Қазақстан Республикасында несиенің әлемдік даму тенденциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2012 в 20:19, курсовая работа

Описание работы

Несие дегеніміз бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте пайыз(%) төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптастыратын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді. Нарық экономикасы жағдайында коммерциялық және банк несиелері деп бөледі.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………….......3

I. Нарықтағы несие қатынастарының қалыптасуы
1.1 Несиенің мәні мен қажеттілігі........................................................................5
1.2 Несиенің формалары және несие заңдары....................................................7
1.3 Несиелеуді ұйымдастыру және банктегі несие беру процесі....................................................................................................................9

ІІ. Банктің негізгі қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
2.1«Банк Центр Кредит» АҚ-ның даму тарихына жалпы сипаттама................................................................................................................12
2.2«Банк Центр Кредит» АҚ-ның 2006-2007 жылдар аралығындағы активті және пассивті операцияларының құрылымын талдау…………………….......14
2.3 Экономиканы және халықты несиелендіру……………………………......16

ІІІ. Қазақстан Республикасында несиенің әлемдік даму тенденциясы
3.1 Қазақстан Республикасындағы несиенің даму болашағы..........................23
3.2 Әлемдік несиенің дамуының қазіргі тенденциясы...................................... 25

Қорытынды .........................................................................................................29

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................30

Работа содержит 1 файл

анб курсовая несиенин мани.docx

— 79.39 Кб (Скачать)

                                                        Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………….......3

 

I.  Нарықтағы несие қатынастарының қалыптасуы

1.1 Несиенің мәні мен қажеттілігі........................................................................5

1.2 Несиенің формалары және несие заңдары....................................................7

1.3 Несиелеуді ұйымдастыру және банктегі несие беру      процесі....................................................................................................................9

 

ІІ. Банктің негізгі қаржылық-шаруашылық қызметін талдау

2.1«Банк Центр Кредит» АҚ-ның даму тарихына жалпы сипаттама................................................................................................................12

2.2«Банк Центр Кредит» АҚ-ның 2006-2007 жылдар аралығындағы активті және пассивті операцияларының құрылымын талдау…………………….......14

2.3 Экономиканы және халықты  несиелендіру……………………………......16

 

ІІІ. Қазақстан Республикасында несиенің әлемдік даму тенденциясы

3.1 Қазақстан Республикасындағы несиенің даму болашағы..........................23

3.2 Әлемдік несиенің дамуының қазіргі тенденциясы...................................... 25

 

Қорытынды .........................................................................................................29

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     КІРІСПЕ

 

Несие дегеніміз  бір тұлға басқа тұлғаға құнды  натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте пайыз(%) төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптастыратын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді. Нарық экономикасы жағдайында коммерциялық және банк несиелері деп бөледі.

Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушімен тікелей қарыз алушыға ұсынады. Несие беруші банк, ал қарыз алушы – шаруашылық субъектісі болып табылады. Банкаралық несиеде несие беруші де қарыз алушы да банктер болып табылады, яғни бір банк басқа банкіге несие береді.

Коммерциялық  несиелендіруде несие берушіде және қарыз алушы да шаруашылық субъектілері болады, яғни бір кәсіпорын басқа  кәсіпорынға тауар нысанында  несие береді, бұл мәміле вексельмен рәсімделеді, яғни қарыз алушы несие  берушіге тауар нысанында несие  алуын растайтын құжат- вексельді  береді. Одан әрі несие беруші осы вексельдің кепілдігіне қарыз (ссуда) ақша бер деп банкіге барады. Осылайша коммерциялық несие банкілік несиеге түрлендірілді.

Несие жүйесінің  негізгі буыны – банктер. Банк – бұл аса ірі несие кәсіпорыны. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы алып, табыс табады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.

Несиенің  екі нысаны белгілі: ақшалай және тауарлай. Сәйкесінше несиелендірудін  екі түрі бар: бастапқыда шаруашылық субъектілерінің несиелік қатынастары  банкпен қатынастар секілді пайда  болатын тікелей банктік несиелендіру және несиелік қатынастар алғашқыда  шаруашылық субъектілерінің арасында пайда болып, соңынан банкпен  қатынастарға трансформацияланатын жанама несиелендіру.

Несиелік  операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншісінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік  және қайтарымдылық шарттарында  белгілі ақша қаражаттары соммасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктік  несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз  алушыларға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер, керісінше, банк қарыз алушы ролінде,ал клиенттер– несие беруші ролінде  болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.

Несие –  банктердің дамыған нарықтық экономикадағы  алатын табысының негізгі көзі. Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. “Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген мағынада, ол белгілі-бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Банктің несие операцияларының негізгі мақсаты – банктің несие ресурстарының құрылуы мен бөлінуіне сипаттама бере отырып, талдап оны ел экономикасына тиімді ету. Несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін, жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін, несиенің даму болашағын қарастыру.

Несиенің  даму болашағы төмендегі мәселелер  бойынша қарастырылады:

  • Несиенің мәні, қажеттілігі және оның формалары
  • Несиенің формалары және несиенің заңдары
  • Несиелеуді ұйымдастыру және банктегі несие беру процесі
  • Банктің негізгі қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
  • «Банк Центр Кредит» АҚ-ның даму тарихына жалпы сипаттама
  • «Банк Центр Кредит» АҚ-ның 2006-2007 жылдар аралығындағы активті және пассивті операцияларының құрылымын талдау
  • Экономиканы және халықты несиелендіру
  • Қазақстан Республикасындағы несиенің даму болашағы

Аталған мәселелерді шешу жолы мерзімді баспалардан (газет, журналдар) және оқулықтардан алынған  мәліметтер негізінде іске асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. НЕСИЕНІҢ МӘНІ, ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФОРМАЛАРЫ

 

    1. Несиенің қажеттілігі және оның мәні

 

Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдалану нәтижесінде  шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы  кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті  заттарды болашақта емес қазір алуға  мүмкіндік туады.

Несиенiң  мәнiн анықтаған кезде бiрқатар әдiстемелiк принциптердi ұстану керек, несиелердiң барша түрi формалардан  тәуелсiз оның мәнiн көрсетуi керек:

  • несие мәмiлесi тұтасымен алғанда несиенiң мәнiн ашуы керек. Егер бiр мәмiледе несие қайтарылмаса, онда өзiнiң қайтарылатын қасиетiн жоғалтатыны бiлдiреді.
  • несиенiң мәнiн талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенiң негiзiн қарастырған жөн. Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жайт – құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бiрiмен өзара әрекетке түсетiн бiрнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелiк қатынастың барлық субьектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субьектілерге несие берушi мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бiрге қарасты жағдайда ғана несиенiң мәнiн анықтауға болады.

Несие берушi — несиелiк мәмiленiң қарыз  ұсынатын жағы. Мұны iске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгiлi бiр  қоры болуы керек. Ол ақша өзiнiкi болуы  немесе басқа бiреуден  қарызға алған болуы да мүмкiн.Қазiргi уақытта қарызға ақша ұсынатын негiзгi несие беруші – банк болып табылады. Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақыша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін  несие түрiнде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиенi тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесiне тартылған ресурстарды қайтаруға мiндеттi. Бұл арада банк бiр жағдайға несие берушi болса, екiншi жағдайда — қарыз алушы болып көрiнедi.

Қарыз алушы — несиелiк қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндеттi жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар карызға ақша алушылар болып табылады. Қазiргi заман талабына сай қарызға алушылар — кәсiпорындар, кәсiпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкiн. Алайда, қарызға алушы карызға алынған қаражаттың меншiк иесi болып табылмайды, өндiрiс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Несиелiк мәмiледе қарызға алушы несие берушiге тәуелдi, оған несие берушi өз талаптарын қояды. Алайда, карызға алушы мен несие берушi несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндеттi түрде қатысуы керек және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкiн. Несие берушi — қарызгер болуы мүмкiн. Несие берушi мен қарызға алушы өзара іс-әрекеттерiнде қарама-қайшылықтың бiрлiгi сипатын көрсетедi. Несиелiк мәмiленiң қатысушылары ретiнде олар оның қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделерi де бөлек, несие берушi неғұрлым жоғары пайыздық несие бергiсi келеді, қарыз алушыға мүмкiндiгiнше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу муддесi болады.Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс-берістің объектісі – құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құны – несиелеген құн болып табылады.

Несиенің  мәні қатынастардың несиенің – қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма-қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.

Несиенің  қайтарылу принципі – қарыз алушының несиені пайдаланғаннан кейін несие  берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады.

Несиенің  төлемділігі – қарыз алушыға  берілген несиенің уақытында қайтарылуын  және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді пайдалануына қарыз алушы да ынталы болады.

Несиенің  жеделдік принципі қарыз алушыға  кез келген тиімді уақытта емес, несие келісімшартында белгіленген  уақытта қайтару қажеттігін көрсетеді.

Несиенің  мақсатты сипаты несие берушіден  алынған қаражаттың мақсатқа сай  пайдалану қажеттілігін білдіреді. Бұл принциптердің барлығы бір-бірімен өзара байланысты және олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы принциптердің біреуі бұзылса, онда несие қатынасының мәне кетіп, несиенің дербес экономикалық категория сияқты өзіне тән қасиеттері жоғалады.

Адамзаттың  өз өрісінде несие ақшадан соң  өмір шындығына қосқан, асқан тамаша жаңалығы ретінде бағаланды. Несиенің шаруашылық саласында қаржы-қаражатқа деген тапшылықты жедел жоюға, сұранысты ойдағыдай қанағаттандыруда ерекше маңызы бар.Қарыз беруші өзінің басы артық ақша қоры есебінен басқа бір субъектінің сұранысын қанағаттандыра алады. Ал қарыз қаржы алушы өзінің ақша қорын несие алу есебінен молайта отырып, өндірістік мақсаттарын түбегейлі шеше алады. Жеке азаматтар да, ірі бірлестіктер де, мемлекеттің өзі де несие қызметін пайдалануға құығы бар.

Қазіргі заманда несие экономиканың тірегі, экономикалық дамудың басты бір  тұтқасы ретінде танылып отыр. Несие алушы жеке азаматтар да, кәсіпорындар да өзінің кезек күттірмейтін шаруасын жедел шешу мақсатында несие  мүмкіндігіне жүгінеді. Мысалы, қазір  нарыққа көшкен Қазақстан жағдайында да несие алу арқылы жеке меншік шағын кәсіпорындар, тамақтандыру, тігін, тағы басқа орындар ашып, пайда  табушылар қатары арта түсуде. Осы тұрғыдан алғанда да несие экономикалық қажеттіліктен туындаған құбылыс әрі экономиканың қайсы саласында да, меншік түрінің қайсы түрінде де болсын аса тиімді қаражат қоры болып отыр.

 

    1. Несиенің формалары және несие заңдары

 

Несие формасы  — бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының мәнi мен ұйымдастырылуын синтездейдi. Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажыратымсыз әрі диалектикалық жағынан бiртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуi керек.

Таңдап  алынған жiктеу өлшемiне қарай несиенiң  мынадай ең маңызды формаларын бөлiп көрсетуге болады. (1-сурет)

  • қызмет ету саласына қарай — ұлттық және халықаралық несие;
  • несие мәмілесінің объектiсiне қарай — ақшалай және тауарлық несие;
  • несие қатынасының субъектiсiне қарай — банктiк, коммерциялық, халықаралық тұтынушылық несиелер.

Сурет – 1 Несиенің негізгі формалары

 

Жоғарыда  қарастырылған несие формаларының көптеген түрлерi болады. Несие түрлерi — бұл оның несиелердi жiктеу үшiн пайдаланатын, экономикалық-ұйымдастырушылық белгілерi бойыша ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенiң iс-тәжiрибедегі нақты қосымшасы.

Несиенiң  айрықша түрiне жылдам сатылатын  мулiкпен немесе құқықпен қамтамасыз етiлген, қысқа мерзім ссуда мөлшерi бойынша  тiркелетiн ломбардтық несие жатады.

Ломбардтық  несиенi негiзгi әр алуан түрлерiне кұнды қағаз кепiлдiгiмен, талап кепiлдiгiмен берiлетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша шектеусiз пайдалана алады.

Жаңартпалы  несие (ағл. Revolve- айналыста болу, кезең  сайын ауыстырып отыру) – ссуда капиталының ұлттық және әлемдiк нарықтарында жаңғыртпалы несие. Ол белгiленген берешек лимитi шегiнде және өтеу мерзiмi шегінде несие келiсiмiне қатысушы елдер арасында қосымша келiсімсөзсiз автоматты түрде берiледi.

Несие желiсi қарыз алушының алдындағы несие ұйымының оған несие келiсiмшартының белгiленген әрекет етуі кезеңi iшінде белгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан рәсімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.

Информация о работе Қазақстан Республикасында несиенің әлемдік даму тенденциясы