Ақшаның шығу тегі мен қызметтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 19:52, курсовая работа

Описание работы

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Ақшаның пайда болуы мен мәні жайлы біркелкі шешімін тапқан жоқ. Экономикалық мектеп өкілдеренің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны – белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектеп өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………..3


ІІ. Ақшаның шығу тегі, мәні мен қызметтері

1.1. Ақшаның шығу тегі және тауарлық табиғаты................................................6

1.2. Құн формасының дамуы және ақша түрлерінің өзгеруі................................8

1.3. Ақшаның атқаратын қызметтері және экономикадағы рөлі.......................11
4.Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы........................15


ІІ. Ақша айналымы, ақша айналысы және Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
1.Ақша айналымы және ақша айналысы туралы түсінік.............................17

2.2. Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымы..........19
3.Метал ақша айналысы, қағаз және несие ақшалары және
олардың түрлері...........................................................................................24
4.Ақша айналысы заңы...................................................................................31

Қорытынды ............................................................................................................33

Пайдаланған әдебиеттер .......................................................................................35

Работа содержит 1 файл

Ақшаның шығу тегі, мәні мен қызметтері.doc

— 234.50 Кб (Скачать)

    Есеп  айырысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;

    Жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;

    Кепілдендірілген  чек – банктің чекте көрсетілген  соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын  төлем құралы.

    Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:

  • біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;
  • екіншіден, ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;
  • үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу құралы.

   Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы. Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі трлі болып келеді:

   Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық  қаражаты бар, клиент арасындағы келісім  шартқа сәйкес шоттағы қаражатты  пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол  ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен  қазметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.

   Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен  қазметтер үшін төлеміді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

   Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға  «Еurocard», «Master Card», «Visa», «ALTYN»,  «Maestro» және т.б. жатады.  
 

    1. Ақша айналысы заңы
 

Өткен дәрістерде қарастырғанымыздай Ақша айналысы – бұл  наруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозға лысы.

        Ақша айналысының заңы – тауарлар айналысы үшін қа жетті ақшалардың санын (Ата) анықтайды.

                    Тауарлар бағаларының сомасы

Ата=  -----------------------------------------------

 Ақша  айналымының саны 

    Бұл жерде бір айта кетені, ақшаның  төлем құралы қызметін атқаруымен байланысты бұл формула да нақтылануы талап етуде.

    Айналысқа қажетті ақша санын мынадай формуламен көрсетуге болады.

         Cтб – Нтб + Мтс- Өтс

                                   Ақ= ------------------------------

                                                            Аос

    Мұндағы:  Ақ – айналысқа қажетті ақша саны;

                       Стб – сатылатын тауарлар бағасының сомасы;

          Нтб – несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы;

          Мтс – міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы;

          Өтс - өзара өтелетін төлемдер сомасы;

          Аос – айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа саны.

    Осындай жағдайларда айналысқа қажетті  ақша санына өндірістің дамуының шарттарына тәуелді болып келетін әр алуан  факторлар ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар және көрсетілетін қызметтер бағаларының өзгерісі жатады.

    Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді.:

  • несиенің даму дәрижесі, себебі қаншалықты тауарлардың басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрылым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі;
  • қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы;
  • ақша айналысының жылдамдығы.

    Ақша  айналысын қолдап отыру шарттары мен заңдары мынадай екі фактордың  өзара әрекет етуімен анықталынады: шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды

     Сөйтіп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезіндегі  құнның мынадай формаларының қалыптасуына себеп болған:

  • Алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ формасы. Айырбастың бұл формасында бір еңбек өнімі екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталып отырған. Мысалға, бір мал бәр қап бидайға айырбасталды.
  • Екінші формасы – бұл құнның толық немесе жалпы формасымен сипатталады. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесніде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда көьіне бір тауар басқа да көптеген балама-тауарлардың айырбасында жүрген. Мысалы:

    1 қап  бидай – 1 қойға

            = 1 балтаға

            = 1 құмыраға және т.б.

  • Үшінші формасы – бұл құнның жалпылама формасы. Әр тауар өндіруші өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет жалпылама тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда, тауарлар массасынан жалпылама балама рөлде жүретін тауарлар ығысып шығады. Мұндай тауарлар рөлін кей халықтарда мал (ертедегі гректе, римдіктерде, славяндарда, монғолдарда және т.б.), аң терісі (Скандинавияда, ертедегі Русьте), шай (Қытайда), тұз (Абиссинияда), піл сүйегі (Оңтүстік Африкада) атқарады. Ресейге қосылғанға дейінгі Қазақстанның кейбір алыс түпкірлерінде ішкі сауда-саттық жүргізу ұшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылған. Бірақ аталған тауарлар мұндай рөлде ұзақ уақыт жүрмеген, себебі олар тауар айналысының талаптарын толығымен қанағаттандыра алмайды және өздерінің қасиеттеріне байланысты баламалық шартына сәйкес келмейді.
  • Құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар – ақша тауары қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы металдар: алтын және күміс атқарды.

     Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың  құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша  тауар.

     Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар  айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.

      Ақша  өзінің дамуы барысында екі түрге  бөлінеді: толық құнды ақшалар  және толық құнсыз ақшалар1.

      Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен  сәйкес келетін ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады. «Монета» сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.дэ 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. «Монета» сөзі латынша «moneo» - «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді2.  
 
 

Пайдаланатын  әдебиеттер:

   Қазақстан Республикасының  заңдық  және нормативтік актілер 
 
  1. «.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасындағы жарлығы.
  2. «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» 1993 жылдың 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңы.
 
 

    Оқулықтар және оқу құралдары  Ғылыми басылымдар.

        1. Ақша,несие, банктер. Ғ.С. Сейткасымовтың редакциялығымен. – Алматы: Экономика, 2001ж.
        2. Деньги, кредит, банки / под ред. Лаврушина О.И. – М.: Финансы и статистика, 1999 г.
        3. Финансы. Денежное обращение. Кредит / под ред. Дробозиной Л. А. – М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997 ж.
        4. Общая теория денег и кредита / под ред. Жукова Е.Ф. – М.: Банки и биржи, 1995.
        5. Көшенова Б.А. Ақша.  Несие. Банктер. Валюталық қатынастары. Алматы: Экономика, 2000ж. 
        6. Ақша айналысы және несие.  Мақыш С.Б. Издат Маркет Алматы, 2004 г.
        7. Белоглазова Г.Н., Толоконцева Г.В.   Денежное обращение и банки: учебное пособие; Москва; Издательство «Финансы и статистика», 2000г.
        8. Давлетова М.Т. Кредитная деятельность в Казахстане: учебное пособие;   Алматы; Издательство «Экономика», 2001 г.
        9. Дробозина Н.П.  Финансы, денежное обращение, кредит: учебник для ВУЗов;   Москва; Издательство «ЮНИТИ», 1997 г.
        10. Жуков И.В.Банки и банковские операции: учебник для ВУЗов; Москва; Издательство «ЮНИТИ», 1997 г.
        11. Кенжегузин М.Б. Интеграция Казахстана в мировую экономику:  Проблемы и перспективы: монография; Алматы; Издательство «ИЭ МО и НРК», 1999 г.
        12. Кенжегузин М.Б.  Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития: монография том 1,2; Алматы; Издательство «КИЦ ИЭ МОН РК», 2001 г.
        13. Кенжегузин М.Б.Экономика Казахстана на пути преобразований: монография; Алматы; Издательство «ИЭ МОН РК», 2001г.
        14. Колесников А.С.  Банковское дело: учебник для ВУЗов; Москва; Издательство «Финансовая статистика», 1996г.
        15. Мамыров Е.Н.Время в экономике: содержание, использование, стратегическая результативность: монография;Алматы; Издательство «Экономика», 2001г.
        16. Сейткасимов Г.С.«Банковское дело»: учебник для ВУЗов; Алматы; Издательство «Каржы-каражат», 1998г.
        17. Сенчаков В.К., Архипов И.А. «Финансы, денежное обращение и кредит»: учебник для ВУЗов;Москва; Издательство «Проспект», 2001г.
        18. Коммерциялық банктер операциялар. Мақыш С.Б. Алматы-2004г. Издат-Марат.

Информация о работе Ақшаның шығу тегі мен қызметтері