңда несие алу жөнінде – теріс пікір де оң пікір де жоқ емес. Елдегі банк жүйесінің жай-күйін күн сайын бақылап отыру әрбір азаматтың міндетіне айналды.

Нарықтық  қатынастарды анықтайтын айшықтандыратын – ол жеке меншік. Жеке меншік арасында болатын ұзақ бәсеке, сұраныс пен ұсыныстың ара-жігі. Осы құбылыстардың барлығы да қаржыға тәуелді. Нарық заманында, рынок экономикасында банктердің қызметі ең өзекті мәселе.

Қазақстанда дәл қазір қанша, қандай және қай  тұрпатты банк қалыптасып үлгерді және сол банктер қандай қызмет көрсетеді.

Егемендіктің 16 жылына қараған мерзімде,Қазақстанда 40 жуық, екінші деңгейлі банктер қалыптасып, нарық зандылығына орай қызмет атқара бастады.

Олар: біріншіден, мемлекеттік меншіктегі-Ұлттық банк (Нацбанк), «Банк развития» және «Жилстройсбербанк». Бұлардың «Жылстройсбербанк» - тен басқасы бұхара халықпен қолма-қол жұмыс істемейді.Ол банктер негізінен елдегі ұстанып отырған монетарлық саясатты іске асырады, ақша айналысын реттейді, ақша массасын қамтамасыз етеді. Елдегі инфляция деңгейін анықтап, инфляция құбылысын тұрақтандырады. Инфляцияны төмендетуге күш салады. Ұлттық банк – елдегі алтын-валюта қорын шоғырландырып, теңгенің қуатын арттырады. 2007 жылдың болжамды қорытындысы бойынша, елде, ұлттық банктің қорында -18 млрд. доллар алтын және валюта қоры сақталуда. Бұл деген теңгенің мықты валюта екендігінің дәлелі. Алтын – валюта қоры-18 млрд. доллар – 15 млн. халқы бар елге өте мықты қаржылық тірек. Бұл Қазақстандағы банк жүйесінің тұрақтылығының кепілі.

Көпшілікпен, бұхара халықпен күнделікті жұмыс істейтін банктер – олар екінші деңгейдегі, коммерциялық банктер. Олар жекеменшік акционерлік меншіктегі банктер.Бүгінгі таңда қалыптасқан, 34 банк елге қызмет көрсетеді. Ең ірілері – «Халық банк», «Казкоммерцбанк», «ТұранӘлем банк»,тағы сол сияқтылар.

Бұл екінші деңгейдегі, коммерциялық банктердің ақша жинау,ақшаны шоғырландыру жолдары  бірнеше:

а) Коммерциялық банктің міндетті түрде өзінің «уставной  капиталы» болуы шарт.Бұл қаржыны  банк учеридителдері жинайды,шоғырландырады.

б) Коммерциялық банктерге ақша жинаудың екінші, ең негізгі жолы – ол халықтың салымы. Уақытша, артық ақшалары бар немесе келешекте бір күрделі тауар сатып алмақшы болған жеке тұлғалар-бір банкке, белгілі мерзімге ақша салады. Қаржы «тілінде» бұл салымды-бүгінгі таңда «депозит» деп атауда. Яғни, коммерциялық банктер бірнеше шартпен, оңтайлы әдіспен, келісім-шарт бойынша жеке тұлғалардың немесе жекеменшік кәсіп иелерінің ақшасын өз шотына шоғырландырады. Сол ақшаларды айналымға салып, үстеме қаржы табады.

Екінші  деңгейдегі коммерциялық банктердің ақша шоғырландыру, яғни табыстаудың тағы бір жолы-шетел банктерінен төмен пайыздың «ұзын» несие алып біршама үстеме пайызбен, клиенттерге : «алып сатушыларға», кіші және орта бизнес өкілдер тіпті жағдайы жақсы болса, ірі-ірі өндірістерге несие беріп, артынан берген несиесін еселеп қайтарып алады. Мысалы, жеке тұлғалардан, кіші және орта кәсіпкерлерден немесе шетел банктерінен жұмсақ әдіспен 3-4 пайызға несие алып, несие сұраушыларға 15-30 пайыздық ақша, қаржы береді. Осылай, берген қомақты қарыз ақшаларынан 11-26 пайыздық пайда табады. Міне, бұл екінші деңгейдегі банктердің өз қаржыларын еселеудің тағы бір жолы.

Информация о работе Қазақстан Республикасында несиенің әлемдік даму тенденциясы